Психодиагностикалық әдістер Ұқсас қасиеттері бойынша біріккен адамдардың, сол сияқты адамдар топтарының арасында, психологиялық айырмашылықтарын реттеп, белгілеу және сипаттау үшін қазіргі психологиялық диагностиканың ерекше кеңтараған түрін айтады: зерттеу міндеттеріне байланысты диагностиканың белгілері жасы, жынысы, білімі және мәдениеті, психикалық қалпы, психо-физиологиялық ерекшеліктері сияқты психологиялық айырмашылықтар кіреді.
Диагностика (гректің екі сөзінен құралған, біріншісі «диа» - қазақшалағанда «айқын», «анық» деген мағынаны білдіреді, екіншісі гректің «гнозис» - білім деген мағынада қолданынады).
Диагностика - зерттелетін объекті немесе үрдіс туралы алдын-ала ақпарат алудың жалпы тәсілі. Тұлғаның психологиялық даму саласында диагностиканың мәні медицинадағы ауру сипаты туралы дұрыс қойылған диагноздың мәнімен бірдей: егер оның белгілері, шығу себептері уақытында және дұрыс анықталған болса, емдеу нәтижесі оң болатындығына сенім мол. Дұрыс қойылмаған диагноз аурудың жазылуына деген үміттің үзілуіне әкеп соқтырады. Осы аталғандардың барлығы тән денсаулығы саласы психикасына қатысы бар, сондықтан да диагностика даму саласында ерекше мәні бар іс, жоғары біліктілікті және жауапкершілікті қажет етеді.
Күнделікті педагогикалық тәжірибеде мектеп психологтары және мұғалімдер жеке тұлғаның жекелеген сапаларын зерттейді, бірақ осы зерттеулердің нәтижесіне қарап, дамудың салаларына жалпы баға беруге болмайды. Оқушылардың дамуының жекелеген салалары диагностикасының қарапайым әдістемелерін меңгеру - кәсіби педагогикалық даярлықтың негізгі құрамдас бөлігі.
Тест - ағылшын сөзі, қазақшалағанда «байқау» немесе «сынақ» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді психологиялық зерттеулер тәжірибесіне өткен ғасырдың аяғында америка ғалымы Дж.Кэттел енгізді. А.Бине, Т.Симэнмен бірге балалардың ақыл-ой дамуы немесе дарындылығын анықтау үшін өзінің жүйесін жасады. Осы кезден бастап, тест кең көлемде таралып және тәжірибелік мәні арта түсті.
Тест - бұл күрделі техникалық бейімделуді қажет етпейтін, стандартқа және мәліметтерді математикалық өңдеуге дайын тұратын қысқа, стандартты сынақ. Қазір тест әдісі психологияда басқа әдістермен қатар қолданылады. Оның көмегімен белгілі қабілеттілікті, ептілікті, дағдыларды анықтауға, жеке тұлғаның кейбір сапаларын ерекше дәл сипаттауға, белгілі бір салаға жұмысқа және мамандыққа жарамдылық деңгейін анықтауға қолданылады. Тесттің белгілі дәрежеде диагностикалық құндылығы - негізіне алынған ғылыми эксперименттің деңгейі мен психологиялық дәйектерге байланысты. Жеткіліксіз негізделген және тексерілген психологиялық тесттер педагогикалық тәжірибеде кәсіби іріктеу, психологиялық даму кемістігін тап басып айқындай алмайды.
Тұлғаның жетістіктерін, интеллектуалдық дамуын көптеген басқа да қалыптасқан сапаларының деңгейін тест арқылы өлшеу оқу- тәрбие тәжірибесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Тест әдісі психологияда да, педагогикада да кеңінен қолданылады. Кей жағдайда педагогикалық тестті психологиялық тестілеуден ажырату мүмкін емес.Егер тесттің педагогикалық астары туралы айтатын болсақ, ең алдымен үлгерім тестін қолдануды көрсетуге болады: оқу, жазу, арифметикалық амалдар сияқты қарапайым ептілік тесті кең қолданылады, сонымен қатар оқыту деңгейінің диагностикасы үшін барлық оқу пәндері бойынша білім мен ептілікті меңгерудің дәрежесін анықтауда әртүрлі тесттер қолданылады. Тест зерттеу әдісі ретінде күнделікті үлгерімді практикалық тестілеумен білім деңгейін анықтап, оқу материалын меңгерудің сапасын тексереді.Тәжірибеде тестілік тапсырмалардың көптеген түрлері қолданылады: Америкада тестологиялық өндіріс саласы ерекше дамыған.
Білім беру және балалар мен ересектердің дамуында жеткен көрсеткіштерді салыстыруға халықаралық тесттер қолданылады. Адамдардың белгілі бір қызметтің түріне жарамдылығына ол емтихан болып табылады. Қазір электронды есептеу машиналарының «адам-машина» жүйесінде компьютерлік бағдарламалар кең көлемде дамып келеді. Оқушылардың үлгерімін анықтау тесті, адамдардың кәсіби жарамдылығы мен бейімділігін анықтайтын тест жиі қолданылады.