Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Оқу физикасындағы ғылыми танымдар» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет8/35
Дата06.02.2022
өлшемі4,78 Mb.
#39823
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
$$$002-003-000$3.2.3 Дәріс №3. Оқушының өзіндік жұмыс жүргізу қабілетін дамыту жолдары

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}


1.12 жылдық білім берудің мақсаты мен міндеттері


&&&
$$$002-003-001$3.2.3.1 12 жылдық білім берудің мақсаты мен міндеттері
{Дәріс конспектері}
12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты өзінің және қоғамның мүддесі үшін өзін – өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны қалыптастыру және дамыту екендігі айқындалды. 12 жылдық білім беру стандартында Жалпы орта білім берудің 3 сатысының негізгі міндеттері көрсетілген. Бастауыш білім берудің негізгі міндеті – білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игерту. Негізгі орта мектепте оқу әрекетін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін – өзі таныту тетіктерін, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Үшінші сатысында оқу әрекеті дербестікке бағытталады.Оқу әрекеті адамзат баласы жинақтаған тәжірибені меңгеру. «Кез келген әрекет талдаудан басталады». Оқушылардың оқу танымдық іс – әрекетінің бірі – өзіндік жұмыс. Қазіргі кезде негізгі талап – оқушының белсенді сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Өзіндік жұмыс – оқушының ойлау қабілетін, ақыл – ой және іс – тәжірибесінен туындайтын оқу тану әрекеті. Оқу үрдісінде өзіндік жұмыстың төрт түрі қарастырылған. 1) Үлгі бойынша орындалатын; 2) Реконструктивті – вариативтік; 3) Жаңалық ашатын; 4) Шығармашылық. Бірінші жұмыста оқушы көрсеткен үлгі бойынша, белгілі бір іс – әрекетінің жолын ұғынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі формулалар, теоремалар арқылы орындайды.
Реконструктивті – вариативтік өзіндік жұмыстар оқушылардың алған білімін қолдануға ынталандырады, сонымен қатар білімін тереңдетеді. Тапсырмалар тек шешімнің жалпы қағидаларын ғана көрсетеді. 
Шығармашылық өздік жұмыстар оқушының пәнге деген ынтасын қалыптастырады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді, физикалық ой-өрісін кеңейтеді: 1) Бір есепті бірнеше тәсілмен шығару; 2) Заңдарды эксперимент жүзінде дәлелдеу; 3) Өз бетінше есеп, мысалдар құру; 4) Баяндамалар, басқа жұмыс түрлері. Физикадан оқушы білімін тексерудің, бағалаудың бір түрі – сынақ, деңгейлік тапсырмалар және т.б. Сынақ жүйенің беретін нәтижесі: 1. Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендігін анықтауға; 2. Оқушының оқуға жауапкершіліктерін арттырып, олардың өздігінен жұмыс істеуге талпындыруға; 3. Оқушы іскерлігін арттырып, дүниені тануға ұқыптылығын дамытуға; 4. Оқушы білімін тексеруде мұғалім еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда әркім қабілетіне қарай алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйренеді.
Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру өзара тығыз байланысты екі міндетті есте тұтуды қажет етеді. Бұл, біріншіден оқушылардың танымдық қызметіндегі өзіндік, яғни оларды өз бетінше білім алуға үйрету болса, екіншіден алған теориялық білімдерін, дағдыларын практикада өз бетінше қолдана білуге үйрету. Оқушылардың өзіндік жұмысы – бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын жұмысы. Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс – әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда жұмыстың міндетін түсіндіру, орындар алдында бағыт – бағдар, түсінік – нұсқау беру, оқушылардың мақсатты түрде жұмыс істеп, оның нәтижелі жемісті болуына ықпал етеді. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстардың оқу тәрбие процесіндегі мәні ерекше. Атап айтқанда:
өзіндік жұмыс тапсырмалары арқылы оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру; оқушылардың алған білімдерінің, дағдыларының алдағы өмірлеріне қажеттілігі мен оны қолдана алуларына қол жеткізу; оқушылар істейтін жұмысының мақсатын айқындап, жұмысты өз еркімен ерік – жігерімен, қалауымен орындауы; оқушылар істейтін жұмысының қорытындысын шығарып, нәтижесін алу.
Қазіргі уақытта оқушыларға физикадан білім беру жүйесінің алдына келесі міндеттер қойылған: оқытудың немқұрайлы жақтарын жою; оқытудың қолданбалы бағытын кеңейту; оқушыларда практикалық біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру және т.б. Оқушылардың білімдері біліктілік пен дағдыларға айналу үшін, міндетті түрде оқушылардың өздері талаптану керек. Өзіндік жұмыс – бұл әрбір адамның әрекетті саналы түрде таңдап алып, оны табандылықпен орындау арқылы сипатталатын қасиет. Оқушылардың өзіндік жұмысы деп, олардың жоғары түрде белсенділік, шығармашылық, өз пікірін айтып, инициатива көрсету арқылы орындайтын іс әрекетін айтамыз. Бұл жерде өз бетімен орындалатын жұмысқа өте кең түсінік берілген. Оқушылардың әрбір ойлау белсенділігіне қойылатын талап – бүкіл оқыту үрдісіне таралатын дидактикалық принцип болып табылады. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеулерінің маңызды белгілері: 1) Мұғалім беретін тапсырманың болуы және оны орыдауға кететін уақыттың бар болуы; 2) Оқушыларға берілген тапсырманы дұрыс және ең жақсы нәтиже беретіндей орындауы үшін барлық ой ынтасын салу қажеттілігі. Сонымен, қолдануға мүмкін әдістер: 1. Жаңа тақырыпты түсіндіру; 2. Жаңа тақырыпты меңгерді ме, жоқ па? Сұрақтар қою арқылы қысқаша шолу жасау; 3. Тақырыпты терең меңгерту, есептер шығарып бекіту; 4. Үнемі өткен тақырыптарды қайталап, бақылау жасап отыру; 5. Оқушыға үнемі өзара өзіне – өзі бақылау жасату, біліміне анализ жасай білуге үйрету, дағдыландыру; 6. Оқушы білімін бағалауға қаталдыққа, немқұрайлыққа жол бермеу; 7. Сабақ барысында есеп шығару кезінде өздіктерінен көбірек жұмыс істеуге бейімдеу; 8. Оқушы білімін бағалауға жариялықтың, нақтылықтың болуы. 1) Өзін – өзі тексерумен ұштастырылған өзіндік жұмыс(оқушылар жұмыстарын орындап болған соң өткен тақырып, формулаларды, шығарылған есептерді салыстырып қателері болса түзетеді).
2) Бірін – бірі тексерумен ұштастырылған өзіндік жұмыс жатады (оқушылар есепті шығарып болған соң бірінің дәптерін бірі тексереді. Қателерін көрсетіп формула, ережелерін көрсетеді). Күнделікті сабақтың басты назарда болатын кезеңдері: 1.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. 2. Білімді тексеру кезеңі. 3. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.
4. Бекіту кезеңі.
1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Оқушының үй тапсырмасын ерінбей орындауы – өз бетімен жұмыс істеуінің белгісі. Үй тапсырмасын орындау сыныпта басталған жұмыстың жалғасы болады. Оқушының үйге берілген тапсырманы орындай алуы, оның класта алған білім мен дағдысы оны орындауға жеткілікті ме, әлде жеткіліксіз бе, соған байланысты. Оқушының өзі орындайтын үй тапсырмасы, оқу – тәрбие процесінің ең маңызды және негізгі бөлігі. Оны орындау кезінде алған білім пысықталады, дағдылары қалыптасады. Үй тапсырмасы қоңырау соғылып жатқанда берілмей оның мазмұнына қарай, сабақтың ортасында, немесе сабақтың аяқ кезінде беріліп отырылуы тиіс. Үй тапсырмасына байланысты берілетін нұсқаулар мен түсініктемелерді дер кезінде берген дұрыс.Үйге берген тапсырманы қандай түрде болмасын мұғалімдер дер кезінде тексеріп отыруы керек. Ол үшін әр түрлі әдістер қолданған жөн. Ауызша сабақ басында, немесе, оқушылар жаңадан өтілген материалға жаттығулар мен есептер шығарып жатқанда, мұғалім аралап жүріп сынып жұмысының қалай орындалып жатқанын байқаумен қатар,олардың үй тапсырмасын қалай орындағанын тексереді. Кейде, әсіресе үй, тапсырмасын орындауға салғырт қарайтын оқушылардың дәптерлерін жинап алып, тексеріп талдау жасауға болады. Кей жағдайларда сабақтың бос кезінде 2 – 3 оқушыны сынып тақтасына шақырып,оларға өздерінің шығарған есептерінің шығару жолдарын жаз деп, содан кейін барлық оқушылармен ол шығару жолдарын талқылауға болады. Оқушылардың үй жұмысын өздері орындағанын тексеру үшін анда – санда сабақтың бас кезінде үй тапсырмасына ұқсас жаттығулар мен есептер беру арқылы өзіндік жұмыстар жүргізген жөн.Тексерулердің қорытындылары байқау журналына жазылуы тиіс. Үй тапсырмасын тексеру кезінде мұғалім оқушылармен жақсы танысып, олардың жеке бастарының ерекшеліктерін білетін болады, білімдері әділ бағаланады.
2. Білімді тексеру кезеңі. Оқушы білімін тексерген кезде оқушының барлық ойын материалды білуге жұмсайды. Бұл оның еске сақтау және ойлау қабілеттерін арттырады. Ойындағысын ауызша және жазбаша жеткізуге шеберленеді. Жасалатын жұмыс түрлері: қайталау сұрақтарын беру, тест тапсырмаларын беру, оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын математика туралы қызғылықты материалдар, әр түрлі қызықты тартымды есептер, тарихи деректер, логикалық есептер, т.б.
3. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі. Жасалатын жұмыс түрлері: сұрақтар, математикалық диктант, сызбалар, кестелер, формулалар, ребус, кроссворд, викториналар, диаграмма.
4. Бекіту кезеңі. Жасалатын жұмыс түрлері: деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары,сайыс, топтық жарыс, эстафета, шығармашылық тапсырмалар, қызықты тәжірибелер,т.б. Нәтижесінде төмендегі іс шараларға тікелей жол ашылады: 1. Олимпиадаларға оқушыларды қатыстыру. 2. Ғылыми жобалар қорғау. 3. Жоғары оқу орындарының сынау тапсырмаларын қиналмай орындау. 4. Қазақстанның болашағын алға апаратын техникалық бағытты меңгерген түлекті тәрбиелеп шығару. Тыңдағанымды – ұмытпаймын, Көргенімді – есімде сақтаймын, Қолмен істегенімді – түсінемін. 12 жылдық білім беру мақсаты туралы қазақша реферат 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. 2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуі басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды. Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына; «Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына», «Қазақстан Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағ­дарламасына», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді. Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті – баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде. Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда – 13 жылдық ; Голландияда – 14 жылдық жүйе қабылданған. 12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. 2020 жылға арналған орта жалпы білім беру орындарының құрылымы мен мазмұнын құруда республикалық эксперимент шеңберінде тәжірибелік-эксперменталды жұмыс жүргізілуде. Егер 2020 жылға бұл экспериментке 52 мектеп қатысса, олардың саны 104 ке жетті, ал ауылдық жерлерде олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды. Қазірдің өзінде 12-жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперименталды ұйымдар туралы оң деректер бар. 12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы мақсатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «12-жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. 12 жылдық оқытудағы басты мақсаты - қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; - өзін-өзі дамытуға; - өз ойын еркін айта білуге; - өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім; - жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс. Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге оқытудың басты мақсаты-адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру. Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі.Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді.Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді.Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс балалардың өз қызығушылығынан басталады. Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі-жобалар әдісі, өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзіреттілік тәсілді қолдайтын технология. 12 жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты бағдары-білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; баланың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді. Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу, оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек. Интеллектуалдық дайындық – баланың мектепке интеллектуалды дайындық компоненті оның ой — өрісін, нақты білім қорын қарастырады. Жалпы айтқанда, мектепте оқытуға интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады: - Дифференциалдық қабылдау; - Аналитикалық ойлау; - Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі); - Есте сақтау; - Білімге қызығушылық; - Ести отырып сөйлеу және түсіну, әр түрлі символдарды қолдана білуі; - Қол қимылдарының, көру, қимыл кординацияларының дамуы. Атақты психолгтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады» дейді. Сондықтан ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын қолдану – оқушының оқудағы танымдық іс — әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Дамыта оқыту технологиясы – шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау,тіл дамытуға бағытталған. Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу, сабақ құрылымының тиімділігі, дидактикалық ойындар, өзіндік іс — әрекет қарқындылығы, сабақта әр оқушыға өзін — өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру. Бұл технологияның бір ерекшелігі «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың ой — өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Коммуникативті оқыту технологиясы – сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды. Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу іс — әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарым – қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады. Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан – жақты дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы да,мұғалімге қойылатын талап та өзге болуы тиіс. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты, «сахналық алаң». Осындай сабақты жобалау және өткізу технологиясы мұғалімді жаңа, бұрын таныс емес кәсіби позицияға қояды: әр баланың жеке даму процесіне,оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін, ол бір мезгілде пән мұғалімі де, психолог та болуы тиіс. 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып,әрбір технологияны өздік жолда әдіс-тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін, өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез-құлқында — мінезі, темпераменті, талабы, көзқарасы, талғамы байқалып, үнемі өзін-өзі үйретуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамыту, өз іс әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады. 12 жылдык білім берудін максаты мен күтілетін нәтижелері 12 жылдық білім берудің басты максаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
&&&
$$$002-003-100$Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Оқу үрдісінде өзіндік жұмыстың неше түрі қарастырылады?


2. Реконструктивті – вариативтік өздік жұмыс деген не?
3. Жаңалық ашатын өздік жұмыс деген не?
4. Шығармашылық өздік жұмысты қалай ұйымдастырады?
&&&

$$$002-005-000$3.2.5 Дәріс №5. Өзіндік жұмыстарды жүргізудің маңызы


.
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

  1. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудаға қойылатын талаптар:

  2. Өздік жұмыстарды ұйымдастырудың формалары

&&&
$$$002-005-001$3.2.5.1 Өзіндік жұмысты ұйымдастырудаға қойылатын талаптар:

{Дәріс конспекті}


Қазіргі білім беру жүйесіндегі баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат – өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.Осыған орай, өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдері арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушыларды терең ойлауға, ізденіске жетелейді.
Оқушылардың өзіндік жұмысына, мұғалімнің тапсырмасы бойынша, олардың өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып, жасайтын шығармашылық жұмыстарын жатқызамыз. Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзінің басшылық әрекетін олардың талап-тілектеріне сәйкес ойдағыдай ұштастыра білуі қажет. Бұл мұғалімнен шығармашылық еңбек пен әдістемелік шеберлікті талап етеді.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын топтастыруда бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру қажет. Оқытудың мақсат-міндеттеріне, жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму дәрежесіне, оқыту үрдісіндегі алатын орнына, т.б. белгілеріне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады. Оның ең жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері:
а) жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену);
ә) жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар т.б.)
б) білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру (түрлі жазбаша, практикалық жұмыстар).Оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына ғылым мен оқыту әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады: оқулықпен, оқу құралымен және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу; шығармашылық жаттығулар, бақылау, т.б.

  1. Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары (жай жаттығу, көшіріп жазу,мұғалімнің берген сұрақтарына кітаптан жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу т.б.) жатады. Шығармашылық жұмысқа оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама, реферат, пікір жазу, модельдер т.б.жатады. Репродуктивтік және шығармашылық жұмыстар өзара байланысты болады, біріншісі екіншісіне ауысып отырады.

Төртінші топқа – мұғалімнің тапсыруынсыз: міндетті түрде емес, оқушылардың өз еркімен, ықыласымен жасайтын жұмыстары жатады: қосымша әдебиеттерді оқуы, ғылыми үйірмелер мен ұйымдардың жұмысына араласып, байқау, олимпиадаларға қатысуы, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, үгіт-насихат, көпшілік мәдени-ағарту, өлкетану жұмыстарымен шұғылдану т.б.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару.

  2. Оқушылардың өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу.

  3. Оқушылардың дербестігін арттырып, өздігінен білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.

  4. Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған саяси-қоғамдық мәні бар материалдарды, хабарларды енгізу.

  5. Оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.

  6. Оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу.

&&& Өздік жұмыстарды ұйымдастырудың формалары
{Дәріс конспекті}
Оқушылардың өздік жұмысы деп аранулы осы жұмыс үшін берілген уақыттағы, олардың мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ, мұғалімнің тапсыруымен, бақылауымен және басшылығымен орындайтын жұмысын айтады. Өздік жұмыс мұғалімнің ұсынан тапсырмасының неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестірумен, жұмыс нәтижелерінің талдауымен байланысты оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін қамтамасыз етеді.
Физиканы оқыту процесінде оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың формалары әртүрлі. Атап айтқанда: оқулықпен, оқу-әдістемелік және анықтамалық құралдармен жұмыс жасау, конспект жасау; есептер шығару, жаттығулар орындау; зертханалық жұмыстар жасау, бақылаулар жүргізу; тақырыптық рефераттар дайындау; қолдан приборлар жасау және т.б. Дидактикалық мақсатына байланысты бұларды төрт топқа бөлуге болады:

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет