Адам өзінің ішкі дене мүшелерінің қалпын елестетумен ка
тар, қиял арқылы өз дене мүшелерінің қимылын да (қол, аяқ,
асқазан, жүрек соғысы жэне т. б.) қажетті жағдайға келтіре
алады. Зсрттеулер барысында осындай қиял басқарымындағы
бұлшық еттерде нақты әрекеттер жасалып жатқандағьвдай им-
пульстер пайда болатыны дэлелденген. Қиял негізінде бұлшық
еттерде туындайтын мұндай әрекеттерді ғылымда
идеомотор-
лык
деп атау қабыдданган.
5.3. Қиял түрлері
Қиял қызметі әрқилы деңгейде көрінуі мүмкін.
Оның көп турлі
болуының басты себебі ең алдымен эр адамның өз қиялын
басқаруға деген саналы бағытынан. Әрекет дәрежесіне орай қиял
енжар жэне белсенді болып, екіге бөлінеді. Енжар қиялдан тур-
мыска аспайтын, қажетсіз не болуы мүмкін емес бейнелер ка-
лыптасады. Қиял
мұндайда адамды толық баурап, шын әрекет
қажеттігінен ажыратады. Бұған мысал ретінде жатып алып, бос
қиялмен нәтиже бермес арманға шомған Н. Гогольдің «Өлі
жандар» поэмасындағы Манилов бейнесін келтіруге болады.
Ш. Айтматовтың «Ақырет» романындағы Авдий Каллистратов
та осындай кейіпкерге меңзес.
Енжар қиял ниеттелген не ниетсіз болуы мүмкін. Ниетгел-
ген енжар қиял ерік күшімен байланыспаған бейнелер пайда
етеді Мұндай бейнелер өлі болары не
болмасы бслгісіз арман-
даудан келіп шығады, ол тұлғаның қажетсінуіне байланысты.
Мысалы, жарысқа түсетін спортшы, емтиханға бара жатқан
студент не армандайтыны айтпаса да белгілі. Әлбетте, бірі жеңіс
тұғырына көтерілгенін, екіншісі «5» алғанын елестетеді.
Енжар қиялдауда адам, эдетте,
тек өзіне жағымды, ұнамды
арманға түседі. Ал егер мұндай арманшылдық өнімді іс-эре-
кетпен ұштаспай, адамның психикалық өмірінде басымдау кел-
се, онда тулға дамуының кандай да кесапатқа үшырағаны.
Ниетсіз енжар қиял сана қызметінің босаңсып, не зақым-
дануынан, мүлгіген халде, ұйқыда жэне т. б.
жағдайларда белгі
береді. Ниетсіз қиялдың аса жарқын көрінісі галлюцинация-
льщ кейіпте, адамның жоқ затты бар етіп, одан шошынып, не
қорқып, күйзеліске түскенінен байқауға болады.
Енжар қиялға қарағанда белсенді қиял жасампаз және
шығармашыл келеді. Жасампаз қиял негізінде алдын ала беріл-
ген көрсетпелерді басшылыққа ұстаумен қандай да бейнелерді
түзу жатады. Бұл қиял түрі
қалаған тэлім, тэрбие жұмысының
тірегі ретінде көркем эдебиет оқығанда, географиялық не тари-
хи карталармен танысқанда, сызылмалар мен іс жобаларымен
танысқанда өте қажет. Жасампаз қиял
бейнелерін жазба не зат-
тық құжаттар күйінде берілген басқа адамдар сөзінен түрғызуға
болады. Қайта жасау барысында адам таңбалык жүйедегі (сөз,
сан, сызылма, нота жэне т. б.) іздерді өзінде бүрыннан қорытыл-
ған білімдерімен толықтырып отырады. Қандай да бейне, кейіп-
керді жасауда автордың көркемдік шеберлігі, кейіп құрасты-
рудағы эдістері мен тэсіл байлығы үлкен мэн ойнайды.
Сондай-ақ жасампаздық қиял бейнелерін түрғызуда адам-
ның көңіл күй жағдайын да ескермеске болмайды. Күшті эмо-
ционалдық кейіп жасампаздыққа кедергі ықпалын тигізеді.
Мұндайда адам ойы шашыраңқылыққа түсіп,
өзінің не окып
отырғанын түсінбей, мэнін, мазмұнын қабылдамайтын қа-
лыпқа енеді. Сырқаттан, наша не ішімдік әсерінен болған пси-
хикалық ауытқулар да бастапқы мазмұнға сай келмейтін бей-
нелердің тууына себепші болады.
Шығармашыл қиял жаңа, қайталанбас
бейнелер мен идеа-
лардың қайнар көзі. Мұндағы «жаңа түсінігі екі-талай мэнге ие:
объектив жаңалық жэне субъектив жаңалық. Объектив жаңа
бейне — бұл заттық не идея күйінде дүниеде бұрын соңды
болмаған бейне; ал субъектив жаңа бейне — эрбір тұлғаның
тэлім, тэрбие, күнделікті тұрмыс жағдайында өз басы үшін
ашатын жаңалығы. Қажеттіктерді қанағаттандыру жолында
көрнекі елее туындыларын белсенді, мақсат бағдарлы пайдалану
Достарыңызбен бөлісу: