ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Балалар психологиясы» 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған ОҚу- әдістемелік материалдар


Психикалық дамудың қозғаушы күштері



бет4/11
Дата20.11.2016
өлшемі2,03 Mb.
#2134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3.Психикалық дамудың қозғаушы күштері. Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері проблемасын кеңестік те, шет елдік те психологтар қарастырған. Кеңестік психологтар үш негізгі ұғымды бөледі:

1) дамудың қажетті шарттары;

2) психикалық дамудың көзі;

3) психикалық дамудың қозғаушы күштері.



Психикалық дамуды кезеңдерге бөлу проблемасы.

Берілген проблеманы талдау жас кезеңдерін бөлу үшін негіздерді анықтаудағы түрлі ықпалдарды қарастыруды ұйғарады. Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л. С. Выготский үш топқа

бөледі:

1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С. Холл).



2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері ретінде қандай-да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий ұсынылады.

3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олар дамудың эволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп, ұлғаяды).

Л.С.Выготский дамуды өзін-өзі итермелеудің үздіксіз үдерісі ретінде анықтайды және де ол, ең алдымен, алдыңғы сатыларда болмаған жаңа нәрсенің пайда болуымен сипатталады. Әр жас кезеңін сипаттайтын бір тұтас критерий қажет. Бұл криетрий ретінде әр жастың мәнін сипаттайтын жаңа құрылым болады.

Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу болып табылады.

Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.Индивидтің қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру процесі баланың белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады.

Бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.

1) баланың психикалық үдерістері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;

2) бұл процестердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-әрекетінсіз мүмкін емес еді.



Оқыту мен даму проблемасы.Оқыту мен даму проблемасын бірқатар оқымыстылар қарастырған, оларды үш топқа біріктіруге болады:

1. Бірінші тобы баланың даму үдерістерінің оқыту процестерінен тәуелсіздігі жайлы пікірді ұстанады. Оқытудың баланың белсенді дамуынақатысы жоқ, тіпті даму жетістіктерін пайдаланады. Даму циклдері әр қашанда оқыту циклдерінің алдында жүреді. Даму әр қашанда оқытудың алдында жүреді.

2. Екінші топ осы екі үдерісті бір тұтас ретінде қарастырады және келесі түрде белгілейді: оқыту даму болып табылады.

3. Оқымыстылардың үшінші тобы екі теорияны үйлестіруге талпынды: бір жағынан, даму процесі оқытуға тәуелсіз үдеріс ретінде ұғынылады,екінші жағынан – оқытудың өзі дамуға тепе-тең. Зерттеушілердің үшінші тобындағы позитивті болып табылатындар:

а) екі қарама-қарсы көзқарастарды біріктіру;

б) екі негізгі үдерістердің өзара тәуелділігі, өзара әсер етуі идеясы;

в) баланың дамуы барысында оқытудың рөлін ұлғайту.

Л.С.Выготский осы теорияларды салыстырып, талдап және сынға ала отырып, ең маңыздысы ретінде мынаны анықтады: баланы оқыту мектептегі оқытудың алдында басталады. Мектептегі оқыту ешқашан да өзінен-өзі басталып кетпейді, ал әр қашанда өз алдында бала дамуының белгілі бір сатысына ие. Л.С.Выготский «жақын даму аймағы» деген жаңа ұғымды енгізеді. Мұнда дамудың екі деңгейі қарастырылады:

Баланың өзекті даму деңгейі – міндеттерді өз бетінше орындай алу қабілеті.

Жақын даму деңгейі – баланың өзбетінше іс-әрекетінің өзекті деңгейі мен оның үлкендердің немесе неғұрлым тәжірибелі құрбылыстарының жетекшілігімен атқаратын өз бетінше іс-әркетінің потенциалды деңгейінің арасындағы қашықтық.

Ескі көз қараспен салыстырғанда жақын даму аймағы жайлы ілім

келесі тезисті ұсынады: «Дамудан озып кететін оқыту ғана жақсы болып табылады».

1. Даму үдерістері оқыту үдерістерімен сәйкес келмейді. Даму үдерістері оқыту үдерісінің соңынан жүреді, ал оқыту процестері «жақын даму аймағын» құрайды.

2. Оқыту үдерісі тікелей түрде бала дамуы барысымен байланысты болғанымен де, олар біркелкі және бірі-бірімен қосарласа жүрмейді.

Баланың жас ерекшелік дамуын түсіну үшін жас ерекшелік сезімталдық жайлы мәліметтер болады, яғни әр жас өз бетінше сипаттайтын қоршаған ортаға деген сезімталдық.



Сензитивті кезеңдер – бұл қандай да бір психикалық сапалардың даму үшін қолайлы жағдайларды анықтайтын кезеңдер.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторларды атаңыз.

2. Л.С.Выготский «жақын даму аймағы» деген жаңа ұғымы туралы.

3. Оқыту мен даму проблемасы.

4. Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.

5. Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер.


Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

2-модуль. Нәрестелік және сәбилік кезеңдегі балалардың танымдық үрдістерін дамытудың ерекшеліктері.
5-дәріс.

Тақырыптың аталуы. Нәрестелік және бөбектік кезеңнің дамуына сипаттама.

Дәріс жоспары:



  1. Нәрестелік және бөбектік кезендегі баланың анатомиялық және физиологиялық даму ерекшеліктеріне сипаттама.

  2. Нәрестелік кезең танымдық процестер.

  3. Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс.

  4. «Жандану кешені» танымдық дүниенің дамуы

  5. Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздері, нәрестенің ересектермен сөзің түсініп, тілдік қарым-қатынас жасауының мәні.

1.Нәрестелік және бөбектік кезендегі баланың анатомиялық және физиологиялық даму ерекшеліктеріне сипаттама. Жана туған нәресте және оның күтімі. Нәресте туған бойдан алғашқы тыныс алады, ол әдетте қатты іңгәләумен дүниеге келеді. Бұл сәтке дейін тыныш күйде жатқан өкпе өз күш- қуатына енеді; бірінші демалыстан соң бірнеше сағат өткеннен кейін нәрестенің біршама бірқалыпты демалысы орнығады.

Толық жетіліп туған баланы орташа салмағы шамамен алғанда 3000-нан 3500-ге дейін, бойы 50-52см. Аралығында өзгерістер болуы мүмкін. Бастың шеңбері орташа 32-34 см/ге. Ал кеуденің шеңбері 30-32 см/ге тең болады.

Өмірге жаңа келген нәресте күн санап өсіп отырады. Мәселен оның өсуі туған кездегімен салыстырғанда 1 жылдың ішінде 25% артады. Нәрестенің сүйегі бірте-бірте қатайып өседі, бірақ алі де жұмсақ, шеміршек тәрізді майысқақ. Баланың өсуіне байланысты әртүрлі дене мүшесімен нерв жүйесінің дамуы қарқыны бірдей болмайды, денесінің жетіліп дамуы бірте-бірте артады.

Сәбидің алғашқы жылғы өмірінде ас қорыту органдарының қызметі шектеулі болуына байланысты тамақтану мен ас қорыту тез бұзылады, сондықтан оны дұрыс тамақтандыру қажет.

Өмірінің алғашқы жылында нәрестенің жүйке жүйесі едәуір дамиды, сезу органдарының қызметі жетіле түседі, балаларды қимыл қалаптасады, сөйлеу элементері пайда болады, сондықтан оны дұрыс тамақтандыру қажет.

Бала өмірінің екінші жылында небары 2500-3000 г салмақ қосады, бұл айына 200-250 гр шамасында. Өмірінің 3-6 жылында салмақ қосу бұдан да баяу болады, жылына 1500-2000 г өседі. Сонымен 5-6 жасқа арай баланың салмағы бір жастағысынан екі есе өседі,яғни бала 20 кг-ға жуық салмақ тардады. Бойдың, салмақтың, кеуде мен бас шеңберінің деректірі 1,2 –таблициаларда келтірілген.

Баланың өсіп – жетілуін бақылау үшін оны балаларға арналған салмақ өлшегіште ұдайы және жиі-жиі өлшеп тұру керек. Баланың салмағын өлшер алдында, үнемі бір уақытта өлшеу керек. Салмақ туралы мәліметтерді медбиеке өсіп жетілу тарихының арнаулы бетіне, салмақтың қисық өсуін өте көрнекті етіп, сызып көрсетуі керек.

2. Нәрестелік кезең танымдық процестер.

1)Қарапайм түстерді ажырыта алу үш айлығында болады. Ол генетикалық қан арқылы беріледі.

2)Балалардың көз тоқтатуы алдымен горизонтальды жатқан затқа көз тоқтадады. Одан кейін бала вертикальды затқа қарады.

3)2-3 айда балалар таныс және таныс емес адамдарды ажырата бастайды.

4) 3-4 айда бала таныс емес адамдармен қарым-қатынасқа түскісі келмейді себебі, бірді-бір сегіз айында көру аймағы азайады.

5)Ассоциациалық ес-байланыс 2 жаста аяқталады, бір сөздің орнына екінші сөз пайдалану бастапқы сөз еске түсуі, яғни көру, есту екі жаста аяқталады.

6)Бағдарлау зерттеу әрекеті жүзеге асырылады сөйлеуге келетин болсақ бірінші дыбыс шығарады, 2-3 айда гуілдейді, содан кейін былдыр пайда болады, 9-10 айда алғашқы сөз пайда болады.

Заттар мен қарым-қатынас 7-10 айында болады. Мысалы, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау бірінші мимика, екінші сөйлеу арқылы жасалады.



1 жастан 3 жасқа дейінгі бөбектік кездегі негізгі ерекшеліктері:

1) Адамдармен қарыс-қатынас жасауда түсіну пайда болады.

2) Ойлауға өзін-өзі тежеу қалыптасада.

3)Тілдің дамуы 1 жастажеке сөз айтылады: 2 жаста 2-3 сөзді құрастырып айтады, 3 жастың аяғында толық балалармен қарым-қатынас жасайды.

4) Фанемадан кейнгі кезеңде фанемді сөзге ауысады.

5) Экоцентрлік сөз 1 жастан аяқталады.

Заттық әрекеттер монепулярлық тұрғыда емес, мағынасын түсініп жасауда болады, ойын 1-3 жаста алғашқы сюжеттік ойындар ойнай бастайды.

3 жаста бала қарапайым жаңа форманы ажыратады.

Спектордың негізгі түстерді ажыратады. Іс-әрекеттен іске асады.

Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі – жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шанамен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.

Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.

3. Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс.

Өмірінің алғашқы жылындағы балалардың бойын айына бір рет, 1 жастан 3 жасқа дейінгілерін 3 айда бір рет балалардың туған күндерінде өлшеу керек.



Бас пен кеуде шеңбері. Бұл өлшеулер организимнің үйлесімді дамуы туралы түсінік береді. Бас шеңберін өлшеу кезінде сантиметрлік лентамен басты төбе сүйектен қас үстінің иніні арқылы тығыз орап алады, кеуде клеткасын өлшеу кезінде лентаны алдынан емшек тұсынан, артынан жауырын сүйектің төменгі жағынан өткізеді. Жаңа туған баланың бас шеңбері кеуде шеңберінен шамамен 2 см үлкен. 3-4 айлық дені сау балалардың бас шеңберімен кеуде шеңбері бірдей болады.

Бұлшық ет жүйесі. Жаңа туған баланың бұлшық еті біршама әлсіз жетілген, оның салмағы ұлғайған сайын бұлшық ет талшықтары да толысып жетіле түседі.

Емшек жасында бүлдіргіш бұлшық ет тонусы, жазылдырғыш бұлщық еттер тонусынан басым болады . бұлшық еттің төменгі тонусы рахит кезінде кездеседі.

Бұлшық еттің дұрыс дамуы үшін бала қозғалымын жетілдіретін бұлшық еттірдің үлкен маңызы бар. Белсенді қимыл тыныстың тереңдеуіне, қан айналымынын жақсаруына және т. б. Мүмкіндік жасайды.

Бас. Емшектегі баланың басы салыстырмалы тұрғыда едәуір үлкен ол дөңгелек формада болады. Бас сүйектің бет жақ бөлігі кішкене келеді.

Төбе мен маңдай сүйегінің түйіскен жерінде ромба түріндегі сүйексіз аралық болады, ол улкен еңбек деп аталад; төбе сүйегінің желкемен қосылған жерінде үшбұрыш түріндегі кішкене еңбекті сипайп білуге болады. Бұл жерлерге біртіндеп сүйек біте бастайды. Кіші еңбек жабылып қалады немесе былайша айтқанда , 3 айға қарай бітеледі, үлкен еңбек 12-15 айға қарай бітілеп қалады. Егер кальцийдің құрамы көп болса, баланың еңбегі ерте жабылып ақыл-ойының дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан, тамақтың құрамын озгертіп отыру керек.



Кеуде клеткасы. Өмірінің алғашқы жылындағы балаларда кеуде клеткасы конус тәрізді немесе цилиндр формалары болады. Қабырға көлденең орналысып кеуденің демалатын тұсында көтеріліп тұрғандай болады өйткені ол омыртқадан тік бұрыш түрінде кетеді.Қабырғалардың осындай кеуде клеткасының қозғалмалығын (экусурсиясын) шектейді, бұл дем алған кезде ұлғаюына кедергі келтіреді.

Жамбас сүйгі. Жаңа туған баланың жамбасы кішкентайлығымен ерешеленіп, формасы жағынан балалар мен қыздарда бірдей болады. Омыртқа мен кеуде клеткасының дұрыс жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасаудың жамбас сүйегін қалаптастыру үшін де маңызды болады.

0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бола әлі де болса әлеуметтік пнеде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:



  1. Ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу,қанайналым);

  2. Тамақтану (сору, жұту);

  3. Қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);

  4. Бағдарланушы (басын кушті тітіркендіргіш бұру);

  5. Қозғалыстық (қамту, жүзу, адамдау, еңбектеу).

Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты жармасып, ұстап алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты ұстау реакциясына айналады. Бала етпетінен жатқан кезде табанына алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен жыбырлатсақ, тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, бұл еңбектеу реакциясына айналады.

Бағдарлау рефлексінің дамуы көруі мен естуі қабілетінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.

Сезім мүшелері.Біздің қоршаған дүниеден алатын әсеріміз сезім мүшелері арқылы қабылданады (рецепторлар) және орталық жүйке жүйесіне беріледі.шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін бас миы қыртысының толысуынан басқа, есту,көру, иіс сезу,дәм сезу, мен түйсіну балалада жеткілікті түрде даму қажет екені түсінікті.

3. "Жандану кешені" танымдық дүниенің дамуы.

Дүниеге келген кеде көру және есту анализаторлары толыққанды. Түйсігі арқылы есту, 3-4 –ші айда көру шоғырланады. "Жандану кешені" балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл баланың қалапты психикалық дамуының алғашқы белгісі.



4.Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздері, нәрестенің ересектермен сөзің түсініп, тілдік қарым-қатынас жасауының мәні. Нәрестенің сөйлеу қабілетінің дамуы. Нәрестелік кезеңде сойлеу қабілетінің дамуы да басталады.

Алғашқы жартьы жылдықта сөзді есту қалыптасады, ал баланың өзі қуанышты сәттерде дыбыстар шығарады, оны «уілдеу» деп атайды. Екінші жарты жылдықта көбінесе баланың әрекетімен байланысты қайталанушы дыбыстар пайда болады. Әдетте мағыналы ыммен былдырлай бастайды, бірінші жылының соңында бала үлкендер айтатын 10-20 сөзді түсінеді және өзінің алғашқы бірнеше сөздерін айта бастайды.

Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарам-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен карқынды қимылдар жасай бастайды, да ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекеттерге шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.

Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғашқы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемелары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір создерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауды бастайды.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Жаңа туған жөргектік кезеңнің бала психикасының дамуындағы маңызы.

2. Нәрестелік және бөбектік кезеідегі баланың анатомиялық және физиалогиялық ерекшеліктеріне сипаттама берңіз.

3. Нәрестелік кезеңдегі пстхикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалыңызына талдау.

4. Нәрестенің ересектермен қарым қарынасы және оның алғашқы сөздері туралы не білесіз? .

5. Нәрестенің ересектердің сөзін түсініп тілдік қарым қатынас жасауының мінң неде?



Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

6-дәріс.

Тақырыптың аталуы. Нәрестелік кезеңдегі бала психикасына даму ерекшеліктері

Дәріс жоспары:



  1. Нәрестенің қимыл-әрекеттері

  2. Нәрестенің зейіннің дамуы

  3. Нәресте есі

  4. Нәрестенің эмоциялық сезімі


1.Нәрестенің қимыл-әрекеттері. Бала қимыл әрекетері өте күрделі. Осы кезеңде қол қимылдарының дамуы аса маңызды. Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары шамамен өмірінің төртінші айында қалыптаса бастайды. 5-6 айында бала затты қатты ұстап алады, бұл көру қабілеті мен қозғалыс әрекеттерін күрделі түрде үйлестіруді қажет етеді. Осы сәттің әрі қарай дамуы үшін маңызы зор: ұстау – баланың алғашқы мақсатқа бағыттылған әрекеті, заттармен әр түрлі әрекет жасауды меңгеруінің негізі болп табылады.

Екінші жарты жылдықты қол қимылдарына байланысты әрекеттер қарқынд түрде дамиды. Бала ұстаған затын сілкілейді, тарсылдатады лақтырып қайта алады, тістейді, қолдан-қолға ауыстырады және Жан Пиаже айналма реакция деп атаған біріңғай қайталанушы әрекеттер тізбегі дамиды. 7 айдан кейін «өзара сәйкес» әрекеттер кездеседі: бала үлкен заттарға кішкентай заттарды салады, қораптарды ашып, жабатын болады. 10 айдан кейін алғашқы жүйелі әрекеттер, яғни үлкендердің әрекеттеріне еліктей отырып, заттарды қажеттілігіне байланысты дұрыс қолдану әрекеттері қалыптаса бастайды. Бала машинасын сүйрейді, барабандарды соғады, ауызына суы бар ыдысты жақындатады.

Қызығы, бұл жүйелі әрекеттер әрі заттық әрекетке айнала алмайды. Бұл үлкен адамның балаға көрсеткен объектілерімен байланысты, мысалы, қуыршақты қалай тербету керектігі, т.б. Басқа заттарға әрекет жасау бұл кезеңде әлі байқалмайды.

Сондықтан бала бастапқы кезде өзі анасымен бірге ойнаған қуыршақты тербетеді, ал оған ұқсас басқа ойыншықтармен мұндай қимыл әрекет жасай алмайды. Соған қарамастан жыл соңында бала адамзаттың заттар әлемін тани бастайды. Әректердің әр түрлілігі оны қоршаған объектілердің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға бейімделгенде ол «мынау не?» деп қана қоймай, «мұнымен не істеуге болады?»деген қызығушылықтар таныта бастайды.

Қабылдау және әрекет нәрестелік кезеңдегі көрнекі амалдық ойлауды алғашқы негізін қалаушы баспалдақ. 1 жылдың ішінде бала шеше алатын танымдық әрекеттер, бастапқыда қабылдау содан соң белсенді әрекет күрделене түседі. Жетістіктерге жету үшін бала көру және қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар болсақ, жастық астына қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен жастықтың барлығын аудыры бастайды.

Бірінші жылдың соңында бала күрделі ойын әркетіне ене бастайды. Бұл кейбір психологтарға шартты түрде болса нәресетелік кезеңде зат туралы ұғымның қалыптаса бастағандығы жөнінде айтуларына мұмкідік береді.



2.Нәрестенің зейіннің дамуы. Бала туғаннан бастап бірден зейіні реакциядан көрінеді. Ол әсіресе бірден шыққан дыбысқа, тым ашық түстен қашады. 1 айлық балада «бұл не?» рефлексі пайда болады. Егер бұндай рефлекс жануарда болса, тек биологиялық функция түрінде болады. Бұл рефлекс балаға мәнді бөлуге, оны тануға, онымен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді. Қарапайым зейінге бала өзінің анализаторларын тоқтатп қабылдай алады. Нәресте 2-3 аптадан кейін орташа дыбыс пен қатты дыбысты, қозғалысты байқайды. Нәресте туғанда әрине оған айтқанды түсінеді, тыңдайды. Нәресте бір айдың аяғында жай емес заттарға көңіл аударады. Нәресте 2-3 айдан кейін анасының белгілерін байқап онымен қатынаста бола бастайды. Зейіннің дамуы затты ұғып, түсінуге мүмкіндік береді. Нәрестеге 6 ай болғанда тітіркену «бұл не?» «онымен не істеуге болады?» ауысады.Енді бала тек затты емес, оның сынын, оның әсерін реттейді және ол бір уақытта кей затқа зейінін шоғырландырады. Мысалы, шарды қорапқа салады, бір шарды екінші шарға ауыстырады. Нәрестелік зейінге дамушы ерекшеліктерін көрсетеміз.

3.Нәресте есі. Нәрестенің танымдық дамуы оның психикаснда ес-зерденің аса қарапайым тетіктерінің қалыптасуынан кейін басталады. Алғашында тану пайда болады. Ерте нәрестелік кезеңде-ақ жаңа әсерлермен бұрыңғы бейнелерді байланыстыра бастайды. Егер балаға жаңа қуыршақ берсек, ол біраз уақыт бойы оны қарайды, ол келесі күні қуыршаұт тануы мүмкін. 3-4 айында ол үлкен адамның оған көрсеткен ойыншығын таниды. 4 айлық бала өзіне тансы затты таныс емес заттан ажырата алады.

Егер ашық түсті ойыншықты екі бірдей орамалдың бірінің астына тығып қойсақ, 8 айлық балалардың кейбіреулері ғана 1 секундтан кейін оның қайда жатқанын есіне түіре алады. 1 жаста барлық балалар 1-3 секундтан кейін таба алады. Олардың көбісі 7 секундтан кейін де ойыншықтың қай орамалдың астында жасырынғандығын есіне түсіре алады. Мұндай жағдайда 8 айдан кейін зердесінде қайта жаңғырту, образды қалпына келтіру бала алдында ұқсас объекті болмаса да қалыптасады.

Нәрестелік кезеңде таныдық үрдістермен қатар эмоцилық дамуды да бақылау қажет. Бұл жол баланың жақын үлкен адамдармен қарым-қатынас жасауымен байланысты дамиды.

Алғашқы 3-4 айда балаларда әр түрлі эмоциялық жағдайлар пайда болады: таң қалу, физикалық (дене) дискомфортын сезгенде алданушылық (қимылдың көбеюі, жүрек соғысының жиілеуі, көзінің жұмылуы, жылау), қажеттілігін қанағаттандыру кезіндегі еркінсу.



4.Нәрестенің эмоциялық сезімі. Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үрдістермен қатар дамып отырады.

Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.

Денесінің қысылғанын, не аурығанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ –қолын қатты қозғалтып, доданып қатты ашулынғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.

Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері күрделенген сайын сезімі де қиындап күрделене түседі.

2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі байқалады. Мұның пайда болу себебі, үлкендер баланы барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп мейірімділікпен еркелетсе анық көрінеді. Мысалы, әлемі ашық түсті ойыншық сазды музкалық әуен болады. Жағымды сезім тудырушы әсіресе өзінің ең жақын адамдарды анасына деген сүйіспеншілік ықылас ниетінен сезімін жақсы көреді. Ол күлсе, күледі, бетін басып жаласа, қоса жылайды. Сондай-ақ айналасындағылардың талап-тілектерін орындау негізінде де байқалады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет