«Психология» 1- тақырып. Психологияға кіріспе Студент аталған тақырыптан нені біледі?


Психология ғылымының салалары мен тармақтары



бет2/9
Дата08.10.2024
өлшемі40,68 Kb.
#205824
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 - дәріс

2.Психология ғылымының салалары мен тармақтары.
Қазіргі кездегі психология ғылымның салалары қарқынды даму үстінде, олардың бастылары:
Еңбек психологиясы - бұл мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру, оның өнімін арттыруын, шаршау, зорығу, демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданды. Медицина психологиясы –дәрігерлер мен аурулардың арасындағы қарым-қатынас. әр түрлі аурудың психологиясын, науқас адамдарға түрлі жолдармен емдеу арқылы әсер ету мәселелерімен шұғылданады.
Заң психологиясы — заң нормаларының жолын қабылдауға қатысушы адамдардың күйін, психикалық үрдістері мен құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының бір саласы. Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді.
Бұл сала сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы (пенотенциарлы) деп аталатын тармақтардан тұрады.
Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындагы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.
Сот психологиясы – қызметкерлер, айыптаушылар, куәлар психологиясын зерттеумен айналысады. Мұнда түрлі қылмыстарды ашуға, олардың қандай жағдайларда пайда болғанын, оның не себеппен жасалғанын зерттеп отырады.
Басқару мәселесін құрумен ғылымның әртүрлі салалары айналысады: информатика, юристпруденция, философия, психология, педагогика, эргономика, социология т.б. Жалпы басқару теориясы кибернетика мен теория жүесінде құрастырылады. Кибернетика Kibernetika (грек тілінде) басқару өнері.
Manedgment – (латын. manus - қол) – ағылшын термині «басқару» терминінің синонимі.
Зоологиялық психология – жануарлардың психологиялық әрекеттерін қарастырады.
Салыстырмалы-генетикалық психология адамдар мен жануарлардың, ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, адамның қалыптасу жолын және оның туысынан өсіп-жетілгенге дейнгі даму жолын қарастырады.
Балалар психологиясы мектепке дейінгілердің, психикалық әрекеттерінің пайда болып, олардың өсіп-даму заңдарын, келе-келе ересек адам психологиясына айналу жолдарын зерттейді.
Педагогикалық психология оқу-тәрбие процестерінің ғылыми негіздерін, яғни шәкірттердің оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, олардың тәрбиеленуінің психологиялық механизімдерін және ұстаз шәкіртінің бір-бірімен қатынасының әр түрлі жақтарын зерттеумен айналысады.
Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы – соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т, б. сипаттары зерттеледі.
https://www.yaneuch.ru/cat_18/shyarmashyly-psihologiya/267528.2253015.page1.html


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет