Психология


Қиялдың физиологиялың негіздері



Pdf көрінісі
бет202/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   322
5.2. Қиялдың физиологиялың негіздері
Барша психикалық үдерістер секілді қиял да үлкен ми 
сыңарлары қабығының өнімі. Қиял бейнелері оң жэне сол ми 
сыңарының жүмысына байланысты пайда болады. Оң ми сы- 
ңары дүние көріністерін қарапайым түрге келтіріп, олардың 
біртұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық бірлес- 
тігінен хабар береді, осыдан адамға эрқилы бейнелер негізінде 
эстетикалық сезімдер өрістейді. Ал сол тараптағы ми сыңары 
келіп түскен ақпараттарды реттеп, оларды сөзбен өрнектеу 
қызметін атқарады, осыдан бейне мен ой ажырамас бірлікте 
екенін байқаймыз. «Ақылдан ажыралған фантазия құбыжық 
тудырады, ақылды арқау еткен фантазия — өнер атасы, ға- 
жайыптар бұлағы» (Ф. Гойя).
Қиялдың физиологиялық негізі — жүйке байланыстарының 
іске қосылуы, бүзылуы, қайта түзілуі мен жаңа жүйелерге 
бірігуі. Осының арқасында бұрынғы тәжірибеден өзгеше, бірақ 
одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келіп шығады. 
Қиялдың сонша күрделі болуы, алдын ала оның мазмұндық 
сипатын болжастырудың қиындығы, қиялдың көңіл-күймен 
байланыстылығы — қиял жасаушы тетіктердің тек ми қабы- 
ғында ғана емес, мидың терең, тар бөліктерінде жайғасатынын 
пайымдатады.
Сонымен бірге, мида пайда болған бейнелер шеткі үдеріс- 
тердің қызметтерін өзгертумен, оларға реттеу ықпалын жасайды. 
Бұл тұрғыдан барша психикалық үдерістердің арасында қиял 
денедегі табиғи үдерістермен аса тығыз байланысқан эрі олар­
ды әсерлі өзгерістерге келтіріп отырады. Қапелімде қиялына 
бірдеңе түсе кетіп, адамның өзінен-өзі шошынып, терге малы- 
нып, қызарып-бозарып, дірілдей қалатынын байқаған боларсыз. 
Осындай қиялдың әсерінен кей кездері адам өзін сырқатқа да 
ұрындырады. Тіпті, дәрігерлік институттардьщ төменгі сынып 
студенттері өтіп жатқан дэрістердің әсерінен қиялға еніп, 
өздерінде болмаған аурулардың белгілерін іздеп, элек болады. 
Мұндай өзін-өзі қияли сендірудің салдарынан адам катерлі жағ- 
дайға душар болуы мүмкін. Мажар психиатры Иштван Гарди 
осының дәлелі ретінде мынадай болған оқиғаны келтіреді: 
суытқыштар зауытының жүмыскері рефражератор машинасы-


ның қорабында қапаста қалады. Оның ойынша, суытқыш жүйе 
іске қосылған болады. Күн өте, таңертең оны денесінің асқына 
суынуынан өлген күйі тауып алып, болған жағдайдың себеп- 
терін тексергенде, рефражератор қосылмағанын, ол өлім суықтан 
емес, суытқыш ішінде адамның тоңып өлетінін қиялдап, соны 
күтуден болғаны анықталған.
Кейде психологиялық ауытқудан сырқатқа шалдығудың 
себебі маман, өрнек тұткан адамдардың сөзін дұрыс қабыл- 
дамаудан да болады. Ойланбай айтып салған дәрігердің бір 
ауыз сөзі шипа іздеп алдына келген адамда ауыр сыркат күмә- 
нін туғызған жағдайлар болған. Осы күмэннің кесірінен ке- 
шегі сап-сау адамда сырқат белгілері қозып
ядрогендік 
деп 
аталатын науқас өршіп кеткен.
Осындай психикалық зақымдану кейбір ойсыз, педагогака- 
лық мәдениеті кем мүғалімдердің шэкіртке айтылған ескер- 
тулерінен де туындайды. Осының салдарынан жас шэкіртте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет