Программа дисциплины (Syllabus) Органикалық химия Оқу пәнінің атауы / Наименование учебной дисциплины 6В05304



бет5/31
Дата06.02.2022
өлшемі7,81 Mb.
#78626
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Химиялық қасиеттері:
Бензол ядросының беріктігі жоғары, мұны ароматты көмірсутектердің орын басу реакциясына бейімділігімен түсіндіруге болады. Орын басу реакциясына бейім алкандарға қарағанда ароматты көмірсутектердің ерекшелігін ядродағы сутек атомының өте қозғалғыштығымен түсіндіруге болады, сондықтан галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу және басқа реакциялар алкандарға қарағанда жақсы жүреді.
Темір (ІІІ) тұздары – катализаторы қатысында бензол орынбасу реакциясына түседі:

Бензол осылайша хлормен де әрекеттеседі. Егер бензолға азот және күкірт қышқылдарының қоспасымен әсер етсе нитробензол түзіледі:
C6H6 + HNO3(H2SO4) → C6H5NO2 + H2O
Бұл реакцияда күкірт қышқылы катализатор және су сіңіргіш ролін атқарады. Бензол гомологтары орын басу реакциясына оңай қатысады. Мысалы, метилбензол C6H5-CH3 бензолға қарағанда нитрлеу реакциясына оңай түседі:

Толуол 2,4,6 – тринитробензол
Бұдан бензол молекуласына қарағанда толуол молекуласында сутек атомдары қозғалғыш екенін көруге болады. Бензол және оның гомологтары Pt және Pd катализаторының қатысында бөлме температурасында 0,3-0,5 МПа қысымда сутектенеді:

Белсенділігі төмен никель катализаторының қатысында жоғары температура (150 – 250 0C) және 12 МПа дейінгі қысым талап етіледі. Бұл жерде бензолдың алкилбензолдарға қарағанда оңай сутектенеді.
Нафталин бензолға қарағанда оңай сутектенеді. Сутектену сатылап жүреді: бастапқыда тетралин түзіледі де, одан соң біртіндеп декалин түзе сутектенеді:

Нафталин тетралин декалин
Бензол тотығуға өте тұрақты. Оған қарағанда бүйір тізбекті ароматты көмірсутектер оңай тотығады. Бензол гомологтарына күшті тотықтырғыштармен (KMnO4, HNO3) әсер еткенде тек қана бүйір тізбектері тотығады. Калий перманганатының әсерінен толуолдың метил тобы тотығып, карбоксил тобына айналады да, бензой қышқылы түзіледі:

Толуол бензой қышқылы

Этилбензол

о-ксилол о-фтал қышқылы
Бензол және оның гомологтары ауада жалын шығара жанады:
2C6H6 + 15O2 →12 CO2 + 6H2O
Ароматты көмірсутектердің басты көзі мұнай болып табылады. Көптеген мұнайдың түрлерінің құрамында ароматты қатар көмірсутектерінің аздаған мөлшері болады. Ароматты көмірсутектерді өндірісте алу негізіне циклоалкандарды сутексіздеу және алкандарды дегидроциклдеу жатады, мұндай процесс мұнайды катализдік рифоминглеу деп аталады. Катализатор ретінде өте таза алюминий тотығына жалатылған платина қолданады. Осындай жағдайда ароматты көмірсутектер реакцияның негізгі үш түрі нәтижесінде алынады:
- циклогексан және оның гомологтарын сутексіздеу, мысалы:

- циклопентан гомологтарын дегидроизомеризациялау, мысалы:

- алты немесе одан да көп көміртек атомы болатын алкандарды дегидроциклдеу (Pt/Al2O3 катализаторы қатысында), мысалы:

Қазіргі кезде 90% жуық бензол және оның гомологтарын өндірісте мұнайды катализдік риформинглеу нәтижесінде алады. Ароматты көмірсутектер химиялық шикізат ретінде және мотор отынының детонацияға төзімділігін арттыратын компоненті ретінде маңызды роль атқарады. Бірақ реактивті және дизель отындарының құрамында олардың болуының қажеті жоқ, себебі олар отынның жану процесіне теріс әсер етеді. Айдау кезінде май фракциясына түсетін парафинді бүйір тізбекті полициклді арендер майлардың тұтқыр температуралық қасиетін төмендетеді, сондықтан да майларды тазалағанда оларды аластауға тырысады. Бензол, толуол, этилбензол, ксилол, нафталин көптеген мұнай химиялық және органикалық синтезде, синтездік көксағыз, пластмасса, синтетикалық талшық, қопарылғыш, анилин бояғыш және дәрі дәрмек заттар өңдірісінің маңызды салаларында өте маңызды химиялық шикізат болып табылады.


Негізгі әдебиеттер: 1-5
Қосымша әдебиеттер:1-9

Каталог: public -> files
files -> Поурочное планирование по программе А. В. Перышкина и Е. М. Гутник «Физика 7 9»
files -> Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 5-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі
files -> Көрнекілігі: слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі
files -> Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер
files -> Оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» кмм І жартыжылдыққа оқу-тәрбие үрдісі бойынша есебі 2018 жыл 2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі»
files -> «Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шараның қорытынды есебі
files -> І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі Тәрбие жұмысының жазбаша есебі
files -> Киров негізгі мектебі бойынша Республикалық қайырымдылық "Қамқорлық"акциясы айлығына орай өткізілген іс-шаралардың есебі
files -> Тақырыбы: Әділет сұлтанның шешімі Білім беру саласы: «Коммуникация»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет