Программа по предмету «Русский язык»


қатысымдық-сөйлесімдік бөлім



бет7/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,26 Mb.
#548
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:


тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы отбасы мүшелеріне және олардың тілдеріне қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Отбасы мүшелері және олардың қай тілде қалай сөйлейтіні туралы өз ойын айту;

жазылым: отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты 9-10 сөйлемнен тұратын мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша баяндау, суреттеу, сипаттау мәтіндерін құрап жазу;

тілдесім: диалог-әңгіме. Диалог-пікірталас. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Отбасында сөйленетін тіл туралы достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақстандық отбасындағы сөйлеу тілі туралы мәтіндер.



  1. «Кітап – бағалы сыйлық» – 8/6 сағат:

    1. тілдік бөлім: біріккен сөздердің жасалу жолдары, емлесі. Лепті сөйлем. Тұйық етістіктің септелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:


тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы сыйлықтарға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Сыйлық түрлеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтіні бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Құттықтауға қатысты сөз орамдарын пайдаланып, достарына тілек айту;

жазылым: сыйлық түрлері мен олардың ерекшелігіне қатысты мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Сұрақтарға жауап қайтара алу. Сыйлық ұсыну туралы достарымен пікір алмасу. Диалог-талқылау. Полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен өз ұлтының сыйлық беру дәстүрі туралы сұхбаттасу.

  1. «Жазғы демалыста не істейсің?» – 8 /5 сағат:

    1. тілдік бөлім: туынды сын есім. Күшейткіш үстеулер. Тәуелдік жалғау. Етістіктің өткен шағы. Туынды сөздердегі түбір мен қосымшаның үндесімі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы жазғы демалысқа қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырата алу. Жазғы демалысқа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен жазғы демалыс әсерлері туралы ой бөлісу;

жазылым: өзінің жазғы демалысын қалай және қайда өткізгені туралы баяндамалық сипаттағы мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: диалог-сұхбат, диалог-талқылау. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Жазда қайда демалуға болатыны туралы достарымен пікір алмасу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен ауыл балаларының жазғы демалысы туралы сұхбаттасу.

  1. «Ас – адамның арқауы» – 8/5 сағат:

    1. тілдік бөлім: күрделі сөздер. Септеулік шылаулар. Этнолингвистика-лық атаулардың емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:


тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы ас пен адам денсаулығының байланысына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Ас ішуге, тамақтану әдебіне қатысты оқыған мәтіндерінің мазмұнын айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тамақтану әдебі туралы ой бөлісу;

жазылым: ас түрі мен ас ішуге байланысты өз ойын баяндап, сипаттап жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша диалог-сұхбат, диалог-пікірталас. Ас ішуге байланысты өз пікірін айту. Тамақтану мен денсаулықтың байланысы туралы достарымен пікір алмасу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдалылығы туралы пікірлесу.

  1. «Маған спорт киімі керек» – 6 /4 сағат:

    1. тілдік бөлім: шартты рай. Ашық рай. Рай жұрнақтарының жазылуы. Тұйық етістік. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы киімге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Киім түрлеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту, достарына киім түрлері, киіну әдебі туралы өз ойын айту;

жазылым: өзінің жазғы, қысқы киімдері туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Киімге қатысты өз ой-пікірін білдіру. Полилог-пікірталас;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық киімдердің ерекшелігі туралы пікірлесу.

  1. Әлеуметтік-мәдени ая – 38/26 сағат. «Мен әуен тыңдаймын» – 10 /8 сағат:

    1. тілдік бөлім: кірме сөздер. Өздік етіс. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы музыкаға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі музыка жанрлары мен сазгерлерге, қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Музыка жанрлары мен сүйікті сазгерлері туралы айту;

жазылым: өзінің ұнататын музыкасы, топтары, сазгерлері туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу. Сұрақтарға жауап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Музыкаға қатысты пікірлесу. Достарымен музыка, сазгерлер туралы ой бөлісу. Полилог;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен ұлттық музыка жанрларының, сазгерлердің ерекшелігі туралы пікірлесу.

  1. «Менің әуес ісім» – 8 /6 сағат:

    1. тілдік бөлім: термин сөздер. Ырықсыз етіс. Еріндік дауыстылардың орфоэпиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

    2. қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы әуес іске қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: адамдардың әуес ісіне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен өзінің әуес, сүйікті істері туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің ұнататын айналысатын ісі туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жаза алады. Берілген тірек сөздер мен жоспар бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің әуес ісіне қатысты полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен өзінің, достарының әуес істері туралы пікірлесу.

  1. «Спорт. Қазақстанның белгілі спортшылары» – 10/6 сағат:

    1. тілдік бөлім: тіркесті сөздер. Реттік сан есім. Ортақ етіс. Спорт терминдерінің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;


    2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет