Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет166/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

SMART-
МАҚСАТ
 
S

оқытуда заманауи интербелсенді әдістерді пайдалану арқылы
M

белсенді әдістердің негізгі 4 ерекшеліктерін ескере отырып
A-
тренинг, ролдік, іскерлік ойындар, ассоциограмма және жоба дайындау 
негізінде тақырыптың маңызын ашу арқылы 
R

қарым
-
қатынас, өзара белсенді әрекет, бірлесе үйрену, үйрету идеяларын 
қалыптастыру және коллаборативті орта құру арқылы


ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 
НЕПРЕРЫВНОЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ
 
140 
T

белгілі уақыт аралығында [5]
Смарт мақсат қоюда, біз әрқашанда өз мақсаттарымызды ойлап жүру керектігін 
болжайды, себебі біз осындай мақсаттар қойған кезімізде яғни нақты айрықша, өлшемді, 
қол жетімді, және бізге бірілген уақыт шектеуінде болатын, яғни содан соң біз өлшеп және 
лайықты тексере алатындай болуымыз тиіс.
Өз мақсаттарымызды қойғанда келесі сөзерді қолданбаған абзал: түсінетін, 
танысатын, білетін болады 

бұл түсініксіз және нақты емес мақсаттар. Керісінше, мейлінше 
«түсінеді, танысады, біледі» деген етістіктерді қолданған дұрыс. Осылайша біз Smart 
мақсаттарды қоямыз.
Коллаборативті орта құру арқылы
сабақта келесі құндылықтар басты назарда болды: 
топпен жұмыс, жұмыс кепілдігі, талантты мұғалімдердің жұмысын қолдау, мәдениет 
(адалдық, шығармашылық, қарым
-
қатынас).
 
Ұжымдық
-
топтық іс
-
әрекет технологиясының мақсаты оқушылар арасындағы қарым
-
қатынас мәдениетін жақсарту. Ал қарым
-
қатынастар тек жақсылық жасау арқылы 
жақсарады, сондықтан топ ішінде өзара көмек,
өзара сыйластық
, өзара қолдау, өзара 
түсіністік сияқты ізгі әрекеттердің көп орындалуы ынтымақтастық ортаны 
қалыптастырудың бірден 
– 
бір кепілі. 
 
Ынтымақтастық оқу 

өзара іс
-
әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы 
нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы 
болып табылады. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке 
философия, психологиялық қатынас болып табылады. Бірлескен оқудың мәні 
ынтымақтастық
оқу 

бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл өзекті мәсілілерді шешу
тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп 
жұмыс істеуін білдіреді. 
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен
оқу 
үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай: 
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін 
меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. 
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, 
құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытындылауын талап етеді. 
3 Қатысушылар әр адамдардың көзқарасын біліп, танудан пайда алады.
 
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу барысындағы әлеуметтік орта жағдайында жетіледі. 
Осы зияткерлік жаттығу барысында оқушылар ой
-
пайымдарының негізін құрып, мәнін 
ұғады. 
5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық 
тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға 
және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында 
шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. 
Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы құрдастарымен қарым
-
қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, 
басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады. 
Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет