К.А. ГЕЛЬВЕЦИЙ, Д. ДИДРО, И. ГЕРБАРТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ.
Қарастырылатын мәселелер: XVIII - ғасырдың көрнекті философы К. А. Гельвецийдің педагогикалық көзқарастары.
Д.Дидроның тәрбие жөніндегі пікірлері.
Иоганн Гербарттың қызметі мен педагогикалық теориясы.
1. XVIII - ғасырдың көрнекті философы К. А. Гельвецийдің педагогикалық көзқарастары.
К. А. Гельвеций өз заманындағы тәртіптің адам төзгісіз ретсіздігін әшкерелей отыра, барлық азаматтарға бірдей болатын тәрбиенің міндет – мақсатын құру қажеттігін айтты.
Мұндай тәрбие, - деді Гельвеций, бүкіл қоғамды дұрыс жолға салады, оны жағдайлы етеді, көпшілік азаматтардың тұрмысы жақсарады.
Тәрбие арқылы азаматтар өздерінің жеке басы мен ұлт қамқорлығын ұштастыра білетін патриоттарды тәрбиелейді деді.
Гельвецийдің мұндай мақсат қоюы тәрбиенің сол кездегі дворяндық – сословиялық міндет – мақсатынан мүлдем өзгеше болды, сондықтан оның бұл пікірлерінің тарихи жағынан прогресшіл мәні бар еді.
Бірақ Гельвеций тәрбиені шексіз құдіретті деп есептейді, тек тәрбие арқылы әлеуметтік құрылысты да өзгертуге болады деп, тәрбиенің кү.ші мен ролін асыра бағалады.
Гелвеций мен Дидро өздерінің педагогикалық пікірлерінде схолостикалық оқуды, мектептегі үстемдікті батыл сынады, діннен бөлінген, тәжірибеге негізделген жаңа ғылым мен ақыл – ой тәртібін жоғары бағалады.
Дидроның Ресейдегі мектеп ісі жөнінен хабары болды. Ол Ресей мектептеріне реальды білім енгізу жөнінен өз пікірін ұсынды.
Осылай француз материалистері мектеп білімі жөнінен сол кездегі алдыңғы қатарлы буржуазиялық талаптарын жақтады.
Француз материалистерінің тәрбие туралы ілімі 1789 – 1794 жылдардағы буржуазиялық революция қайраткерлерінің және ХІХ ғасырдағы социалист – утопистердің педагогикалық идеялары күшті әсер етті.
Д.Дидроның тәрбие жөніндегі пікірлері.
Францияда ұлы буржуазиялық революцияны идеялогиялық жағынан сол дәуірдің атақты ойшылдары , ағартушылары әзірледі.
1751 жылы ХVIII ғасырдың көрнекті материалист – философы
Д. Дидроның реакциясымен “Француз энциклопедиясы” шыға бастады. Энциклопедия феодализмге қарсы бағытталған күрестің идеялогиялық орталығына айналды, ол шіркеуді де, феодалдық тәртіптің негізін де сынап отырды.
Энциклопедияның айналасына сол кездегі революцияшыл буржуазия инттелигенциясының көрнекті өкілдері философтар мен жазушылар топтасты.
Атақты француз ағартушылары Дидро, Гольбах, Даламбер, Вольтер, Руссо т.б. феодализмнің тірегі болып саналған дінге, феодалдық құрылысқа, феодалдық идеялогияға қарсы келіспес күрес жүргізді.
Француз ағартушылары жаңа заманның, мәңгі ақыл - санасының үстемдік құратын кезеңін күтті. Француз материалистерінің ішінде педагогикалық көзқарастары кеңірек баяндалғаны Гельвеций мен Дидро болды.
Олар тәрбиенің зор күшіне сенді, оларша жаңа адамды тәрбиелеу арқылы бүкіл әлемді, қоғамды қайта өзгертуге болады, ағарту ісінің нәтижесінде жалған әдет – ғұрыптар, ескінің қараңғылығы жойылады, бүкіл феодализмге тән кертарпалық алысталынады делінді.
Тәрбие жөніндегі Гельвеций көзқарастарының негізгі принциптерін Д.Дидро (1713 – 1784) қолдады.
Бірақ Дидро өзінің “Гельвецийдің “Адам” атты шығармасына жүйелі түзетулер” – деген еңбегінде тәрбиенің күші мен мүмкіншілігін шектен асыра құдіретті көрсеткен Гельвеций көзқарастарына қарсы шығып баланың табиғи ерешеліктері мен қабілеттерін мойындады.
Сөйте тұра Дидро да тәрбиенің ролі мен орны жөніндегі мәселені дұрыс шеше алмады. Ол адам табиғатын өзгермейтін абстрактылық зат деп есептеді.
3. Иоганн Гербарттың қызметі мен педагогикалық теориясы.
Иоганн Фридрих Гербарт 1776 жылы Германияда чиновник жанұясында туған. Ол әуелі классикалык латын мектебін, онан кейін Иен университетін бітіреді. Оқуын бітіргеннен кейін Швейцарияда жеке үйлерде сабақ беретін оқытушы болады. Осы кезде атақты педагог Г. Песталоццимен танысады, бірақ Гербарт оның көзқарасындағы демократияшыл бағыттан әсер ала алмайды.
1802 жылдан бастап Гербарт Геттинг және Кенигсберг университеттерінде профессорлық қызметте болады. Осы қызметінде ол кең салалы педагогикалық жұмыспен айналысып, Кенингсберг университетінде мұғалімдер әзірлейтін семинар құрады, педагогикалық практика жүргізу үшін оның жанынан шығып мектеп ашады, онда өзі де сабақ береді.
Осылай Гербарт өзінің университеттегі профессорлық қызметін педагогикалық тәжірибиемен ұштастырды. Бұл оған педагогикалық мәселелерін тереңірек қарастыруға жағдай туғызды.
Гербарттың педагогикалық идеялары оның жазған мынадай еңбектерінде “Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика ” (1806), “Психология оқулығы” (1816), “Психологияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар” (1931), “Педагогика лекцияларының очеркі” (1835) баяндалған. Гербарт педагогика ғылымының жүйесін идеалистік философияның негізінде, әсіресе этика мен психологияға байланысты зерттеуді көздеді. Өзінің философиялық пікірлері бойынша, ол метафизик болды. Оның пікірінше, дүние шексіз көп, өзгермейтін мәңгілік, абсолюттік мазмұндардан тұрады, бұларды адам танып біле де алмайды.Дүниенің өзгеруі жөніндегі адамның елестеулері мен түсініктері алдамыш; болмыс, болмыстың мазмұны да өзгермейді дейді ол.
Гарбарт психологиялық мәселелерді зертеуде де метафизик болды. Оның ойынша, адам жаны да өзгермейтін, қарапайым мазмұн. Жан адам денесімен ұштасып, байланысу кезінде өзіндік дербестікке ие болып, сол тән арқылы бірнеше түйсіктерге ұшырайды, адамдағы басқа денелермен байланысады, осыдан елестеулер туады.
Гербарт бүкіл психиканы елестеулермен байланыстырды, адамның бүкіл мазмұны елестеулерден тұрады деп есептеді. Оның ойынша, психология елестеулер жөніндегі, солардың пайда болуы, ұштасуы мен жойылуы жөніндегі ғылым. Ес, қиял тағы басқаларды Гербарт сол елестеулердің өзара қатынастары арқылы түсіндірді. Сезіну – оның топшылауынша, елестеулердің әр салалы түрлері жағынан өзгерістері ғана.
Гербарт – ассоциативтік психологияның көрнекті өкілі. Оның психологиялық теориясында апперцепция ұғымы кең орын алады, бұл ұғымды ол адамның бұрынғы тәжірибесінің оның елестеулеріне әсер етуі ретінде түсінді. Гербарт апперцепцияға осындай мән бере отыра, оны ес, қызығушылық тағы басқа психикалық функциялармен байланыстырды.
Осылай Гербарт адам психикасының әр түрлі салаларының ерекшеліктерін мойындамады. Ол психикалық әрекеттің күрделі, алуан салалы, терең диалектикалық процесін елестеулердің жай құрамына әкеліп тіреді. Ол баланың елестеулеріне ықпал ете отыра, сол арқылы оның сезімдері мен еркінің де қалыптасуын әсер етуге болады деп есептеді. Осыдан келіп Гербарттың ойынша дұрыс ұйымдастырылған оқу тәрбиелі сипатта болуға тиіс деген пікірлер туды.
Гербарт өзінің саяси пікірлерінде XVIII ғасырлардағы француз буржуазиялық революциясына, неміс қоғамының алдыңғы тобының ішіндегі сол революцияның әсерімен өрістеген прогрессившіл қозғалысқа теріс қарады.
Тәрбиенің мәні жөніндегі ұғымды Гербарт идеалистік философиядан, ал тәрбиенің мақсатын этикадан шығарды. Ол этикалық теорияны тым метафизикалық тұрғыда құрды. Оның ойынша, қоғамдық және жеке адамдардың адамгершілігі белгілі бір өзгермейтін және мәңгілік адамгершілік идеялардың негізінде қалыптасады. Осы идеялар, оның ойынша, таптан тыс, жалпы адамгершіліктің негізі болады. Оның бұл ойлары сол кездегі пруссияшылдық монархиядағы үстемдік етіп тұрған қоғамдық қатынастар мен адамгершілік бағыттарды күшейтуге тиісті.
Өзінің этикалық теориясына сүйене отырып, Гербарт тәрбиенің мақсаты - адамдағы ізгілік пен жақсылықты қалыптастыру, бұл ізгілік пен жақсылық та мәңгі және өзгермейді деп тұжырымдады. Демек, Гербарттәрбиенің мақсаты – ізгілік пен жақсылық дей отыра, өмір сүріп отырағн қоғамдық қатынастарға икемделе алатын адамдарды тәрбиелеуді, қалыптасқан тәртіп сыйлай білетін, соған бағына білетін адамдарды тәрбиелеуді көздеді.
Гербарт тәрбиеде екі түрлі қажетті және ілгеріге бағытталған, іске асуға тиісті мақсаттар болады деді.
Бұл мақсаттар адамның бүкіл іс - әрекетінің кез – келген салаларына қажетті. Іске асуға тиісті мақсаттар адамның алдына белгілі бір мамандықтардың салалары бойынша қойылады.
Бүкіл тәрбие процесін Гербарт үш салаға бөлді: басқару, оқыту және адмгершілік тәрбие.