«Психология» 1- тақырып. Психологияға кіріспе Студент аталған тақырыптан нені біледі?



бет4/9
Дата08.10.2024
өлшемі40,68 Kb.
#205824
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 - дәріс

Бақылау адамның психикалық өмірін зерттеу әдісі ретінде психологияда жиі қолданылады. Бақылаудың көмегімен жеке психикалық үрдістерді (ес, зейін, ойлау), жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттейді, олар сырттай әртүрлі адамзаттың іс-әрекеттері (еңбек, оқу, ойын), психикалық қалпы (көңіл-күй, эффект) түрінде аңғарылады.
Бақылау әдісі адамның психикасының, сыртқы көрінісін (іс-әреттері, қылықтары, басқа адамдармен қарым-қатынаста аңғарылатын тілдік ерекшеліктері, тұтастай мінез-құлқы) зерттеу табиғи өмір жағдайында іске асады. Зерттеуші адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын бақылау арқылы олардың психикалық өмірінің ерекшеліктері туралы бағалай алады, демек, сыртқы объсктивтік факторлардан адамның ішкі субъективтік дүниесін түсінуге бағытталады.
Психологиялық бақылау мақсатты болуы қажет: бақылаушы кімді не үшін бақылайтынын нақтылы білуі және түсінуі керек. Олай болмаса, бақылау кездейсоқ деректерді жинақтауға айналады. Психологиялық бақылау белгілі жоспармен немесе бағдарламамен жүргізілуі тиіс. Бақылау бағдарламасы бақылаушыны күні бұрын дайындалған зерттеу мәселелері және деректермен қамтамасыз етеді.
Белгіленген жоспарсыз немесе бағдарламасыз бақылаудың негізгі бағыты жойылады, соның салдарынан адамның психикалық іс-әрекетінде негізгі және маңызды жағы назардан тыс қалуы мүмкін. Бақылауды бір жүйелі жүргізіп отыру керек. Бір жүйелі бақылау бақылаудың тұрақты жағдайын сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бақыланатын деректердің арасында тығыз байланыс жасауға жағдай тудырады.
Психологиялық бақылау, ереже бойынша, ұзақ уақытты қажет етеді. Бақылау неғұрлым ұзақ мерзімге жүргізілсе, солғұрлым бақылаушы мол деректер жинақтауға мүмкіндік алады, соғұрлым тереңірек және сенімдірек психологиялық қорытынды жасайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді бақылау шәкірттердің жас ерекшеліктерін зерттеуде қолданылады, мәселен, тілі мен ойлауын дамыту ерекшеліктері, эмоциялық ерекшеліктері мен ерік-жігер іс-әрекеттері, қызығуы мен бейімділігі, мінез бітісі мен қабілеттілігі.
Сонымен, бақылау әдісі дегеніміз әртүрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу.
Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады.Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдісіне қойылатып екінші талап, бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни, зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек.
Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап - оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера т.б), жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б). Психологияның негізгі әдістердің бірі - эксперимент.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет