ПОӘК 042. 18-24 10/03 2013 18. 09. 2013ж. №1-ші басылым


№ 14 –ші лабораториялық сабақ



бет9/10
Дата15.09.2017
өлшемі2,04 Mb.
#33268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№ 14 –ші лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Лабораториялық жануарлар.

Мақсаты: Лабораториялық жануарлардың түрлерімен, оларды ұстау, бағу, азықтандыру, тәжірибеде пайдалану әдістерімен таныстыру.
Лабораториялық жануарларды азықтандыру.
Ең негізгі мақсат лабораториялық жануарлардың түрлеріне қарай оларға берілетін азықтың мөлшері мен құнарлылығын анықтау. Олар жабайы жануарларға қарағанда өздеріне қажетті заттарды өздіктерінен тауып жей алмайды. Жануарлардағы бар инстинкт - өз баласын өзі жеу (егеуқұйрықтар), нәжісін жеу - капрофагии (үй қояндары) және т.б. ондай қажеттілікті өтей алмайды. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, әртүрлі жануар ерекше азықтандыру режімін қажет етеді. Олардың жылдам өсуі, буаздығы, ұрпақтарын сүтімен азықтандыруы, кейде сыртқы ортаның температурасының өзгеруі де азықтандыруды күшейтуді талап етеді. Егерде азықтың құрамында қажетті ингредиенті жеткіліксіз болса, онда жануарла әртүрлі ауруларға шалдығады. Азықтың мөлшерінің аз болуы олардың өсіп-өнуін тежейді. Ондай жануарлардың организмінің резистенттілігі төмендейді.

Сүтқоректі лабораториялық жануарлардың диеталық азықтарының құрамында дәнді дақылдар, бұршақты өсімдіктер, жапырақтар, көк шөп, сүт өнімдері, майлы өсімдіктердің тұқымдары, балық, ет, сүйек, ашытқы, әртүрлі экстрактылар, витаминдер, минеральды заттар және су болуы қажет. Бұл ингредиенттердің өзара сиымдылығын, бірінің қасиетін бірінің жоймауын ескерген жөн. Таза емес азық кейбір індетті аурулардың көзі болуының мүмкіндігін де ескеру керек. Сүт және сүт өнімдері әсіресе тышқандарға, ал ет және ет өнімдері егеуқұйрықтарға қажет. Рационда ет өнімдері жетіспегенде егеуқұйрықтардың бірін-бірі жеуі байқалады. Егеуқұйрықтардың рационындағы ет өнімдерінің мөлшерін экспериментте қолданылған, індетті аурулардан таза мысық, үй қояндары т.б. сияқты жануарлардың еттерімен толықтыруға да болады.

Дәнді дақылдардан дайындалған қоспасының құрамы, жуықтап алғанда, төмендегідей болғаны жөн: сұлы – 50 %, тары – 20 %, арпа – 15 %, бидай – 10 %, күнбағыс немесе кендір 5 %. Балық майын нанмен немесе дәнді дақылдан дайындалған азықтарға қосып береді. Сәбізді тартып берген жөн. Борды кесек түрінде, ал тұзды ботқаға қосады. Сүтті таза түрінде немесе қайнатылған сумен сұйылтып қолданады. Витаминді, тамырлы азықтар қыста қажет. Ал жазда оларды көкпен толықтырады.

Егеуқұйрықтар үшін дайындалған жемде 70 % сұлы, 30 % кебек немесе сығынды болғаны дұрыс. Оларға етті пісіріп береді.

Теңіз шошқаларына қызанақ шырынын немесе қышқыл капустаны балық майының орнына береді. Себебі балық майында С витамині болмайды. Оларға беретін жемнің құрамында 50 % сұлы,10 % арпа, 25 % кебек, 15 % сығынды болғаны жөн. Кебектіңжелінуін жақсарту үшін оны ыстық сумен буландырып барып берген дұрыс.

Ұнтақ ингредиенттерден ертерек дайындап қойып берер алдында сумен араластырып паста түрінде беретін де әдіс бар. Оларды ластанбаулары үшін арнайы астаушаларға салып берген дұрыс. Құрғақ пасталарды да қолдануға болады. Паста бактериялардың өсуіне жақсы орта және тез ашығыш.

Тауықтар мен егеуқұйрықтарды ұнтақ немесе ұнмен де азықтандыруға болады. Басқа жануарларға беру үшін оларды салатын ыдыстар дайындау қиынға түседі.

Әртүрлі көлемді тығыздалған брикеттерді қолданудың келешегі бар.


Лабораториялық жануарларды күтіп-бағу.
Лабораториялық жануарлардың көптеген түрлерінің (әсіресе тышқандар) жақсы үйренетіндіктері сонша, олар кез келген жағдайда өсіп-өне береді.

Лабораториялық жануарларға арналған бөлмелерді саларда олардың көлемі мен пішініне және микроклиматтық жағдайға көңіл бөлу керек.

Вивариялар мен питомниктерде жартысы жануарларға, ал қалған жартысы әтүрлі зерттеулер жүргізуге арналады.

Виварий (лат. Vivarium – аңдар қорығы) – малдәрігерлік және денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеу мақсатында тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін қолданылатын лабораториялық жануарларды күтіп-бағып және оларды көбейтетін жер.

Лабораториялық тәжірибеде екі ұғым бар:



  1. Виварий – тәжірибеге қолданылатын жануарларды тиісті жағдайда ұстайтын жай;

  2. Питомник – жануарларды тәжірибеге дейін ұстайтын және көбейтетін жай.

Сондай-ақ арнайы және жалпы немесе комплексті типті виварийлерді ажыратады. Оларда аквариумдер, терраримдер (амфибийлер мен рептилийлерге), вольерлер мен торшалар құстар үшін және тағы басқа да қолдануға қолайлы әртүрлі бөлмелер болады. Қыстық, жаздық, тұрақты, уақытша бөлмелер деп те бөлінеді. Міндетті түрде карантин бөлмесі, изолятор, клиника, санитарлық жұмыс жүргізуге арналған, өлген жануарларды соятын және өлекселерді сақтайтын, басқа да өндіріске қажетті бөлмелері анықталады.

Виварийді желдету мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Едені тастан немесе цементтен, қабырғалары кафельмен қапталуы керек.

Виварийде төрт секция болғаны дұрыс:


  1. Сау жануарларға арналған секция;

  2. Тәжірибеге қолданылатын жануарларға арналған секция;

  3. Азық, төсеніш, таза қордағы торшалар және құрал-саймандар сақталатын секция;

  4. Торшаларды, кір төсеніштерді тазалайтын, өлексені аластайтын секция.

Бөлмелерде екі есік болуы керек. Біреуі арқылы таза заттар еңгізіледі, ал екіншісі арқылы қолданылған кір заттар шығарылады.
Лабораториялық жануарларға арналған торшалар, жатқызғыштар

және басқа да құрал-саймандар.
Қазіргі кезде көлемі әртүрлі, бірнеше түрлі материалдардан жасалған, конструкциялары да сан қилы торшалар баршылық.

Жатқызғыштардың қандай түрлері болмасын: төбеге ілінетін, қабырғаға жапсырылатын, дөңгелекке орналастырылатын – барлығына қойылатын негізгі талап - олардағы жатқызғыштардың (полкалардың) жылжымалы болуы және оңай ауыстырылуы. Қазірде кең орын алған жылжымайтын полкалы жатқызғыштар ертеңгі күннің талабына сай болмай қалулары әбден мүмкін.

Торшалардың көлемі туралы әртүрлі пікірлер бар. Қалай дегенмен де қарапайым конструкция торшалары арзан, тазалағанға да қолайлы; ұзақ уақыт пайдалануға болады. Оларды жасайтын материалдардың ішінде ең қолайлысы ағаш. Көп жағдайларда пластмассалар жиі қолданылып жүр. Олардың кемшіліктері: тозығы жеткен торшалардың шеткергі жақтарында шыны талшықтары пайда болады да, олар жануарлардың терісінің қабынуын – дерматит ауруын тудырады; тығыз емес пластмассалар жылулықтың әсерінен деформацияға ұшырайды; кейбір кеміргіштер олардың шеттерін кеміріп, тесіп те жібереді. Темірден, болаттан жасалған торшалар қымбат және тез арада өзгертіп отыруға қолайсыз.

Иттерге арнайы торшалар темірден жасалады. Олардың үлкен (100х80х100 см) және кабиналы (2м*) түрлері болады.

Мысықтар тар жерде өмір сүре алмайды. Оларға үлкен вольерлер керек (350х700 см, оданда үлкен), онда 15-20 мысықтарды ұстауға болады. Вольердің ішінде әрбір мысыққа ұйықтауға арналған кабина-дупло (40х40х30 см) ұйымдастырылады. Вольерге үгіндіге толтырылған ящик, инфрақызыл сәулелі лампа қойылады.

Үй қояндарының торшаларының көлемі 50-70х40-50 см-ден кем болмауы керек. Арнайы жатқызғыштар үш этаж етіп орналастырылады. Торшаны да, жатқызғышты да металлдан жасаған жуып тазалауға, дезинфекция жүргізуге қолайлы.

Теңіз шоқаларын үй қояндарының торшаларында ұстауға болады.

Бір торшада 15 тышқан, 10 егеуқұйрық, 1 үй қоянын, 5 теңіз шошқасын және 5 қалтаауыз ұстауға болады. Олардың санын одан арттырмаған жөн.

Бақаларға аса терең емес цементтелген бассеиндер немесе ванналар қолайлы. Онда төсеніш немесе құмнан аралша істеп қойған дұрыс.

Аквариумды ұйымдастыру үшін аквариум туралы нұсқауларға сүйену керек.

Рептилийлерге арналған террариумдарда температура, жарық және ылғалдық режімдерін қатаң сақтау керек.

Ал тағы жануарларды ұстаудың жағдайларының әртүрлілігіне қарап, виварий саларда олардың қандай түрлері болатынына арналған бөлімдерді ойластыру керек.

Виварийдің орналасатын жеріне дейін күні бұрын жоспарлап, оны тұрғындарға кедергі жасамайтын маңайға орналастырған жөн. Егер ондай жекеленген алаңға орналастыруға мүмкіншілік болмаса, онда оны үй астындағы жайларға емес үй үстітіндегі жайларға орналастырған дұрыс.

Лабораториялық жануарларға жұмсақ шымтезек, шөп, ағаш ұнтағы, дәнді дақылдардың қауыршығы жақсы төсеніш бола алады. Олардың азықтарына қойылатын талаптар:


  • азықтың мөлшерден артық емес, бірақ жеткілікті болуы;

  • бүлінген, жатып қалған азықтардың болмауы;

  • құрамында витаминдердің жеткілікті мөлшерде болуы;

  • күніне 2-3 реттен кем берілмеуі, әсіресе буаз жануарларға;

  • азықты таза, дезинфекция жасалған ыдыстар арқылы беру;

  • азықтың бір түрінен екінші түріне біртіндеп көшіру;

  • құрғақ азық бергенде, жануарлар туар алдында сумен қамтамасыз ету;

  • кеміргіштердің торшаларына, әсіресе тістері шығар кезде ағаш таяқшаларын тастау;

  • мүмкішілігінше ұсақ жануарларға араластырылған азықтарды брикет түрінде беру;

  • азықтардың сапасын ауық-ауық тексеріп отыру.

Лабораториялық жануарларды азықтандырудың мөлшері туралы денсаулық сақтау және ауылшаруашылық министірліктерінің біріге отырып шығарған нұсқаулары бар.

Виварийлер малдәрігерлік ұжымдардың қадағалауында болады. Міндетті түрде ауруларға қарсы сақтандыру шаралары жүргізіліп отырады.



Микробиологиялық виварийлердің өз ерекшеліктері бар. Онда індетті ауруларға бейім жануарлар көптеп ұсталады. Кез келген жерден жануарларды алу қауіпті. Ауыра қалған жануарларды жекелеп ұстайтын жайлар болуы қажет. Ауруларды жұқтыру үшін экспериментке пайдаланылатын жануарларды орналастыратын жайға ерекше көңіл бөлу керек. Індеттің тек виварийлердің өз ішінде ғана емес, одан тысқары жерлерге де тарамауына аса көп көңіл бөледі. Басқа жақтан әкелінген жануарларды екі жұмадай карантинге қояды.

Виварийларда селекция жұмысы дұрыс жолға қойылуы керек. Экспериментке дайындалған жануарлардың таза линияларын алуға барлық жағдайды туғызған дұрыс.

Жануарлардың денсаулықтарын үнемі қадағалап отыру үшін жеке диагностикалық-бақылау лабораториялары жұмыс істейді.
Лабораториялық жануарларды пайдалану.
Лабораториялық жануарларды таңдап алуға қойылатын негізгі талаптар:


  1. Таңдап алынған жануардың зерттелетін микроорганизмге сезімталдығы. Егер қоздырғыш толық белгілі болмаса, онда сол аурумен табиғи жағдайда ауыратын жануарлар алынады;

  2. Жануарды күтіп-бағу кезінде және онымен эксперимент жүргізгенде оның қауіпсіздігі және ыңғайлылығы;

  3. Жануарды арзан бағаға оңай табуға болатындығы;

  4. Жануардың бұдан бұрын осы мақсатта қолданылмауы;

  5. Жануардың бацилла сақтаушы болмауы.

Эксперименттің алдында жануарларды білгілі бір бояумен белгілейді. Ол үшін құлағына немесе аяғына металлдан жасалған номердерді де қолдануға болады. Жануарлардың денсаулығына, массасына, жасына және жынысына көңіл аударады. Кей кезде түсіне де қарауға тура келеді. Кейбір жануарларды тәжірибе жүргізер алдында әдейілеп дайындау керек болады: диета, бейтараптаушы дәрілер, күтіп-бағуда белгілі бір режім т.б..

№ 15 – ші лабораториялық сабақ


Тақырыбы: Лабораториялық жануарларды тәжірибеге пайдалану.

Мақсаты: Лабораториялық жануарларға эксперимент жасау әдістерімен таныстыру.

Қажетті материалдар: Лабораториялық жануарлар, шприц, инелер, ертінділер, бекіткіш материалдар және т.б.


Материалдарды тірі организмге еңгізу әдістері.
Зерттейтін ауруды лабораториялық жануарға жұқтырудың нәтижесі сол аурудың қоздырғышын жіберу әдісіне байланысты. Кейде жіберу әдісі бұл мәселеде шешуші роль атқарады. Аурулардың азықпен, сумен ауыз қуысы арқылы жұғатыны белгілі. Одан басқа материалдарды егу арқылы жұқтыруға болады. Мұндай жағдайда оның дозасы, тазалығы және оларды дайындау сапасы негізгі факторлар.

Көп әдістердің ішінде терінің астына, еттің ішіне, венаға, ауыз қуысы арқылы, тыныс жолдарымен, қатты ми қабының астына, көздің алдыңғы қалтасына жіберу; ауру жануарды сау жануармен бірге ұстау әдістері жиі қолданылады.

Ұсақ малдарды бекітіп ұстау үшін әртүрлі құрал-саймандар, арнайы дайындалған жәшіктер қолданылады. Үй қоядары мен теңіз шошқаларын көмекші дәрігер столдың үстінде ұстап тұрады. Тышқандарды оператор жалғыз істегенде сол қолымен бекітіп оң қолын материал жіберу үшін бос ұстайды. Иттердің, мысықтардың ауыздарын таңып барып бекітеді. Кейбір эксперименттерде жансыздандыратын дәрілік заттарды (хлороформ, хлоралгидрат) қолдануға тура келеді.

Материалды жұқтырар алдында оны жіберетін жерін жақсылап дайындау керек. Жүнін қырқып, қырып, спиртпен тазалайды. Инструменттерді қайнату арқылы зарарсыздандырады.



Терінің астына жіберу әдісі. Жануардың терісін екі немесе үш саусақ арқылы ұстап қыртыстандырады да шприц инесі арқылы материалдың дозасын жібереді. Инені алғаннан кейін дәрі кері ағатын болса ол жерді коллодимен желімдеп қояды.

Ағзалардың немесе тіндердің үзіндісін тігу арқылы жұқтыру үшін теріні аздап тіледі де, оны сол скальпелдің кеспейтін жағымен ығыстырып қалта жасайды. Сол қалтаға материалды салып теріні қайта тігіп тастайды. Сыртынан жұққыш пластырмен желімдеп қойған дұрыс.



Терінің ішіне жіберу әдісі. 0,1-0,2 мл материалды жіңішке ине арқылы оның қиғаш кесінді жағын жоғары қаратып жайлап жібереді. Егер материал дұрыс жіберілген болса, онда сол жерде белгілі бүртік пайда болады.

Терінің үстіне жағу әдісі. Шпатель немесе шыны таяқша арқылы ертерек дайындалған жерге материалды үйкеу арқылы жағады. Ұсақ жануарларға шыны ыдыстың астында істеген жөн. Материал толық кепкенше жануар бекітулі тұруы керек.

Еттің ішіне жіберу әдісі. Еттің қалың жеріне инені еңгізеді де, оның қан тамырын жарақаттамағанына көз жеткізгеннен кейін материалдың дозасын шприц арқылы жібереді.

Венаның ішіне жіберу әдісі. Көбінесе мойын көк тамырына жібереді, ал үй қояндарына, иттерге және мысықтарға – құлақ венасына. Ине кіргізетін жерді жақсылап дайындап, зарарсыздандырып барып шприц арқылы материалдың толық дозасын жібереді. Инені алғаннан кейін ол жерді саусақпен аз уақыт басып тұрған жөн.

Егеуқұйрықтар мен тышқандарға құйрықтың жақтау венасына жібереді. Ол үшін құйрықты жылытылған (50*) суға малады немесе ыстық суға малынған тампомен сүртеді. Сонда вена ісінеді. Көмекші құйрықтың түбінен қысып ұстап тұрады. Оператор жіңішке инемен материалды жібереді. Теңіз шошқасына мойын көк тамырына немесе жүрек қуысына жібереді.

Құстарға қанаттарының астындағы венаға жібереді. Вена нашар көрінген жағдайда ол жерді қауырсындарынан тазалаған жөн.

Құрсақ қуысына жіберу әдісі. Жануарды артқы аяқтары арқылы басын төмен салбыратып ұстайды да қарынның артқы жағынан, орталық сызықтың жанынан инені тік ұстап, қатырық итеріп құрсақ қуысының қабырғасын теседі де материалды жібереді.

Материалды құрсақ қуысына және жүрек қуысына жіберетін иненің үші доғал болғаны жөн.



Ауыз қуысы арқылы жіберу әдісі. Материалды азыққа қосып беру немесе ауызға салу және зонд арқылы асқазанға құю арқылы жібереді. Материалды асқазанға жіберерде жануарлардың түрлеріне байланысты әртүрлі көлемді ауыз кергіштерді қолданады.

Тыныс алу жолдары арқылы жіберу әдісі. Оның бірнеше түрлері бар: материалды жабық ыдыста шашырату арқылы, кеңірдекке немесе бронхыға шприцпен жіберу арқылы, тамызғышпен мұрынға тамызу арқылы және т.б..

Ми немесе мидың қатты қабығының астына жіберу әдісі. Ол үшін желке төмпешігінің терісін кесіп, үлкен инені бұрау қозғалысымен шүйде сүйекті теседі де сол тесік арқылы шприц инесімен материалды жібереді. Жануарларды жақсылап бекітеді. Үй қояндары мен теңіз шошқаларына трепан қолданады. Операция жасалған жерді коллодиймен желімдеп қояды.

Көз арқылы жұқтыру әдісі. Материалды тамызғыш арқылы конъюктива қабына немесе көздің қалтасына тамызады.

Контакты түрде жұқтыру әдісі. Сау жануарларды бұрыннан ауруы белгілі жануарлармен белгілі бір уақытқа бірге ұстайды.
Эксперимент кезінде жануарларды күтіп-бағу және тексеру.
Эксперимент кезінде жануарларды күтіп-бағу істелетін жұмыстың, қолданылатын материалдың түріне байланысты болады. Аса қауіпті індетпен жұмыс істегенде талап ерекше қатаң болу керек. Экспериментті жүргізу жоспары жан-жақты қарастырылуы және басшы мекемелердің рұқсаты болуы шарт. Эксперимент жүргізілетін жер шаруашылық орталығынан алшақ орналасады және арнайы құрал-саймандармен қамтамасыз етіледі. Экспериментке қатысы жоқ адамдар жіберілмейді.

Жануарлар тұратын жайлардан басқа адамдар киімдерін ауыстыратын жер, душ, зарарсыздандырғыш ертінді, арнайы киімдер болады. Жұқтырушы материалдармен бірге болған заттар ол жайдан шығарылмайды, сол орнында зарарсыздандырылады. Шыбын-шіркей кірмейтін жағдай жасалады. Ағын сулар зарарсыздандырылып отырады.

Жануарларды оңай зарарсызданыдырылатын ыдыстарға, жайларға орналастырады. Азық қалдықтары сол жерде жойылып отырылады.

Әрбір торшада толық мағұлымат беретін кесте тұрады. Ондағы жазулар оңай өшірілетіндей болуы керек. Торшалар номерленеді. Жарық, жылулық және басқа да режімдер қатаң сақталады. Жануарлардың денсаулықтары қатаң қадағалауда болады. Оны үнемі бір кісінің жүргізгені дұрыс. Ол кісі барлық клиникалық тексеру нәтижелерін де жүргізеді. Жануарлардың дене қызуы күнделікті бір уақытта анықталады.

Эксперименттегі жануарлар туралы барлық керекті деректер арнайы жұрналда тіркеледі.

Қан алу әдісі. Үй қояндарының құлақ венасынан немесе жүректен алады. Жүректен қан алу үшін инені үшінші қабырға аралығына төс сүйектің сол жақ шетінен 3 мм қашықтықтағы жерден еңгізеді. Үлкен қояндардан 25-30 мл қан алуға болады. Оның орнына терінің астына жылытылған физиологиялық ертіндіні жібереді. Қоянның қанын ұйқы артериясы арқылы толық ағызуға болады.

Теңіз шошқалары. Көбінесе жүректен алады. Доғал инені төс сүйегінің сол жақ шетінен ішке, алға қарай 1,5-2 см тереңдікке еңгізеді. Салмағы 500 г жануардан 10 мл қан алуға болады. Терінің астына екі есе мөлшерде физиологиялық ертінді жібереді. Аз мөлшерде қанды құлақ венасынан алуға болады.

Ақ егеуқұйрықтар мен тышқандар. Олардың құйрықтарынан алады. Ол үшін құйрықтарын ыстық суға малады немесе ыстық суға батырылып алынған ватамен орайды. Содан кейін құйрықтың үшін кеседі де қан ағызады. Сондай-ақ шприц арқылы жүректен немесе ортан жілік тұсындағы артериядан алады. Кейде тышқандардың артқы аяғының үлкен саусағын кесіп, ол жердегі қан тамырынан алады.

Иттер мен мысықтардан қанды құлақ, мойын, сан веналарынан алады. Жануарларды толық қансыздандырғанда олардағы қанның мөлшері салмақтарының 5-8 %-ын құрайтынын ескеру керек.


Жануарлардың өлекселерін сою.
Өлген немесе эксперименттен кейін өлтірілген жануарларды сойып тексереді. Тірі жануарларды өлтіру үшін хлорофомдау, ауа эмболиясын тудыру(үй қояндары мен иттерге шприц арқылы ауаны құлақ венасына еңгізеді), электр тоғын қолдану (тоқ сымдарына инелерді бекітіп оның біреуін құйрық түбіне, екіншісін шүйде тұсына тері астына еңгізеді де тоқты қосады. Жануарлар біден өледі) әдістерін қолданады.

Ұсақ жануарлардың өлекселерін сояр алдында зарарсыздандыратын ертіндіге салып алады. Ондағы мақсат: тоғышарларды өлтіру және жүнін ылғалдау. Үлкендеу жануарлардың жүнін сулы тампон арқылы ылғалдауға болады. Содан кейін терісін сыпырады немесе бөлшектейді. Өлексені шірімей тұрғанда, өле салысымен сойған жөн.

Жануарларды сою үшін қаңылтырмен қапталған, сұйықтың ағуына жағдай жасалған столдар пайдаланылады. Егеуқұйрық, тышқан, теңіз шошқаларын түбінде балауызы бар шыны банкада сойған қолайлы.

Бактериялық зерттеу үшін союды зарарсыздандырылған инструменттермен жүргізеді. Қоректік орта, Пастер пипеткасы, металл шпатель, жұғынды шынысы, спиртовка, сіріңке, мақта, ступка, пестик, банка, консервация сұйығы т.б. керекті заттар алдын ала дайындалып койылады. Жануарларды сою белгілі тәртіп бойынша жүргізіледі.

Аршылған жүрек пен өкпелерден қоректік ортаға себу жасалады, шыныларға жұғын істейді, қажет болғанда пастер пипеткасына қан жинап оны дәнекерлеп тастайды. Содан кейін іш жақты сойып ондағы ағзалардан да сондай әрекеттер істеледі. Бактериологиялық зерттеуге тіндерден кесінділер алынып, олар 30 %-ды зарарсыздандырылған глицерин ертіндісіне орналастырылады. Тексерудің аяғында басқа да ағзалардан гистологиялық т.б. зерттеулер үшін материалдар алынады.

Зерттеу нәтижелері толық хаттамаға жазылады. Зерттеуге қолданылған өлексе және оның бөлшектері пешке жағылады. Өе қауіпті індетті аурумен ауырған жануарларды сойғанда аса сақтық керек.



Тәжірибеге қолданылған барлық жануарлар ерекше жұрналға тіркеледі. Онда ол жануарлардың қалай жойылғаны, уақыты, жойған кісінің аты-жөні көрсетіледі.
Бақылау сұрақтары


  1. Арнайы лабораториялық техникаларды қолдану арқылы биология саласында жүргізілетін зерттеулердің негізгі бағыттары қандай?

  2. Автоклав (булы стерилизатор) дегеніміз не және не үшін қолданылады?

  3. Биостенд, АНКУМ-І жабдықтары не үшін қолданылады?

  4. Ферментерлер, «New Brunswick» (көп дикалы құрал) туралы не білесіз және олар не үшін қолданылады?

  5. Қоректік ортаға сипаттама беріңіз.

  6. Консистенциясына байланысты қоректік орталар қандай топтарға бөлінеді?

  7. Құрамындағы ингредиенттеріне қарай қоректік орталар қандай топтарға бөлінеді?

  8. Қолданылуына қарай қандай қоректік оталарды білесіз?

  9. Гистологиялық зерттеулерді жүргізу үшін қолданылатын аппаратуралар мен жабдықтардың негізгі түрлерін атап беріңіз.

  10. Микротом дегеніміз не, қандай түрлері бар және не үшін қолданылады?

  11. Гомогенизаторлар туралы не білесіз, олар не үшін қолданылады?

  12. Сілкілейтін және араластыратын аппараттардың негізгі типтерін атаңыз, олар не үшін қолданылады?

  13. Гематология туралы не білесіз?

  14. Гематология саласында қолданылатын приборларды атаңыз.

  15. Автоматты анализаторлардың негізгі өкілдерін атаңыз.

  16. Кондуктометрлік цитометр қандай мақсатта қолданылады?

  17. Физико-химиялық анализдің әдістері туралы не білесіз?

  18. Анализаторлар дегеніміз не?

  19. Абсорбциометрлер дегеніміз не, оларға қандай приборлар жатады?

  20. Нефелометрлер және турбидиметрлер туралы не білесіз?

  21. Фотометрикалық приборлардың өкілдерін атап беріңіз.

  22. Лазерлер туралы не білесіз, олар не үшін қолданылады?

  23. Фотоэлектроколориметрлердің типтерін атаңыз.

  24. Стабилизаторлар не үшін қолданылады?

  25. Жалынды фотометрлер туралы не білесіз? Олардың жұмыс істеу принципін айтып беріңіз.

  26. Қандай жарық сүзгіштерін білесіз?

  27. Спектрометрлер туралы не білесіз және олар не үшін қолданылады?

  28. Атомно-абсорбциондық спектрофотометрлер туралы не білесіз? Олардың жұмыс істеу принципін айтып беріңіз.

  29. Люминометрикалық анализаторлар (флюориметрлер) қандай мақсатта қолданылады?

  30. Люминесценция дегеніміз не, қандай түрлерін білесіз?

  31. Рефрактометрлер туралы не білесіз, олардың қандай түрлері бар және не үшін қолданылады?

  32. Поляриметрлер туралы не білесіз, олар не үшін қолданылады?

  33. Сұйықгазды хроматографтар туралы не білесіз, олардың жұмыс істеу принципі қандай және олар не үшін қолданылады?


Бақылау сұрақтары:


  1. Химиялық реактивтер дегеніміз не және оларды не үшін қолданады?

  2. Химиялық реактивтер ветеринария саласында қандай мақсаттарда пайдаланылады?

  3. Аналитикалық химиялық реактивтердің қандай типтік топтарын білесіз?

  4. Химиялық реактивтердің барлық жіктелуін айтып беріңіз.

  5. Химиялық реактивтерде белгіленген изотоптар не үшін пайдаланылады?

  6. Лабораторияда жұмыс істейтін адамдар нені білулері керек?

  7. Химиялық реактивтер қандай класс-топтарына бөлінеді?

  8. Көбірек, аз және сирек пайдаланылатын реактивтер деген ұғымды қалай түсінесіз?

  9. Реактивтерді үнемдеу не үшін керек және қалай іске асырылады?

  10. Реактивтермен жұмыс істеу және оларды пайдалану ретін айтып беріңіз?

  11. Лабораторияда пайдаланылатын улы, күшті әсері және басқа да химиялық заттарды сақтау, есептеу және шығындау мәселелері қалай шешіледі?

  12. Ертінділер дегеніміз не және ерігіштік дегенді қалай түсінесіз?

  13. Сұйықтардың өзара ерігіштігінің қандай қиюластығын білесіз?

  14. Еріткіштің ерекшелігіне және концентрациясын дәл көрсетуіне қарай қандай ертінділер болады және оларды қалай ажыратады?

  15. Ертінділерді концентрацияларына қарай қалай атайды?

  16. Молярлық және миллимоль дегеніміз не?

  17. Ертінділердің қалыптылығы дегенді қалай түсінесіз?

  18. Заттың грамм-эквивалентіне сипаттама беріңіз.

  19. Ертінділердің титрі және молярлығының негізі неде?

  20. Жуықтап дайындалған ертінді дегеніміз қандай ертінді?

  21. Дәлдікпен дайындалған ертінді дегеніміз қандай ертінді және оны қалай дайындайды?

  22. Эмпирийлік ертінділерге түсініктеме беріңіз.

  23. Фиксаналдар және олардың қолданылуы.

  24. Титрлеудің қандай ерекшеліктерін білесіз?

  25. Индикаторлар дегеніміз не және олар не үшін қолданылады?

  26. Сусыз ертінділер дегеніміз қандай ертінділер?

  27. Органикалық еріткіштердің судан айырмашылығы неде?

  28. Ертінділерді дайындаудағы негізгі ережелерді айтып беріңіз.

  29. Бояғыштар дегеніміз не және лабораториялық тәжірибеде оларды не үшін пайдаланады?

  30. Жалпы химиялық жіктелуі бойынша бояғыш заттардың топтарын айтып беріңіз.

  31. Химиялық жіктелуіндегі қай топтың бояғыш заттары жақсы бояйды?

  32. Органикалық қосылыстардың класстарына қатысты бояғыш заттардың негізгі өкілдерін атап беріңіз.

  33. Нитро бояғыш заттар не үшін қолданылады?

  34. Азобояғыш заттар не үшін қолданылады?

  35. Каротиноидты бояғыш заттар не үшін қолданылады?

  36. Микроорганизмдерді не үшін бояйды?

  37. Интохимиялық реакция дегеніміз не?

  38. Көбірек қолданылатын бояғыш заттарды атап беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет