Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің картасы
№
п/п
|
Атауы
|
Автор
|
Басылым
|
Саны мен сақтау орны
|
Қосымша
|
|
Философия (Оқу құралы).
|
Мырзалы С.К.
|
Алматы, 2008
|
Библиотека 3
|
|
|
Философия
|
Ғабитов Т.К.
|
Алматы, 2002
|
Библиотека 5
|
|
3.
|
Философия
|
Тұрғынбаев Ә.Х.
|
Алматы, 2001
|
Библиотека 5
|
|
|
Философия әлемiне саяхат (Әлеуметтiк философия)
|
Мырзалы С.
|
Қостанай, 2004
|
Библиотека 5
|
|
|
Философия
|
Кішібеков, Сыдықов
|
Алматы, 1994
|
Библиотека 34
|
|
|
Философия тарихы бойынша дәрістер курсы.
|
Ақназаров.Х.З
|
Алматы, 1992
|
Библиотека 3
|
|
|
Философия
|
Абишев К.
|
Алматы, 2002.
|
Библиотека 10
|
|
|
Философия тарихы
|
Есім.Ғ.
|
Алматы, 2004
|
Библиотека 2
|
|
|
Философия тарихы.
|
Нұрышева.Г.Ж.
|
Алматы, 2005
|
Библиотека 5
|
|
|
11. нбаев.Ә.Әбжанов.Т. .тарихи -Қысқаша философия тарихы.
|
Нысанбаев.,ӘбжановТ.
|
Алматы,1999
|
Библиотека 5
|
|
|
Философия
|
Әбділдин.Ә
|
Алматы, 2002ж.
|
Библиотека 5
|
|
|
Философия тарихы.
|
Алтай Ж. Қасабек А.
|
Алматы, 2006
|
Библиотека 2
|
|
|
Философиялық практикум
|
Г.Құлжанова
|
Қостанай, 2002
|
Библиотека 10
|
|
|
Философия пәнінен дәрістер курсы
|
Г.Құлжанова
|
Қостанай, 2012
|
Библиотека 10
|
|
|
Іліми философия
|
Н.Иманқұл.
Т.Бөрібаев
|
Астана, 2009
|
Библиотека 1
|
|
|
Құқық философиясы
|
Д.Тойматаев
|
Қостанай, 2014
|
Библиотека 10
|
|
|
Ғылым тарихы мен философиясы
|
Д.Тойматаев
|
Қостанай, 2016
|
Библиотека 10
|
|
Дәріс ТЕЗИСТЕРІ
Тақырып 1.Философияның пәні, мақсаты және қызметтері
Дәріс сұрақтары:
1. Философия туралы ұғым.
2. Философияның құрылымы және қызметтері.
Философиялық білмнің негізгі сипаттары. Философияның пайда болу алғышарттары. Философияның максаты мен мәні Философияның аныктамасының, формаларының және бағыттарының көптүрлілігі. Көзқарас және философия. Мифология, дін және философияның арақатынасы.
Философияның қызметтері: көзқарастық, болжамдық, сыни, рационалдау және жүйелеу.
Философияның негізгі бөлімдері: онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік философия, аксиология.
Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Философиялық пайымдаудың типтері. Ұлттық және қазіргі заманғы философиялық ойлау ерекшеліктері.
Тақырып 2. Ежелгі дүние философиясы. Қазақтардың алдыңғы философиясы. Ежелгі Шығыс философиясы. Антика философиясы.
Дәріс сұрақтары:
1. Қазақтардың алдыңғы философиясы.
2. Үнді философиясы.
3. Қытай философиясы.
4. Ежелгі грек философиясының дамуындағы софистер мен Сократтың рөлі.
5. Платон мен Аристотель философиясындағы ақыл-ой, білім мәселесі.
Қазақтардың алдыңғы философиясы. Қазақтардың философиялық дүниетанымының қалыптасу алғышарттары. Қазақстан территориясында ежелгі мәдениет формаларының қалыптасуы және ауысуы. Протоқазақтардың алдыңғы философиясы. Андрондық және беғазы-дәндібай мәдениеттерінің құрылымындағы көзқарастық элементтер. Протоқазақтардың дәстурлі сенімдері. Тәңірге, Жер-Суға, Ұмайға сиыну. Қазақтардың өзіндік философиялық көзқарасының қалыптасуына көрші өркениеттердің әcepi.
Көшпелі өмip салтының негізгі сипаттамалары: табиғатпен 6ipтұтастық, үздіксіз жаңару мен қозғалысқа ұмтылыс, ой еркіндігі, адамгершілікті жоғары қою. Қазақ халқының философиялық ойлауының вербалдық-дискурстік сипаты.
Қазақтардың философиялық дүниетанымының негізгі категориялары: «дүние», «өмір», «өлім», «араласу», «намыс», «парыз», «қанағат», «кісілік», «ізгілік», «жақсылық», «жамандық», «бақыт».
Ежелгі Шығыс философиясы. Ежелгі Шығыс философиясының әлемдік философиядағы орны. Руханилыктың шығыстык дәстүрі - ежелгі Шығыс философиясының ерекше белгісі.
Веда мәдениетінің аясында ежелгі Үнді философиясының қалыптасуындағы діннің рөлі. Ведалардағы дүние, адам, өмip туралы алғашқы философиялық түсініктер. Самхиттер, брахмандар, Араньяктар - Ведалардың құрамдас бөліктері. Упанишадалардағы философиялық сананың элементтері Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес философиялық мектептері. Буддизм философиясы. Адамның өз күшімен адамгершшкті тұлға болып қалыптаса алу кабілетін жария ету. Адам рухын сыртқы материалдық дүниеге қарсы қою. Үнді философиясының әлемдік адамзаттық ойға мықты әсері.
Қытай философиясының прагматикалық сипаты. Қытай жазуының ескерткіштері: «И цзин», «Ши цзин», «Шу цзин» - Қытай философиясының бастауы. Дүниемен, қоғаммен және өзіңмен үйлесімділік - ежелгі Қытай философиялық ойының басты философиялық принципі.
Қытай философиясының негізгі мектептері. Жэнь, чжун юн, цзюнь-цзы, дао, ди, инь және ян, ли, сяо, тянь-ся, ци, у-вэй категорияларының заттардың иерархиялық тәртібін орнатудағы рөлі.
Конфуций ілімі - этикалык-әлеуметтік ілім және ерекше мемлекеттік саяси концепция. Ақсүйектік даналық пен қарапайым халықтың сенімдері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудегі даосизм философиясының рөлі. Мо-цзының таным теориясы және этикалық-саяси идеялары. Қытай практицизмін қалыптастырудағы Мо-цзының он принципі. Легизм адамдардың барлығына ортақ заңдардың негізінде қоғамды қайта өзгерту туралы.
Fылыми білімнің қалыптасуы - ежелгі Египетте философиялық ой дамуының ерекшелігі. Адамның мәні туралы сұрақтың қойылуы. «Өлілер кітабы». Ежелгі Египет философиясының ежелгі Грецияның және букіл әлемнің ғылымы мен философиясына әсері.
Антикалык философия. Ежелгі Греция философиясының генезисі Экономикалық қатынастар еркіндігі - рухани мәдениеттің өркендеу негізi. Ежелгі грек полисінің өміріндегі философияның айкындаушы рөлі. Философияның Милет мектебі Фалес, Анаксимандр, Анаксименнің натурфилософиялық ілмдері және Еуропа ғылымы мен философиясының қалыптасуы.
Элея мектебі Парменид: Ғалам туралы көзқарастар. Ксенофанның дуние туралы түсініктеріндегі пантеизм бастаулары. Эфестік Гераклит философиясының қарама-қайшылыктылығы. Антикалық философиядағы атомизм. Эмпедокл «барлық заттардың тамырлары» болып табылатын төрт стихия туралы. Анаксагор: табиғат - мәнгі және өте ұсақ бөлшектердің шексіз көптігі. Демокрит: дүниеде бәрі атомдардан және олардың қозғалысынан тұрады.
Пифагордың сандар және олардағы сәйкестігі туралы ілімі. Бүкіләлемдік үйлесімділік - Құдайдың жетілген көрінісі. Софистер мектебі. Софистер - даналық пен асыл қасиеттерге үйретушілер. Риториканы мемлекеттік істерде жеңіске жете білу ретінде түсіну.
Сократ: адам мәселесіне бұрылыс. Сократтың рационалдық этикасы. Философия - ақылсыну емес, асыл қасиетке ие және әділ адамды қалыптастыру құралы. Ақиқат білімге жетудің Сократ ұсынған әдістері: ирония, майевтика, дефиниция. Сократтың логикасы.
Платон: идеялар - ақиқат болмыс. Платонның мінсіз мемлекет туралы ілімі. Платонның этикасы. Акыл-ойлы, aффeктiлi, құмарлық билеген жан - асыл қасиеттердің және адамдардың әртүрлі типтері.
Аристотель философиясының энциклопедизмі Оның категориялар, материя және формалар туралы ілімі. Аристотель логиканың танымдағы әдicтeмeлiк маңызы туралы. Жан және ақыл-ой туралы ілім - Аристотель этикасының негізі. Адам - саяси мақұлық.
Грек демократиясының IV ғ. соңындағы дағдарысы және эллинизм философиясының қалыптасуы. Мызғымастық және салмақтылық - стоиктердің өмірлік идеалдары. Адам және оның бақыты - Эпикурдың философиялық пайымдауының негізгі нысандары. Гедонизм: рахаттану – өмірдің жалғыз мәні. Киниктер философиясы - табиғилық пен жеке екіндікті уағыздау. Диогеннің аскетизмі. Сенека философияның адам өміріндегі мәні туралы. Марк Аврелийдің мәңгілік туралы пайымдаулары. Марк Туллий Цицерон философиясының практикалық сипаты. Пирронның скептицизмі. Алғашкы философ әйел Ипатияны жазалау - адамзат ойы тарихындағы ғажайып антика дәуірінің аяқталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |