Программа по предмету «Русский язык»


қатысымдық-сөйлесімдік бөлім



бет8/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,26 Mb.
#548
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:


тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Спорт түрлері мен белгілі спортшыларға қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің ұнататын спорт ойындары, спортшылары туралы хабарлау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша спортқа қатысты пікірлесу. Достарымен өзінің ұнататын спортшыларының жеңістері туралы ой бөлісу. Достарымен спорт түрлері мен сүйікті спортшылары туралы сөйлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен ұлттық спорт түрлері туралы пікірлесу.

  1. «Денсаулық – зор байлық» – 10/6 сағат:

    1. тілдік бөлім: қос сөздер. Топтау сан есімдер. Демеулік шылаулар. Тіркесті сөздердің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:


тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы денсаулықты сақтауға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі денсаулыққа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен денсаулықты сақтау туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің денсаулықты сақтауға қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-ойкөкпар;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: денсаулық сақтауға байланысты құрдастарымен сұхбаттасады.

  1. Оқу-еңбек аясы – 24 /14 сағат. «Интернет. Интернет маған не үшін керек?» – 10/6 сағат:

    1. тілдік бөлім: интернационалдық терминдер. Интернационалдық терминдердің орфографиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы интернетке қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Интернетпен жұмыс істеуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің Интернетке қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Интернетке қатысты терминдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Интернетте жасайтын жұмыстары туралы полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін Интернет сайттары туралы пікірлесу.

  1. «Интернеттен қазақша ақпарат іздеймін– 14 /8 сағат:

    1. тілдік бөлім: қимыл есімдері. Ауыспалы осы шақ. Сан есім түрлері. Тұйық етістіктің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы тіл үйренуге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Тіл үйренуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тіл үйренуде жасайтын жұмыстары туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің тіл үйренуге қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тілге қатысты достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін тілдері туралы пікірлесу.

5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.

  2. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:

  3. Әлеуметтік- тұрмыстық ая – 32 /24 сағат. «Отбасы сыйластығы» – 12 /10 сағат:

    1. тілдік бөлім: құрмалас сөйлемдер. Сабақтас, салалас түрлері, ырықсыз етіс, ортақ етіс, бұйрық рай. Сын есімдер. Құрмалас сөйлемдер интонациясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: отбасы сыйластығы туралы қысқа 1-2 минуттық әңгімелерді тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа байланысты әңгімелер, мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы;

жазылым: тақырыпқа қатысты әңгімелер жазу, өз ойын жазу;



тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу: диалог-сұхбат, сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет, ақылдасу, рұқсат сұрау, және т.б; Отбасы сыйластығына қатысты достарымен полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстандағы отбасы мүшелерінің сыйластығы мәселелері; тақырыпқа байланысты әңгімелесу.



  1. «Мен ата-анама көмектесемін» – 10/7 сағат:

    1. тілдік бөлім: құрамалас сабақтас салалас сөйлемдер. Етістер. Есімше. Құрмалас сөйлемдер интонациясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқып, мазмұнын түсіндіру;

айтылым: монологтік сөйлеу: жасаған ісі, істейтін ісі, күнделікті ісі, ертеңгі істейтін ісі және т.б. туралы айту;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;



тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Ата-аналарына көмектескені туралы достарымен пікірлесу. Полилог-ойбөліс, диалог-сұхбат;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әртүрлі ұлт өкілі отбасында балалары әке-шешесіне қалай көмектесетіні туралы әңгімелер айту.



  1. «Асханада тамақ ішемін» –10/7 сағат:

    1. тілдік бөлім: өтініш, тілек айтуға қатысты этикеттік орамдар. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелер тыңдап түсіну. Оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым: асханада ішкен тамағы туралы баяндау;

жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тамақтану әдебі туралы достарымен пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: өзге ұлт өкілдерінің тамақ мәзірі, дағдысы туралы әңгімелесу.



  1. Әлеуметтік-мәдени ая – 46 /30 сағат. «Қазақстан қалаларын аралағым келеді» – 16 /10 сағат:

    1. тілдік бөлім: күрделі сөздер, біріккен сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелер тыңдап, түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: қалалар туралы әңгіме айту, баяндау;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;



тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақстан қалалары туралы достарымен полилог-ойкөкпар. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: басқа ұлт өкілдерімен Қазақстан қалалары туралы әңгімелесу.



  1. «Қазақстан балалар жазушылары» – 16 /10 сағат:

    1. тілдік бөлім: тұйық етістік. Жалқы есімдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым:монологтік сөйлеу: жазушының өмірбаяны туралы баяндау;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;



тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақстан балалар жазушылары мен олардың шығармалары туралы достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас: қазақ және орыс балалар жазушылары туралы пікірлесу.



  1. «Шарын» шатқалына бардың ба?» – 14/10 сағат:

    1. тілдік бөлім: туынды зат есімдер. Бұйрық рай. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну (ұзақтығы 1-2 минут);

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым: өз ауылы /қаласы/облысының экологиясы туралы баяндау;

жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;



тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақстан экологиясы туралы достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: табиғат туралы әр ұлт өкілдерінің мақал-мәтелдері.



  1. Оқу-еңбек аясы – 24 /14 сағат. «Уақытты жоспарлап үйренейік» – 12/7 сағат:

    1. тілдік бөлім: біріккен сөздер. Модаль сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут ) тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: мектепте не істегенін, әдетте не істейтінін айту;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;



тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің жұмыс күні туралы достарымен пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: білім алуға қатысты қазақ халқының мақал -мәтелдері.



  1. «@-поштада қазақша сөйлесейік» – 12 /7 сағат:

    1. тілдік бөлім: қимыл есімдері. Сын-қимыл үстеулері. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут) тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: е-поштамен не істегенін, әдетте не істейтінін айту, баяндау;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;



тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің е- поштасы туралы достарымен пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тілдік қарым-қатынасқа қатысты қазақ халқының мақал-мәтелдері.



6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.

  2. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:

  3. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 32 /22 сағат. «Біз тату тұрамыз» – 16 /11 сағат:

    1. тілдік бөлім: тұрақты тіркестер. Олардың сөйлем ішіндегі экспрессивті мәні. Кейінгі ықпалды қайталау. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Қазақ отбасы туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: қазақ отбасы туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Болған жағдайға байланысты, сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

айтылым: қазақ отбасы туралы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып өз ойын айту.

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Қазақ отбасы туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жаза білу, өз ойын қысқаша білдіре алу;

тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Қазақ отбасы туралы көзқарасын айтып, пікір білдіру. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы тәрбиесі туралы қысқа мәтіндер, өлеңдер.



  1. «Қазақ отбасында тұрғым келеді» – 16 /11 сағат:

    1. тілдік бөлім: этнолингвистикалық атаулар. Көмекші есімдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: қазақ отбасының ерекшелігі туралы мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну;

оқылым: мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: қазақ отбасындағы өзара сыйласымдылық туралы пікір білдіру;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып әңгіме жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұсынылған қазақ отбасылары туралы мәтіндерді оқу.



  1. Әлеуметтік-мәдени ая – 48/32 сағат. «Сурет галлереясына барамыз» 16 /11 сағат: ­

    1. тілдік бөлім: қалау рай. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Суретшілер туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: суретшілер, сурет көрмесі, картиналар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: белгілі бір сурет туралы өз пікірін білдіру. Сурет галлереясындағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Суретші мен суреттер туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: сурет, суретшілер жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ә.Қастеевтің туындылары туралы пікір алмасу.



  1. «Мұражайға саяхат» – 16/11сағат:

    1. тілдік бөлім: неологизмдер. Қос сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Мұражай туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: мұражай, мұражайдағы экспонаттар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: ойын жеткізу барысында түрлі туындылар, экспонаттар жайлы айту. Мұражайдағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мұражай туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша жазбаша түрде білдіру;

тілдесім: мұражай жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Диалогке қатысу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұлттық аспаптар мұражайы туралы әңгімелесу.



  1. «Мен ұнататын теле/радио хабар» – 16/10 сағат:

    1. тілдік бөлім: өздік етіс. Лепті сөйлемдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Радио, теледидардан естіген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну;

айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Теледидардан көрген бағдарлама туралы жазу;

тілдесім: теледидардан көрген, кино, бағдарламалар мен радиодан естіген жаңалықтар жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан телеарнасындағы танымдық бағдарлама туралы әңгімелесу.



  1. Оқу-еңбек аясы – 22 /14 сағат. «Біздің елде орта мектепте білім алу. Қандай емтихандар тапсырамын?» – 11 /7 сағат:

    1. тілдік бөлім: зат есім. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар. Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну, қолдана алу;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: орыс тілді, қазақ тілді мектептерде оқылатын тілдер туралы әңгімелесу.



  1. «Менің арман мектебім» – 11/7 сағат:

    1. тілдік бөлім: мақсатты келер шақ. Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу.

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мәтін бөліктеріне ат қойып, қысқаша мазмұндап жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру.

тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар өз арман мектебі туралы ой алмасады.



7. 5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


  1. Пәндік нәтижелер бойынша 5-сыныптың соңында оқушылар:

    1. 600-620 лексикалық минимумды;

    2. сөз құрамын және түбірлес сөздерді ажыратуды;

    3. сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) тәсілдерін;

    4. лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің көптелу, тәуелдену, септелу, жіктелу ерекшеліктерін;

    5. етістіктің болымсыз түрін және «жоқ», «емес» сөздерін пайдалануды;

    6. жай сөйлем құру тәсілдерін;

    7. мәтіндегі сөздердің өзара байланысын, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін;

    8. сөз тіркесінің сөзден, сөйлемнен өзгешелігін білуі тиіс.

  2. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

    1. тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді; өзі және өз отбасы туралы, мектеп өмірі туралы, мекен жайы туралы, оқуы жайлы айтылған сөздерді; жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну дағдыларын;

    2. оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті сөзді оқып түсіну; мәтіннен тірек сөздерді табу, ұқсас заттарды салыстыра сипаттау; қазақ тіліндегі өлеңдерді жаттау дағдыларын;

    3. айтылым: қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа адамдар туралы, өздерінің өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; өз ойын қысқа сөйлемдер арқылы білдіру дағдыларын;

    4. жазылым: тақырыптар көлемінде қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу; мәтіні оңай хат жазу; біреуге жазбаша алғыс білдіру; тақырып аясында түрлі мәліметтер жазу дағдыларын;

    5. тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; еркін сөйлесу үшін қарапайым сөздер мен тіркестерін түсіну, диалог пен полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс.



8. 6-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


  1. Пәндік нәтиже бойынша 6-сыныптың соңында оқушылар:

    1. 720-740 лексикалық бірлікті;

    2. ұсынылған лексикалық бірліктердің мағыналарын;

    3. сөздің бір және көп мағыналы болатындығын;

    4. лексикалық минимумға кіретін қос сөздер, біріккен сөздердің жасалу жолдарын;

    5. тілдік қатынаста сөз құрамын ажыратуды, сөз таптарының (лексикалық бірліктер аясында) сөзжасамдық ерекшеліктерін;

    6. лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін;

    7. септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын;

    8. етістіктің болымсыз түрін және «жоқ», «емес» сөздерін қолданатын жағдайларды;

    9. жай сөйлем құру тәсілдерін;

    10. сөйлемде үшін, туралы, сияқты атау септігін меңгеретін септеуліктерді;

    11. мәтіндегі жай сөйлемдердің байланысын;

    12. жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің қарапайым үлгілерін қатысымдық тұрғыда қолдану жолдарын білуі тиіс.

  2. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

    1. тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді, жеке басына байланысты айтылған мәліметтерді, сұрақтарды түсіну (жасы, туған жері, тұратын жері, қызығушылығы, оқуы, сүйікті нәрселері); үнтаспадан тыңдаған қысқа хабарлардың дұрыс, бұрыстығын түсіну; өзінің достары, тұрған жерінің табиғаты және өз отбасы туралы, мектеп өмірі, сүйікті кейіпкерлері жайлы айтылған сөздерді түсіну; қысқаша айтылған хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын;

    2. оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқи алу; түрлі жанрдағы мәтіндерді дауыс ырғағын, фонетикалық және орфоэпиялық ережелерді сақтай отырып, мәнерлеп және жүргізіп оқу; тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті сөзді оқып түсіну; мәтіннің тақырыбы, берілген қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын болжай немесе анықтай алу дағдыларын;

    3. айтылым: қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; жеке басы, отбасы, досы, жақсы көретін ісі, кейіпкері және мектептегі үйірмелері, Астана, өзі тұратын жердің табиғаты т.б. туралы әңгімелей білу; оқыған мәтін бойынша хабарлама жасау, өз ойын жеткізу дағдыларын;

    4. жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жаза алу; мәтіні оңай хат жазу; біреуге жазбаша алғыс білдіру; түрлі мәлімет жеткізе алу; оқыған мәліметтерді жазу; жеке басы, отбасы, досы, жақсы көретін спортшысы, әншісі т.б. туралы мәліметтерді қосып хат жазу; тірек сұрақтарға сүйене отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма жазу дағдыларын;

    5. тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; еркін сөйлесу үшін қарапайым сөздер мен тіркестерін түсіну; әңгімені бастау, жалғастыру және аяқтау; амандасу, қоштасу, танысу сияқты жағдаяттарда диалог құрау, полилогке қатысу дағдыларын меңгеруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет