Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне, білім деңгейіне, белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына, белсенділік деңгейіне және, ең бастысы, қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сонымен психиканың мазмүны реалды, бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни ,объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады.Сондықтан да бейнелеу субъективті. Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады. Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор. Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді,оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді. Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі.
Жан туралы ілім
Психология дегеніміз адамның жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылымды айтады. Сонымен қатар психологияға жануарлармен, адамдарды салыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептемейді. Оның негізгі мсазмұны адамның психикалық процесінің қасиетінің, психикалық қалпының қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.және адамның психологиялық ерекшеліктерін, іс-әрекетінің құпия жақтарын және оның мәнін зерттейді. Психология және оның ерте заманна келе жатқан ғылым. Дүниеге тұңғыш келген жері-ертедегі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады. «псухе»- жан, «логос»- ілім деген сөз. Жан туралы ілім деген мағына береді. Бірақ біз психологияны жан туралы ілім демейміз, психика туралы ғылым дейміз. Өйткені психология адамның психологиялық процестерін, оның іс-әерекетінің даму заңдылықтары, іс-әрекеттің адамның психикасына тигізетін әсерін зертейді. Бұл ғылым белгілі бір принциптерге негізделе отырып бірнеше салаға тарамдалады. Сол принциптердің біреуі адамның іс-әрекеті. Екіншісі сол әрекеттің даму заңдылықтары, үшіншісі адамның өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға қарым-қатынасы. Адамның нақты іс-әрекеттеріне негізделе отырып психология мынадай салаларға бөлінеді.