Тәрбие:
Кең мағынада: табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның ұрпақтан ұрпаққа берілетін қоғамдық-мәдени тәжірибесі, адамгершілік құндылықтарымен нормаларын беруі, ықпалы.
Педагогикалық тұрғыда – мақсатты бағытталған жеке тұлға қалыптастырудың арнайы ұйымдастырылған жүйесі, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің әрекеттестігі.
Т ар мағынада – адамның бойында, қарым-қатынасында белгілі бір сапаларды қалыптастыруды көздеген арнайы ұйымдастырылған тәрбие жұмысы.
Айтпақшы! Білім беру: ең алғаш педагогикаға бұл
ұғымды енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
(1746-1827)
Білім беру:
Процесс ретінде – мектепке дейінгі, жалпы, кәсіби және қосымша білім беру мекемелерінен және өзін-өзі оқыту арқылы білім, дағды, іскерліктерге, танымдық тәжірибеге және машықтану әрекетіне, құндылықтарға, қарым-қатынас жасауға ие болу.
Білім беру:
Нәтиже ретінде – Білім, дағды, іскерліктердің (Знание, умение, навыки), іс-әрекет тәжірибесі мен қарым-қатынастағы жетістіктер, біліктер.
Жүйе ретінде – білім беру бағдарламалары және мемлекеттік стандарттардың жинақталған бірлігі, оларды жүзеге асырушы білім беру мекемелері, білім беруші, басқарушы органдардың бірыңғай жүйесі.
Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты біртекті процесс:
Біріншіден, оқытушы (оқытуды басқару) – білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден – (оқу) – оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Оқытушы оқушыны оқи білуге үйретеді. (білімді демократиялық жолмен меңгеру). "Оқыту өмірге дайындау емес, өмірдің өзі" Дж. Дьюи.
Достарыңызбен бөлісу: |