Индивидуалды психотерапия барысында психолог пен клиенттің өзара әрекеттестігінің ерекшеліктері
Индивидуалды әдіс қатысушылары әртүрлі көзқарасты ұстанады, біреулері дәрігер болса, екіншілері пациенттің рөлін ойнайды. Қатысушылардың өзара әрекеттестік көзқарастары тең емес, клиенттің потенциалды мүмкіншілігі бар, ал психотерапевтэкстериоризиялық формада тұлға түтастығы туралы клиентпен өзара әрекеттестік пәнінің мазмұны ретінде көрсетуі қажет.
Реконструкциямен айналыс отырып, психолог клиентпен өзара әрекеттестік ситуациячында өзара әрекеттестік ситуациясында өзінің адам болмысы туралы кәсіби білімнің негізінде белгілі бір қатынас орнатады. Басқаша айтқанда психотерапевтің клиентпен жұмысы адам болмысы туралы философиялық көзқарастарға сүйенеді.
Өзара әрекеттестік пәнін анықтау мәселесі біздің көзқарасымыз бойынша психотерапевт әрекетінің әдісін таңдауды ғана емес, клиенттің проблеманы қабылдауын анықтағандықтан маңызды роль ойнайды.
Психотерапевтің адам болмысы туралы түсінігі келесідей мәселелерді шешуге көмектеседі: адам өмірінің құндылықтары, моральдық міндеттер құндылықтары, мейірімділік пен зұлымдық түсінігі т.б.
Психотерапевт кәсіби іс әрекетін бастамас бұрын адам болмысының негізгі мәселесінің мәнін түсіну маңызды.
Мұндай ойдың қажеттілігі тек психотерапевтің клиент алдындағы психологиялық міндетін щешу үшін ғана емес, клиент санасында оның психотерапевтің міндетімен әрқашанда сәйкес келе бермейтін өмірлік философиясының болуымен байланысты.
Қазіргі заманауи ғылыми техникалық революция адамнан өзінің өміріне ғана еес, көптеген адамдардың өміріне әсерін тигізетін жылдам шешім қабылдауды талап етеді. Бұл адамды жеңіске итермелейді, сондықтанда ғылыми әйгілі әдебиеттер адамға өмірлік сәттіліктердің жолдарын ұсынады. өмірлік сәттілікке жету нұсқауы шындық. Және бұл психологиялық тұрғыдан өте дұрыс. Алайда біз, ол тіпті маңызды психогендік факторлардың бірі болатындай мәліметтер атап өттік. Психолог клиентпен жұмысқа кірісе отырып, ол өз кәсіби іс әрекетінде «бақыт», «сәттілік» т.б. адам үшін маңызды ұғымдарды атайды.
Психологтың өмірге көзқарасын ең алдымен адамның өткені мен болшағын түсінуден анықтайды.
Психологтың философиялық көзқарасы өмірдің объективті жағдайларын субъективті түсінуі секілді мәселелерді қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар себептің рефлексивтік ұғымы психотерапевтке клиенттің болашағын дұрыс болжауға мүмкіндік береді.
Психологиялық ақпараттың өзгермелілігі психотерапевтке кез келген бағалау категориясын қолдануды талап етеді. Психотерапевт клиетпен динамикалық пән – оның ішкі өмірін талқылайды – сонымен қатар клиентпен қарым қатынастың өзгермелілігіне икемделеді. Тұрақтылықтың барлық элементтері олардың көзқарастарымен, әлеуметтік ролдермен анықталады.
Егер осы қатынстар клиентте жаңа альтернативалар тудырмай, жалған альтернативалар тудырса, онда психотерапевт пен клиент тек өз өмірлері үшін ғана емес, басқа адамдардың өмірі үшін жауапкершілікті қз мойындарына алады.
Клиентпен өзара әрекеттестік барысындағы психологтың көзқарасы реалистикалық оптимизмді болжайды. Біздің ойымызша, психотерапевтке конструктивті қатынас тән.
Сонымен қатар психотерапевт жұмыс істейтін адам даралығы құндылығына басқа адамдар құндылығы секіліді күмән келтірілмейді. «Басқа адамдар»- бұл да психотерапевт үшін шаруашылық категория, оның мазмұны адамға оның ішкі әлемінің, адами болмысының мәнін анықтауға мүмкіндік береді.
Топтық психотерапия
Бүгінгі таңда қарқынды дамып келе жатқан психотерапевтік әдістің бұл формасы әртүрлі ауруларға қарсы қолданылады.
Әдебиеттерде неврозды емдеу, психогендік ауытқу, мінездің паталогиялық ерекшеліктері, наркомания, алкоголизм, токсикамания, психоз және эпилетциялар, нерв жүйесінің оргаикалық аурулары, жүрек тамыр және басқа да аурулар сипатталған.
Топтық психотерапия адамның жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылмайды- мектепке дейінгілерге бастап( бұл әдісті мысалға ; А.В. Спиваковская) қарт адамдарға дейін ( И.А Мизрухин бұл психотерапевтік әдіспен 100-142 жастағы адамдарды емдеген)
Көптеген психотерапевтердің көзқарасы бойынша, топтық психотерапия адамдармен қарым-қатынастарында едәуір ауытқушылықтары бар адамдарға қолданылады. Сонымен қатар мұндай адамдарға фобикалық бұзылу қарым-қатынастық конфлик тән болғандықтан индивидуалды психотерапияда жүргізіледі.
Топтық психотерапия көп жағдайда ауру адамға өзінің жекелік тұлғасы үшін қауіп қатерлі ситуация сияқты болып көрінеді. Бұл ситуация жаңа қорқыныш пен қорғануды тудырады. Ауру адамдар өздерін қорқынышта сезінеді, топта ашылудан үрейленеді, және де бұл әдістің мақсаттылығын түсіндірп беру қиынға соғады.
Сол себепті психолог ауруды топқа қатысу үшін дайындау керек, жағдайларды өзгету керек, мотивайиондық компаненттерді күшейту керек- осының барлығы да ауруды емдеуде көп көмек береді. Психолог аурумен топтық психотерапияның ситуациясына оның қатынасын үнемі сұрастыруы керек, оның көзқарасын ескеруі қажет.
Міне осындай психологпен жеке қатынас арқылы тек қана жеке ауру адамның ғана емес жалпы топтық психотерапияның ішкі мәнін толықтыра алуға болады.
Емдеудегі дәрігер топтық психотерапия кезінде ауру адаммен не болатын, оның қандай күйде болатынын әрдайым қадағалап отыруы керек. Ол оған қысым көрсетумен қатар қорғайда білуі жөн.
Негізінде топтық терапиямен айналысатын психолог, индивидуалды психотерапевтік қабылдаумен айналыспайды. Ол аурудың жеке дәрігерімен және жеке психологімен қарым-қатынаста болады. Бұл ауруды топтық психотерапияға қосу үшін қажет шарт.
Индивидуалды психотерапия топтық жұмыспен қатар жүргізіле береді, алайда оның қарқындылығының дәрежесі ауру адаммен жұмыс фазасымен емделу фазасына тікелей байланысты.
Осылайша индивидуалды психотерапиямен емделудің соңғы фазасында ол шектеліне береді. Негізгі мақсат топтық жұмыстың формасына қойылады. Бұл кезеңде клиент өз іс -әрекеттерін бақылау қатар,тек қана өзі өмірін өзгерте білетінін сезінуі қажет.
Бірқатар психотерапевтердің пікірі бойынша, топтық психотерапияның рөлі зор, өйткені ауруға өз-өзіне басқа көзқараспен қарауға көмектеседі. Өз іс-ерекеттерін жөндеуде де маңызы зор. Топтық психотерапия ашық және жабық топтан құралады. Үлкен топ 25-30 адамнан құралса, кіші топтың құрамы 8-12 адамнан құралады.
Практикалық түрде психотерапиялық топтың құрамын жасауда бірқатар шектеулер бар, мысалға; топқа мінездік истерикалық немесе ананкастикалық акцентуациялары бар, ауыр обессивтік симптоматикалық аурулары бар 2-3 адамдардың болуы дұрыс емес.
Бұндай жұмыспен айналысу жүйілігі әртүрлі бола береді-аптасына бір реттен басталып күнделіктіге дейін, көбнесе нақты ситуацияның емделуіне байланысты.
Жұмыстың оптималды ұзақтылығы -1-1,5 сағат. Топ амбулаторлық немесе статционарлық, қысқа мерзімді 1-6 айдан немесе ұзақ мерзімді ( бірнеше жылға дейін) болып бөлінеді.
Жабық топта оның мүшелерінің саны тұрақты. Ал ашық топта тұрақсыз себебі, бұндай топта жаңа аурулар қосыла береді. 50 жастан асқан адамдарменен 18-жасқа толмаған аурулар үшін, оларға сәйкес етіп топ құрылуы керек.
Психолог алдын ала топ мүшелеріне топтық психотерапияның барлық принциптері мен шарттарын таныстыруы арқылы, оның нәтижесін бұрын емделген ауруларды таныстыру арқылы түсіндіре алады.
Психотерапевтік жұмыстар міндетті түрде белгілі бір уақытта, белгілі бір жайлы жерде, дөңгелек тәрізді қойылған орындықтарда жүргізілуі шарт. Бар болған жағдайда психотерапевт ортада ақ халат пен ерекшеленуіне болады.
Жүргізілетін жұмыстардың бірінде психолог топтағы жұмыстың негізгі принциптерін топ мүшелеріне таныстыруға міндетті:
►топтық жұмыстардың қатаң тәртібін орындау,
►топта ашық және шынайы сөйлесуге тырысу,
►топта болатын жұмыс барысын сыртқа шығармау( бұл жалпы топқа, және
топ мүшесіне байланысты),
►топтағы жолдастарына топқа қосылуға көмектесу, олардың ауруларыннан
қайғы –қасіреттерінен құтылуға өзара көмектесу арқылы оларды жеңу,
►ортақ тақырыптарға уақыт кетірмеу, тек қана нақты проблемаға, нақты
жеке дара және нақты жалпы праблеманы шешу,
►өзгелердің көзқарасын пікірін, кеңесін тыңдау, бірақта шеішді өзі
қабылдау.
Біржағынан жоғарыдағы принциптер көптеген аурулар үшін ауыр сондықтанда мұндай қиындықтар ортаға салынып талқылануы мүмкін.
Дәрігер мен психологтың топтық психотерапиядағы жұмыс жасау формалары әртүрлі болуы мүмкін. Дәрігер жұмысының тәжірибесі бойынша жұмыс жасау түрлері былайша іске асады: топтағы паценттер индивидуалды психотерапияны басқа дәрігерден қабылдайды; немесе топтағы біршама клиенттер үшін дәрігер –топтағы психотерапевте бола алады.
Б.Д.Карварскийдің пікірі бойынша бір ғана дәрігердің жабық топтағы паценттері топтық психотерапияда невроз ауруларына шалдыққандар үшін ыңғайлы болып келеді.
Топтық психотерапия қарым-қатынас жүйелігі үшін анықталған мақсатқа бағытталған жолмен жүзеге асды, яғни емдеудегі мақсаттағы топтық динамикамен байланысты. Міндетті түрде топ мүшесі өзін -өзі көрсетуде топтағы басқа мүшелермен қатынасына жағдай туғызып тұғаны абзал.
Топтық қарым-қатынас нәтижесінде топ мүшелерінде ең бірінші өзінің өзгелермен арасындағы адекватты және толық механизмдер мен заңдылықтармен танысу жүреді.
Топта оның әр мүшесінің жеке дара төсуі байқалады. Белгілі бір ситуацияны бастан кешу арқылы өзіндік санасы кеңейеді. В.П.Зинченка жазғандай «өзінің объективті мәнділігінде сана өз жоғарғы сезімталдылығымен және табиғи үстемдігі арқылы тікелей қасиеттерін сақтайды-ол яғни туралығы тікелей мәні арқылы сана туынды шығарады... Мысалы: философия »
Психотерапевтік топтың дамуы мен функциялары бірқатар авторлардың ойынша, топ мүшелерінің санасымен өзіндік саналарының өзгеруінде 3 қатар финоминдерді анықтап берді. Бұл финоминдер топтың дамуының дәрежесімен байланысты, және төмендегедей сипатталады.
1.Фаза-күш салу жоғарғы дәрежеде сипатталады. Бұл жағдайда психологтың талаптарын ескеру, топтың ситуациясымен танысу, жаңа жағдапйға үйрену арқылы үрейді кетіру бұл фазаның ұзаққа созылуын тудырады.
2.Фаза-дәл осылай көп күш салушылық болады, бірақта 1-ші фазада клиенттер көбнесе пассивті күйде болса, 2-ші фазада анағұрлым белсенді іс-әрекеттілік байқалады. Сонымен қатар бұл ситуацияда психологпен пікір алмасу проблемаларды талқылау, өз күшіне өзі сенбеушілік, өзін өзі ұстай білушілік, мәселелері психологпен кең талқыланады және пацент психологтан көмек күтеді.
Бұл фазаның соңғы этапында топтың структуралық құрамы белгіленеді, оның мақсат пен нормалары қарастырылады. Жалпы алғанда бұл кезеңде жағдай тек жақсы жаққа бағытталады, белсенділік реттеледі және т.б.
3.Фаза- бұл белсенді түрде жұмыс істейтін психотерапиялық топ, қызығушылық, шынайылық, шапшаңдық психотерапиядағы міндеттерді шешуге жағдай туғызады-қарым –қатынастық жүйе өзгереді, іс-әрекет формалары түзеледі.
Топтық жұмыстағы тақырыптарды былайша бөлуге болады, жеке клиенттеердің биографиясы олардың қазіргі уақыттағы проблемалар өмірлік ситуациялар, олардың топтағы бастан кешірген күйлері.
Егер клиент топтан кететін болса, ол топтағы алғашқыда әсерін, іс-әрекетіндлегі өзгерісті баяндайды. Ал егер клиент ешқандай нәтижелі өзгеріссіз кетіп бара жатса топ бұл мәселені талқыға салып, кеңес береді.
Психологтың негізгі құралы вербальды-және вербальды емес реакция.
Сана мен өзіндік сананы дамытудағы вербальдық құралмен әсер ету психолог үшін топ мүшелерінің белсенділігін белгілеуде негіз болып табылады.
Бұл әсер ету құралдарын төмендегідей категорияларға бөлеміз:
1. Жұмыс барысын құру –яғни белгілі бір сұрақтар арқылы жұмыс
бағдарламасын және барысын бастау, «біздің бүгінгі тақырыбымыз
қандай», өзі жайлы айтуда бүгін кімнің кезегі «бүгінгі тақырыбымыздың
ата мынадай», және т.б.
2. Психологиялық ақпараттардың жиынтығы психолог өз сұрақтарын
қолданады белгілі бір субъективтік модолдық параметрлері жайлы.
3. Интрпретация- ең кең қолданылатын әдіс, ол клиенттің өткеніне де не
болмаса өзектілігене де қаттынаса алады. Бұл арқылы клиенттің
эмоцияларын байқау, онымен бірге конфронтацияда болу; яғни
интрпретация клиенттің іс-әрекетін жағдайларын негіздерін гипотездеу.
4. Сендіру және айныту, тікелей және тікелей емес байланысында.
5. Ақпаратты көрсету, елестету.
6. Паценттер орындаудағы шешімдердің құрылымы (вербальды емес әртүлі
әдістерді қолдану арқылы)
Психокоррекция – бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады. Жеке бас дамуына әсер ету жас және дара психологиялық ерекшеліктеріне (танымдық, эмоционалды-еріктік, қалыпты мінез-құлық және қасиеттеріне ) қарай жүретін қалыпты процес.
Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері
Тәжірибелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен алынған нәтижені негізге ала отырып, жеке бас дамуын қалыптастыруға коррекциялық жаттығулар қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру болып табылады.
Психокоррекциялық жұмыста «коррекция» терминінің кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың 70 жылдарынан басталды. Тура аудармасы «исправление - түзету» деген мағынаны береді. Психолог жеке тұлғпның мінез-құлқы мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалық екі бөлімде қарастырылады.
1. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жоспарын жасап, оны жүзеге асырады.
2. Ал педагогикалық бөлімінде психолог басқа мамандармен – мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен біріге отырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады.
Р.С.Немовтың пікірінше, «психокоррекция» ерекшелігі – психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсер ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.
Психокоррекцияның басқа бағыттардан ерекшелігіне сипаттама:
психикасы сау адамдарда біріншіден күнделікті өмірде шешілмеген мәселелері болады, психологиялық қиындықты сезетін ашуланып, оған шағым жасайтындар, ал екіншіден өзін жақсы сезінетін, сондай-ақ жеке бас дамуын талпыныста ұстап, өзгеруге дайындық деңгейдегі индивидтерге жүргізіледі;
мінез-құлқындағы ерекшелікке коррекциялық жұмыстар жүргізерде, психикалық саулығы міндетті түрде ескеріледі;
психокоррекция жұмыстар жүргізілуі жеке тұлғада нақты шамада бүгін және ертеңге бағытталады;
орта мерзімде көмек беруге бағытталады (психологиялық көмек индивидті қабылдау 15-реттен аспайды);
психологтың жұмыс жоспары индивидтің құндылық қорына негізделе құрылады;
әсер ету деңгейі индивидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлық өзгеруіне бағытталады.
Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты – баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.
Психокоррекциялық мақсат 3 бағытқа негізделеді:
1. Әлеуметтік даму жағын ықшамдау;
2. Балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту;
Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру;
Психокоррекцияның негізгі міндеттері:
Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субьектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.
Психокоррекциялық бағдарлама құрудың түрлері:
- коррекцияның жалпы моделі сабақ жүктемесін құрастыруда баланың жеке бас дамуы жағдайы, қоршаған орта мен адамдар арасындағы жүйелі қатынастары ескеріле отырып, ықшамдап күнге, аптаға және айға бөліп қарастырады.
- коррекцияның типтік моделі тәжірибеге негіз етіп, түрлі жетекші іс-әрекет (ойын, оқу және еңбек) қимылын ұйымдастыру.
- коррекцияның жеке моделі баланың жеке психикалық дамуын, қызығушылығын, білімін және мәселелелрінің түрлерін белгілеу.
- стандартты бағдарламада: қажетті құрал-жабдықтар, қатысушыларға қойылатын талаптар мен кезеңдерге бөлінген жоспар.
- еркні бағдарламада: психолог психокоррекциялық мақсат, міндеттерді еркін жоспарлайды және кезеңдерге өз қалауынша бөле алады.
Психокоррекциялық жұмыста әсер ету деңгейі психологтың кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігіне байланысты:
Теориялық жағынан ( баланың психикалық даму заңдалағы мен жас кезеңдерін, оқыту мен тәрбие мәселесіндегі қатынасты, жеке және шығармашылық қабілетті білуі ) дамуы, арнайы әдістерді ( бір әдістің немесе ықпалдың мүмкіндіктерін ) және жағдайларды білуі және дайындығы жатады.
Тәжірибелік жағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялық әдістер мен әдістемелерді қолдануды меңгеруі, қызметіндегі құпияларды сақтай білуі мен сенімділігі.
Жеке тұлғалық дайындығы жағынан психологтың жеке басында алдымен өз мәселесі (өзін-өзі басқару) – бойынша жұмыстың жүргізілуі, өзіндегі жағдайды шеше білуі ( жеке мәселесін шеше алмаса, алдына келген индивид мәселесіне тепе-тең көзқараста қарай алмайды) нейтралды ара қашықтықты ұстай білуге мүмкіндік береді. Психолог күнделікті өзімен жұмыс жасап, жеке басын жетілдіріп отыруы қажет, себебі алдымен сыртқы түрімен сенімге еніп, әсер етеміз.
Психокорекцияның түрлері.
Сипатына қарай: симптомды (ауру белгісі) және каузалды (себеп) деп бөлініп, дер кезіндегі дамудағы кедергіні анықтайды.
Ұзақтығына қарай: тым қысқа, қысқа және ұзақ, тым ұзақ болып келеді. Өзекті мәселені шешуге қажетті бір немесе бірнеше сағаттар, айлар сондайқ кейде жылға созылуы мүмкін.
Міндеттің ауқымына қарай: жалпы, жеке және арнайы болып бөлінеді. Кешенді ұйымдастырылған жұмыстар жеке, жалпы және арнайы топпен жүргізіледі.
Мазмұнына қарай: танымдық өрісі жеке тұлғалық, аффектілі еріктік, мінез құлық тұрғысынан, тұлғааралық қатынасынан, топ ішілік ата ана мен бала қатынасынан тұрады.
Жұмыс түріне қарай: жеке топпен, табиғи жабық топпен (ұжым, отбасы, ерлі зайыпты).
Бағдарламаға байланысты: бағдарламалық және жанынан шығарған еркін тақырыптар.
Әсер етудегі басқару: Дерективті және дерективті емес болып қарастырылады.
Білім беру мекемелерінде психокоррекциялық жұмыс психологиялық педагогикалық әсер тұтастығы оны түзетуде бала дамуынағы бұзылыс пен жетіспеушілікке ағарту жұмыстарын қолдану. Ол екі байланыста көрінеді: симптомдық жкек ауытқуға және этимологиялық шығу себебіне бағытталған.
Психолог коррекциялық жұмыстармен айналысқанда келесі тізбекпен жұмыс жасайды: а) не бар? б) не болу керек? в) қажетті нәрсе болу үшін не істеу керек? Оған жауап беруде психиканың дамуын үш деңгйде қарастыра, түсінік берумен талдауда тұрады ( Г.С. Абрамова).
Нерофизиологиялық деңгейінде ( не бар?) психолог құбылысты ми қызметі туралы білім негізінде зерттеп, ми шабуылын басты ұстанымдарға, ми қабығы мен психикалық қызметтерге бағыттайды.
Жалпы психологиялық талдауды ( не болу керек?). Психика қызметінің механизімі мен заңдылықтары негізінде алынған көсеткіштер қолданылады.
Жеке ерекшелік психологиялық деңгейінде ( қажетті нәрсе болу үшін не істеу керек?) жеке тұлғаны жас және дара ерекшелігіне қарай сәйкестендіре нақты талдайыды.
Психокоррекциялық мәселеге әдіснамалық негізді батыс елдерінде екі үлкен топқа бөлді; психодинамикалық және мінез құлық психология пәні оны бағытына қарай сана және мінез құлықта қарастырады. Бұл ықпал бала мен жеткіншекте жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстың мақсаты, стратегиясы және әдістерін ескертеді. Психодинамикалық ықпалда қолданылатын ойын терапиясы, арттерапиясы және бала психоанализі бойынша ерекшеленсе, мінез құлықтық терапияда қарастыратын балада мінез құлық дағды жолдары туралы білімді (жетондық бағдарлама) бейімделуге үйлесімді моделдерді, орындаушы біліктілігін дамытуға (мінез құлық тренингі), өзіндік реттелуге (скилл терапиясы) қалыптастырады. Іс әрекеттік ықпалда отандық психологиялық мектепке арнайы білімді іс әрекетте ұйымдастырады, коррекциялық жұмыста ішкі және сыртқы белсенділікті басқару мен бақылауды және деңгейге көтеру арқылы психологиялық құралдарды меңгереді (Л.С.Выготский, А.Р. Лурия, П.Я.Гальперин.) Психокоррекциядағы психологиялық механизм деп интериоризация (импорт) сыртқы әрекетті (көшірме жасау, нұсқау бойынша орындау, көрсету) ішке қарай «айналдыру» (Л.С.Выготский.) Осы бағыт бойынша іс әрекеттің жоспарлы әдістемесіне балалар мінез құлқына ойын коррекциясы және психогимнастиканы қалытастыруға болады.
Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастырудағы негізгі ұстанымдар.
Психокоррекциялық бағдарлама құруда ескерілетін ұстанымдар: жас және дара дамудың психологиялық ерекшелігін есепке алу, жүйелілік, бірлік және іс әрекет күрделендіру ұстанымымен қатар В.С.Выготскидің енгізген «таяудағы даму аймағы» есепке алынып «жоғарыдан төмен » және «төменнен жоғары» ұстанымы негізінде құрастырылады.
Әртүрлі коррекциялық бағдарламаны құрастыруда осы ұстанымдарды ұстану қажет.
Коррекция, алждын алу және джамыту міндеттерінің жүйелік ұстанымы. Онтогенезде психиканың даму сипатымен оның күрделілігін жүйелі есепке алудан тұрады. Кез келген дамыту түзету бағдарламас осы негезде құрастырылады
Мақсаты мен міндеттері үш деңгейлі мақсат жүйесінде қалыптасуы қажет:
Коррекция арқылы дамудағы ауытқу мен бұзылысты, ескеру қиындықтарды жою.
Профилактикалық (ағарту) дамудағы ауыт қу мен қиындықтарды ескерту.
Дамыту даму маңызын қолайлы ету жіне жағдай жасау.
Коррекциялық дамыту іс әрекетіне мақсат пен міндеттерді анықтауда бүгігі күннің өзекті мәселесімен шектелуге болмайды, «таяудағы даму аймағын» ескеру қажет.
Диагностика мен коррекция бірлігі ұстанымы.
Тапсырыс берушіге психологиялық көмек көрсету тәжірибелі психолог маман іс әрекетінің негізгі түрі ретінде процестің біртұтастығын көрсетеді. Коррекция жұмысының тиімділігін 90% анықтау қаншалықты терең, мұқият зерттелуіне байланысты коррекциялық жұмыстарды жүзеге асырудың бастамасын диагностикалық зерттеулер алуы тиіс, соның негізінде алғашқы қорытынды жасалып, коррекциялық дамыту жұмысының мақсаты мен міндеттері қарастырылады. Коррекциялық дамыту іс әрекектін жүзеге асыруда, жеке тұл,адағы өзгеріс динамикасын, мінез құлқын, іс әрекетін, эмоционалды жағдайын, оның түзету жұмысы барысындағы сезімдері мен мазасыздықтары ұдайы бақылауды қажет етеді. Бағдарлама міндеттері тапсырыс берушіге психологиялық әсер ететін әдістер мен тәсілдерге дер кезінде өзгертуге толықтыруға мүмкіндік береді.
Каузальды тип түзетудің артық шылық ұстанымы: ең сәтті жүргізілген синтомдық жұмыстың өзі клиенттің бастан өткізген қиындығын соңына дейін ешіп бере алмайды. Түзету әс шараларын, артықшылығы дамудығы қиындық себептері мен ауытқуды анықтау және жою болып табылады.
Коррекцияның іс әрекеттік ұстанымы: іс әрекеттің қалыптасу негізі А.Н Леонтев, Д.Б Элконин еңбектеріндегі баланың психикалық дамуы теориясы болып табылады. Коррекциялық жұмыстың жүргізілуі әдістердің қолданылу жолдары мен қойыоған мақсаты анықтайды. Коррекциялық дамыту әсерінің басты тәсілі клиентте белсенді іс әрекетін ұйымдастиыру оның жүзеге асыру барысында ауыр, әрі даулы жағдайларды бағдарлау үшін түрлі жағдайлар жасалады, негіз етіп тұлғаның жағымды дамуы қарастырылады.
Клиенттің жас кезеңі, психологиялық және дара еркшеліктерін есепке алу ұстанымы: Клиенттің жеке ерекшелігін нақты есепке алу, әрбір дамудың қолайлы бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
Психологиялық әсер етудің кешенді әдістер ұстанымы: Тәжірибелі психологияның әдістерінің барлық деңгейде, тәсілдері мен техниканы қолдану қажеттілігін білдіреді. Бірде бір техника немесе әдістеме бір ғана теорияның меншігі емес. Бұл әдістер әр түрлі мәселелері бар тапсырыс берушіге тиімді психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |