Пәнаралық байланыс:
|
Педагогика-этнопедагогика-психология-жас ерекшелік психологиясы-пед.зерттеу, жаңа пед.технологиялар-дүниетану- экология,биология-дене тәрбиесі- философия –мәдениеттану – тарихи пәндер-өнер-тіл-әдебиет-этнография-этнология-этнопсихология,т.б.
|
Оқыту құралдары:
|
Интерактивті электронды тақта, электронды оқулықтар, техникалық құралдар,көрнекіліктер түрлері.
|
Сабақ барысы:
|
Мұғалім қызметі
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Күтілетін нәтижелер
|
1.Ұйымдастыру сәті
|
|
|
|
II. Үй тапсырмасын тексеру
|
-дәптерлерді тексеру
-карточкамен, перфокартамен жұмыс
-тестілер
-сұрақтар
-жоба қорғау (топтық)
|
.
|
|
III. Өткен тақырыпты қорытындылау, жаңа тақырыпқа дайындық
|
Сауалнама, проблемалық сұрақтар, жағдаяттар, т.б. арқылы өткен тақырыпты қорытындылап, жаңа тақырыпқа қызығушылы оятады.
|
.
|
.
|
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру
|
-оқулықпен жұмыс;
-интер актив тақтамен жұмыс
|
|
|
V. Жаңа тақырыпты бекіту
|
-тәжірибелік сарамандық жұмыстар;
-тестілер;
шығармашылық жұмыстар
|
.
|
|
VI.Үйге тапсырма. Қорытындылау.
|
|
|
|
Оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формалары да бар:
Олар:
*Факультатив-оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Топтың құрамы тұрақты болады. Оқушылардың пәнге бейімділігін, дүниетанымын кеңейтеді, ғылымға қатыстырады, кәсіби бағдарын қалыптастырады; Өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуын, дағдысын тәрбиелейді.
*семинар- оқылған лекция тақырыбына байланысты өзекті мәселелерді талқылау,шығармашылық қабілетін дамыту мақсатын көздейді.
Оқушылар сабаққа дайындалу үшін әрбір мәселе бойынша материал жинайды, бақылау жасайды, кітапханаға барады, қосымша әдебиеттерді зерттейді. Семинар жұмысы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді: зерттейді, өз ойын мазмұндап дәлелдейді.
*практикумдар- курс тарауы аяқталған соң өз бетімен орындайтын лабораториялық жұмыс кешені.Оқушылар топ-топ болып дербес орындайды,эксперимент есептер шығарады.(физика, химия, биология)
*экскурсия-мақсаты сабақта алған теориялық оқу материалдарын өмірмен, практикамен байланыстыру, бекіту.(музейге, табиғат аясына, өндіріске, шаруашылыққа, көрмелерге, т.б. бару.)
конференция -тақырыпты терең түсіну, меңгеруді көздейді.Кең көлемде материалдар, қосымша әдебиеттер, құралдар арқылы баяндама дайындалады және сөйлеушілердің саны семинарға қарағанда көп болуы тиіс.Сондықтан оған бірнеше сынып, кейде көптеген сыныптар қатыса алады.
*пәндік үйірме- оқыту сапасын арттырады, бейімділігін дамытады, пәнаралық байланыс, өмірмен байланыс күшейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |