Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет12/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Михаил Алексеевич 
Данилов
(1899-1973). Ол бастауыш мектеп тұжырымдамасын 
жасап шықты (“Бастауыш бiлiм беру мiндеттерi мен ерек-
шелiктерi”, 1943), (1947 жылы “Адамның ақыл-парасат және 
моральдық дамуында бастауыш мектептің рөлi” кiтабын жазып, 
мұғалiмдерге арналған көптеген жетекшi әдістемелiк құралдар 
жариялады. Олар осы күнге дейiн мұғалiм қауымының таптыр-
мас құралдарына айналып отыр. 
80-жылдардың ақырында бұрынғы Кеңес республикала-
рында мектептi жаңалау мен қайта құру қозғалысы өрiс алды. 
Бұл 
қызметтестiк педагогикасының
туындауынан көрiндi. 
Осы дәуiрдегi жаңаланған педагогиканы дамытуға ат салысқан 
педагог ғалымдар мен бiрегей шығармашыл мұғалiмдер көптеп 
атын таныта бастады. Олардың арасында 
Ш.А.Амонашвили, 
Л.С.Соловейчик, В.Ф.Шаталов, Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, 
В.А.Караковский 
және басқалар болды. Бүкiл елге белгiлi 
болған мәскеулiк бастауыш мектеп мұғалiмi 
С.Н.Лысенкова 
“Қалайша жеңiл оқуға болады” атты кiтабын жариялап, онда 
бастауыш мектеп оқушыларының оқу iстерiн сұлба, тiрек
үлестірмелер, кестелер пайдалану арқылы басқару тәсiлдерiн 
көрсетiп бердi. Сонымен бiрге С.Н.Лысенкова “Iлгерiлестiрiл-
ген оқу” әдістемесiн жасады. 
Бүгiнгi кезеңдегi педагогика өзiнің диалектикалық, өзгермелi 
ғылым сипаттарына сай болуымен қарқынды дамуда. Кейiнгi 
он жылдықтарда педагогиканың бiрнеше салаларында келелi 
табыстар қолға кiргiзiлдi, әсiресе мұндай жетiстiктер мектепке 
дейiнгi және бастауыш мектептегi оқудың жаңа технологияла-
рын жасауда көрiнiс бердi. Сапалы оқу бағдарламаларымен 
жабдықталған қазiргi заман компьютерлерi оқу үдерісін 
басқаруда үлкен жәрдемiн тигiзуде. Соның нәтижесінде оқу ба-
рысында аз қуат пен уақыт жұмсап, жоғары нәтижелерге жету 
мүмкіндіктері пайда болды. Тәрбиенің жетілген әдістемелерін 
жасау бағытында да пайдалы өзгерістер қолға тиді. Ғылыми-
өндірістік, авторлық мектептер, эксперименталды оқу-тәрбие 
алаңдары – ұнамды өзгерістер жолындағы елеулі көзге түскен 
педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі жаңа және жаңаланған 


17
мектеп оқуы мен тәрбиесі басты назарда тұлға дамуын көзге 
алып, гуманистік бағытта өрлеп, өрістеуде.
Сонымен, тәрбие тәжiрибесi адамзат өркениетiнің тереңдегi 
тарихи сатыларынан бастау алады. Тәрбие жөнiндегi ғылым 
негiздерi ежелгi, көне дәуiр философиясының арнасында 
дамыған. Тәрбие, оқу, бiлiм берудің тиiмдi теориялары мен 
әдістемелерi пайда болғанша, педагогика дамудың ұзақ та 
қайшылықты жолын басып өттi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет