Біреуі көк, біреуі — жер тағысы
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл.
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
Қиялдың ерекше түрі —
арман.
Армандау — өзімізге ұнаған
болашақ бейнелерді қиял ету, әзірге қол жетпес, бірақ келешек-
те орындалса деген адамның өмірлік мүддесін қанағаттанды-
руға қажет зат не әрекет. Арман — адам үшін
өзінің шығарма-
шыл күш-куатын жүзеге асыруға бағыт беретін жұлдыз сипатты.
Арманды сөз еткенде оның іске асатыны не аспайтынын ескер-
ген жөн. Болар арман сол арманға жету әрекетінен ажырал-
майды, оның мақсаты анық, мазмұны мен орындау жолдары
қиялдаушыға толық түсінікті. Ал болымсыз арманның мазмұны
анық
болғанымен, іске асу жолдары белгісіз. Көп жағдайда
мұндай арман қиял бейнелері дәрежесінен аспай, адамды әре-
кетке ынталандырмайды.
Болымды арман эрдайым белсенді келеді, боларына сенген
адам дегеніне жетпей тыным таппайды.
Адам еңбегінен туын-
даған қалаған зат (қағаз, қалам, машина жэне т. б.) көптеген
үрпақтар арманының жемісі емес пе? Дүние-мүліктердің жа-
салу тарихы неғұрлым ұзаған сайын, олар сан мэрте жэне сан
қилы өзгерістерге келіп, талай әулеттің арманын қамтыды. Қай
жаңа зат болмасын, алғашқыда
өнердің ұшпағы болып кө-
рінгенімен, келе-келе қолданып, пайдалану барысында оның
түзетілуі қажет ақауы мен олқылығы байқалады да адам көрін-
ген кемшілікгерден азат жаңа, жетілдірілген затты армандайды.
Ал, шынына келеек, арман жүйрік, оған жету мүмкін емес, жет-
кен күнде — даму тоқтайды. Орындалған арман жаңа қажет-
тілік
туындатады, тың қажеттілік жэне бір, енді жоғарылау
деңгейдегі арманға себепші болады.
Шығармашылық іс-әрекетте қиялдың маңызы орасан зор.
Шығармашылық тұлғаның барша тұлғалық қасиеттерімен ете-
не қабысып, олардың қандай да бір тарапымен шектелмейді.
Жасампаздықтың психологиялық сипаты оны барша өмір сала-
сында: жаңалық табуда,
ғылым мен эдебиетте, көркем өнерде
көрінеді. Шығармашылық үдерістегі қиял шарықтауы адамның
біліміне, қабілетіне келіп, • мақсаттары мен көңіл-күйіне бай-
ланысты болады. Іс-эрекеттің қалаған түріндегі шығармашыл
қиялдың маңыздылығы жоқтан барды шығару емес, эңгіме —
қарапайым, еленбес бөлшектерден қүралған дүниені
өзгертіп,
жаңалауда. Көп жыл патенттік бюрода істеп, кейін ұлы ғалым
болған А. Эйнштейн:
Достарыңызбен бөлісу: