2. Іс –тәжірибенің өтуін ұйымдастыру 2.1 Жалпы талаптар: 1. Іс-тәжірибенің ұзақтығы – 2 кредит көлемінде, 2 апта – 60 сағат.
2. Оқытуды ұйымдастыруда іс-тәжірибе нысаны стационарлық болып табылады.
3. Іс-тәжірибе алдында бағдарлау конференциясы өткізіледі, онда студенттер іс-тәжірибенің мақсатымен, міндеттерімен және негізгі жұмыс түрлерімен танысады.
4. Қашықтықтан білім беру технологиялары қолданылатын күндізгі оқу нысанының студенттері мамандығы бойынша жұмыс істеу шартымен іс-тәжірибелік сабақтардан босатылады. Бұл ретте іс-тәжірибе басталғанға дейін жоғары оқу орнына жұмыс орнынан анықтама мен кәсіби қызметін көрсететін және білім беру ұйымының қолымен және мөрімен расталған толық сипаттамасын ұсынады.
5. Студенттер психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеге келісім шарт негізінде бағытталып, жіберіледі.
6. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша студенттер психология және коррекциялық педагогика кафедрасына есеп береді, оны практика жетекшісі тексереді.
7. Баяндамаларды студент кафедра меңгерушісі құрған комиссия алдында қорғайды және бұйрықпен бекітіледі.
8. Хаттама оқу тілінде жасалады.
9. Ауылдық квота, әкім гранты (ОЭБ) бойынша ББО-на түскен студенттерге бітіруші бөлімнің шешімі негізінде тұрғылықты жері бойынша педагогикалық және диплом алдындағы іс-тәжірибеден өтуге рұқсат етіледі.
10. Баяндаманы қорғау нәтижелері сандық баламасы бар халықаралық деңгейде қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша баллмен бағаланады (оң бағалар, кему реті бойынша «А»-дан «D»-ге дейін және « қанағаттанарлықсыз» - «FX», «F») (4-қосымша).
11. Студенттер мыналармен қамтамасыз етіледі:
- тағылымдамадан өту бағдарламасы;
- іс-тәжірибе бойынша күнделік-есеп (2-қосымша);
- іс-тәжірибе бойынша жұмыс кестесі (3, 3.1-қосымша);
- психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибе бағдарламасымен қарастырылған қажетті оқу жабдықтары.
12. Қажет болған жағдайда іс-тәжірибе жетекшілері іс-тәжірибеге жіберілген білім алушыларды медициналық тексеруді ұйымдастырады.