Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет252/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ:
ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
ТРАНСФОРМАЦИЯ ЦИФРОВОГО ОБРАЗОВАНИЯ: 
ЦИФРОВЫЕ ПЛАТФОРМЫ И ТЕХНОЛОГИИ 
214 
Бірінші сыныптағы сөздік диктант көлемі 1
-
8 сөз аралығында болғаны дұрыс.
Көру диктанты
-
білім алушылардың көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуға 
бағытталған. Қажетті орфографиялық ережелерді түсініп, оны практикалық жолмен меңгеруге 
септігін тигізеді.Есте сақтау диктанты жатқа жазылатындықтан, оны да көру диктантына 
жатқызуға болады.
Терме диктанты 
– 
білім алушылар аталған сөздердің ішінен белгілі бір ережеге келетін 
қажетті сөздерді ғана іріктеп жазады, оқылған сөздердің барлығын жазбайды. Білім алушылардың 
байқау,салыстыру, зейін қою қабілетін арттыруға терме диктанты зор ықпал етеді.
Шығармашылық диктант 

білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытумен 
қатар, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырады

Білім алушылардың жазба тілін дамытады. Бұл 
диктант түрі шығарма жазуға дайындық жұмысы

кіріспе болып саналады. Шығармашылық 
диктант жазудыруды ұйымдастыруда мынадай жұмыс түрлерін ұсынуға болады: Мысалы:
1. Үнсіз диктант. Ұсынылған сурет атауларын жазуға байланысты тапсырма беріледі;
2. Берілген
суреттер бойынша сөйлем құрау ұсынылады.
3. Ұсынылған тірек сызбаға сүйене отырып сөйлем құру.
Өзіндік диктант
-
білім алушылардың өзінің сауаттылық деңгейін байқауға, меңгерген 
дағдысы мен икемділіктерін тексеруге негізделген диктанттың түрі. Аталған диктант түрі 

баланың ойлау процесін, зейін қою,өз іс
-
әрекетінің басымды тұсын ұйымдастыра білу қабілеттерін 
дамытуға бағытталған.
Бақылау диктантын жүргізу арқылы
белгілі бір орфографиялық ережені білім алушылардың 
қалай меңгергендігі тексеріледі. Қандай ережелердің қайталану керектігі, жіберілген қателердің 
түрі анықталады. Міндетті түрде жүргізілген диктанттың нәтижесі бойынша қатемен жұмыс 
ұйымдастырылады. Қателер неліктен жіберілгендігі, себебі анықталады, талдау жұмыстары 
жүргізіледі. Қатемен жұмыс ұйымдастырылып жүргізілген соң қайталау диктантын алған дұрыс. 
Бұл жағдайда сол мәтіннің өзін қайта қолдануға болады, немесе соған ұқсас мәтін таңдап 
алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет