Байланысты: Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)
ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ НЕПРЕРЫВНОЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ 139
ресурс болып, білім беру мәртебесі едәуір артады, оның деңгейі мен сапасына қойылатын
жаңа талаптар қалыптасады.
Осы орайда топтық жұмыс бойынша коллаборация
немесе
әріптестік
–
белгілі
бір
консесусқа
немесе
келісімге
, оқытуға,
білім
алмасуға бағытталған, кез
-
келген салада
ортақ мақсатқа жету үшін екі немесе одан да көп адаммен немесе ұйыммен жасалатын
бірлескен әрекетті пайдалану өте тиімді. Коллаборативті орта құру тиімді және табысты
оқыту негізі болып саналады.
Оқушының оқу
-
танымдық үдерісіне қолайлы ортаны колаборативті орта деп атайды.
Коллаборация
,
немесе
ынтымақтастық
-
кез келген салада бір немесе бір топ адамдардың
ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін өзара білім мен тәжірибе алмасу, өзара оқыту мен келісімге
келу бойынша бірлескен іс
-
әрекет үрдісі. Осыған байланысты әлемдік білім беру
кеңістігінде коллаборативті оқыту (collaborative learning) ұғымы кеңінен қолданылады.
Коллаборативті оқыту
-
оқушылардың өзара бірлесіп, немесе мұғалімдермен бірге
жаңа білімді іздестіру, талдау және түсіну бойынша ынтымақтастық әрекеттестікке
негізделген оқыту. Бұл теория оқытудың әлеуметтік сипатына
көбірек мән беріп, оның
нәтижелілігін оқушылардың өзара бірлескен қарым
-
қатынастарының нәтижесі арқылы
бағалайды. [4]
Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырудың өзі үлкен педагогикалық шеберлікті
және шығармашылықты қажет етеді. Әуелі оқушылармен бірігіп
топтық жұмыс
ережелерін
құрастырып алған абзал. Бір сабақты
әр уакытына
дейін ойластырып
,
балалардың топтық жұмыстарын жоспарлап, коллаборативті ортаны қалыптастыру
-
мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің көрсеткіші. Топтық жұмыс ережелерін құрастыру және
оны оқушылар
үшін тартымды қылып көрсету маңызды. Құрастырылған ережелер
барлығына бірдей көрінетіндей, оқылатындай және суреттермен бейнеленіп көрсетілгені
дұрыс. Балалар өз ойлары мен пікірлерінің бағалы екенін сезініп, өз күштеріне деген
сенімдері дамып, арта түседі. Топтық жұмыс ережелерін балалардың өздеріне құрастырту
мұғалім үшін өте ұтымды қадам, себебі олар өздері ұсынған ережеге қарсы шыға
алмайды.Өз қадамын дұрыс жасайды.
Қазіргі кезде топтық жұмыстарды жүргізуде топтық бағалау формалары да көп
қолданылады. Сондықтан ережелердің өзін сабақ үстіндегі
объективті өзара бағалауға
,
жауап беру тәртібіне, уақытты ұтымды пайдалануға, сөйлеу әдебіне, тыңдау мәдениетіне
қатысты бекітіп алуға болады. Бағалауға қатысты оқушылармен бірлесе отырып бағалау
критерийлерін анықтап алу, бағалау тиімділігін арттырады. Топтық жұмыстың маңызды
ерекшелігі
-
топтағы әр адамның жеке қасиеттерін, көшбасшылық қабілеттерін аша білу
мүмкіндігі
туындайды. Осы рөлдерге байланысты тапсырмаларды да түрлендіріп отыруға
болады.
Топпен ынтымақтастық барысында мектептің құндылықтары, мақсаттары мен
даму концепциялары қайта қарастырылады. Басты мақсат ретінде оқытудағы жаңа әдіс
-
тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың өзі қалуымен білім алу белсенділігі мен
білім сапасын арттыру болып анықталды. Сабақтағы мақсат қою, міндеттер мен әдіс
тәсілдерді тиімді қолдану топтық жұмыстың маңыздылығын ашады. Осы нәтижеге жету
үшін коллаборативті орта құру әдісін пайдалану бойынша топтық жұмысқа смарт максат
қоюды жөн деп санадық.