Педагогика факультетінің деканы


Тәрбиелеу әрекетінің түрлері мен формалары



бет6/9
Дата07.05.2017
өлшемі1,63 Mb.
#15898
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тәрбиелеу әрекетінің түрлері мен формалары

Іс-әрекеттің түрлері

Мақсаты

Іс-әрекетті ұйымдастырудың белсенді формасы

Танымдық

Оқушылардың қоршаған орта жайындағы түсініктерін толықтырады, білім алу қажеттілігін қалыптастырады,

интеллектуалды дамуды қамтамасыз етеді . .



Ауызша журнал,баспасөздегі ғылыми мақалаларға шолу, экскурсиялар (музейге, көрмелерге, өндіріске, кітапханаға және т.б.), конкурстар, турнирлер,олимпиадалар, лекторий,оқу конференциялары.

Еңбек

Материалдық құндылықтарды сақтауға және көбейтуге, материалдық құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

Сабақтағы оқу еңбегі, өндірістегі оқу-өндірістік еңбек, қоғамдық пайдалы еңбек, ойын формалары («еңбек десанттары», «іс-шаралар», «рейд»).

Қоғамдық

Оқушылардың әлеуметтенуіне көмектеседі, оларды қоғамның мәселелеріне енгізеді.


Пресс-орталық, саяси қайраткерлерімен, журналистермен кездесу, дөңгелек үстел, пікірталас.

Құндылықты- бағдарлы.


Дүниенің жалпыадамзаттық және әлеуметтік құндылықтарын шынайы ұғынуға, дүниеге өзіндік қатынасын ұғынуға, өз «Менін» сезінуге, рефлексияны дамытуға бағытталған.

Өзін-өзі талдау және өзара талдау практикумдары «Біз өзімізді экскурсия кезінде қалай ұстадық?», «Достық заңдары», «Қандай болу керек немесе кім болу керек?»; адамгершілік тақырыптарындағы пікірталастар, мысалы «оқу адамға неге керек?»; іс-әрекет мәдениеті сабақтары.

Көркемөнер

Сезімталдықты, әдемілікке қажеттілікті, көркемше ойлау қабілетін дамытады, жеке нышандар мен қабілеттерді іске асырады.


Концерт, көркемөнер сайыстары, «Бір сағат өнермен бірге», «Әртіспен кездесу», «Жаңа дискілер» көрмелері; театрға бару, көркемөнер музейлеріне экскурсияға бару; кештер, мектеп фестивальдары, мейрамдар. Жасау.

Спорт-сауықтыру.


Салаутты өмір салтын дәріптейді,адам денесінің күшін төзімділігін,сымбаттылығын,әдемілігін арттырады

Спорттық ойындар, жарыстар, мектеп олимпиадалары, спорт секциялары.



Еркін қарым-қатынас

Оқушылардың өзара қарым-қатынас жасауын бос уақытта ұйымдастыру

Сынып мейрамдары , туған күндер, серуендер, демалыс кештері; концертке, театрға бару, достар кездесулері және т. б.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы қандай?

  2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының тәрбиелік ықпалдары қандай?

  3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының бағыттарын ата?

  4. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұны?

  5. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының ерекшеліктері?

  6. Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі танымдық әрекеті қандай?

  7. Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі көңіл көтеру әрекетінің мәні?

  8. Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі спорттық-сауықтыру әрекеті?

  9. Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі еңбек әрекетінің мәні?

  10. Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі шығармашылық әрекетінің мәні?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1, 10-18 ] Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]

6 апта.

№6 кредит сағат

6 дәріс

Тақырыбы: Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері

Мақсаты: Тәрбие процесінде сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығын айқындау.

Тірек ұғымдары:сынып сағаты, қызметтері,үлгісі,пікірталас, әңгіме, үйірме,

Жоспары:

  1. Тәрбие сағаты және оның атқаратын қызметі, түрлері.

  2. Тақырыптық тәрбие сағатына арналған үлгі және тәрбие сағатын талдаудың шартты түрде алынған үлгісі

  3. Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары

1.Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық-сабақ екені түсініті. Сол секілді, орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады.

Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілі қасиетін қалыптастыруда, өнер саландағы талғам-тілектерді тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға, елжандылық езімдерін шыңдауда, абақтан тыс кезде өтізілетін тәрбие жұмысын ұйымдасьтырудың негізгі формасы болып саналады.

Сынып сағатының қызметтері:



  1. тәрбиелік қызмет;

  2. ағартушылық қызмет;

  3. болжамдылық қызмет;

  4. бағыттаушылық қызмет;

  5. қалыптастырушылық қызмет.

Сынып сағаты негізінен екі бағытта жүргізіледі: 1) өткен апта негізінде оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың сабаққа қатысуы, тәртібі, оқуы, қоғамдық істері, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы мәселелер қаралады; 2) әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар. Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер, пікірталас пен оқырмандар конференциясы т.б. бағыттағы жұмыстарды жатқызуға болады.

Сынып сағаты аптаның нақты бір күні өтізіледі. Онда сыныптың нақтылы жағдайына және тәрбие жоспарына байланысты оның ұйымдастыру формасы анықталады. Мүмкін сынып жиналысы немесе тақырыптық тәрбие сағаты, болмаса мектептен және сыныптан тыс жұмыс болады.



Бүгінде тәрбие сағатын балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі, өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағаын дайындау және өтізуде мұғалімнің рөлі қаншалықты екендігіне байланысты 3 түрге жіктеу қарастырылуда:

  1. Тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың, өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі.

  2. Мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлікте атқарылатын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау мұғалімге жүктелсе, оның жолдарын, амал-тәсілдерін құру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруымен сипатталады.

  3. Оқушылардың өзіндік дербес, беленді жұмысымен сипатталады.

Сынып жетекшісінің қойын дәптеріне:

    • Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысты сыныпты ұйымдастыру қажет болды. Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар бөлінді. Ең алдымен ол құрал-жабдықтар мен материалдардың тізімін және оқушылардың алған заттарын қай уақытта қайтаруы қажеттігін дәптеріңе белгілеу.

    • Әр жұмыс орнына жауап беретін оқушыны белгілеу. Олармен істің барысы, атқарылатын жұмыстары туралы есеп беретін он бес минуттік кеңес өтізуді басшылыққа алу.

    • Екінші дәрежедегі іспен шұғылданбауға тырысу, бар күш-жігерді басты жұмықа жұмылдыру.

    • Алда істелер іске барлық оқушыларды, соның ішінде белсенділерді тартуға қол жеткізу.

    • Жоспарланған істі дер кезінде орындалмаған себепті кейінге қалдырудан аулақ болу.


2.Тақырыптық тәрбие сағатына арналған үлгі «Қазақ халқының қолөнері»

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері негізінде оқушылардың білім көлемін еңейтіп, көркемді талғамдарын дамыту.

Міндеттері:Халық ою-өнерінің шығуы, оның қандай ұғымда туып, қалай дамығандығы, ою-өрнек өнерімен бүгінгі өмірімен байланысын түіндіру, оқушылардың өнерге деген талғам-танымын шыңдау.

Ұйымдастыру тәсілі:

Көрнекілік:

Өткізу мерзімі, уақыты:

Дайындық барысы:

Жоспары

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

Үйге тапсырма:
Тәрбие сағатын талдау үлгісі /шартты түрде алынған/

  1. Тәрбие сағатын ұйымдатырушының аты-жөні.

  2. Тәрбие сағаты қай сыныпта, қандай мектепте өтті.

  3. Тәрбие сағатының тақырыбы, масқаты қандай?

  4. Тәрбие сағатының формасы және әдісі қандай?

  5. Тәрбие сағатының міндеттері өізіліп отырылған сынып мүддесіне сай келе ме?

  6. Тәрбие сағатының дайындық және өткізу кезеңдеріндегі оқушылар, сынып белсенділері, және ұйымдастырушысының беленділік деңгейі қандай болды?

  7. Тәрбие сағатын өтізу барысында қолданылған көрнекіліктер, әдітер, техниалық құралдар қандай дәрежеде болды?

  8. Тәрбие сағатының мазмұны оның тақырыбы мен мақсатына сай келде ме?

  9. Тәрбие сағатының жоспарында көрсетілген езеңдердіің жүйелік, бірізділік қағидасы сақталған ба?

  10. Тәрбие сағатының өту барысында аудиториялық көңіл-үй қандай болды?

  11. Тәрбие сағаты ынып ұжымына қалай әсер етті.

  12. Тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысында қандай кемшіліктер болды?

  13. Тәрбие сағатында қолданылған көрнекіліктің тартымдылығы, оқушылар ұжымына ықпалы қандай дәрежеде болды?

  14. Осы сынып ұжымымен келешекте өткізілетін тәрбиелі шаралардың мазмұны мен бағыты қалай болуы керек деп ойлайсыз?

3.Тәрбие сағатын ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдері мен жолдары бар. Оларға пікірталас, әңгіме, саяси хабарлама, газетпен жұмыс жасай білу, газет оқуға үйрету, саяси үйірмелер мен клубтар, оқырмандар конференциясы, тақырыптық конференция, баспасөз конференциясы, конкурстар және т.б.

    • Пікірталас.

Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікірталас түрінде өткізудің маңызы ерекше. Пікірсайыс – бұл жағдайда, оқушыларда егер талқыланып отырған сұраққа қатысты кейбір білім көлемі болса, сонда ғана ол нәтижелі болады.

Пікірталас – оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы. Пікірталас кезінде оқушылардың көзқарастары кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарында емес, соңынан оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойына салмақтылық пен пайымдауға үйретеді.

Пікірталастың мақсаты – оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету.

Пікірталастың табысты өтуінің негізгі шарты - алдын-ала дайындық жұмыстарының дұрыс ұйымдастыру. Жүргізуші кіріспе сөз сөйлеп, оның мақсатын түсіндіреді, одан әрі қарай пікір алмасу басталады. Пікірталасты өткізу кезінде ескерілетін негізгі мәселе, ол – дәлелді ой пікірдің айтылуы, нақтылы деректермен тұжырымдалуы, оқушылардың белсене қатысуы, адалдықпен сөйлеуі.



    • Әңгіме.

Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып – адамгершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік, қарапайымдылық және озбырлық, жомарттылық және қатыгездік, біреуге шын жүректен жақылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қарастырылады. Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақчсы ұғынуға, өмір тәжірибеіңн дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі. Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлерімен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені ұйымдастыруда ең алдымен адамгершілік ұғымдардың мазмұнын анықтап, түсіндіруден бастаған жөн. Сонымен бірге әңгіме барыында адамгершілік ұғымдардың мәнін түсінуге нәтижелі мүмкіндік туғызатын нақтылы мысалдар, деректерді келтірген дұрыс. Осы тұрғыда әңгімені үнемі өсиет айту, үгіт-наихатқа айналдырып жібермеу керек. Ол үшін жеткіншектермен әңгімені өткізгенде адамгершілік мазмұнды жағдаят формасында ұйымдастырған жөн.

    • Саяси хабарлама

Бұл саяси білім берудің аса маңызды және кең тараған формасы. Мұның өзі оқушылардың еліміздегі және шет елдердегі аса маңызды саяси оқиғалармен танысуға көмектеседі. Сонымен бірге ол ұлттық патриотизм сезімін, басқа елдердің халықтарына деген құрмет, өз елінің табыстары мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай туғызады. Мектеп тәжірибесінде саяси хабарларға шолу, тақырыптық, жедел хабар әдістері көптеп қолданылады.

Саяси шолуға арналған хабарда бір-екі жұма ішінде біздің еліміз бен шетелдерде болған оқиғалар туралы хабар беріледі.



    • Газетпен жұмыс жасай білу

Балалар газеті оларға өз замандастарының өмірі мен істерін жеткізе отырып, оларды өте маңызды саяси оқиғалармен белгілі бір дәрежеде таныстыра алады.

Балалар газеттен алған әсерлері мен ой-түйіндерін өз сыныбының жұмысына пайдаланып, басқа балалардың жақы істерін қабылдап, өздері жайлы немесе көкейде жүрген ойларын айтып, газетке үн қосқаны абзал.



    • Саяси үйірмелер мен клубтар

Мұның міндеті сабақта, газет, радио, көгілдір экран арқылы алған білімдері мен көзқарастарын кеңейтуге, шыңдауға көмектесу. Саяи үйірмелер мен клубтар әдетте жоғары сынып оқушылары арасында қолданылады. Ондағы жұмыстың формалары мен әдістері әр алуан. Мұнда дәрістер мен баяндамалар тыңдалып, пікір алысу жұмыстары жүргізіледі. Оның жұмысына мектеп оқушыларымен қатар мектеп мұғалімдері мен қоғамдық негіздегі баяндамашылар қатысады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Тәрбие сағатының жоспарына не тән?

  2. Тәрбие сағатын өткізу құрылымы туралы не айта аласың?

  3. Тәрбие сағатын өткізу шарттарын ата?

  4. Тәрбие әдістері мен формаларын таңдауда оқушының жасы, жынысы және жеке ерекшеліктерін ескерудің маңызы қандай?

  5. Тәрбие сағатының маңызы қандай?

  6. Тақырыптық тәрбие сағатының ерекшеліктері неде?

  7. Тақырыптық тәрбие сағатының мақсаты қандай?

  8. Тәрбие сағатын ұйымдастыру талаптары жөнінде не айта аласың?

  9. Берілген тәрбие сағатының үлгісін жазбаша талдаңыз.

  10. Пікірталастың мақсаты қандай?

  11. Этикалық әңгіменің мәні?

  12. Әңгіменің қандай негізгі бағыттарын білесің?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]

7 апта.

№7 кредит сағат

7 дәріс
Тақырыбы: Тәрбие сағатын ұйымдастыру формалары.

Мақсаты: Тәрбие сағатын ұйымдастыру формалары туралы түсінікті қалыптастыру.

Тірек ұғымдары: конференцияның түрлері, жарыс, конкурс.

Жоспары:

  1. Конференция – тәрбие сағатын ұйымдастыру формасы ретінде

  2. Жарыс оқушыларды тәрбиелеу формасы ретінде


1.Оқырмандар конференциясы

Оқырмандар конференцияы мектеп оқушыларының оқудан тыс кездерінде қызықты әдеби-көркем шығармалары мен ғылыми көпшілік әдебиеттерін оқуға деген ынтасын дамытудың аса маңызды тәрбие формасы.

Конференцияның негізгі мақсаты кітап жайлы оқушылардың қызығушылығы мен көркем-әдеби шығармаларын оқуға және оқи білуге дағдыландыру.

Дайындық барысында оқушылардың өзара пікір алмасуы, жазба жұмыстарының жүргізуінің өзі – конференцияның бастамасы, ал оны өткізу кезеңі – қорытындысы болып табылады. Конференцияны өткізу барысында сынып жетекшісі кіріспе сөз сөйлеп оның жұмысын бастайды. Онда таңдап алынған кітап жайлы, оның мақсаты, маңыздылығын айта келе қатынасып отырған қонақтарды таныстырып өтеді. Оқушылардың назарын нақтылы мәселелерге аударып, оны талқылауға бағыт-бағдар береді.

Конференция соңында сынып жетекшісі қорытынды сөз сөйлеп, оның жұмысына баға береді.


    • Тақырыптық конференция

Тақырыптық конференция – белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отыра, көкейкесті мәселелерді шешуге арналады. Оның ауқымы кең. Ондағы қаралатын мәселелер өмірдің кез-келген саласына арналады.

Конференцияның тақырыбын таңдаудың маңызы ерекше. Ол оқушылардың тілегімен сәйкес, әрі оларды қызықтыратын болуы керек.

Тақырыптық конференция, оның мақатына сай көкейкесті сұрақтарды әзірлеп, алдын-ала оқушыларға оны ұсынудың да маңызы ерекше. Конференция өтізу қарсаңында арнайы көрме ұйымдастырылады, алдын-ала баяндама әзірленеді, хабарлама ілінеді.

Жүргізуші сөз сөйлеп, мақсатын хабарлайды. Баяндамалар оқылады, кейде пікірталасқа ұласады. Конференция соңында сынып жетекшісі немесе жүргізуші қорытынды сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға баға береді.



    • Қызықты кездеулер

Тәрбие мен оқуды өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыспен тығыз байланыстыру – мектептегі тәрбие жұмысының өзекті мәселесі. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп оқушыларының атақты адамдармен кездесуі тәрбиенің маңызды да қажетті саласы. Әсіресе қызықты кездеулермен өткізген тәрбие сағаты нәтижелі болады.

Сынып жетекшісі кездесуді дайындау барысында тәрбиелік жағдай туғызады: алдын ала шақырылған қонақпен әңгімелеседі, оған тәрбие сағатының мақсатын, оның идеялық бағытын, сынып ұжымының ерекшеліктерін түсіндіреді, оқушылар алдында сөйлейтін сөзінің мазмұны мен формасы жөнінде кеңес береді.



    • Баспасөз конференциясы

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының бұл формасы оқушылар үшін өте ұнамды әрі қызықты болып келеді. Ол әрбір оқушыны ынып ұжымының алдында ғана емес, сонымен бірге бүкіл мектеп оқушыларының және ата-аналарының алдында өз пікірін білдіріп, сөз саптауына дағдыландырады. Соған орай конференцияны ойын түрінде өтізген дұрыс. Оған қатысушы әрбір оқушы тілші, белгілі бір саланың қызметері, қоғамдық және саяси партиялар мүшесі секілді рөлдерді атқарады. Соның барысында оқушылар баспасөз конференциясының қатысушыларына үлкен ілтипат білдіріп, көп нәрседен хабардар болады.

  1. Жарыс оқушыларды тәрбиелеу формасы ретінде

Мектепте өткізілетін конкурстар оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу мақсатын көздейді. Сондай-ақ оқушылардың конкурсқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына, басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Нәтижесінде ойлаған істің сәтті шығуына, оған белсене қатысуына мүмкіндік туғызады.

Конкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оныс қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-оспақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн.

Конкурстың түрлері әр алуан: конкурс-викторина, конкурс-инсценировка, мәнерлеп оқу, фото-сурет т.б.

Конкурс өткізбес бұрын конкурстың түрі анықталып, оған қатысушыларға қойылатын шарттар белгіленеді және соған сай кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес хабарландыру ілініп, әділ қазылар алқасы сайланады.

Конкурсты өткізу барысында жргізуші оның өту шартымен, әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстыру жұмыстарын жүргізеді. Содан кейін конкурсқа тапсырыс берген командалар ортаға шақырылып, таныстырылады. Конкурстың бағыты, формасына қатысты сұрақтар мен тапсырмаларды командалардың орындауы, оның негізгі міндеті болып табылады. Конкурстың өту барысында әділ қазылар алқасы оның белгілі бір кезеңінде жоспарға сай сараптау, бағалау жұмыстарын жүргізеді. Соңында оның нәтижесі қорытындыланып, марапаттау рәсімі атқарылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Конференция мақсаты қандай?

  2. Конференция міндеттерін көрсет.

  3. Конференцияны ұйымдастырудың ерекшеліктері жөнінде не айта аласың?

  4. Мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктері мен оған сәйкес келетін тиімді тәрбие жұмысының формаларының тәуелділігін көрсететін кесте толтыр.

  5. Конкурс-викторина дегеніміз не?

  6. Конкурс-инсценировканың ерекшеліктері қандай?

  7. Мәнерлеп оқудың мәні қандай?

  8. Тәрбие жұмысының мазмұны, формасы мен әдістерінің өзара байланысын талда.

Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]

8 апта.

№8 кредит сағат

8 дәріс
Тақырыбы: Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары

Мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.Сынып жиналысы және оның хаттамасы ұғымын қалыптастыру.

Тірек ұғымдары: сынып жиналысы, хаттамасы,

Жоспары:

  1. Оқушылардың сынып жиналысы

  2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының формалары мен әдістері


1.Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын тәрбие жұысының негізгі формасы (түрі) – сынып жиналысы. Онда оқушылар демократия, ашық қарым-қатынас, ынтымақтастық, дербестік, жауапкершілік қағидасын меңгереді.

Сынып жиналысы – оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыру барысында оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай оның негізгі қызметі – ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның жұмысының нәтижелі болуы – ұжымды оң өзгерістерге бағыттайтын нақтылы шешім қабылдау.

Сынып жиналысы тек бір мәселе жөнініде, болмаса бірнеше мәселені талқылауы жайында өткізілуі мүмкін.

Сынып жиналысының тақырыптары ұжымда туындаған мәселелерге сәйкес жоспарланады. Маңыздысы жоспарлау барысында оны талқылауда сынып белсенділері немесе сынып басшылығымен оқушылардың өздері белсенділік танытқан жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Ол үшін әрбір ұжым мүшесі өз пікірін ашық айтып, жоспарда көрсетілген мәселелерге байланысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын енгізіп отыруы тиіс. Жиналыс барысында шешуге тиісті мәселелер ұсынылады, талқыланады, соған сәйкес міндеттері анықталады. Сондықтан жиналысқа қатысты мәселелерді анықтау барысында алдын-ала сауалнама жүргізіп, оқушылардан қандай сұрақтарды талдау қажеттілігі сұралуы да мүмкін. Жиналыс шешімі бойынша жауапты адамдар немесе топтар анықталып, атқарылатын шаралардың мерзімі, уақыты белгіленеді.

Сынып жиналысы айына бір мәрте өтізіледі. Соған қарамастан оқу жылына қатысты барлық мәселелерді алдын ала бір жиналыста қарастыру мүмкін емес. Кейде оның тақырыбы күнделікті жұмыс барысында да туындап отырады.

Сынып жиналысының хаттамасы

/Айы, күні, жылы/

Кімдер қатысты ............................................................................................

Тақырыбы......................................................................................................

/Немесе/ Күн тәртібі:

1) ....................................................................................................................

2) ....................................................................................................................

3) ....................................................................................................................

Жарыс сөзге қатысқандар: ..........................................................................

........................................................................................................................

........................................................................................................................

Қабылданған шешім:....................................................................................

Төраға...................................................................../

Хатшы...................................................................../



Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруда клуб жұмысының маңызы. Тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы адамдардың өмірі мен әрекеттерінің барлық салаларын қамтыған олардың тұрмыс, демалыс және отбасылық қатынастардың маңызы ерекше болмақ. Сондықтан, оқушылар оқу орындарында өткізген өмірлерінде тек белгілі бір бағытта ғана, яғни теориялық білім алуымен шектелмей, ой-өрісін жан-жақты кеңейтіп, тәрбие алуы тиіс. Ол үшін қандай да бір оқу орыны болмасын, олардың дүниетанымдарының қалыптасуына жан-жақты әсер ете отырып, толыққанды дамуына толық мүмкінді жасауы тиіс.

Бұл міндетті шешуде оқушы жастардың қолы бос уақытын тиімді пайдалану барысында тәрбие жүйесінде клуб жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Тәрбиедегі осындай көзқарас барлық қоғамдық институттардың оқушы жастарға тәрбиелі ықпалында бірыңғай әрекетінің болуын қамтамасыз етуді де мақсат тұтады. Сондықтан да, оқушы жастармен клуб жұмыстарын ұйымдастыру, оқу орындарының мәдени-ағартушылық жұмыстарының құрамдас бөлігі болып табылады.


2.Мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқтаған орынды.

Бірінші ереже: Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік сөз саптауы, өкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. ”Міндетті”, ”қажетті” деген үзілді-кесілді сөздерден соң ата-ананың кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады. Ата-аналардың көпшілігі өз міндеттерін жап-жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керек екендігін білу де маңызды. Мұғалім мен ата-ананың арасындағы бірден-бір дұрыс норма –ол бірін-бірі құрметтеу. Осындай жағдайда бала тәрбиесін қадағалау, тәжірибе алмасу, ақыл кеңес, бірлесе шешім қабыладау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Бұндай қатынастың маңыздылығы сол - мұғалім мен ата-аналарды жеке жауапкершілік, азаматтық парыз, өзіне деген талапшылдық дамып нығаятын болады.

Ата-аналардың жұмыс орнына “Үлгерім экраны”, ”Ашық журнал” сияқты тәрбие құралдарын ілу нәтиже бермейді. ”Қара тізімге”ілінген әкелер мен аналар ондай форманың тиімсіздігін айтады. Өйткені, сол арқылы олардың балаға көңілі толмауы оны жазалауға, мектепке деген теріс көзқарастың қалыптасуына алып барады. Көп жағдайда осы негізде әке мен шешенің ара қатынасы бұзылады. Осының бәрі түптің-түбінде баланың мұғалімді, мектепті жек көруіне ұласады. Мұғалім,сынып жетекшісі осы жағдайды ескеріп, жұмыс әдістері мен түрлерін таңдағанда баланың көз алдында ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуды басшылыққа алуы тиіс.

Екінші ереже: Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдануға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, жоғарғы білімі жоқ ата-аналардың өзі бала тәрбиесіне терең түсінікпен және жауапкершілікпен қарайды.

Үшінші ереже: Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп. Сынып жетекшісі - ресми тұлға. Ол өз қызметі аясында көп жағдайда қаласа да, қаламаса да отбасының өзгелерден “жасыратын” құпия сырларына куә болуы мүмкін. Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата-аналар одан көмек күтіп сенім сыр айтады, ақылдасады. Сондықтан отбасы қандей болса да, ата-аналар қандай тәрбиеші болса да мұғалім барынша әдепті болуы тиіс.Ол отбасы туралы барлық білімін ата-аналардың тәрбие ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға жұмсауы керек.

Төртінші ереже: Тәрбие мәселелерін шешуге өмірге құштар, көтеріңкі көңіл күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену. Тәрбиеленушінің мінезін қалыптастыру қиындықсыз, қайшылықсыз және оқыс оқиғасыз іске аспайды. Егер осының бәрі даму заңдылығы түрінде қабылданса (бала мінезінің тұрақсыздығы, соқтықпалы сипаты т.б) онда қиындық, қайшылық және күтпеген нәтиже педагогты әбіржітпеуі тиіс. Қалыптасқан педагогикалық міндеттерді шешудің ондаған тәсілдері болғанымен, солардың біреуі ғана нақты жағдайға толық нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан педагогика ғылымына дайын рецент беретін анықтама емес, тұлғаға тиімді ықпал жасайтын жалпы заңдылықтар туралы ғылым деп қарау қажет.

Ата-аналармен, оқушы отбасымен байланыс орнату мұғалімнің ең басты міндеті. Ондай байланыс орнатудың бір формасы оқушы отбасында болу. Бұл форма мұғалімдер мен ата-аналарға жақсы таныс болғандықтан оның екі кезеңіне тоқталайық.

Отбасында болу, шақыру арқылы іске асқаны жөн. Статистикалық мәліметтер бойынша балалардың 80 пайыздан астамы әкесі де, шешесі де жұмыс істейтін отбасыларында тәрбиеленеді. Демек, кез-келген уақыт мұғалім үшін қолайлы бола бермейді. Мұғалімнің кенеттен үйге ата-аналарды жұмыстан қалдыруы мүмкін. Шақыру бойынша отбасында болу ата-ананы да, мұғалімді де қолайсыздықтан құтқарады.

Отбасында болуға мұғалім дайындалуы тиіс. Ол дайындық шәкіртінің ең жағымды, қызықты құндылықтарын айқындауы тиіс. Дегенмен, ол құндылықтардың өзі мұғалім санасында қорытылып, психологиялық педагогикалықтұрғыдан сенімді шығуы керек.

Отбасымен, ата-аналармен байланыс орнату отбасы тәрбиесін насихаттауға ықпал жасайды. Бұл мәселелерде ата-аналар мен мұғалімдерге “Семья и школа”, “Воспитание школьников”, “Бастауыш мектеп”, “Ақжелкен” жураналдары мен “Ұлан” газеті сияқты басылымдарда жарияланған материалдар көмек жасайды. Дей тұрғанмен сынып жетекшісінің жанды сөзін ата-аналар құлақ қойып тыңдайды. Оның өз атына айтылған мақтау сөздерімен бірге тәрбие міндеттерін шешу туралы ақыл-кеңестерін тыңдау ата-аналарға қуаныш сыйлайды.

Ата-аналар мен сынып жетекшісінің байланыс жасауының бір түрі ата-аналардың педагогикалық тапсырмаларды орындауы болмақ. Ондай педагогикалық тапсырмалардың бірнеше түрін атауға болады.

Тапсырманың бірінші түрі – белсенді тәрбиелік позиция, балалармен тікелей жұмыс жасаудан туындайды. Олар: қызығушылықтар бойынша құрылған үйірмелерге жетекшілік жасау, дербес қамқорлыққа алу, тәлімгерлік және т.б.

Тапсырманың келесі түрі – мұғалімге, тәрбиешіге ұйымдастырушылық көмек көрсетуден туындайды. Олар: саяхат ұйымдастыруға ықпал жасау, қызықты адамдармен кездесулер ұйымдастыру, сынып кітапханасын жабдықтау, кітапқұмар клубын ұйымдастыру.

Ендігі тапсырмалар мектептің материалдық базасын дамыту және нығайтуға қатысудан туындайды. Олар – кабинетті безендіру, құралдар, приборлар дайындау, мектепті көгалдандыру, жөндеу жұмыстарын қатысу.

Бұл аталғандар қоғамдық жұмыстар мен тапсырмалардың бір бөлігі ғана. Қоғамдық жұмысқа тартуда ата-аналардың немен айналысқысы келетіндігін анықтау үшін сынып жиналысында олардың өз ұсыныстарын жазбаша беруін өтінуден бастаған дұрыс.

Мектеп шағын ауданда отбасылық және қоғамдық тәрбиені ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың балаларды тәрбиелеудегі іс-әрекетін үйлестіру мынадай ұйымдастырушылық формада жүзеге асады:



  • мектептің педагогикалық ұжымының, ата-аналар комитетінің, тұрғын орны бойынша қоғамдық кеңестің, клубтардың, кітапханалардың, стадиондардың, полиция және денсаулық сақтау ұйымдарының тәрбиелік жұмыстарының жоспарын үйлестіру және тәрбиелік процеске қатысушылардың әрбіреуінің функ-цияларының анық болуы.

  • мектептің күшімен ата-аналарды және жұртшылықты педагогикалық біліммен қаруландыру.

  • тәрбиелік жұмыстың барысын және нәтижесін мұқият зерттеу және бірлесіп талқылау.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Сынып ұжымын тәрбиелеудегі сынып жетекшісінің беделінің рөлі қандай?

  2. Сынып ұжымының даму ерекшеліктерін көрсет?

  3. Үйірме жұмысының мәні қандай?

  4. Клубтар жұмысының қалыптасу тарихы жөнінде не білесің?

  5. Сынып жиналысының хаттамасы құрылымы қандай болады?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]
9 апта.

№9 кредит сағат

9 дәріс

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет