Дәрістің міндеті: Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік жас ерекшелікдың барлық жақтарынынң негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады.
Дәрістің жоспары:
13.1 Жеткіншек пен ересектің өзара қарым-қатынастары.
13.2 Жеткіншек пен ересектің талас-тартысының себептері.
13.3 Жеткіншектің жолдастарымен қарым-қатынасы.
13.4 Ер балалар мен қыз балалар қарым-қатынастарының ерекшеліктері.
Жеткіншектің жаңа құқықтарға ие болашақ тілегі ең алдымен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды. Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды: өзінің дербестігін тежегенше және жалпы алғанда «кішкентай бала секілді» қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға, оның көзқарастарынан, пікірімен санаспағанға т.б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің құқықтарын шектейді де, өз құқықтарын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдардың қадір-қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын тең құқықты талап етіп, оларға мұны мойындаттыруға тырысады. Жеткіншектің ересектігі сезімінің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағы құқықтарының мүлдем жаңа мәселесін туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |