Практикалық психология Диагностикалық және коррекциялық жұмыс


Кеңес беруде міндетті шешудің 3 ерекшелігі бар



бет4/7
Дата13.11.2016
өлшемі1,05 Mb.
#1642
1   2   3   4   5   6   7

Кеңес беруде міндетті шешудің 3 ерекшелігі бар:

  1. Кеңес беруші проблеманы өзі шешеді;

  2. Кеңес беруші мен клиент бірігіп шешеді;

  3. Кеңес алушы проблеманы біртіндеп өзі шешеді.


Консультацияның келесі нақты міедеттері бар:


  1. Адамға проблемасын өзі шешуіне көмектесу;

  2. Оқушыларға, ата – аналарға, ұстаздарға оқу – тәрбие процесі кезінде кездесетін қиындықтарына кеңес беру;

  3. Оқу – тәрбие процесіндегі қарым – қатынас мәселесіне косультация жүргізу;

  4. Жоғары сыныптарға кәсіби бағдар бойынша кеңес беру;

  5. Ата – аналармен оқушылардың психологиялық мәдениетінің өсуіне әсер ету;

  6. Белгілі бір проблемаларға экспертиза жүргізу.



Жанұялық кеңес беру.
Жанұялық кеңес берудің негізі оған мынадай модельдерді қолдануға болады.

  1. Педагогикалық модель. Шағым субъектісі бала болады. Ата – ана мен кеңес беруші ситуацияны талдап жұмыс жасау шараларының бағдарламасын жасайды. Бұл кезде психолог ата – ана мүмкіншіліктерін ғана емес тәрбие құралдарының әмбебап мүмкіншіліктеріне сүйенеді.

  2. Диагностикалық модель. Бұл кезде диагностиканың негізгі объектісі болып отбасы табылады.

  3. Әлеуметтік модель. Бұл отбасылық қиыншылықтар, жағымсыз жағдайлар қорытындысы болып табылған кезде қолданылады. Бұл кезде сыртқы күштің қолданылуыда ернекше орын алады.

  4. Медициналық модель. Бұл кезде негізгі қиыншылықтар ауру болып табылады. Бұл жерде кеңес беру міндеті диагноз қоюға көмектесу, ауру адамға жанұялық денісау мүшелерінің қамтамасыз ету.

  5. Психотерапевтік модель. Негізгі себебі болып қарым – қатынас аймағы жанұя мүшелерінің жеке ерекшеліктері болып табылады.


Жанұялық кеңес берудің негізгі техникасы.
Кеңес беру процесін 5 фазаға бөлуге болады.

  1. байланыс тудыру;

  2. мәселені анықтау;

  3. арнайы жұмыс фазасы;

  4. шешім қабылдау;

  5. кері байланыс фазасы.


1 фаза – клиентпен байланыс тудыру , яғни бұл фазада қарым – қатынас дистанциясы анықталады. Сонымен қоса байланыс кезіндегі мінез – құлық осы кездегі реакциялар ерекшеліктері вербалды және вербалды емес қарым – қатынас мінезі және мінез – құлықты бағалау, реттеу жүреді.

2 фаза – мәселені анықтау, бұл кезде клиент пен психолог арасында мәселені түсіну кезінде келісушіліктері болу керек. Бұл кезде клиент өз мәселесін анықтайды, ал песихолог оны түсіндіріп, келіседі. Яғни клиент пен кеңес беруші бірдей ойға келеді. Альтернитивті гипотезаларды талқылайды.

3 фаза – арнайы жұмыс фазасы, бұл кезде кеңес берудің ең негізгі қорытындысы клиенттің мәселені жаңалай түсіне алуы.

4 фаза – шешім қабылдау фазасы, бұл кезде клиенттің кеңес алудан кейін тиімді әрі өнімді мінез – құлқы көрінуі керек. Клиенттің шешім қабылдауы сенімділікке, оптимизмге, жауапкершілікке сүйенуі қажетү Бұл фазада психолог пен клиент болашақ әрекетінің әдіс – тәсілдерін дұрыс таңдауы қажет, ол әдіс – тәсілдерді нақты жағдайда қолдануы шарт.

5 фаза – кері байланыс фазасы, мұның негізгі қорытындысы клиентке кеңес беру және кеңес берудегі нақты процесс клиентті қанағаттандыру керек.

Психотерапия психологтың кәсібі ретінде.

Әлеуметтік тәжірибеде «психотерапия» термині көп жағдайларда медициналық тұрғыдан қабылданады. Медициналық және медицинамен байланысты әдебиеттерде психотерапия психикаға әсер ететін емдеу жүйесі ретінде болады, одан, психикадан науқастың ағзасына әсер етеді. Сонымен, психотерапия емдеудің әдісі болып қарастырылады, сондықтан дәстүрлі түрде ол медицинаның қызметіне кіреді.

Психотерапевтік болып топтсатырылатын әсер ету әдісінің маңыздылығы қазіргі педагогика, әлеуметтану, физиология, медицина, психология және басқа да ғылымдардың мәліметтеріне негізделеді. Психотерапия клиника қабырғасының аймығын тастап, емханадан тыс орын алуда.

Медициналық- клиникалық мекеме саласында жұмысын бастаған психотерапевтердің көбісі басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес (отбасына әлеуметтік- психикалық көмек, сенім телефоны және т.б.) құрылымдарда өз күштерін қолдануда.

Психологиялық көмек көрсетудің тәжірибесі психотерапия саласындағы білімнен асып түсуде. Бұндай нәрсе ғылымда бірнеше рет болған. Психотерапияның осы қалпының бар болуын көптеген ғалымдар – Б.Д. Карвасарский, М.С. Лебединский, В.Н. Мясищев және т.б. атап өткен.

Психолог- психотерапевт медциналық және медецинадан тыс мекемелерде жұмыс атқара алады. Психотерапевтік мамандыққа сай диплом немесе сертификат арқылы жұмысқа жіберіледі.

Қазіргі таңда практик психологтың пайда болу мәселесі тұр, өйткені ол психологтан тек оның қызметі ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік тапсырысты да қажет етеді. Ол өз кезегінде психотерапевт- психолог кәсібінің пайда болуына үлкен жауапкершілікті артып отыр.

Бұл жауапкершілік тереңдей түседі, өйткені психолог- психотерапевт психикалық денсаулық категориясы мен психикалық даму ережесі категориясымен жұмыс істейді, жеке тұлға үшін маңызды болып табылады. Психотерапевт клиенттің жеке қайта құруымен айналыса отырып, өзіне клиенттің психикалық денсаулығының көрсеткішінің бір бөлігін жауапкершілікке алады. Басқа сөзбен айтқанда, психотерапевт өзіне басқа адамның жеке элементтерін жасаушы ролін атқарады, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістерге жауапкершілік атқарады.

Демек, психотерапевт өз қызметінде психикалық дамудың индивидуалды қалпы туралы ұғымды индивидуалданған, жекеленген түрде іске асырады, ол өзінде имплициттік және психикалық даму мен психикалық денсаулық сипатын құрайды. Міне, осында психолог- консультанттан психотерапевтің нағыз кәсіби айырмашылығы көрініс береді. Қысқаша түрде бұл айырмашылықтарды былай көрсетуге болады: психотерапевт ауру адаммен жұмыс істейді және оның сауығып кетуіне жауап береді, ал психолог- кеңес беруші сау адаммен жұмыс істейді және оның жеке қасиеттерінің өсуіне жағдай туғызады, ал осы өсуге жауапкершілікті клиент атқарады.

Сонымен, неге психотерапияны психологиялық кәсіпке жатқызуға болады? Біздің пікірімізше, психологтың күш салуындағы ең басты аргумент ол объектінің қасиеттеріне бағытталады. Ол адамның ішкі дүниесінің көрінісі, ол ішкі дүниесінің модалдығына: ойлар, сезімдер, қалаулар, мүмкіндікте, «Мен» бейнесінің интегралды қасиеттері және т.б.

Адамның ішкі дүниесінің параметрлеріне әсер ететін әдістер мен байланысты аргументтер. Ондағы ортақ нәрсе, олар психолог пен клиент арасындағы коммуникациядағы вербалды және вербалды емес әдістен басқа құралдарды қажет етпейді. Психотерапевт пен клиенттің арасындағы өзара әрекет психологпен бейнеленген клиенттің ішкі дүниесінің модалдығы болып табылады деуге болады.

Психолог заттың өзара әрекетінің құрылуында ең негізгі рөлді атқарады, ол осы бүкіл ситуацияны қозғалысқа келтіреді, оның уақыты мен кеңістігін құрастырады.

Психотерапияның нәтижесін келесідей бейнелеуге болады: клиенттің ішкі дүниесінің мазмұны психологпен кездеспей тұрып бір бөлек, ал кездесуден кейін оның мазмұны қайта құрастырылады.

Психотерапия жағдайында өзгерістер тек клиентте ғана емес, психологта да болады. Адамның ішкі дүниесінің қандай сипатын өзараәрекеттесу көрініс беретін психотерапияның 4 негізгі моделін бөлуге болады.



  1. психотерапияның медициналық моделі.

  2. психологиялық модель.

  3. әлеуметтік модель.

  4. философиялық модель.

Психотерапевт ауру адаммен жұыс істейді. Психотерапевт терапевтпен және басқа да мамандармен бірлесе жұмыс атқарады.

Науқасқа қандай ауруларда психотерапия қажет? Қандай кезде психолог клиницист- дәрігермен бірге жұмыс істейді? Бұл сұраққа жауапты медициналық әдебиеттердегі талдау бойынша, келесідей психотерапияның тиімді алғышарттары қолданылады:



  • эпилотегенез ауруына емдік әрекеттерді қолдану оның психикалық факторына жүйке немесе шектен тыс қалпы жатады.

  • Емдік-сақтандырудың маңызы – науқастың соматикалық ауруларына психоәлеуметтік реакцияларын қолдану.

Сонымен, психотерапевт көбіне жүйке ауруларымен, шекаралық күймен және психосоматикалық аурулармен жұмыс істейді.

Клиентпен өзара әрекеттестік орнату үшін психологқа арнайы нақты білім қажет, клиенттің ішкі дүниесіндегі қандай өзгерістер оның субъективтік модалдық аурулардан пайда болады. Ол үшін психолог жинақталған клиникалық теория немесе нақты клиникалық білімдер мен қарулану керек. Бұдан психолог- психотерапевтің психолог- психодиагностан дайындығының мазмұны ерекше екндігін көрсетеді. Аурудың клиникалық сипатының мазмұны мен психикалық дамудың ережесі психотерапевтің кәсіби ойлауының мазмұны болып табылады, міне, сондықтан ол көбіне клиентпен өзара әрекеттесу пәнінің құрылуына ықпал етеді.

Оны біз психологтың жүйке ауруымен айналысқан моделінің мысалын қарастырамыз. А. Кемпински атап өткендей: невротикалық симптомдарды анықтау қиын емес: мазасыздық және психикалық күштеулер науқастың түрінен көрініп, сыртқы ортаны қамтиды, ал онымен қоса әдеттегі шағымдар тек дәрігерге ғана емес, қарапайым адамның өзінеде клиенттің «күйгелеңдігіне» баға беру мен жүйке ауруының күйін анықтау қиынға түспейді.

А. Кемпинскидің пікірі бойынша неврозды тек адам эмоционалды конфликт жағдайында ғана диагностикалауға болады. Невроз ауруымен ауырған науқаспен, яғни, клиент пен психолг арасындағы байланыс көзі соматикалық және психикалық аурулар емес, ал эмоционалды конфликтболып табылады. Психолог конфликтті жеке тұлға дамуының құрылымына қарай шешумен айналысады.

Неврозды топтастыру өте қиын, өйткені әрбір тексеруші өзінің невротикалық көріністермен олардың индивидуалды ерекшеліктері әр алуан және соған орай тексерушіліер өздерінің жинақтаған симптомдарына қарай диагноз қояды. Невроздың осы немесе басқа түріне диагноз қою клиницист- дәрігер мен психиатрдың міндеті. Психолог диагноз қоймайды, ол тек неврозды топтастырған кездегі белгіленген симптомдардың мазмұнымен ғана жұмыс істейді. Доминантты симптомдар невроздың түрін анықтайды, ал топтастыру кезінің қиындығында невроздың аралас атулары келтіріледі, мыс., депрессиялық- ипохондро, невростенді-астеникалық және т.б. Негізінен психиатрияда невроздың 5 түрін атап көрсетеді: невростения, истерика (қояншық), ипохондрия (дел- сал), анокастикалық (жалықтырғыш) невроз және депрессиялық невроз.

Психолог неврозбен жұмыс істегенде клиент күйін анықтайтын жеке конфликттерді тудырған себептеріне аладау жасайды.

«Невростения» диагнозында психотерапевт клиенттің шаршаған күйімен жұмыс істейді. Оның барлық нәрсеге деген қызығушылығының болмауы, рухының түскен сезімі, асығыстық пен зерігушлігі мұндайда психикалық шаршау мен физикалық шаршауды ажырату қиынға түседі. Психикалық шаршағыштық ең алдымен зейіннің жоқтығынан көрінеді, есте сақтаудың нашарлығы, жаңғалақтық сезімі, клиентті барлық нәрсе жалықтыратын болып келеді, оны бәрі – жұмысы ғана емес демалыста ауыр күйге түсіретін, жалықтыратын болады. Клиент оянғаннан кейін шаршағыш сезімі болады, ал тек кешке қарай ғана кішкене тіріледі.

Сыртқы ортадағы факторларға жоғарғы ашуланшақтық клиенттің барлық нәрсені бұзғыштығына алып келеді, ол адам жақсы бір әлемге түсуі үшін барлығынан қашып кеткісі келеді. Асығыстық пен зерігушілік адамның невротизациялығына алып келеді, оны қазіргі өркениеттің белгісі деп санайды.

«Истерикалық невроз». Оның симптомдары 3- бөлінеді: қимылдатқыш, сенсорлық, псиикалық. Олардың нақты көріністері көп және алуан түрлі, сондықтан психологқа медициналық және клиникалық диагнозға сүйену қажет. Мысалы, қимылдатқыш бұзылғанда әр түрлі гиперкинез (арбаң-тарбаң қимыл) және басқа да зақымдар, ол сенсорлық бұзылғанда- перцепцияның қызметі төмендейді (қояншық естімеушілік, соқырлық пен ауырғанды сезбеуі немесе керісінше, перцепция қызметінің жоғарылауы (кетпейтін ауыру, көру мен естудің шамадан тыс сезімталдығының болуы және т.б.).

Ал писхикалық бұзылушылықта адам жоғарғы қызу мен көңілсіздік қалпында болады және естің қабілеті тым жоғары (гипермнезия) немесе оның есте сақтау қаблетінің жоғалтуы (амнезия).

Бұл невроздың клиникалық бейнесінің күрделілігі соншалықты оған тек психолог емес, сонымен қоса клиницист- дәрігердің тарапынан кешенді әсер ету қажет.

А.Кемпинский атап өткендей: истерикалық конверсияның барлық симптомдары- сенсорлық, қимылдатқыш, психикалықты – гипноздың транстағы суггестия арқылы шақыруға болады.

Сонымен, психолог клиникалық, медициналық диагнозы бар клиентпен жұмыс істейді. Мұндай жағдайда ол ғылыми материалдың ең негізгі екі категорияны – «психикалық даму ережесі» категориясы мен «психикалық денсаулық» категориясын пайдаланады.

Психолог- психотерапевт – «адам- алдам» типіндегі кәісп өкілі, адам қарым-қатынасының құжаттарымен жұмыс істей отыра оған тікелей қатысады және оны түзеді.



Психотерапиялық әсер етудің негізгі әдістері.

Психотерапия әдістерінің классификациясы әр түрлі. Әр психологиялық бағыт жанынан психотерапевттің мінсіздігін бейнелейтін әдістер пайда болады. Әрине, себебі психотерапияның жетістігі психологтың ғылыми көзқарасы мен кәсібіи ұстанымының мазмұнымен айқындалады.

Түрлі ауруларда психотерапияның мақсаты мен міндеті психикалық ауытқудың табиғаты мен механизмдеріне қатысты автордың теориялық ұстанымымен айқындалады. Сонда да ем үшін бір ғана психотерапевтік әдістер қолданылуы мүмкін, алайда олардың әр теориялық тұжырымдамаларда өзіндік бағыты мен ерекшелігі болады.

Психотерапевтік әсер етудің негізгі әдістерін екі үлкен топқа бөлуге болады:



  1. Жеке психотерапия;

  2. Топтық психотерапия.

Психотерапевтік әсер етудің негізгі әдістерін сипатау үшін қазіргі психотерапевтік әдістердің әр қырын жан жақты нақты сипаттайтын келесідей классификацияны қолданамыз:

  1. тұлғалық бағытталған(реконструктивті) психотерапия әдістері;

  2. суггестивті психотерапия әдістері;

  3. мінез құлықты(шартты рефлекторлы) психотерпия әдістері.

Осы әдістерін тобына сипаттама берейік. Тұлғаға бағытталған психотерапия әдістері оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестендірілген, олар келесідей:

  • емделуші тұлғасының эмоциялық жай күйін, мотивациясы мен қатынас жүйесін зерттеу;

  • жүйке жүйесінің жай күйін сақтау мен пайда болуына негіз болатын этипатогенді механизмдерді зерттеу;

  • емделушінің өзіндік қатынас жүйесі мен ауруының арасындағы ерекшеліктердің байланысын түсінуге жеткізу;

  • Психоапаттық жағдайларды шешуде емделушіге көмек көрсету;

  • Емделушінің әлеуметтік функциясының толыққанды қалыптасуына және көңіл күйінің жақсаруына алып келетін мінез құлық формаларын қалыптастыруға көмектесу.

Патогенді психотерапия аяқталу кезеңдерінде қайта тәрбиелеуге жақын, бұл туралы В.М.Бехтерев(1911), П.Б.Ганнушкин(1927), К.И.Платонов(1956), Е.К.Яковлева(1958) және т.б. жазған.

Бұл әдісте психотерапевтің негізгі құралы ретінде емделуші мен оның өмірлік жағдайының арасындағы және қатынас жүйесі мен мотивация арасындағы ерекшеліктер байланысының интерпритациясы болып табылады. Интерпритация тікелей және жанама сұрақтар, ескертулер т.с.с. іске асады.

Қазіргі медицинада нооцентристік аурудың социоцентристік және антропоценристік ауруға көшу жолдары түсіндірілген.

Бұл психоәлеуметтік табиғатты емдеу әеріне қызығушылықты тудырады. Топтық психотерапия, патогенетикалық психотерапия келесі ұстанымдардың негізінде құралған: Топ әлуметтік топ үлгісі деңгейіне ету керек, топ мүшелерінің арақатынасы ылғи да өзгеріп отыруы тиіс, психотерапевттің белсенділігі осыған бағытталған.

Әсер етудің құралы топ мүшелері арасындағы,сонымен қатар психолог арасындағы вербалды және вербалдв емес коммуникация болып табылады.

Әсер етудің негізгі формасы топтық дискуссия, онда өмірбаяны мен жағдаяттар талқыланады. Қосымша формалары рөлдік жағдаят орындау, психогимнастка, сурет және музкатерапия.

Рөлдік ойындар ойнау топтың әр мүшесінің мәселесін түсінуге алып келеді. Бұл форма әр қайсысы мәселелерін жеке шешуге шектен тыс талпынғанда көмек береді. Рөлдік ойындар ойнау жеке жаттығу және дискуссияға кіріктірілген болуы да мүмкін. Егер жеке жаттығу болса барлығы бір тақырып бойынша әр клиент кезек кезегімен өзіне әріптес ізде отырып ойнап шығады. Тақырыптар әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы:


  1. «Қиын әңгіме» (өзіңе ұнамайтын адаммен немесе ұнамайтын нәрсе туралы сөйлесу);

  2. «Өтініш» (өтініш орындағысы келмейтін адамнан бір нәрсені өтіну);

  3. «Талап» (талапты орындағысы келмеген адамнан бір нәрсені талап ету);

  4. «Татуласу» (ренжіген даммен татуласу);

  5. «Реніш» (ренішінді айтып салу, ол адам өзінің кінәсін сезінеді);

  6. «Қанағаттанбаушылық» (жақын дамына мінез құлқындағы қанағаттанбаушылықты айту, ол өзін дұрыс санайды).

Кейде клиентке ойнды рөлді ауыстыра отырып ойнау ұсынылады.

Психогимнастика психотерапияның бір формасы бола алады. Мұның әсер ету құралы қимыл экспессисы, мимика және пантома.

Психогимнастикалық жаттығулар екі мақсатқа бағытталған: топ мүшелерінің эмоционалды дистанциясын азайту, күшін азайту, өз ойын, сезімін, тілегін айтуды қалыптастыру.

Психогимнастиканы әдетте зейінге бағытталған жаттығулардан бастайды, мысалы келесі жаттығулар:



  1. «Кешігу гимнастикасы» : барлық топ белгілі бір жаттығуды бастапқыдан бір қимылға артта қала отырып орындайды. Жаттығу жылдамдығы біртіндеп арта түседі.

  2. «Ритмді шеңбер бойы өткізу». Бір қатысушының ізімен топ кезегімен берілген ритмді алақанын қаға отырып орындайды.

  3. «Қимылды шеңбер бойы өткізу». Бір қатысушы елестете отырып жалғастыруға мүмкіндік болатын затты қимылдатады, ол тоты айналып шығуы тиіс.

  4. «Айна». Топ мүшелері жұптасып, өз әріптесінің қимылын қайталайды.

Босаңсыту жаттығулары жай қимылдардан тұрады: мен сумен жүріп келе жатырмын, ыстық құммен жүріп келе жатырмын, жұмысқа асығудамын, жұмыстан қайтып келемін, дәрігерге бара жатырмын, «Үшіншісі артық» жаттығуы тағы басқа.

Әріптесіңізбен радағы дистанцияны қысқарту жаттығулары: үстелге отыру, басқа адаммен қолы бос емес, ренжулі адамда тыныштандыру, сипалау арқылы өз қатынасыңды көрсету, т.с.с.

Вербалды емес мінез құлық. Басқаның сезімдерін түсінуге жаттығулар:


  1. Шыны арқылы сөйлесу: ым ишара арқылы бірнәрсеге келісу.

  2. Адамның белгілі бір көңіл күйін келтіру, мысалы, қуаныш, ашу, реніш, өкініш, жек көру т.с.с. Басқа адамның және өзінің психологиялық ерекшелігін көрсету: мен қандаймын, мен қандай болғанмын, мен басқаларға қандай болып көрінемін, қандай болғым келеді т.с.с.

  3. Өзге адамның қандай сезім білдіргісі келетінін түсіну.

  4. Топтың назарын өзіңе аудару.

Барлық жаттығулар топты дайындау бөлігіне жатады. Келесі жаттығуларды пантомиманың рөлі артады. Психолог тақырып береді, ал клиент оны вербалды емес құралдар арқылы көрсетеді. Тақырыпты психолог белгілі бір клиенттің мәселесі бойынша сонымен қатар жалпы топ, оның тұлғааралық қатынасына қарай бағыттайды. Мысалы:

  1. «Қиындықты жеңу» (барлық қатысушылар ым ишара арқылы мұны көрсетеді!;

  2. «Менің жанұям» әлеуметтік атом әдісі: клиент қатысушыларды өзінің түсінігі бойынша жанұя қатынасына қарай отырғызады. Нәтижесі талқыланады;

  3. «Мүсінші» топтың бір мүшесі мүсінші рөлінде болады, ол топ мүшелерінің ерекшеліктерін кикілжіңдерді көрсетеді;

  4. «Сезім» әр топ мүшесіне өз сезіміңді білдіру немесе түсіндіру;

  5. «Менің тобым» топқа деген қатынасын білдіру. Физикалық алшақтық эмоционалдық жақындықты білдіреді.


Суреттік жоба. Оның тақырыбы беріледі немесе еркін таңдалады. Мысалы: «Мен қандаймын», «Менің жанұям», «Мен адамдар арасында», «менің сау адам туралы пікірім», «Ең ауыр қиындық», «Менің басты мәселем», «Үш арманым», «Бақыт аралы», «Менің сүйікті кеіпкерім», «Менің туылған күнім» және тағы басқа. Сурет салуға отыз минут беріледі. Кейін суреттерді іліп талқылайды. Алдымен топ айтады, содан соң автор.

Сурет салудың тағы бір нұсқасы барлық топ бір суретті салады. Мұнда әр қатысушының белсенділігі мен басқалармен интерпритациясы талқыланады.

Психотерапия әдістерінің вербалды емес формаларына келесілер жатады, яғни олар өнермен қатынастың емдік әсері негізінде құралған: әуентерапия, библиотерапия, имаготерапия, арттерапия, натуртерапия, логотерапия, гештальттерапия, трансакты анализ, мироттерапия.

Бұлардың әрқайсысына қысқаша тоқталайық.

Әуентерапия. Бұл әдіс әсіресе психотерапевттің өзі орындаған жағдайда тиімдірек болады, сенімділік әсері туындайды. Мұны қолданатын авторлар бұл әдістің оң әсерімен қатар кері әсері де бар деп есептейді, клиенттер уайымның, тітіркенудің артып кеткенін айтып жатады. Әуентерапия бойынша жаттығулар үшін мысалы бағдарлама:


  1. Бах. Соната соль минор, 1 б; Шопен. Соната №3; Рахманинов, 1- концерт, 1- б.

  2. Шопен7 Ноктюрн ми-бемоль мажор, соч. 9. №2. Шуберт. Симфония №7 до мажор, ч. 2, Чайковский. «Времена года». «Февраль».

  3. Лист. Ноктюрн №3, Моцарт. Симфония №25, 2-б. Шопен. Вальс №2.

Библиотерапия кітап оқу арқылы ауру адамның психикасына әсер арқылы емдеу. Кітап оқу барысында клиент күнделік арнайды, оның анализі аурудың күйін объективті бағалауға көмектеседі. Мұны жеке және топта қолдануға болады. Кітаптар тізімін психотерапевт клиент мәселесімен сәйкестендіріп түзеді.

Имаготерапия мақсаты бейнелермен йнау арқылы емдеу. Адам өзінің динамикалық бейнесін түзеді. Имаготерапия да психотерапевттің ассистенттері үлкен рөл атқарады. Имаготерапияның мақсаты мен міндеттері келесідей:



  • Клиенттің жағымсыз жағдайларға адекватты әсер етуін дамытуға, шынайылықпен сәйкетендірілген рөлге кіруге жағдай жасау: осылайша «Мен» бейнесі дамиды;

  • Тұлғаның эмоционалды қайнар көздерінің, коммуникативті мүмкіндіктерінің нақтылануы мен байытылуы;

  • Клиенттің шығармашылық қабілеттерінің дамуы;

  • өмірлік тәжірибені, өзін өзі бақылауды дамытуға бағытталған жаттығулар;

  • клиенттің өмірін жаңа оқиғалармен байыту.

Арттерапия өнер терапиясы. Көбіне қолданбалы өнер тұрлері қолданылады. Арттерапиялық жаттығулар екі нұсқада жүзеге асырылады: берілген материалмен белгілі бір тақырыпта жаттығулар жасау және еркін тақырыпта еркін құлардармен жұмыс. Бұл әдістің бірнеше нұсқасы бар:

  1. емдеу үшін бар шығармашылықтарды талқылау мен клиенттердің интерпритациясы анализін қолдану;

  2. емделушілердің өзіндік шығармашылығын ояту;

  3. белгілі шығармалар мен өзіндік шығармашылықты қолдану;

  4. психотерапевттің өз шығармашылығы клиентпен өзара әсерге бағытталған.

Натурпсихотерапия немесе табиғаттың әсері. Кейде ландшафттерапия жайлы айтылады, алайда мамандардың арасында бұған ден қоя айналысатындар жоқ. Натурпсихологияның урбанизацияның бір түрі ретінде дамуында күмән жоқ.

Логотерапия немесе сөздік психотерапия. Психолог клиентпен оның эмоционалдық күйін вербалдау арқылы әңгімелеседі, осы арқылы клиент өз қиындықтарын өзі шешеді, оның тұлғасында қайта құру жүзеге асады, өзін өзі сыйлау жүзеге асады. Негізігі түсініктер: өзіндік эксплорация, вербализация, оң баға, эмоционалды жылулық, өзінідік когруэнтность, өзіндік сипат.

Өзіндік эксплорация - психологпен әңгімелесу барысында клиенттің әңгімеге дайындығы.

Вербализация - емделушімен психотерапевттің эмоционалдық күзелістерін сөздік сипаттауы.

Оң қатынас, оң баға , эмоционалды жылулық - өзге адамның тұлғалық құндылықтарын мойындау, оған қамқорлық көрсету, сол адаммен күзелісін бір кешуге дайындық.

Өзіндік конгруэнция - клиен немесе психологтың айтуы мен ішкі дүниесінің сәйкестендірілуі.

Өзіндік сипат – жекелік күйзелістер, ойлар, сезімдер, қимылдар, тілектерді жеткізу.

Гештальттерапия әсер етудің тиімді әдістерінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі(Ф.Перлз). Негізгі мақсаты тұлғалық потенциалын жоғарылату, оның күшін арттыру. Клиенттің өз өзімен, қоршаған ортамен байланыстағы күйзелістеріне жағдай жасау, бұрынғы өткен күзелістерінің сақталып қалуын қазіргі жағдайдағы керектігін түсіну психотерапиялық жүргізілу жағдайының негізгі болып табылады.

«Осында және енді» ұстагнымы гештальттерапияда басты ұстаным болып табылады. Клиентке осы шақта не істеп жаиқанын, не сезініп жатқанын, не ойлап жатқанын, не керек етіп жатқанын анықтауды сұранады. Өткенді бүгінге қайта келмеуін өтінеді.

Ойындар гештальтпсихолог ұйымдастыратын үрдістердің екінші тобы. Бұл жаттығулар клиентке өз күйзелістерін басқалармен экспериментке түсуге көмектеседі. Мысалы, «Аяқталмаған жмыстар», «Менің құпиям бар» және басқа. Мұнда үсжору арқылы жүргізіледі, оны өткен шақ есебінде емес нақ қазірге байланыстара отырады. Клиентке өз айтқандарын дәл қазір сезініп тұр ма, әлде айтқандарын сезінген бе деген сұрақтар қойылады.

Э.Бенрнің трансакті анализі. Оның тұжырымдамаларында тұлға «Мен» күйінің үш негізінде сипатталады. Бұл «Мен» күйінің Ата ана, Бала, Ересек сипаттамасы.

Егер адам психикасында эмоционалдық әсердің генетикалық бағдарламасы мен еліктеу болса, онда ол Бала күйінде тұр. Бала үш түрде көрінеді: табиғи, сұрапыл және икемделгіш.

Табиға Бала ата анадан айырылып қаупінен олардың талабынан тыс іс әрекетке бармайды. Сұрапыл Бала барлық ережелер, беделдер, тәртіптерді керіге шығарады. Икемделгіш Бала өзіне сенімсіз, қарым қатынаста ұялшақ келеді.

Ата ана күйі өзіне және басқаларға қысым, тыйым, мінез құлық нормаларын қояды. Ол бақылаушы және қатал түрде көрінуі мүмкін. Олар істеу керек, рұхсат, міндетті және т.б. сөздерді кемсітуге қолданады.

Ересек күйі бұл дағдылардың қабілеттердің оң бейнесі, шындықы және өзін шынайы бағалай алады. Э.Берннің пікірінше бұл үш күй әр адамның бойынан табылады.

Морита терапия, оның негізі Жапонияда 1921 жылы шығарылған Морита кітабында жазылған. Бұл барлық адамдардың талап тілегін түсіну мақсатында түзілген. Талабы өзгелерде жағымды бейне қалдыру. Морита әдісі келесідей: бірінші саты төсектегі төрт сегіз күн мүлдем тыныштық күйі. Бұл сатының нәтижесі қимылдауға тілегі болып табылады. Екінші саты бес он күн бойы жеңіл жұмыс атқару бірақ ешкіммен сөйлеспей. Клиент күнделік жүргізе бастайды. Үшінші саты бес он төрт күн бойы нәтижеге ағытталған ауыр жұмыс. Төртінші саты он төрт, жиырма бір күн шынайы өмірмен байланыс аурудан басқа нәрселердің барлыған айтуға болады.

Сонымен психотерапияның негізгі әдістері клиент пен психологтың өзара әсері мен ішкі әлемге үңілуге бағытталған. Психолог ой, сезім, қимыл, талап, армандардың үлгісін қүрады.


Каталог: 802A181CB337A9DF
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі «5,6,7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек»
802A181CB337A9DF -> Сайыстың атауы Білімді оқушы. Интеллектуалды ойын
802A181CB337A9DF -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі Мақсаты: Білімділік
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: §46-47. Қазақ халқының мәдениеті Сабақтың мақсаты
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі бойынша «Бақытты балалық шаққа құқық»
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: Психологиялық дайындық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Бар адамды құрметтеп, Бас иеміз біз
802A181CB337A9DF -> Н.Ә. Назарбаев Бала тәрбиесі баршаның ісі
802A181CB337A9DF -> Оқу жылындағы «Таза, терең, өткір, күшті кең тілім!» атты тілдер апталығының қорытындысы
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: Термоядролық реакциялар. Радиоактивті сәулелер. Сабақтың мақсаты: а білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет