«Психология» 1- тақырып. Психологияға кіріспе Студент аталған тақырыптан нені біледі?



бет8/9
Дата08.10.2024
өлшемі40,68 Kb.
#205824
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 - дәріс

Коррекциялық әдістер. Қазіргі психология әртүрлі жолдармен адамдардың практикалық іс-әрекетіне әсер етеді. Психологиялық көмек кездесетін объективтік ахуалда ғана емес, соңымен қатар субъективтік бастан кешірген қолайсыздық жағдайда да жиі және тиімді түрде беріледі. Қолайсыздық өткір болуы мүмкін, өзіне-өзі, қоршаған ортадағы адамдарға, жалпы тұтас алғанда өмірге көңілі толмау, ал кей жағдайда қиындықтың қасіретін шегу сияқты жағдайды бастан кешіреді. Осындай жағдайда жай кеңес қана емес, психотерапевтік көмек көрсету талап етіледі. Егер адамның күйзелісі аурудың клиникалық сипатын аңғартса, онда адам дәрігерге қаралады. Бірақ көп жағдайда психотерапевтік көмек қажет болады.
Психокоррекциялық әдістер - бұл адамдардың мінез-құлқына әсер ететін жан-жақты тәсілдердің, бағдарламалардың және әдістердің жиынтығы.
Аутотренинг. Аутогендік жаттығулардың пайда болуы мен енгізілуі неміс психотерапеві Н.Г.Шульцтің есімімен тығыз байланысты. Оның еңбектерінің арқасында барлық елдерде аутогендік жаттығу, ең алдымен ағзадағы әртүрлі невроз және функционалдық бұзылуларды емдеу және алдын алу әдісі ретінде кең тарады. Болашақта практикалық тәжірибеде көрсеткендей, аутогендік жаттығу психогигиенаның және психопрофилактиканың, сонымен қатар іс-әрекеттің экстремалдык жағдайында адамды басқарудың тиімді әдісі болып табылады.
Бұл әдістің психогигиенаның және психопрофилактиканың тиімді құралы ретінде кеңінен таралуы адам өмірі ырғағының жеделдеуі, адамның жүйке жүйесіне ауыртпалықтың өсуімен байланысты. Қазір аутогендік жаттығулар спортшыларды даярлау жүйесіне берік енді, психогигиеналық-эмоционалдық жеңілдету тәсілі ретінде өндіріс ұжымдарында кеңінен қолданылады.
Белгілі кеңес психотерапеві Л.Л.Примак аутогендік жаттығуларда жүйке жүйесінің жағдайына әсер етудің үш негізгі жолдары қолданылады деп жазды.
Бірінші және ең негізгі жол - дене, бұлшық-ет және демалу тынысының орталық жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне қатысты. Адамның сергектік жағдайы әруақытта да жеткілікті жоғары бұлшық ет тынысын қолдауға байланысты. Аутогендік жаттығулардың бүкіл жүйесінің негізіне басты физиологиялық заңдылық жатады. Аутотренингті меңгеру үшін денеміздің бұлшық еттерін толық жеңілдету ыңғайын алдын-ала қалыптастыру қажет.
Жүйке жүйесіне әсер етудің екінші жолы елестетулерлердің, сезімдік бейнелердің (көру, есту, тактилдік және т.б) белсенді рөлін қолдануымен байланысты. Сезімдік бейне - бұл адамның психикалық жағдайы мен денсаулығына әсер етудің белсенді құралы. Бұлшық етті жеңілдету жағдайында сезімдік бейнелердің тиімділігі біршама артады.
Адам ағзасының психофизиологиялық қызметіндегі естіртіп және ойша айтылатын сөздің реттеушілік және бағдарламалық ролі үшінші жол болып табылады.
Ішкі сөйлеудің бұл қасиеті (өзіне-өзі бұйрық беру, өзіне-өзі сөйлесу және т.т түрінде) жаттығулардың тиімділігін арттыру, жарыс кезінде ішкі мүмкіншіліктерді топтастыру үшін спортта көптен бері қолданылады.
Топтық тренинг. Кең мағынада топтық емес әлеуметтік - психологиялық тренинг - оқыту, білім және қарым-қатынас саласында жекелеген ептіліктерге үйретудің өзіндік түрі.
Топтық тренинг құралдарының шешетін міндеттері жан-жақты, демек, соған сәйкес тренингтің түрі әртүрлі. Л.А.Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингтің көптеген түрлерін екі үлкен топқа боліп қарастырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет