ПОӘК 042-14 03 20. 56/03-2011 Басылым №2 30. 09. 2011



бет13/17
Дата31.01.2018
өлшемі4,61 Mb.
#37050
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Бақылау сұрақтары?

  1. Жұмысты жүргізу әдістемесінің реттілігін айтыңыз?

  2. Астық түйірін ылғалдауға кететін су мөлшерін қандай формуламен анықтайды?

  3. Құрғату шкафына салғанда терморегулятор қандай градуста болуы керек.


Қолданылатын әдебиеттер:

1.1.Күзембаев, Қ. Азық-түлік өнімдерін тану. – А., 200676 233 б.

1.2. Филин, В.М. Оценка качества зерна крупяных культур на малых предприятиях.-М.,2003, 266 с.

1.3. Пащенко Л.П. Технология хлебобулочных изделий, Колос, 2006-390с.



5 тақырып. Астық түйір массасының жылу өткізгіштігін анықтау
Жұмыстың мақсаты: Астық түйір массасының жылу өткізгіштігі төмен болады, ол оның органикалық құрамына байланысты түсіндіріледі.
Әдіс негізі. Зертханалық жағдайда салыстыру үшін алынған астық түйірінің алдын ала жылытылған үлгісі және басқа объектілердің ішкі бөліктерінің температурасының өзгеру динамикасына бақылау жүргізеді.

Қондырғылар мен материалдар. Қақпағы бар биіктігі 25 см және диамерті 20 см металл банкалар. Қақпақтың ортасында термометрді орналастырға арналған тесік болуы керек. Термометрдің өзгеру диапозоны 0....500С (0,20С бойынша бөліген). Зертханалық термостат. Әртүрлі дәнді дақылдар, кварцтық жайылған құм, ағаш қиықтары, бетоннан жасалған болванкалар (диаметрі 200мм, биіктігі 210мм). Ағаш және бетон үлгілерінде торцтың бір айналымының ортасында термометрлерге арналған арнайы тесік болуы керек.

Жұмысты жүргізу әдістемесі. Зерттеуге арналған үлгілерді зертхананың температурасын 200С тан 500С қа дейін қыздырып, үлгіні термостатта қыздырады. Тәжірибенің алдында банкаларды, сұйық материалдарды қыздырады. Қыздырылған себілетін материалды биіктігі 220 мм банкаға себеді және теіс беттік үстел және едендерге қоймас үшін екі ағаш планкаларына орналастырады. Осындай планкаларға ағаш және бетон үлгілерінде қояды.

Банка қақпақтарының тесіктері арқылы алдын ала қыздырылған термометрді тереңдігі 105 мм дей болатын қылып орналастырады. Ондағы қорғасын шаригі үлгі ортасында болуы керек. Бетон және ағаш үлгілерінде термометрдің төменгі бөлігі қорғасын шаригінен 100 мм және фильтрлік қағаз тығыз бөлігінен жоғары орналастуы тиіс.

Тәжірибенің бірінші бөлігі әр үлгінің орталық бөлігінің суи бастау кезеңін құрып және жылу физикалық қасиеті бойынша зерттелетін материалдардың ерекшеліктері қажетті баға жету үшін керек уақыттың айырмашылығы салыстырумен аяқталады.

Үлгі орталығында температураның төмендей бастау уақыт қажеттілігі аз болған сайын материалдардың жылуды изомертлік және жылу инерциялық қасиетінің төмендігін байқауға болады.

Өйткені астық түйір массасының жылу өткізгіштігі төмен, басқа материалдармен салыстырған суи бастау уақыты біршама ұзағырақ болады деп айтуға болады. Осылайша, яғни астық түйірді сақтау мен өңдеу жұмыстарын істейтін мамандарға материалдың жылу физикалық қасиетінің бағасын беруге болады.

Материалдың суи бастау кезеңін дәлдікпен өлшей бастау өте маңызды. Тәжірибе бір рет жүргізіледі. Температураны өлшеу кезінде қателеспеу қажет. Суи бастау кезінде алдын ала қыздырылған материал 20С қа төмен көрсеткіштергі термометрді қолданады.

Тәжірибенің екінші бөлігі материалдың жылу физикалық сипаттамасын толықтырып, зерттелетін үлгі толығымен суу үшін қажет болатын уақытты анықтаумен аяқталады, яғни зертхана бөлмесінің температурасына дейін үлгі ішіндегі температура төмендеген кезең.
Бақылау сұрақтары:

1. Қолданылатын материалдар мен қондырғылар?

2. Жұмысты жүргізу әдістемесінің реттілігін айтыңыз.

3. Әдістің ерекшелігі мен мәні.




Қолданылатын әдебиеттер:

1.1.Күзембаев, Қ. Азық-түлік өнімдерін тану. – А., 200676 233 б.

1.2. Филин, В.М. Оценка качества зерна крупяных культур на малых предприятиях.-М.,2003, 266 с.

1.3. Пащенко Л.П. Технология хлебобулочных изделий, Колос, 2006-390с.


6 тақырып. Астық түйірдегі ақуызды анықтау
Жұмыстың мақсаты: Сақталатын және жетілдірілген астық дәндері әртүрлі кері әсерлерге соқтығысуы мүмкін, сондықтан да осылардың алдын алу жолдарымен танысу
Жабдықтары: Зертханалық ұнтақтағыш, аналитикалық таразы, зертханалық шыны тазартқыш, электроплитка, сиымдылығы 100-250 мл къльдаль колбасы, бюретка, сиымдылығы 100-250 мл конустық колбалар, диаметрі 30-40 мл шыны воронка, металды бу сүзгіш бөшке, №8 металды болшектеуіш торы бар елеуіш, 200х200 мл өлшемді шыны пластинкалар, пробиркалар, біріктіргіш шыны түтікшелер.

Реактивтар: 1,84 г/см3 тыгыздықтары күкірт қышқылы, дистилденген су, катализаторлар, индикатор.

Анализ: Орташа үлгіден 30-50г астық түиірін алады да, одан басқа қоспаларды тазартады. Ұнтақтауды зертханалық үгіткіште жүргізеді. Ол ұнтақталған бидай отырғызылған кезде №8 –ші елеуіш арқылы өтуі тиіс. Ұнтақталған бидаиды шыны пластинкаға қойып араластырады да, тегіс қабатқылып жаяды. Оның үстінен қалыңдығы 30-40мм қабат болатындай етіп сондай пластинканы жабады. Шыныны алғаннан кейін 0,5-1г ұнтақталған бидайдың 2 үлгісін алады. Оларды 2 колбаға салып аналитикалық таразыда өлшейді. Пробирканы колбаға қойып, колбаға ұнтақталған бидайды себеді де, бос пробирканы өлшейді. Өлшеудің айырмашылығына байланысты алынған үлгінің деңгейін анықтайды. Колбаға 10-15 мл күкірт қышқылын 0,5-1г катализатор құяды. Колбаларды күкірт қышқылымен ұнтақталған бйдай сіңіретіндей етіп араластырады. Колбаны шыны воронкамен жауып сорғыш шкафтарында қыздырады. Отқа қою алдында от баяу, сосын көбік түзілу біткеннен кейін жоғарлатады. Бұл кезде сұйықтық үздіксіз қайнауы керек. Егер колба қабырғаларында қара күймеген бйдай қалдықтары болса, колбадан алып тастайды немесе күкірт қышқылын қосады. Күйіудің жасыл, көк түсі пайда бола бастайды, шамамен 20 мин кейін анықталады.Суығаннан кейін колбадағы затты 30 мл дистилденген сумен араластырады, сосон амиакпен айдауды жүргізеді. Бу сүзгіш бачокка дистилденген су құяды да, кранмен қысқышты ашып қыздырады. Бос колбаны сілтіге арналған воронкамен тамшы жинағышқа су қайнаған кезде кранды жабады. Тоңазытқышты қосып оған бос конустық колбаны қояды. Қалған амиакты жою үшін 5-10 мин ішінде қондырғыны буландырады. Буландыру аяқталғаннан кейін кранды ашып қысқышты жабады.

Сосын тоңазытқыштағы бос конустық колба орнына 25-30 мл 0,1 н күкірт қышқылы және 4-5 тамшы индикатор құяды. Тоңазытқыштын үшы ерітіндіде тұруы керек. Бос колбаны сынамасы бар колбамен қосады. Кранды жабады да воронка арқылы 33% сілті ерітіндісін құяды (шамамен 40 мин). Сосын кранды біртіндеп аша отырып колбаны шайқап тұрып артық мөлшерін сілтіге құяды. Ерітіндінің түсі молдір көкшіл түске немесе қара көкке өзгеруі керек. 10 мин өткеннен кейін конустық колбаны тоңазытқыштың ұшы сұйықтыққа тимейтіндей етіп жібереді. Сосын айдауды тағы 5-7 мин жалғастырады. Айдау жылдамдығын кранмен реттеп отырады. Колбадағы сұйықтық көлемі 15-17 мин ішінде 2 есе өсуі тиіс. Содан кейін барып кранды ашып, жабады.

Штативті көтеріп конусты колбаға салынып тұрған тоңазытқыш дистилденген сумен жуады және оны тоңазытқыштан алып тастайды. Ол колбаны бос колбаға булайды. Конустық колбадағы затты 0,1н күйдіргіш натрий ерітіндісімен ерітінді 1-2 тамшыдан оны жасыл түс пайда болғанға дейін титрлейді.

Амиактан бөлінген бейтарапталған күкірт қышқыл мөлшерін қайта титрлеуге шығындыалған 0,1 күйдіргіш натрий және 0,1 күкірт қышқылы. Ал күкірт қышқылынан алынған мл мөлшерінің арасындағы айврмашылық бойынша есептейді. Астық түйірдегі азотты параллельді түрде анықтап анализ нәтижесінде түзетуге енгізу үшін реактивтегі азотты анықтау қажет.

Абсолютті құрғақ затты есептеуде сынама бойынша ақуыз мөлшерін формула бойынша анықтайды:

X=KV/m(n)(100-W)

К – тұрақты деңгейге тең,79,8 бидай,қара бидай және сұлы үшін 87,5, сыра пісіретін арпа және бұршақ тұқымдастарының дақылдары үшін;

V – аммиактан бөлінген бейтарапты 0,1 күкірт қышқылының дәл көлеиі, мл;

m(n) – ұнтақталған бидай сынамасының массасы,мл;

W – ұнтақталған бидайдың ылғалдылығы,%.


Бақылау сұрақтары:

    1. Қолданылатын реактивтерді ата?

    2. Сынама бойынша ақуыз мөлшерін табу формуласы қандай?


Қолданылатын әдебиеттер:

1.1.Күзембаев, Қ. Азық-түлік өнімдерін тану. – А., 200676 233 б.

1.2. Филин, В.М. Оценка качества зерна крупяных культур на малых предприятиях.-М.,2003, 266 с.

1.3. Пащенко Л.П. Технология хлебобулочных изделий, Колос, 2006-390с.

1.4. В.А. Резчиков, О.Н.Налеев, С.В.Савченко. Технология зерносушения. Учебник. Изд.Алматинский технологический институт. 2000 – 400 стр.

1.5.. Е.М.Бобликов, В.А. Буханцова, Б.К.Маратов. Технология хранения зерна: Учебник для вузов: Издательство «Лань». 2003. – 448с.



7 тақырып. Бидайдың біртектілігін анықтау
Жұмыстың мақсаты: Сақталатын және жетілдірілген астық дәндері әртүрлі кері әсерлерге соқтығысуы мүмкін, сондықтан да осылардың алдын алу жолдарымен танысу
Жабдықтар: Тесік ені 2,8; 2,5; 2,2; 2,0; 1,7мм болатын илегіш, ВЛТ-200 н/е ВЛТК-500 техникалық таразы, ЛР-3 зертханалық рассев чашкалар.

Анализ. Навеску зерна массаыс 100г болатын бидай сынамасын 0,5г дәлдікке дейін өлшейді де, елеуіштерде елейді. Елеу үшін бір елеуіштен екіншісіне кезекпен ауысып отыратын поддондар құрылған (1,7*20; 2,0*20; 2,2*20; 2,5*20; 2,8*20 мм). Илеуіштер жинағын беті тегіс үстелдерге орналастырады. Сілкілеусіз илеуіштердің тесіктерінің ұзындығының бағыты бойынша қайтымды қозғалыс арқылы илеуді жүргізеді.

Илеуіштің ауытқуы – 100 мм. Илеу ұзақтығы 3 мин (110...120 қозғалыс кезінде 1 минут).

Илеу аяқталғаннан кейін әр илеуәште қалған қалдықтардан стандарттарға сәйкес бидай және арпа қоспалары, соғылған бидайлар және де басқадай дақылдардың қоспаларын (бидайдың біртектігін анықтау кезінде астық түйірді аяз шалған болса, оны есептемейді) алады. Сосын әр илеуіштен таза бидайлардың қалдықтарын және төменгі илеуішке өткен ұсақ бидайларды өлшейді. Пайызбен көрсетіліп алынған деңгейдегі тұтас бидайлар сынамасына қоспаларды есептеу үшін салады. Бұл оның, яғни идайдың біртектілігін көрсетеді.
Есептеу мысалы, 100 г бидайды себу кезінде елеуіште қалғаны


2,8*20 мм тең

2,5*20мм


2,2*20мм

1,7*20мм


1,7*20м

10,0г немесе 10,5%

18,8 г немесе 19,8%

40,2 г немесе 42,3%

20,7 г немесе 21,8%

5,3 г немесе 5,6%

Барлығы 95,0г 100%

Қоспалары 5,0 г

Қорытынды 100,0г


Астық түйір қосынды массасы бойынша екі аралас илеуіште шығу сынағының біртектілігін пайызбен үш топқа бөледі;

Жоғары - 80%-тен артық

Орташа – 75-80% дейін

Төмен - 70%-тен төмен

Осымен қоса, бидайлардың қалдығын елеуіштің тесіктерінің өлшемін көрсетеді. Бидайдың біртектілігі өлшем бойынша бірдей болуымен сипатталады. Ол ұн зауыттарында өңдеу және отырғызу кезінде үлкен мәнге ие болады.
Бақылау сұрақтары:

1.Анализді жүргізу реттілігі?

2. Илеу ұзақтығы қанннндай?
Қолданылатын әдебиеттер:

1.1.Күзембаев, Қ. Азық-түлік өнімдерін тану. – А., 200676 233 б.

1.2. Филин, В.М. Оценка качества зерна крупяных культур на малых предприятиях.-М.,2003, 266 с.

1.3. Пащенко Л.П. Технология хлебобулочных изделий, Колос, 2006-390с.

1.4. В.А. Резчиков, О.Н.Налеев, С.В.Савченко. Технология зерносушения. Учебник. Изд.Алматинский технологический институт. 2000 – 400 стр.

1.5.. Е.М.Бобликов, В.А. Буханцова, Б.К.Маратов. Технология хранения зерна: Учебник для вузов: Издательство «Лань». 2003. – 448с.



8 тақырып. Қатты бидайдың макарондық қасиетін жанама әдіспен анықтау
Жұмыстың мақсаты: Сақталатын және жетілдірілген астық дәндері әртүрлі кері әсерлерге соқтығысуы мүмкін, сондықтан да осылардың алдын алу жолдарымен танысу
Альвиографта қатты бидайдың макарондық қасиетін анықтау.

Жабдықтар: термостат – альвиограф (температураны 30-40-қа дейін және қатынаста ылғалдылықты 60-90%-ке дейін ұстап тұра алады), техникалық таразы 500г (0,01г дәлдікке дейін), форфорлы келі-саптар, пластмасса таяқшалар, 25 мл бюреткалар, 43 х 43 см кювета, эксикатор.

Анализ: ұн 10 күн жатқаннан кейін қамырдың физикалық қасиетін анықтайды. Альвиограммаларды 30-50 граммға дейін ұнды 50-60%-тік қамырға арналған жалпы қабылданған альвиограммаларды жазып отырады. Шелпектерді альвиограммаларда пресстеу біткеннен кейін месилкада қалған қамырдан диаметрі 30 мм болатын шелпек дайындайды, салмағы 5 грамм. Үлгі үшін деген жазуы бар қағазға қойып шелпекті 18-20 сағат температурасы 40, қатынасты ылғалдылығы 83-90термостатқа қояды.(қатынасты ылғалдылықта бірінші тәулікте макарондарды кептірелі). Уақыт өткеннен кейін кестедегі арнайы алынған шкала бойынша оның түрін анықтайды. Әдістің тәуліктік өнімділігі 25-30 үлгі. Материал саны аз болған кезде тек қана қамырдың түсін ғана бағалайды. Ол үшін 10г бидайды алады да дәстүрлі әдіспен ұнтақтайды, 5г ұнды форфорлы келі-сапқа салады, 2,5 мл бөлме температурасында суды үстінен құйып, қалыпты консистенцияға дейін штапельмен араластырады. Содан кейін үлгі үшін деген жазуы бар таза қағаздағы шелпекті түбіндесу құйылған эксикаторға орналастырады.

Эксикаторды жауып 40 термостатқа қояды. 18-20 сағат уақыт өткеннен кейін түсін анықтайды. Әдістің өнімділігі 80-100 үлгі.


Ұнның күші (Wеа)

Ұнның түсі

Қасиеті

250 және одан артық

Лимонды сары және сары

Өте жақсы

200-279

Кремді түс

Жақсы

160-199

Сары және сұр түсті кремді

Орташа

159 және одан төмен

Ақ-сұр

Нашар


Қолданылатын әдебиеттер:

1.1.Күзембаев, Қ. Азық-түлік өнімдерін тану. – А., 200676 233 б.

1.2. Филин, В.М. Оценка качества зерна крупяных культур на малых предприятиях.-М.,2003, 266 с.

1.3. Пащенко Л.П. Технология хлебобулочных изделий, Колос, 2006-390с.

1.4. В.А. Резчиков, О.Н.Налеев, С.В.Савченко. Технология зерносушения. Учебник. Изд.Алматинский технологический институт. 2000 – 400 стр.

1.5.. Е.М.Бобликов, В.А. Буханцова, Б.К.Маратов. Технология хранения зерна: Учебник для вузов: Издательство «Лань». 2003. – 448с.



9 тақырып. Бидайдың интенсивті тыныстануы мен оның тепе-тең ылғалдылығын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Ауа ылғалдылығын сақтау кезінде бидайға әсер етуі және тепе-тең ылғалдылығын анықтау.

Бидай тұқымының гидроскопиялық ылғалдылық қасиетіне байланысты олардың ылғалдылығын сақтау және тасымалдау кезінде өзгеруі мүмкін.

Ылғалдану бағыты мен жылдамдығы ауадағы су буларының және бидай үстіне және оның капиллярларының қысым айырмашылығына байланысты. Ылғал қысымы көп жерде қысым төмен жерге ауысады. Сонда егер бидайдың үстіндегі су буларының парциалды қысымы ауадағыдан жоғары болса,бидай көтеріледі және керісінше. Ылғал алмасу бидай мен ауадағы будың парциалдық қысымы теңескен жағдайда тоқтайды. Бидайдың бұндай ылғалдылығы тепе-тең ылғалдылық деп атайды,оның көрсеткіші температураға да байланысты.

Тепе-тең ылғалдылығын анықтау үшін будың қысымының көрсеткішін емес,ыңғайырақ ауа ылғалдылығы пайда болады. Ауа ылғалдылығының әрбір көрсеткішіне сәйкес келетін тепе-тең ылғалдылығы белгілі.Мысалы: ауа ылғалдылығы 75٪ болса, бидай тепе-тең ылғалдылығы 15,4٪ болады. Бұл заңдылықты алу үшін және ұстап тұру үшін кептіруде,тасымалдауда және сақтауда кең қолданылады.

Тепе-тең ылғалдылық. Тензиметриялық және динамикалық әдістермен анықтайды. Техникалық таразыда бидайдың 5г екі бөлікке өлшеп, сетканы ыдыстармен 1-2таға гидростаттармен эксикаторларға алып қояды. Ондағы ауа ылғалдылығы 30,50,60,70,80,90,95% эксикаторға құяды. Эксикаторға салатын бидайдың ылғалдылығын алдын-ала анықтайды.

Сынақты бірқалыпты температурада өткізеді. Екі аптадан кейін бидайды сеткалы ыдыстардан алдын-ала салмағы өлшенген қаптары бар шыны ыдысқа аударып, салмағын анықтайды. Алдымен өлшенген бидайға құрғақ зат мөлшерін аламыз.



;

а-құрғақ зат салмағы,г



б-бастапқы өлшеу салмағы,г

-бастапқы бидай ылғалдылығы,%

; Бидайдың тепе-тең ылғалдылығы.

-тепе-тең ылғалдылығы;%

-сынақтан кейінгі бидай салмағы

а-құрғақ зат салмағы;г



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет