Пәні: Балалар аурулары Кафедра: факультеттік педиатрия 4 курс


Тақырыптың негізгі сұрақтары



бет55/84
Дата16.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#101647
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   84
Байланысты:
Мет рек Балалар аурулары жалпы медицина каз

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

- мальабсорбцияның этиопатогенезін

- жіктелісін

- клиникасын

- параклиникалық зерттеу әдістерін

- мальабсорбция синдромымен өтетін нозологияларын

- өз ара ажырату диагностикасын

- мальабсорция синдромының диагностикасын және емін



5. Оқыту және үйрету тәсілдері: алғашқы білімді ауызша немесе тест арқылы тексеру, кіші топтармен тақырыптық ауруларды курациялау, қорытынды бақылауды жағдай есептермен тексеру

6.Әдебиет:

Негізгі:


1.Хабижанов Б.Х. – Балалар аурулары. Алматы: Ана тілі, 1997

2.Хабижанов Б.Х. – Педиатрия, Алматы: Казыгурт, 2005


Қосымша:

  1. Нәресте туралы ілім / ред. Е.Т.Дадамбаев, Алматы, 1995

  2. Дадамбаев Е.Т. – Бала дәрігерінің серігі, Алматы, 1998

  3. Тусупкалиев Б.Т. – Балалар ауруларын емдеу және рецептер жинағы: оқу құралы/ Б.Т.Тусупкалиев, Б.Жылкыбаева, Актобе, 2004

  4. Куттыкожанова Г. – Балалардың жұқпалы аурулары/ -Алматы, 2003


7. Бақылау: Тесттік сұрақтарға жауап беріңіз:

13 жасар қыз бала іштің сол төменгі шаршысындағы ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі екі жыл бойына анда-санда байқалады, жиілігі мен ұзақтығы әр күнде әрқалай, эмоционалдық стресс жағдайларымен қабаттас. Дефекация, газдар шығуы және ішке жылу басу уақытша жеңілдік әкеледі. Нәжісі аз мөлшерлі, сұйық, бөлшектенген, кейде едәуір шырышты, бірақ ешқашан қан болмайды. Сонымен бірге шаршағыштық, әлсіздік, бас ауыруы, тәбет төмендеуі, ұйқысыздық, бас айналулар, жүрек қағулар, тершеңдік, “ауа жетпеу сезімі”, кеудедегі ауыру сезімі мазалайды. Арық емес, улану белгілері жоқ, пальпацияда тартылып, қысылған, сезімтал, төмендеген және көлденең тоқ ішек сезіледі. Анус тартылған және саусақпен зерттеуде сезімтал. Тоқ ішектің шырыш қабатының колоноскопиясы мен биопсиясы патология анықтамады. Сіздің диагнозыңыз:

A)лактаза жетіспеушілігі

B) ішек лямблиозы

C) випома

D) ішек тітіркену синдромы

E) созылмалы энтероколит
Бір жастағы балаға мальабсорбция синдромын күдіктенуіне байланысты зерттеу жүргізеді. Қай зерттеу бұл ауруда маңызды болып келеді?

A) Глюкозаға төзімділік тесті

B) Д-ксилозамен тест

C) Тоқ ішекті рентгенологиялық зерттеу

D) Йодлипольді сынақ

E) Қандағы амилаза мөлшері


Іш өткен баланың аш ішек биоптатын қарағанда лимфагиэктазиялар, интерстициальді ісік, май тамшылары және лимфа тамырларында макрофагтар табылған. Бұл көріністер сәйкес келеді:

A) Муковисцидозға

B) Лактаза жетіспеушілігіне

C) Целиакияға

D) Экссудативті энтеропатияға

E) Созылмалы энтероколитке


5 айлық балаға қосымша тағам берілгеннен кейін іш өту пайда болды. Үлкен дәреті көп мөлшерде, иісі сасық. Баланың дене салмағы азайған, әлсіздік байқалады. Жалпы қарағанда – бала жүдеу болып келеді, іші қампиған. Лактозаға қарағанда гликемияның өсуі– 3,5 ммоль/л. Іш өтудің себебін ата:

A) Инфекционды энтерит

B) Дисахаридтердің қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылуы

C) Глютенді қабылдай алмаушылық

D) Моносахаридтер сіңірілуінің бұзылуы

E) Экзокринді бездер патологиясы


Дисахаридазды жетіспеушілік үшін ... көтере алмау тән белгі болып табылады.

A) каротинді

B) лактозаны

C) дәнділердің глютенін

D) сиыр сүтінің нәруыздарын

E) гүл тозаңдарын


Қыз бала 10 жаста. Бойы 130см., дене салмағы 25кг. Стационарға салмақ қоспауына, өсуінің төмендеуіне, бас ауруына, аяқтарының ауырсынуына, ішінің кебуіне, нәжісінің жиі, көп болуына, құсуына шағымданып түседі. Анамнезінде: 6 айлығынан бастап ішінің кебуі және мазасыздық болған (қосымша дәнді тамақ - геркулесті ботқа енгізілген). 1,5 жасынан бері ішінің ауырсынуы, көлемінің ұлғаюы, кебуі, нәжісі көп мөлшерде жиі, құсу байқалған. Копрологиялық нәжіс анализінде - II типті стеаторея. ЭФГДС кезінде субатрофиялық дуоденит анықталған.

Науқастың диагнозы:

A) целиакия

B) панкреатит

C) тағамдық аллергия

D) ішек тітіркену синдромы

E) муковисцидоз
Ауруханаға 10жасар қыз бала келіп түсті. Шағымдары: салмақ қоспау, өсудің баяулауы, бас ауруы, яқтарының ауруы, ішінің үрленіп, жиі көп мөлшерлі дәретке отыру, құсу. Анамнезінен: ішінің үрленуі мен бала мазасыздануы 6айынан байқалады (қосымша тамақ –геркулес ботқасы енгізілген). 1,5жасынан ішінде ауырсыну, көлемінің ұлғайып, үрленуі, жиі көп мөлшерлі дәрет, құсу пайда болды. Нәжісті копрологиялық зерттегенде стеаторея анықталды. ЭГДС жүргізгенде субатрофиялық дуоденит көріністері сипатталды. Қандай болжамды диагноз қоясыз:

A) панкреатит

B) тағамдық аллергия

C) целиакия

D) тітіркенген ішек синдромы

E) муковисцидоз


Анасы 11 айлық бала 8 айлығында емшектен айырғаннан кейін дене салмағын нашар қосатынына шағымданады, ал тәбеті жоғарылаған, нәжісі жиілеген, көп мөлшерде, сасық иісті. Ең бірінші кезекте диагнозды жоққа шығару керек:

A) целиакия

B) муковисцидоз

C) біріншілік лактазалық жетіспеушілік

D) екіншілік лактазалық жетіспеушілік

E) сиыр сүті белогын көтере алмаушылық


6-айлық баланың ата-анасы сәби терісінің бозғылдығы, 1 ай бойы сұйық, көпіршікті, тәулігіне 7 ретке дейін нәжіс, мазасыздық болғанына шағымданады. Анамнезінен: 1 ай бойы табиғи тамақтануы, жасанды тамақтануда 3 айлығынан. Қосымша тамақ 4 айлығынан – сүтке әзірленген манна және геркулес ботқасы, күніне 2 рет. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

A)ішек тітіркену синдромы

B) арнайы емес жаралы колит

C) глютендік энтеропатия

D) муковисцидоз

E) инфекциондық энтероколит


12 жас қыз бала, жарты жыл бойы 3 тәулікке дейінгі іш қатудан зардап шегетініне, іштің төменгі бөліміндегі ауыру сезіміне, «қой құмалағы» түріндегі нәжіс, жиі ішектің толық босауынсыз сезімі болатынына шағым айтады. Кейде іш қатулар іш өтулермен алмасады (оны эмоционалдық жағдаймен байланыстырады). Қарағанда қалыпты дене бітімі, шамалы улану симптомдары. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Лабораториялық және инструменталдық зерттеу әдістері патология анықтаған жоқ. Осы жағдайда қандай диагноз қоюға болады?

A)арнайы емес жаралы колит

B) Крон ауруы

C) іш қатулар басымдылығымен ішек тітіркену синдромы

D) муковисцидоз

E) созылмалы холецистит


6-айлық баланың ата-анасы сәби терісінің бозғылдығы, 1 ай бойы сұйық, көпіршікті, тәулігіне 7 ретке дейін нәжіс, мазасыздық болғанына шағымданады. Анамнезінен: 1 ай бойы табиғи тамақтануы, жасанды тамақтануда 3 айлығынан. Қосымша тамақ 4 айлығынан – сүтке әзірленген манна және геркулес ботқасы, күніне 2 рет. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

A)ішек тітіркену синдромы

B) арнайы емес жаралы колит

C) глютендік энтеропатия

D) муковисцидоз

E) инфекциондық энтероколит





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет