3.Психологияның ғылыми зерттеу әдістері.
Диалектикалық материализмді тек хана табиғатты, қоғамның дамуын, адамның ойын тану көзқарасы деп түсінуге болмайды, ол сонымен қатар объективтік дүниені өзгертіп отыратын әдіс те. Сондықтан әрбір пән объектілерді өз даму заңдылығына сай дұрыс түсініп, ішкі сырын ашып отыруы үшін диалектикалық материализм принциптерін қолданып отырады.
Айналадағы шындықты тану жолында бұл айтылған принциптерді іске асырудың төмендегідей шарттары бар: біріншіден, объектінің басқалармен байланысын, қатынасын еске ала отырып зерттеу; екіншіден, объектіні бір жерде тұрып алған, статикалық қалыпта емес, қозғалыс, даму күйінде зерттеу; үшіншіден, зерттеу арқылы табылған нәтиженің мөлшері етіп адамның практикасын алу; төртіншіден, диалектикалық-материалистік танымның нақты болу үшін зерттелетін құбылыстардың белгілі заңдылықтарын шеше білу. Осы аталған принциптерге сай, қандай пән болса да, зерттейтін заттар мен құбылыстардың өмір сүру, нақты даму жолдарын қарастырып, олардан нәтиже шығаруға тиіс. Осы талапқа сай, психологияның да өзіне тән әдістері болады.
Психология пәні психиканы, сананы зерттеу жолында үлкен қиындықтарға кездеседі, өйткені бұларды біздің сезім мүшелдеріміздің ешқайсысы да тікелей қабылдай алмайды. Оның себебі түйсікті, ойды, қиялды көруге де, татып білуге де болмайды. Миды қолмен ұстауға да, микроскоп арқылы ми клеткаларын қарап, оның құрылысын көруге де болады, мида туатын биотоктарды тиісті аспаптар арқылы жазып алып зерттейді де, ал психикалық процестерді, соның ішінде сананы, еш уақытта тікелей көруге де, салмағын өлшеуге де, аумағын мөлшерлеуге де болмайды. Материялық денеде болатын физикалық қасиеттер психика мен санада жоқ. Солай бола тұрса да, баста туатын психикалық процесс пен сана материялық дүниеден мүлдем өзгеше, қайдағы бір сырт дүние деп ойлауға да, оны материяға тәуелді емес деп қарауға да болмайды. Сананы материяға бұлайша қарама-қарсы қою сұрақтары гносеологиялық зерттеу шеңберінде ғана болуы мүмкін.
Егер де ғылым әр уақытта да жаңа деректермен толықтырылып отырылмаса, дами алмайды. Ал, деректерді жинақтау үшін ғылыми негізделген әдістерді дұрыс пайдалана білген уақытта ғана ғылымның дұрыс және жемісті дамуы мүмкін. Әдістерді негіздеу дегеніміз сол ғылымның әдіснамасы мен әдістерінің арасындағы байланысты қалыптастыру. Бұл жағдайды психологияга қолданғанда психиканы философиялық тұрғыдан түсіну. Зерттеу әдістеріне, оны құруға, ұйымдастыруға және нәтижелерін талдауға негізгі талаптарды анықтайды.
Жеке тұлғаның психологиялық үрдістерін, дара психологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, психология әртүрлі зерттеу әдістерін қолданады.
Психиканы объективтік тұрғыдан зерттеу жоғарғы жүйке қызметінің физиологиялық заңдарын білуді ұсынады. Психологияның әдістері психикалық құбылыстарды зерттеуге объективтік тұғырдан қарауды қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар төмендегі сұрақтарға жауап беруі қажет: жеке тұлғаның психикалық үрдістері мен қасиеттері не үшін және қалай пайда болады, дамиды және өзгерістерге ұшырайды?
Психология әдістері тәжірибемен тығыз байланысты болуы қажет, демек, практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалы. Мәселен, баланың психикалық дамуын зерттеу үшін оның психикалық дамуының негізгі заңдылықтарын, ерекшеліктерін анықтап алу керек, жан-жақты зерттеудің негізінде мектеп пен отбасындағы баланың оқыту және тәрбие беру үрдісін одан әрі жетілдірудің тиімді тәсілдерін белгілеу.
Психология ғылымында кеңінен таралған негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологияда жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкета әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |