Психология


П.Л. Блонский, А. С. Выготский, А.В. Запорожье, К.Н. Кор­



Pdf көрінісі
бет36/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   322
П.Л. Блонский, А. С. Выготский, А.В. Запорожье, К.Н. Кор­
нилов, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубиниггейн, А.А. Смир­
нов, Б. М. Теплое, Д. Н. Узнадзе
жэне басқалар болды.
Психология ғылымының негізгі қағидаттары 30-жылдары 
жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм 
(себеп-салдарлық) қағидаты, сана мен іс-әрекет бірлігі қағи- 
даты, даму қағидаты.
Детерминизм қагидаты
бойынша эрқандай психикалық 
құбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда 
болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске 
келеді. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи сұрыптау- 
мен айғақталады да, ал адам санасының дамуы, тіршілігі қо- 
ғамдық даму ережелерімен, өндіріс эдістерінің даму зандарымен 
анықталады. Ғылым тарихында алғашқы рет марксизм қоғамдық 
құбылыстардың материалистік негізін түсіндіріп, қоғам да- 
муының заңдарын көрсетіп берді. Сонымен, психиканың 
адамдық қасиеттерге тэн ерекшеліктері мен сананың пайда 
болуын жэне дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негіз 
қаланды.


Психологиялық кұбылыстарды себеп-салдарлы негізде қа- 
растырудан интроспекгтік эдіснама жэне оның зерттеу эдістері 
ғылым сахнасынан ығыстырыла бастады. Енді психика өзімен 
өзі туйықталған құрылым емес, ол сыртқы әсерлердің себебі- 
нен пайда болған құбылыс, ал оның салдарлы мэні тысқы іс- 
эрекетте көрініс береді деген тұжырым үстем болды. Өзіндік 
бақылау орнына объектив эдіс қолданымын тапты. Бұл эдіс пси- 
хологиялық зерттеулерде а) адамға эсер етуші жағдаятты анык 
білуге; б) осы әсерлердің сандық жэне сапалық сипаттамасын 
беруге; в) тысқы жауап, эрекет-қылықтарды белгілеп калуга; 
г) тітіркендіргіш ыкпалдарды салыстыруға мүмкіндік берді.
Детерминизм қағидаты психикалық үдерістердің табиғи те- 
тіктері қоғамдық тарихи болмыстардың ықпалымен өзгеретіні, 
яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті 
өнімін игеруі, қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды 
ықпал жасайтыны жөніндегі тұжырымға негіз болды.
Осы қағидат негізінде қалыптасқан кеңес психологиясының 
жэне бір жаңалығы — қоршаған ортамен қатынаста тысқы 
дүниеге қарсы тұратын жай саналы адам емес, ол жасампаз, 
шынайы дүниені белсенді қабылдаушы, керек болса өзгертуші 
тұлға. Әлеуметтік ықпалдарды қабылдау, мэдениет-руханият 
туыңдыларын игеру адамның сыртқы дүниемен белсенді 
араласуында, оның іс-әрекеті үдерісінде жүзеге келеді. Психо­
логия теориясы мен практикасында детерминизм қағида сының 
іске асуы психика дамуы, тэлім мен тәрбие мәселесінің шеші- 
луіне негіз болды. Осыған орай психикалық дамуға ықпал 
жасаушы күштер жөніндегі мэселе үлкен маңыз алып, даму 
теориясындағы детерминизм табиғатын түсіну осы мәселенің 
шешіміне тәуелді болды.
Психикалық дамудың қозғаушы күштерін сипаттау үшін де- 
терминизмді бірізді қолдану үдерісінде психологтар эрдайым 
психика дамуында биологиялық жэне әлеуметтік жағдайлар 
ара қатынасы, ішкі зандылықтар мен сыртқы әсерлердің байла- 
нысы, даму мен оқу-үйретімнің сабақтастығы жөніндегі сүрақ- 
тарға кезіге берді. Бұл мәселелердің көбі элі өзінін нақты ше- 
шімін таппағанымен, олардың біртарапты материалистік негіз- 
демесінің қабылдануы психика дамуының себеп-салдарлық қа- 
ғидатын ұстанғаннан болып отыр.


Психологиадағы детерминистік бағыттың іске асуының және 
бір жолы психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені 
жөніндегі шешімінен. Психика— ми қызметі деген материалистік 
тұжырымға арқа сүйей отырып, психология өз алдына пси- 
хикалық кұбылысты тудырушы ми қызметі тетікдерін зерт- 
теуді міндет етіп қойды. Детерминизм осыдан психикалық кұ- 
былыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қол- 
данудың негізі болды.
Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт ар- 
найы п қағидат ретінде қарастырылмаған еді. 50-жылдары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет