Программа по предмету «Русский язык»


Учебная программа по предмету «Казахский язык»



бет6/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,26 Mb.
#548
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Учебная программа по предмету «Казахский язык»
1. Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.

  2. Пәннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі.

  3. Бағдарлама өзге тілде білім алатын негізгі мектеп оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді көздейді.

  4. Бағдарламада тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, өзге тілді мектептің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.

  5. Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен олардың сипаттарының негізінде негізгі орта мектеп сыныптарында қазақ тілін үйретудің деңгейлері айқындалды және оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді:

    1. 5-7 сыныптардағы негізгі деңгей-А2.1.2 3 игерімді қамтиды:

қалыптасу қарсаңындағы орташа игерім А 2.1 – 5-сынып;

қалыптасу қарсаңындағы толық игерім А2.1.1 – 6-сынып;

қалыптасқан бастапқы игерім А2.1.2 – 7-сынып;

2) 8-9-сыныптардағы орта деңгей-А 2.+ 2 игерімді қамтиды:

қалыптасқан орташа игерім А 2.2 – 8-сынып;

қалыптасқан толық игерім А 2.+ – 9-сынып.

  1. Бағдарлама қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне қол жеткізу мүмкіндіктері қарастырады.

  2. Пәнді оқыту мақсаты – негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

  3. Пәнді оқыту міндеттері:

    1. оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

2) оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

3) қарым-қатынас әдебі нормаларын меңгерту:

4) күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру;

5) оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу;

6) оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру;

7) оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.



  1. Бағдарламаның білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекеттік, қатысымдық-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі, оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі, білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды.

  2. «Қазақ тілі» пәнінің білімдік, тәрбиелік мақсаттары төмендегідей пәндермен тығыз байланыста іске асырылады:

    1. «Қазақ әдебиетімен»: қазақ тілін жүйелі әрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ әдебиеті шығармаларынан алынатындықтан, олардың арасындағы байланыс үздіксіз жүргізіліп отырады. Олар оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар эстетикалық талғамдарын да арттыруға, көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл байлығын молайтады;

    2. «Орыс тілімен»: қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда екі тілді салыстыру әдісі, бір жағынан, оқушының дүниетанымын кеңейтсе, екінші жағынан, тілді сапалы меңгертуге, саналы түсіндіруге әсер етеді. Орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы байланыс сөз әдебіне қатысты ерекшеліктерді ұғындыруда да маңызды болып саналады;

    3. «Қазақстан тарихымен»: тіл мен тарихтың байланысы термин сөздерді, басқа тілден енген сөздерді дұрыс меңгертуде ерекше рөл атқарады. Сөздердің этимологиясын түсіндіруде де тарихи фактілерге сүйену оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді;

    4. «Информатика» пәнімен: оқушыларға ұсынылатын өздік және шығармашылық тапсырмаларды сапалы орындауға ақпараттық технологияларды қолданудың ықпалы зор. Интернет көздерінен материалдар тауып, оларға талдау жасау, ой қорыту, алынған материалдарды өз жұмыстарында орынды қолдануға үйрететін жұмыстар оқушылардың ақпарттық мәдениетін дамытуға жол ашады;

    5. жаратылыстану циклі пәндерімен: қазақ тілінің жаратылыстану пәндерімен сабақтастықта меңгертілуі оқушылардың сөздік қорларын молайтуға және түрлі тілдік жағдаяттарда қазақ тілін орынды қолдану дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді. Қазақ тіліндегі терминдерді сауатты қолдануға мүмкіндік туғызады.

  3. Оқу жүктемесінің көлемі:

    1. оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:

5-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

6-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

7-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

8-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

9-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

2) оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:

5-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;

6-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;

7-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;

8-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;

9-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат.


  1. Оқу бағдарламасының білім мазмұнында сағаттар мөлшері оқыту тіліне байланысты келесідей үлгіде көрсетілген. Мысалы: І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая –32/18 сағат: «Біз үйде бір-бірімізге көмектесеміз» – 12/8 сағат. Мұндағы алдыңғы сан орыс тілді мектептерге, ал соңғы сан өзбек, ұйғыр, тәжік тілді мектептерге арналып көрсетілген.



  1. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны




  1. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.

  2. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды.

  3. Әлеуметтік-тұрмыстық ая –32/18 сағат. «Біз үйде бір-бірімізге көмектесеміз» –12/8 сағат:

    1. тілдік бөлім: зат есім. Атау септік. Жалқы есімдер. Тәуелдік жалғаулары. Жекеше, көпше түрлері. Шылау. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;

оқылым: отбасы мүшелеріне қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту;

айтылым: өз отбасы мүшелері туралы баяндау;

жазылым: отбасы мүшелері туралы жазу;

тілдесім: сыныптастарымен, достарымен өз отбасы мүшелері туралы сөйлесу;



3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің үлгілері.

  1. «Досыма е-mail жіберемін» – 10/6 сағат:

    1. тілдік бөлім: реттік сан есім. Ілік септігі. Жатыс септігі. Етістік. Осы шақ. Етістіктің жіктелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;

оқылым: өзінің е-mail-і, мекенжайына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту;

айтылым: өз е-mail-і, мекенжайы туралы баяндау;

жазылым: өз е-mail-і, мекенжайы туралы мәлімет жазу;

тілдесім: сыныптастарымен, достарымен өз е-mail-і, мекенжайы туралы сөйлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әдеби-ақпараттық мәтіндер.

  1. «Ас дәмді болсын! Таңғы, түскі, кешкі ас» –10/6 сағат:

    1. тілдік бөлім: сын есім. Барыс септігі. Етістік. Ауыспалы осы шақ. Жіктелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;

оқылым: тамақтануға қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту;

айтылым: өзінің сүйікті асы туралы айту;

жазылым: өзі ұнататын тағам туралы жазу;

тілдесім: сыныптастарымен, достарымен таңғы, түскі, кешкі тамақ туралы сөйлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ас қайыру, бата беру туралы мәлімет.


  1. Әлеуметтік-мәдени ая –36 /26 сағат. «Менің елім – Қазақстан» –12/9 сағат:

    1. тілдік бөлім: септеулік шылау – сияқты. Ілік септігі. Барыс септігі. Зат есім, көптелуі, тәуелденуі. Менің елім – Қазақстан. Қазақстанның ел ордасы – Астана қаласы. Алматы – мәдени орталық. Қазақстанда Қарағанды, Атырау қалалары бар. Алматы, Қарағанды, Атырау – ірі қалалар. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;

оқылым: Қазақстан мен оның қалаларына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту;

айтылым: Қазақстан мен оның қалалары туралы баяндау;

жазылым: Қазақстан мен оның қалалары туралы өз ойын жазу;

тілдесім: сыныптастарымен, достарымен Қазақстан мен оның қалалары туралы сөйлесу. Диалог-сұрақ, диалог-талқылау. Полилог-пікір алмасу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.


  1. «Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз» –12/8 сағат:

    1. тілдік бөлім: жатыс септігі. Барыс септігі. Етістік. Жіктелуі, көпше түрі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің (тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну. Тақырыпқа қатысты қазақ әдебиетінің қарапайым үлгілерін түсіну;

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді дауыс ырғағын, сөздердің екпінін дұрыс қойып оқу;

айтылым: монологтік сөйлесім. Жаңа жылды қалай қарсы алатынын баяндау. Өзінің іс-әрекетін тәртібімен баяндау;

жазылым: жаңа жылды қалай тойлайтынын 5-6 сөйлеммен қысқаша жазу;

тілдесім: диалог-реплика. Бірін-бірі құттықтау. Рақмет айту. Сұрақ-жауап;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: жаңа жылдық маскарад туралы мәтіндер.



  1. «Спортпен айналысамыз» –12/9 сағат:

    1. тілдік бөлім: есімдіктер. Жіктеу есімдігі. Өздік есімдік. Етістік. Болымсыз етістік: жұрнағы. Демеулік шылаулар. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің (тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну;

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқиды. Айтылым. Монологтік сөйлесім. Өзінің спорт үйірмесіне қатысу/қатыспауын айту. Өз іс-әрекетін баяндау;

жазылым: тақырыпқа қатысты тапсырмаларды жазбаша орындайды;

тілдесім: диалог-егес. Диалог-қоштау. Сұраулық демеуліктерді пайдалану. «Иә» және «жоқ» болымсыз етістіктерді пайдалану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: спорт кешендері туралы мәтіндер.


  1. Оқу-еңбек аясы –34/22 сағат. «Менің мектебім. Мектеп ғимараты» –12/8 сағат:

    1. тілдік бөлім: сан есім. Есептік сан есім. Сын есім: күшейтпелі шырай: жап-жасыл. Зат есім, көптелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің (тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну;

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқу;

айтылым: монологтік сөйлесім. Өзінің мектебін сипаттау;

жазылым: өз мектебін сипаттап 5-6 сөлемнен тұратын әңгіме құрастыру;

тілдесім: сыныптастарымен, достарымен өз мектептері туралы әңгімелесу. Диалог-талқылау;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: республикалық физика-математика мектебі мен дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттар.



  1. «Демалысты (каникулды) асыға күтеміз» –10/6 сағат:

    1. тілдік бөлім: сан есім. Реттік сан есім. Сын есім. Күшейтпелі шырай. Шылаулар. Жалғаулық шылау. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің (тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну;

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқиды;

айтылым: монологтік сөйлесім. Мектеп демалыстары туралы баяндау. Өзіне ұнайтын демалысты (неліктен ұнайтынын) айту;

жазылым: тақырыпқа байланысты жазбаша тапсырмаларды орындайды;

тілдесім: мектеп демалысына қатысты достарымен әңгімелесу. Диалог-құптау.

3) мәдениетаралық қарым-қатынас: мектеп оқушыларына арналған демалыс орындары (лагерьлері).


  1. «Қазақ тілі сабағында біз не үйренеміз?» –12 /8 сағат:

    1. тілдік бөлім: шылау. Жалғаулық шылаулар. Етістік. Осы шақ. Жіктелуі. І жақ. Көпше түрі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің (тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну;

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқу;

айтылым: монологтік сөйлесім. Сабақта жасалатын іс-әрекеттерді ретімен баяндау;

жазылым: тақырыпқа байланысты жазбаша тапсырмаларды орындау;

тілдесім: қазақ тілі сабағында атқаратын жұмыстары туралы өзара әңгімелесу. Диалог-әңгіме;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақтың тұңғыш тілші-ғалымдары туралы мәтіндер.



3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.

  2. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады.

  3. Әлеуметтік-тұрмыстық ая –36 /24 сағат. «Менің отбасым», «Менің анам – ең сұлу адам» –10 /6 сағат:

    1. тілдік бөлім: тәуелдеулі септеу. Ілік септігі. Тәуелдік жалғауы мен ілік септігінің байланысы. Дыбыс үндестігі. Буын. Буынның түрлері. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну (өзі және өз отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті туралы). Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыру-ларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Отбасы мүшелері тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну. Қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну;

айтылым: қарапайым жағдаяттарда отбасы мүшелері, олардың сыртқы келбеті жөнінде қысқаша айта алу;

жазылым: отбасы мүшелерінің сыртқы келбетін сипаттап хат жазу;

тілдесім: күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарға қатыса алу. Синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті тілдесім жағдаяттарында қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиеті материалдары.



  1. «Менің достарым (олардың мінезі, жақсы қасиеттері)» – 8 /6 сағат:

    1. тілдік бөлім: қатыстық сын есім. Сын-қимыл үстеуі. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы. Сөз екпіні. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өз достарына қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну (олардың мінезі мен жақсы қасиеттері туралы). Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Достары, олардың мінезі мен жақсы қасиеттері тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну. Қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну;

айтылым: қарапайым жағдаяттарда достары, олардың мінезі мен жақсы қасиеттері жөнінде қысқаша баяндау;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Достары, олардың мінезі мен жақсы қасиеттерін сипаттап хат жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда достары, олардың мінезі мен жақсы қасиеттері жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарға қысқаша сөйлемдер арқылы қолдау жасай алу. Синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: халық ауыз әдебиеті материалдары мен дос, достық туралы ұсынылған оқу материалдары.



  1. «Менің елімнің ақшасы»­ – 8/6 сағат:

    1. тілдік бөлім: мекен үстеуі. Өткен дыбыстарды қайталау. Буын үндестігі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну( дүкендегі заттар, ондағы іс-әркеттер, сауда жасау, ақша жөнінде). Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Дүкендегі заттар, ондағы іс-әрекеттер, сауда жасау бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды дүкенге қатысты күнделікті жағдаяттарда қолдану;

жазылым: дүкендегі заттар, ондағы іс-әркеттер, сауда жасау туралы жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда дүкендегі заттар, ондағы іс-әркеттер, сауда жасау, ақша жөнінде қысқаша сөйлесу. Дүкендегі заттар туралы мәліметтерді диалог-сұрақ арқылы айту;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тарихи-танымдық мәтіндер.



  1. «Елнұр туған күнге сыйлық таңдайды» – 10 /6 сағат:

  2. тілдік бөлім: салыстырмалы шырай. Ілгерінді ықпал, кейінді ықпал. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Туған күн туралы әнді тыңдап, түсінгенін айту;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Туған күн тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын мәтіндерді тауып оқу. Қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Мәтінге мазмұны бойынша жоспар құру;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, туған күн туралы айту. Күнделікті жағдаяттарға сай қысқаша құттықтау сөз айта алу;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Туған күнмен байланысты іс-әркеттер туралы жазу. Досының туған күніне арнап құттықтау мәтінін жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда туған күнді тойлау жөнінде қысқаша сөйлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: туған күнге байланысты оқу материалдары.


  1. Әлеуметтік-мәдени ая – 36/24 сағат. «Астанамен танысу. Астананың көрікті жерлері» ­– 12 / 8 сағат:

    1. тілдік бөлім: біріккен сөздер. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. Тоғыспалы ықпал. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Астана туралы мәтінді тыңдап, түсінгенін айту. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Астана тақырыбы бойынша мәтіндерді тауып оқу. Сипаттау мәтіндерінің мазмұнын түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, Астана туралы өз ойларын білдіру;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Астана туралы өз ойын жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда Астана туралы қысқаша сұхбат-диалог. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы айту. Диалог-сұрақ, диалог-өтініш. Полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстанның астаналары туралы мәтіндер.



  1. «Көлік түрлері. Мен мектепке немен барамын?» – 8/5 сағат:

    1. тілдік бөлім: күрделі сөздер. Тіркесті сөздер. Мөлшер үстеу. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде көлікке қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Көлік, көліктің түрлеріне байланысты мәтіндерді тауып оқу; көлікке қатысты өзіне қажетті сөзді оқып түсіну. Хабарландыру, жарнама сипатындағы мәтіндерді түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, Астана тақырыбы бойынша сөз тіркестері мен оралымдарды сөйлеу тілінде қолдану;

жазылым: көлікпен байланысты қысқаша мәтін жазу. Көлік, көліктің түрлері, бағдаршам, оның атқаратын қызметтері, мектепке бару/келу кезінде орындалатын іс-әрекеттер туралы жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда көлік, көліктің түрлері, мектепке бару/келу кезінде орындалатын іс-әрекеттер жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдау. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: көлік қатынасына байланысты мәтіндер.



  1. «Табиғатты қорғайық» – 8/5 сағат:

    1. тілдік бөлім: салт және сабақты етістіктер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде жиі қолданылған табиғат, экология туралы сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Табиғат, экология тақырыбы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; табиғат туралы өлеңдерді оқып, түсінігін айту;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, табиғат және экологияға қатысты сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті өмірде қолдану;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Өзі тұратын жердің табиғаты туралы қысқа әңгіме жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда табиғат, экология жөнінде қысқаша сөйлесу. Табиғат туралы диалог-мәлімет. Диалог-қоштау;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ ақындарының табиғат туралы өлеңдері.



  1. «Менің сүйікті кейіпкерім» –10 /6 сағат:

    1. тілдік бөлім: өткен шақ, келер шақ. Мезгіл үстеу. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдау кезінде сүйікті кейіпкеріне қатысты жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. 2 минуттық тыңдаған әңгімені түсініп, айта алу. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Сүйікті кейіпкері туралы күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, сүйікті кейіпкері жайлы айту;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Сүйікті кейіпкері туралы қысқа сипаттамалық мәтін жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда сүйікті кейіпкері жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқа сөйлемдер арқылы толықтырып айта алу. Диалог-сұхбат, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ жазушыларының шығармаларынан үзінділер.



  1. Оқу-еңбек аясы – 30/20 сағат. «Мен мектептемін. Мектепте не істеймін?» –10/7 сағат:

    1. тілдік бөлім: қалау рай, бұйрық рай. Ауыспалы келер шақ. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну (мектеп, мектептегі шаралар, өзі атқаратын іс-әрекеттер, кезекшілік, мектеп формасы туралы). Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Мектеп, мектептегі шаралар, өзі атқаратын іс-әрекеттер, кезекшілік, мектеп формасы бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, мектептегі іс-шаралар туралы айту;

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Мектеп, мектептегі шаралар, өзі атқаратын іс-әрекеттер, кезекшілік, мектеп формасы туралы жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда мектеп, мектептегі шаралар жөнінде қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарға қатысып, өз ойын жеткізе білу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ы.Алтынсарин құрған мектеп туралы әңгімелесу.



  1. «Менің сүйікті заттарым» – 10/7 сағат:

    1. тілдік бөлім: жалаң және жайылма сөйлемдер. Көсемше. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы пікірін айту;

жазылым: өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі жөнінде достарымен қысқаша сөйлесу. Диалог-пікірталас;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қызықты және сүйікті істерге қатысты мәтіндер.



  1. «Мектептегі үйірмелер» – 10 /6 сағат:

    1. тілдік бөлім: сапалық және қатыстық сын есімдер. Күшейткіш үстеу (өте, тым). Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мектептегі туралы тыңдағанын түсіну;

оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну. Мектептегі үйірмелер бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу;

айтылым: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, өзі қатысатын үйірме туралы баяндап айту;

жазылым: мектептегі үйірмелер, өзі қатысатын үйірме туралы жазу. Терме диктантын жазу;

тілдесім: қарапайым жағдаяттарда мектептегі үйірмелер, өзі қатысатын үйірме жөнінде қысқаша диалог-сұхбат құру;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: мектептегі үйірмелерге қатысты мәтіндер.



4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.

  2. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:

  3. Әлеуметтік- тұрмыстық ая – 40 /28 сағат. «Біз, бәріміз, мемлекеттік тілде сөйлейміз» – 10/8 сағат:

    1. тілдік бөлім: сұраулы сөйлем. Құрмалас сөйлем. Шылаулар. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. Каталог: files -> blogs
      blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
      blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
      blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
      blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
      blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
      blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
      blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
      blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
      blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
      blogs -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы


      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет