2. H2O2 ашу реакциясы. Сынауыққа 3 мл су құйып, оған 2-3 тамшы K2Cr2O7 ерітіндісін және 2-3 тамшы сұйытылған H2SO4 ерітіндісін қосыңдар. Оған 1 мл этил эфирін және 1-2 мл алдыңғы жұмыста алынған H2O2 қосыңдар. Сұйықтықтарды жақсылап араластырыңдар. Эфир қабатының көк түске боялғанын бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. H2O2 ыдырауы және оның жылдамдығына катализатордың әсері. Сынауыққа 2-3 мл алдыңғы жұмыста алынған H2O2 құйып, оны қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Оны қалай тексеруге болады? Осы тәжірибені 2-3 мл сутек пероксидіне азғана MnO2 қосып қайталауға болады. MnO2 қалай әсер етеді? Бөлінген газды тұтанған шырақпен тексеріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.