Практикалық психология Диагностикалық және коррекциялық жұмыс


Әдістемелердің операционалды жіктелуі



бет2/7
Дата13.11.2016
өлшемі1,05 Mb.
#1642
1   2   3   4   5   6   7

Әдістемелердің операционалды жіктелуі

Әдістемелердің жіктелуі «обьективтілік-субьективтілік» деген өлшемдерге негізделеді. Обьективті әдістер жағдайында психолог-диагностың нәтижеге әсері шамалы болады. Ал, субьективті әдістер нәтижесінде керісінше психолог-диагностың тәжірибесінен және интуициясына байланысты. Обьективті және субьективті әдістерді жүргізу барысында орындаушыдан әр түрлі технологиялық операцияларды орындау талап етіледі. Сондықтан да бұл жіктелу «операциональды» деп аталады.

Обьективті және субьективті әдістемелер арасында айтарлықтай айырмашылықтар болмайды.

Жаңашыл психологиядағы психодиагностикалық әдістер өздерінің сапасы бойынша екі үлкен топқа бөлінеді:




Психодиагностикалық әдістер:



Формализацияның жоғары деңгейлі әдістері

Аз формализденген әдістер




1. Бақылау

2. Іс-әрекет нәтижесін анализдеу әдістері

3. Контент-анализ

4. Рөлдік ойын

5. Эксперименттік әдіс

1. Тест

2. Сауалнама

3. Жобалы техника әдісі

4. Психофизиологиялық әдіс

5. Аппаратуралық мінез-құлықтық әдіс


Формализденген әдістер зерттеудің нақты риламенттік процедурасына (инсрукциясы нақты сақталған, материалды белгілі әдістермен шешу) стндартизация (нәтижені бағалаудың басқа нормаларын немесе критерилердің болуы) сенімділік пен нақтылық кіреді. Бұл әдістер аз уақыт ішінде дигностикалық ақпаратты алуға, индивид пен адамдарды саналы салыстыруға мүмкіндік береді.
1. Тест – (ағылшын тілінен аударғанда «тексеру, дайындау» деген мағынаны білдіреді.) бұл стандартталған қысқа, көбіне уақыт бойынша шектелген бақылау. Сандық және сапалық айырмашылықтарды анықтауға бағытталған.

Формасы бойынша тестер:


- индивидуалды және топтық;

- ауызша және жазбаша;

- бланктық және заттық;

- аппаратуралы және компьютерлік;

- вербалды және вербалды емес болып бөлінеді.


Мазмұны бойынша тесттер:

Интеллект тест

Жетістіктер тесті

Тұлғалық тест

Қабілет тест



2. Сауалнама – психодиагностиканың бұл әдісінде тапсырма сұрақ пен ойлар түрінде беріледі. Бұл әдіс зерттелушінің сөздерінен ақпарат алуға негізделген. Сауалнамалар диагностикалық инструменттердің ішіндегі ең көп таралған түрі болып есептелінеді.

Сауалнамалар:

тұлғалық сауалнамаларды анкеталы сауалнамалар адам

стандартталған өзіндік жауап туралы, оның психологиялық

деп қарастырады. ерекшеліктеріне байланыссыз

ақпараттарды алуға

бағытталған.


3. Психофизиологиялық әдістер – ол адамның табиғи ерекшеліктерін диагностикалайды. Бұл әдістің айырмашылығы анық теориялық негіздері бар. Бұл әдіс көбіне мектеп пен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылады.

4. Аппаратуралық мінез-құлықтық әдістің көмегімен қарапайым психикалық қызметтерді (мысалы, теңдік) және жүйке жүйесінің қасиеттерін диагностикалауға болады. Сол сияқты диагностикалық аппаратуралалық диагностика арқылы психологиялық сәйкестілікті жүзеге асыруға болады. Аппаратуралық әдістерде белгілі бір кәсіби қабілеттерді диагностикалау үшін тест-тренажерлер бар.

Ал, аз формализденген әдістер клиент туралы құнды мәліметтер береді. Соған қоса, аз формализденген әдістер көп еңбекті қажет етеді. Мысалы, бақылау бірнеше айға созылуы мүмкін.



1. Бақылау – психодиагностикалық ежелгі әдіс. Ол арқылы адам туралы ауқымды ақпарат алуға болады. Ол стандартталған процедуралар белгісіз, анық емес кезде қажет. Бақылау жүргізген кезде келісушілік немесе адамның өзінің қатысуының басқа формасы керек емес. Бақылау – белгілі бір мақсат қойып обьектіні әдійі қабылдау. Психологияда бақылау кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын, психикасын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды.

2. Контент-анализ – («контент» сөзі құжаттың мағынасы деген түсінікті береді) құжаттардағы зерттеп отырған құбылыс немесе процес жайлы сандық мәліметтерді жинау әдісі. Ол түрлі әлеуметтік зерттеулерде соның ішінде әлеуметтік психологияда кең қолданылады. Контент-анализдің мақсаты – құжат мәтінінің негізінде нақты адамдар мен құбылыстар туралы, олардың әлеуметтік-психологиялық қасиеттері туралы қорытынды жасау.

3. Рөлдік ойын - оқытушылық іс-әркетті ұйымдастыру барысында оған қатысушылардың өз тәжірибесі арқылы білім, дағды қалыптастыру мүмкіндіктерінің жүйелі түрі. Яғни, ережелермен анықталған жарысушылардың жеңіске жету немесе жеңілуін айқындайтын іс-әрекет. Іскерлік немесе рольдік ойын біртұтас әрекет ретінде сипатталатын қарым-қатынас жүйесінің бейнесі, маманның болашақ кәсіптік әрекетінің пәндік және қоғамдық мазмұнының қалыптасу формасы ретінде көрініс табады.

Іскерлік, рольдік ойындарда таңбалық құралдар (тіл, сөйлеу, графика, кесте, құжаттар) көмегімен шынайы мәндік негізге сәйкес кәсіби орта қалыптасады. Сонымен қоса мұнда біркелкі, әрі уақыт аясына сай жоспарланған жағдаяттар туындайды.



4. Эксперимент – бұл әрекет етушінің және эксперимент жүргізушінің бір-бірімен қарым-қатынасы. Әрекет етуші өзінің өмірін тәжірибесімен, мотивімен экспериментаторға келеді. Зерттеушінің нәтижесі тұлғалық эксперимент қарым-қатынасынан көрінеді. Эксперименттік әдістің артықшылығы – бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Экспериментатор өзіне қажетті үрдісті өзі тудырады.

Білім беру жүйесіндегі психолог жұмысына қойылатын талаптар.
Психолог тулғасына қойылатын талаптарды келесі сипаттамалар бойынша көрсетуге болады:(Р.В. Овчарова).

  1. жоғары ақыл – ой қабілеттері;

  2. адамдармен жұмыс жасауға ,белсенді топтарды оңай құрастыруға бейім;

  3. есте сақтау қабілеті жоғары;

  4. бірлескен іс - әрекеттерді жақсы көру, жауапкершіл, өзіне бағындыра алу,практикалық сұрақтарды тез шеше алатын;

Қандай тұлғалық көрсеткіштер психолог жұмысымен сәйкестендірілмейді?

Бұл тұлғаның жетілмеуі, « эго» күшінің төмендігі, интеллект деңгейінің төмен болуы, эмпатияның жоқтығы,ойлауының тәуелсіздігі, өз проблемаларын шеше алмау, ұйымдастырушы қабілетінің төмендігі, стресске қарсыласуының төмендігі, үрей сезімінің жоғары болуы.

Төменде психолог қызметінің психограммасы көрсетілген.

Психолог маманының қасиеттер мен дағдыларын дамытуға бағытталған ұсыныстар: логикалық және тәуелсіз ойлау, топтық жұмыс, лидерлік, тұлғааралық қарым-қатынас мұқияттылығы.


Психолог маманының психограммасы.




Тұлғалық ерекшеліктер мен жұмыс икемділігі



Ұқыптылық, басқалардың позициясын түсінуге тырысу.



Достық қарым- қатынас, қарым- қатынасқа бейімділік.



Лидер болуға бейімділік.



Сыпайылық, ұқыптылық.



Ақыл- ойын дұрыс жетекшілік ету.



Көтеріңкі көңіл.



Төзімділік, табандылық.



Жауапкершілігінің басымдығы.



Жұмысты орындауға қабілеттілік.



Жұмыс шығармашылығы.



Әрекет ұқыптылығы.



Жаңа идеялар қабылдағыш.



Жұмыста реттілік және ұқыптылық.



Өз болашағын жоспарлауға қабілеттілік.



Ауызша түсіндіруге қабілеттілік.



Жақсы ес.



Басқаларды оқытуға қабілеттілік.



Ауру адамдарға қамқорлық көрсету.



Басқа да адамдарға қамқорлық көрсету.


Психолог жұмысының ережелері және жалпы принциптері.


  1. Клиенттер, зерттеушілер, текесерушілер алдындағы психологтың ерекше жауапкершілігі.

  2. Клиенттермен жұмыс кезінде психолог сыпайылық танытуы.

  3. Практик психологтың жұмысы әр адамның тәуелсіз интеллектуалды және тұлғалық даму жолындағы шектеулерді жою бағытталған.

  4. Психолог өз жұмысын тұлғаның құқығын сақтай және белсенді түрде қорғай отырып істейді.

  5. Психолог психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді таңдауда, сонымен қатар өзінің талдаулары мен ұсыныс беруінде мұқият және ұқыпты болуы тиіс.

  6. Психолог адамның дамында және бостандығына физикалық және психологиялық құқығына қол сұқпауы және шектемеуі керек.

  7. Психолог өзін басқарушы тұлғаға ақпараттандырып оытруы міндетті, сонымен қатар басқа тұлғалардың адам құқығын бұзуын байқаған жағдайда өзінің профессионалды бірлестігімен мәлімдеуі керек.

  8. Психолог тек өзі жетік меңгерген білімі және квалификациясы бойынша ғана өкмек көрсетуі тиіс.

  9. Психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді, барлық ғылыми стандарттарға жауап беруші немесе толық апробациядан өтпеген жағдайда амалсыздан өткізу керектігін, қызығушылық танытқан тұлғаларды ескертіп және өз таңдаулары мен ұсыныстарында ерекше мұқият болуы тиіс.

  10. Психолог психодиагностикалық, психокоррекциялық және психотерапиялық әдістерді компоненттілігі жоқ тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

  11. Психологиялық білімі жөнінде дайындығы жоқ және осы сферада білімсіз психологияқ қызмет көрсетіп жүрген адамдарға психодиагностикалық және психологиялық әсер ету әдістерін қолдануға қарсылық танытып, оларды ескертіп, қолдануға психолог тыйым салуы қажет.

  12. Психолог, клиенттің қалауы бойынша зерттеуді және кеңес беру барысында басқа адамдардың қатысуына қарсылық көрсетпеуі керек( сотық психологиялық немесе медициналық психологиялық заңды түрде анықталған экспертизалардан басқалары).

  13. Психолог индивидуалды психологиялық зерттеулер нәтижелерін үшінші бір адамға беру және мәлімдеу тек клиенттердің келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады.

  14. Психолог мұғалімдерге, ата- аналарға, олардың орнын басушы тұлғаларға, оқу тәрбиелеу мекемелерінің әкімшілігіне бала жайындағы мәліметтер, тек балаға олар зиян келтірмейтін болған жағдайда ғана мәлімдеуге болады.

  15. Психологтар психологиялық компоненттілігі төмен адамдардан психологиялық көмектерге жүгінуде кері әсерлердің болу мүмкінділігінің болуы жайында ескертіп, профессионалды психологиялық көмектін кімнен алуы керектігін нұсқауы керек.

  16. Психолог адамдарға қасырет тигізетін жұмыстары мен іс- әрекеттердегі рольдерге өзін қатыстыруға мүмкіншілік бермеуі тиіс.

  17. Психологклиентке өзі қолынан келмейтін, орындай алмайтын уәделер бермеуі тиіс.

  18. Егер баланың зерттелінуі немесе психологиялық әсер етулер басқа қызмет тұлғалардың талаптарымен жүзеге асырылатын болса, психолог осы жайында баланың ата-аналарын немесе олардың орнын алмастырушы тұлғаларға мәлімдеуі тиіс.

  19. Психолог өзінің жұмыс жүргізіп жүрген клиенттер жайындағы ақпараттарды құпия түрде сақтауда жауапкершіл болуы тиіс.

  20. Психолог өз жұмысын ұйымдастыруда өз зерттелінушілерінің денсаулығына, көңіл-күйіне немесе әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеу принципін ұстануы керек.

  21. Зерттелінушілерге жүргізілетін әдістемелерді қауіпсіздік ережелері. Психолог зерттеу әдістемелерінің,зерттелінушінің денсаулығына, көңіл –күйіне, әсер етуші жалған ақпараттар бермейтін әдістемелерді қолдана алады.

  22. Зерттелінушіге қатысты адекватты емес әсер етулер жайындағы ескертулер ережелері.Психолог өз клиенттерімен келісілген шарттар бойынша өз ұсыныстарын жүйелеп, зерттеу нәтижелерін сақауды ұйымдастыруды, осы ақпараттардың таралмауына және басқа да көздеген жеке мақсаттарда қоданбауды қамтамасыз етеді. Психолог зерттелінуші жайында ақпараттарды клиентке хабарлап отыруы тек зерттелушінің келісімін алған жағдайда ғана жүзеге асырылалы.

  23. Психологтың профессионалды компетенттілік ережесі, психологтан профессионалды игерген сұрақтармен жұмыс және құқықтарға сәкестелінген практикалық әдістермен жұмыс жасауы талап етіледі.

  24. Психолог пен тапсырыс берушінің бірлесіп жұмыс жүргізу ережелері, тапсырыс беруші тұлғаның мазасыздандыратын сұрақтар аумағындағы психология ғылымындағы психологтың өз мүмкіндіктер шегін ақпараттандыруын талап етеді. Психолог тапсырыс беруші тұлғаға психологиялық іс - әрекеттердің ережелері мен принциптерін айтып және осы ережелерді, әдістерді қолдануда оларға жетекшілік етуге тапсырыс берушінің келісімін алуы қажет.

  25. Психолог пен зерттелінушінің проссионалды қарым-қатынас ержелері психологиялық әңгімелесу әдістерін, бақылау және алға қойылған міндеттерді шешуде максималды эффективті деңгейде әсер етуді және де, психологпен қарым – қатынастан зерттелінушінің қанағаттануын, симпатия сезімі мен сенімін тудыруды талап етіледі.

  26. Зерттеу нәтижелерін негіздеу ережелері психологты зерттеу нәтижелерін психология ғылымында қабылданған терминдер мен түсініктерде жүйелеп, өз қорытындыларын алғашқы зерттеу материалын көрсете отырып, математикалық – статистикалық өңделген мәліметтермен жүйелеуін талап етеді.

  27. Психолог тапсырыс берушінің зерттелінушіге деген қандай да субъективті жағымсыздық сезімін танытып, оған психологтың көмегімен психологиялық кері әсер етушілігін болдырмауы қажет.

  28. Психолог іс - әрекетінің конфедециалдық принципі сенімді қарым – қатынас негізінде психологтың зерттелінушімен жұмыс процесінде алынған материалдың сапалы түрде немесе кездейсоқ таралуын болдырмауы және осы мәліметтер тапсырыс берушінің, не зерттелінушінің, не психологтың, не болмаса психология ғылымына компромис жасалмайтындай етіп көрсетілуі тиіс.

  29. Психологиялық сипаттағы мәліметтерді кодтау ережесі. Психологты барлық психологиялық сипаттағы мәліметтерде зерттелінушілердің аты – жөнін емес код арқылы белгілеуге міндеттейді. Документ – дешифратор бір ғана жалғыз экземплярда толтырылады және осы мәліметтер психологтың жеке кабинетінде, басқалардың қолына түспеуін қадағалау керек.

  30. Психологиялық сипаттағы мәліметтердің сақтауды бақылау ережелері.Тапсырыс беруші адаммен бірге, алынған мәліметтерге басқа да адамдардың қол жеткізу тізімін, мәліметтерді сақтау шарттары, орны, мерзімі және оларды жою жөнінде алғашқы келісім бойынша қарастырылады.

  31. Психологиялық сипаттағы мәліметтерді корректілеуде қолдану ережелері, психологқа тапсырыс беруші мен зерттелінушіні жарақаттайтын кездейсоқ немесе алдын ала бағытталған мәліметтерді жоюға келісім алуына қол жеткізуіне көмек береді.

  32. Келісім жайында хабардар болу принципі. Психологтың, тапсырыс берушінің және зерттелінушінің психологиялық іс - әрекеттің этикалық принциптері және ережелері, мақсаты, тәсілдері жөнінде хабардар болуын және өз еріктерімен қатысуын талап етеді.

Практикалық психология профессионалды іс - әрект ретінде тобырлық масштабта пайда бола бастайды, сол себепті бір адамның екінші адамға әсер ету негізінде мәселелер шегіне дейін өршиді.

Профессионалды және практикалық этика сұрақтарының түйісу шегі, профессионалды борышының жүзеге асырылуы болып табылады. Профессионалды борыш психологтан әрекет етуін талап етеді, практикалық этика басқа адамға әсер етудің тереңдігін анықтайды, ал мамандық өз әрекеттеріне шектеу қоюды қабылдауын мәлімдейді.

Өзінің профессионалды әрекеттері ушін жаупкершілікке және профессионалды міндеттері үшін уайым сезімінде негіздеуін, психологияның профессионалды әрекеттердегі басқа адамның құндылықтарында айқын ориентациясы, өзінің мүмкіндігін басқа адамға әсерінің өлшемі ретінде адекватты қабылдауы.

Ол психолог мамандығын аздаған әлеуметтік бейімділіктің бірі болуын жасайды. Әйгілі мағынада психолог өзінің профессионалды әрекеттерімен адамның басқа, өзгеше бейнесін жасайды.



Практик психолог жұмысының және оның профессионалды іс - әрекетінің моделі.
Әртүрлі білім беру мекемелеріне және мұғалімдер ұжымына әртүрлі психологтар қажет.

Психолог статусына субъективті амалдардың барлық нұсқауларына келесідей талаптар қойылады:



  • Педұжымның психолог жұмысының негізгі бағыттары және түрлері, міндеттері, ержелерімен, психологиялық қызметтің стратегияларымен толық таныс болғаннан кейін мұғалімдер ұжымының адекватты күтулерінің құрылуы.

  • Психологтың барлық категориядағы тәрбиеленушілермен, тәрбиелеушілермен диагностикалық қарым – қатынас оранту.

  • Мектеп жоспарлары және бағдарламаларда жалпы позицияларды анықтауда мұғалімдермен өзара әрекет және бірлестік орнату.

Психолог іс - әрекетінің бағытталуында, психологтың өзін осы іс - әрекеттің субъекті ретінде және оның әсер етуінің негізгі объектілері: балалар, мұғалімдер, педагогикалық процесс ретінде бөліп қарастыруға болады.

Психологиялық білім беру қызметінің субъектісі – психолог үшін өзінің тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттерін, мүмкіндіктерін, қүшті және әлсіз жақтарын, кемшіліктерін компенсациялау амалдарын білу өте маңызды.

Ол өзінің эмоционалды күйлерін реттей алуы, өзінің психологиялық функцияларын ( ес, зейін, ойлау ) мобильдеуі, қажетті ғылыми, әлеуметтік, профессионалды мәліметтерді іздеу және талдауын іске асыра алуы қажет, кәсіби қажетті қасиеттерін жаттықтыруы керек. Іс - әрекет субъектісі ретінде кәсіби мәнді қасиеттерге ие болып және оны үнемі дамытып оыруы керек, олар интеллектуалдылық, әлеуметтілік.

Балалармен жұмыс кезінде психолог олардың жастық және типологиялық ерекшеліктерін білу. Тәрбиеге, оқуына және тұлғалық даму өзгерісі туралы білуі қажет. Оған дамуында, жүріс – тұрысында, қарым – қатынаста ауытқулары бар балалармен де жұмыс істеуге тура келеді, сол себепті психологқа осы құбылыстар мен процесстер жайында білімі болуы қежет. Баланың дамуы көбіне жанұялық тәрбие шартында қалыптасатын болғандықтан, психолог отбасы психологиясы мен жанұялық тәрбиеге бағытталуы керек. Балалар ұжымы тұлғаның құрылымына әсерін анықтай отырып, психолог міндетті түрде балалар ұжымы мен формалды емес топтардың әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктер біліміне сүйенеді.

Балаға көмек көрсету үшін, баланың өзі өзгеруге талпынысы болуы керек, өзін - өзі тануға, тәрбиелеуге үйренуі керек.

Балалармен жұмыс жүргізуде келесі профессионалды қабілеттер ерекше роль атқарады: ұйымдастырылған, коммуникативті, психодиагностикалық, жасерекшелік – индивидуалды және жанұялық кеңес беру, даму нұсқауларының болжамдары, психопрофилактика және психокоррекциялар. Психологтың балаларға қатысты қарым – қатынасында эмпатия, мейірімділік, ұқыптылық және бақылаушылық, ұстамдылық, төзімділік, табандылық танытуы керек. Айтылып өткен барлық кәсибі маңызды қасиеттер педагогикалық интуициямен және психологтың оптимизмімен сәйкестендірілуі керек.

Мұғалімдермен жұмыс жүргізу үшін, психолог не білуі қажет? Ең алдымен педагог психологиясын және педагогикалық іс - әрекетті профессиограммалар, түрлі мамандағы педагогтардың психограммасын, оқыту және тәрбие психологиясын, педұжымның психологиялық ерекшеліктерін, педагогикалық қарым – қатынастың спихологиялық негіздерін білу керек. Педагогтармен жұмыс кезінде жалпы коммуникативті ұжымдық, психодиагностикалық, психопрофилактикалық және педагогтардың профессионалды тәжірибелер мен мінез-құлықтарына ерекше мән беру керек. Бұларға көбіне психологтың кәсіби маңызды қасиеттерінің мына түрлері сәйкестендіріледі: дипломатиялық, әріптесін түсінуге тырысу, эмпатия сезімі, өзін - өзі игеру, ұқыптылық, достық қарым – қатынас, жоғарғы профессионалды компетенттілік және кең кругозор.

Маманға оқу және тәрбие іс - әрекет психологиясын зерттеу керек; оқыту пәндеренің психологиялық сипаттарын және оларды оқыту спецификаларын, түрлерін, әдістерін, формалары мен амалдарын ұғыну керек.

Осылайша практик психолог іс - әректінің қиындылығы мен көп аспектілігі білім беру жүйесіндегі оның жұмысының мәнділігі көрінеді, ал маман тұлғасына ерекше және әртүрлі талабтар қойылады.

Практик психолог іс - әрекетінің спецификасы оның – адамның индивидуалдығы – пәнімен анықталады.

Мамандар квалификацияланған психологтың квалификациясы жоқ психологтан ажырататын он негізгі қасиеттерді бөліп көрсетті.


  1. Психологиялық көмектің мақсаты.

  2. Профессионалды іс - әрекет жағдайындағы психологтың реакциялары мен назар аударуы.

  3. Практик психологтың концепциялары.

  4. Практик психологтың мәдени продуктивтілігі.

  5. Конфенденционалдылық.

  6. Іс - әрекетіндегі шектеулер.

  7. Тұлға аралық әсерлер.

  8. Адамның жетістіктері.

  9. Жалпыланған теория.

  10. Жалпыланған теорияға қатынас.



Білім жүйесіндегі практик психологтың статусы.
Профессионалдылық позиция, бағдар және психологтың толығымен профессионалдық мазмұны көбіне оның статусымен анықталады.

Практик психолог өз жұмысымен айналысып болғаннан кейін, арнайы пәндерді өтуге эпизотикалық қатысатын маман жағымды көрінеді. Бар энергиясын және жұмыс уақытын ол психологиялық тапсырмаларға жұмсайды.

Психолог ретінде педагогикалық процесстерге сырт жақтан қарайды. Оған қызығушылық танытқан тұлға ретінде ата – аналар, қатысушылар үлкен сенім артады. Бірақ бұл ситуацияларда педагогтар жағынан сенімсіздік байқалады. Егер психологта педагогикалық тәжірибе болмаса, мектеп проблемаларынан жеткіліксіз білім болса онда, ол оның адаптациясын қиындатады, көбіне оның әдістемелік дайындығы, өмірлік тәжірибесі жеткіліксіз болады. Мұндай жағдайда психологтың психологиясына жақын, балаларға әрқашан жол іздейтін ұстаздармен тығыз қарым – қатынас жасау керек. Өз коллективіне арнайы факультеттерді бітіріп, жаңа профессионалдық рольде қайтып келген педагогтың бейімделуі, бұрын қалған стериотиптерге үлкен өзгерістер кей – кезде стериотиптерге қарсы болады.

Психолог өзінің жаңа бағдарламаларының дұрыстығын жұмыста дәлелдеуге тырысады. Өз ролін анықтамай оқу қысымының бір бөлігін алып жаңа статусқа тұруға нагрузка кедергі жасайды. Өте күрделі қызметтерді үйлестіру, енді бастап келе жатқан маманға және кейде қолынан келмейтін жұмыс. Сондықтан ондай психолог педагогикалық процесстерді іштей біле отырып талдауда өзі қатыса алады, бірақ оны өте керек кезде эпизотикалық түрде жасайды. Психолог көбіне әріптестеріне және әкімшілікке тәуелді болады және ең бастысы – асықпай жаңа статусқа енеді.

Енді бастап келе жатқан маман тиімсіз жағдай болып қалғанда, оны әкімшілік құрамына немесе педагогикалық қызметке алынады. Мұндай жағдайда ол толық көлемде басты жұмыстарды жүргізуі керек. Оның әрекетінде, оқу уақытында жеңуге тырысқан мінез, стериотиптерге және педагогикалық бағдарламалары басым болады. Психологтың жұмысына уақытының жетіспеуі психологиялық профессионалдық компетенттілігін жақсартуға кедергі жасайды. Практикалық жұмысында ол эпизотикалық кеңес берумен, әкімшілік мерекелерді ұйымдастырумен шектеледі.

Мамандардың бірнеше бөлігі халықтардың білім беру бөлімдерінде, аудандық психолог, психолог – методист болып жұмыс істейді. Олар әкімшілікке, педұжымдарға тәуелді емес, психолог статусымен қоса басқарушы жұмысты статусын алады. Бұл психологтар, өз іс - әрекеттерін, масштабты зерттеулерін, әртүрлі категориясын кеңес беруден бастайды да ең тиімді нұсқаларға келеді, педагогтардың педагогикалық психологиялық дайындығын іске асырады, аудандық мектеп психологиясына әдістемелік, координациялық іс - әрекеттеріне көмек жасайды.



Каталог: 802A181CB337A9DF
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі «5,6,7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек»
802A181CB337A9DF -> Сайыстың атауы Білімді оқушы. Интеллектуалды ойын
802A181CB337A9DF -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі Мақсаты: Білімділік
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: §46-47. Қазақ халқының мәдениеті Сабақтың мақсаты
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі бойынша «Бақытты балалық шаққа құқық»
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: Психологиялық дайындық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Бар адамды құрметтеп, Бас иеміз біз
802A181CB337A9DF -> Н.Ә. Назарбаев Бала тәрбиесі баршаның ісі
802A181CB337A9DF -> Оқу жылындағы «Таза, терең, өткір, күшті кең тілім!» атты тілдер апталығының қорытындысы
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: Термоядролық реакциялар. Радиоактивті сәулелер. Сабақтың мақсаты: а білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет