Түйін –Түсінік есебінде:
●Адам - Жеке тұлға болып қалыптасады,
● Ал өмір бойы өзіндік ерекшелігімен айқындалады.
Жас кезеңі
|
Негізгі іс-әрекеті
|
Танымдық іс-әрекет
|
Психикасының қандай сферасы дамиды
|
Бұл жас кезеңіндегі жаңалық
|
Сәбилік
(0-1)
|
Нақты эмоциялық қарым-қатынас
|
Байланыс
қарым-қатынас
|
Қажеттілік – мотивтік тұлғалық
|
Қарым-қатынас жасау қажеттілігі эмоциялық байланыс
|
Ерте балалық шақ
(1 – 3)
|
Заттың-манупулятивтік
|
Заттар
|
Танымдық процестер
|
Тілі және көрнекті – нақты ойлауы
|
Мектепке дейінгі
(3 – 7)
|
Сюжеттік – рольдік ойын
|
Қарым - қатынас
|
Жеке тұлғалық (қажеттілік – мотивтік)
|
Маңызды бағалы қозғалыстың іс-әрекетті қажетсінуі
|
Кіші мектеп жасы
(7 – 11)
|
Оқу - танымдық
|
Ғылым негізінің әліппелері
|
Ақыл-ой (зият) танымдық
|
Ырықтылық ішкі жоспарға негізделу өзін-өзі тексеру рефлексиясы
|
Жеткіншектік кезең
(11 – 15)
|
Оқу және еңбек процесінде іс-әркеттік қарым-қатынас
|
Ғылым негіздері әр түрлі жағдайда байланыс жүйесі
|
Жеке тұлғалық (қажеттік – мотивтік)
|
Үлкен болуға ұмтылыс
|
Жоғарғы сынып жас кезеңдері
(15 -17)
|
Оқу – кәсіптік бағдар
|
Ғылым негіздері және кәсіби әрекеттер
|
Ақыл-ой танымдылық жеке тұлғалық (қажеттік)
|
Дүниетаным кәсіптік қызығу
|
Жас кезеңдері (Д. Эльконин бойынша)
Егер қарттар өздерiнiң көрген, бiлгендерiн жастарға айтып отырмаса, онда қариялардың өздерi кiнәлi. Платон
Жеткіншек ер бала 13-16, жасөспірім 17-21 (денесінің дамуы): 14-15 жасқа көбірек, жыныстық дамуы 12-13 жаста басталады.
|
Жеткіншек қыз бала 12-15 жас
Жасөспірім: 16-20
Денесі дамуы 12-13 жас
Жыныстық дамуы 11-12 жас
Биологиялық тұрғыда үлкен тұрақтылық тән.
|
Өзін қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынасы тұрақсыз – араласуға бейім, әрекеттес болуы кейде конфликтіге әкеледі (әсіресе кризистік кезеңдерде), өзгенің пікіріне төзбестік, жеке көзқарасын қайткенде де дәлеледеуге, , өз позициясын орнықтыруға ұмтылады. Бұның бәрі үлкендермен қарым-қатынасында өз жемісін береді, әсіресе педагогтар мен ата-аналарға: өзінің дегенінен таймау, бұруға төзбеу... өз қатарымен арақатынасы – мәңгілік достық сезімінен жек көру сезіміне дейін өзгеруі мүмкін.
Жеткіліксіз ұстамдылық, көңіл-күйінің тұрақсыздығы, (әсіресе өтпелі кезеңдерде) өзінің жеке ерекшеліктеріне сын көзбен қарап, талдай алмауы өзіне көзқараста: өзін-өзі өте жоғары бағалауға, өркөкіректікке, артық оптимизмге байланысты өз мүмкіндігін артық бағалау сияқты көңіл – күй ,өзін - өзі төмендету, өзіне көңілінің толмауы, өзін-өзі мінеуі сияқты көңіл – күйге жиі ауысып отырады.
Өзін дамыту, жақсылыққа қарай өзгертуге ұмтылыс үнемі,тез туып отырады, бірақ тап солай тез сөніп қалып отырады. Жоғарғы сыныптарда өзгеріске ұмтылысы бірқалыпты тұрақтылыққа ие болып, іс-әрекеттерінде көрініс табады.
|
Адамдармен қарым-қатынасы бірқалыпты. Қыздар сенгіш, иланғыш, аяушылық сезімдері айқын. Қыздарда ер балаларға қарағанда 1,5 – 2 жылға ертерек терең достық, сүйіспеншілік сезімді қажетсіну дамиды. Достары аз, достық эмоцианалды болады психологиялық сезімтал; тез әсерленгіш ,үлкендерден сезімтал шынайы қарым-қатынас күтеді. Өзінің жеке тұлғалық, рухани сапаларын бағалауда қыздар терең талдауға бейім болғандықтан, көбіне дәл немесе аздап төменнен бағаланады, бірақ оптимистік тұрғыда төмен қыздар болашақ бақыты туралы армандайды, көбінесе ол болашақтағы иллюзиялық тұрмыс түрінде елестейді, нәтижесінде «мүмкіндік» пен «жеткім келеді», «ие болам» арасындағы қайшылықтар өзін - өзі қалыптастыруға іс-әрекеттері арқылы ұмтылуға әкеледі.
|
Егер сені ешкім қадір түтпаса, себебі өзіңде екенін ұмытпа. Адамдық борышың, - халқыңа еңбек қыл. (Шәкәрім).
Достарыңызбен бөлісу: |