Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі


Тү­рік­ бір­лігі­нен­ ха­лық­тар­дың­ бір­тұ­тас­ май­данына



бет16/28
Дата31.12.2019
өлшемі2,81 Mb.
#54011
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28

5.4 Тү­рік­ бір­лігі­нен­ ха­лық­тар­дың­ бір­тұ­тас­ май­данына

М. Шо­қай­дың­ тек­ тү­рік­ тек­тес ха­лық­тар­мен­ шек­те­ліп­ қал­май, Ре­сей­ бодан­ды­ғын­дағы бар­лық ха­лық­тар­дың­ бас­та­рын­ бі­рік­тіру жө­нін­дегі іс-қимылдары 1919 жылы Кав­каз­ өңі­рін­де жүр­ген ке­зін­де-ақ бас­талады. Бі­рақ­ кейінгі ке­зең­де о­ның­ бұ­л ба­ғыт­тағы жос­пары э­миг­рант­тық­ ұйым­дар­дың ұстаным­дарына, саяси күш­тер­дің­ өз арала­рын­дағы қа­рым­-қаты­нас­тарға байланыс­ты күр­делі эволюция­лық­ жол­дан өтеді.

Мұс­тафа­ның­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­те ха­лық­тар­дың­ бір­тұ­тас­ май­да­нын­ құруға бай­ла­ныс­ты әре­кет­тері Поль­ша тарапы­нан­ қол­дау табады. 1924 жылы Поль­ша Сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлігі­нің­ қыз­меткері С­тем­повс­кий­ Мұс­тафаны Бал­тық­ мем­ле­кет­тері, Кав­каз­, Түр­кі­стан және Украина­ның­ арала­рын­да Ресейдің­ жаулаушы­лық­ және ассимиляциялау саясатына қар­сы о­дақ­ құру жоспары­мен­ та­ныс­тырады. Сол­ жыл­дың мау­сым­ айында өт­кен­ ке­ліс­сөз барысын­да он­дай­ ұйым­ның­ орталығы Поль­ша­ның­ Шы­ғыс­ инс­титу­тын­да орналаса­тын­дығы және Вар­шавадағы “Кон­кор­д клубы”, соны­мен­ бір­ге “А­дам­ құ­қын­ қор­ғау жө­нін­дегі қо­ғам­мен” және Па­риж­дегі “Ко­тидь­ен” газеті­нің­ редакциясы­мен­ бай­ла­ныс­ты бола­тын­дығы тал­қыла­нып­, по­ляк­тар­дың­ көмегі­мен­ Па­риж­де ф­ран­цуз ті­лін­де “Проме­тей­” атты жур­нал шығару көз­деледі [1].

Саяси қыз­ме­тін­де жаңа ба­ғыт­тың а­нық­талуы М. Шо­қай­ға “Д­ни”, “Послед­ние но­вос­ти” га­зет­те­рін­де бұдан әрі жұ­мыс­ істеуге­ мүм­кін­дік­ бер­мейді. 1926 жыл­ғы бір­ ха­тын­да ол “ме­нің­ жал­ғыз мақ­са­тым­ – қо­лым­ды боса­тып­ алу... Қа­лай­ бол­ғанда да 15 қараша­дан­ баспаханадағы жұ­мыс­ты тас­тауды ой­лай­мын­” [2] дей­ді.

1927 жылы Па­риж­де Поль­ша Сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлігі­нің­ Шы­ғыс­ бөлімі мен­ по­ляк­ Бас­ штабы­ның­ ІІ бөлімі “Ре­сей­дің­ езгідегі ха­лық­тары лигасы” атты ұйым құрады, ол “Проме­тей­ лигасы” деп­ те аталады. О­ған­ Ә­зір­бай­жан­, Түркістан, Украина, Грузия, Еділбойы, Қы­рым­, Ку­бань­, Сол­түс­тік Кав­каз­ және тағы бас­қа өлке­лер ө­кіл­дері­нің­ енуі жос­парланады.

Ұйым­ның­ бас­па органы осы­ған­ дейін Кав­каз­ тәуел­сіз­дігі комитеті шығарып­ кел­ген “Проме­тей­” (“Promйthйе”) жур­налы болады. Ол енді “Кав­каз­ және Украина ха­лық­та­рын­ ұлт­тық­ қор­ғау органы” ре­тін­де ф­ран­цуз ті­лін­де Г. Гвазава­ның­ бас­шылығы­мен­ шыға бас­тайды. Жур­нал­ға М. Шо­қай,­ Украинаның­ бұ­рынғы сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рі А­лек­санд­р Шуль­ги­н, М. Дан­ко, сол­түс­тік­ кав­каз­дық­ Шафи Ро­стан­, Грузия­ның­ бұ­рынғы прези­ден­ті Ной­ Жордания, осы ел­дің­ Женевадағы өкілі Кари­тон­ Ша­виш­вили, Ә­зір­бай­жан­ ұлттық­ қоз­ғалысы­ның­ же­тек­шілері М.-Э. Ра­сул­-Заде, Мир­-Я­куб­ Мех­тиев және бас­қа да қай­рат­кер­лер­ мақала жа­зып­ тұрады. Жал­пы ал­ған­да басы­лым­ның саяси, идеология­лық­ бағыт-бағдарын­ осы ав­тор­лар а­нық­тайды. 1927 жылы журналда Мұс­тафа­ның­ “Түр­кі­станда” де­ген­ мақаласы жа­рық­ көреді.

М. Шо­қай­ “Проме­тей­” ұйы­мын­да Түр­кияда, Гер­ма­нияда, Поль­шада,

Ф­ран­ция мен­ Че­хос­ловакияда орна­лас­қан ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­ жетекшілерімен­ ор­тақ­ тіл­ табы­сып­ жұ­мыс­ істеуге бар­ кү­ш-жіге­рін­ жұм­сайды. Әсіресе, ол Түр­кі­стан­ ұлт­тық­ қоз­ғалысы­ның­ тарихы, алдына қой­ған­ мақсаттары­мен­ шы­ғыс­, ба­тыс­ жұрт­шылы­ғын­ тү­гел­ та­ныс­тыруға ұмтылады. “Йе­ни Түр­кі­стан”, “Яш Түр­кі­стан” басы­лым­дары негізі­нен­ түр­кі­стан­дық­тар­ға, бас­қа да шы­ғыс­ ха­лық­тарына ар­нал­са, “Проме­тей­” жур­налы ол ү­шін­ ба­тыс­ оқыр­манда­рын­ Түр­кі­стан­ п­роб­лемалары­мен­ та­ныс­тыра­тын­ ма­ңыз­ды ақпараттық құ­рал­ болып көрінеді: осы се­беп­ті ол түр­кі ті­лін­дегі материалдарының­ біра­зын­ ф­ран­цуз ті­лін­де жария­лап­ отырады. Па­риж­дегі осы басы­лым­да М. Шо­қай­дың­ 106 мақаласы жа­рық­ көреді. О­лар­дың ба­сым­ көпшілігі Қазақ­стан­ мен­ Орта Азия рес­публикала­рын­дағы Ке­ңес­ өкіметі­нің­ ұлт­тық­ саясатына, Ауған­стан­ мен­ Шы­ғыс­ Түр­кі­стандағы оқиға­лар­ға ар­нал­ған [3].

“Проме­тей­” жур­налы­ның­ ал­ғаш­қы жеті саны Украина мен­ Кав­каз­ Одағының­, ал сегі­зін­ші саны­нан­ Украина, Кав­каз­ және Түр­кі­стан ұлт­тық­ ұйымдарының­ бас­па­сөз­ органы ре­тін­де жа­рық­ көреді. Мұ­ның­ өзі Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­ “Проме­тей­” қоз­ғалысына кейіні­рек­ қо­сыл­ғанды­ғын­ көрсетеді. 1927–1928 жыл­дардағы А.-З. Валиди­мен­ арала­рын­дағы келіспеушілік­терге бай­ла­ныс­ты Мұс­тафа “Проме­тей­” жур­налы­ның­ ре­дак­циясы құрамына ену­ден­ де бас­ тар­тады. 1929 жыл­дың 2 ақпа­нын­да М.-Э. Ра­сул­-Задеге жол­да­ған­ ха­тын­да: “Мені ұйым­нан­ шыға­рып­ тас­та­ған­нан кейін, әрине, бұ­л жур­налға жаза алма­дым­. Бі­рақ­ кав­каз­дық­ дос­та­рым­ның та­бан­ды өті­ніш­теріне бола мақала жазуға келі­сім­ бер­дім” дей­ді бір­ ха­тын­да.

М. Шо­қай­дың­ бас­тапқы кез­де жал­пы “Проме­тей­” қоз­ғалысына бір­ден қосыла кетуге сақ­тық­пен­ қарауына э­миг­рант­тық­ ұйым­дар­дың өз іште­рін­дегі қай­шы­лық­тар се­беп­ бол­ғанға ұқ­сай­ды. Ол әр­бір­ ұйым мен­ пар­тияда іш­тей­ бірлікті нығ­айт­қан­нан­ кейін ғана бір­ орта­лық­ төңірегіне топ­тасу жа­ғын­да болады.

“Проме­тей­” қоз­ғалысы­ның­ дү­ниеге келуі М. Шо­қай­ды­ А.-З. Валиди­дің­ бас­шылығы­мен­ жүр­гі­зіл­ген қудалаушы­лық­пен тұс­тас келеді. 1928 жыл­дың 7 ақпа­нын­да Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі Орта­лық­ Комитеті құр­ған ар­най­ы комиссиясы­ның­ хат­тамасына бе­ріл­ген түсі­нік­темеде Мұс­тафа­ның­ “Проме­тей­” ұйымына және жал­пы о­ның­ кү­рес­ ст­ратегиясы мен­ так­тикасына бай­ла­ныс­ты көз­қа­рас­та­рын­ бұр­малауға жол­ беріледі. Құ­жат­та Мұс­тафа “то­лық­ тәуел­сіз­дік идея­сын­ мой­ында­майт­ын­”, сон­дық­тан­ “түр­кі­стан­дық­тар­дың ұлт­тық­ талаптарының­ кав­каз­дық­тар мен­ украин­дық­тар­дың­ ұ­станым­дары­нан­ өзгеше болуын айт­ып­ жүр­ген” тұл­ға ­деп су­рет­теледі [4]. А­лай­да мұ­ның­ жала жабушылық­ е­кен­дігіне көп­ ұза­май­ ұйымдағы­лар­дың көз­дері жетеді. Хаттаманың­ түсі­нік­теме­сін­дегі М. Шо­қай­ды ә­зір­бай­жан­, гру­зин­ және украин ұйымдары бі­рік­кен “Проме­тей­де” ТҰ­Б өкілі ре­тін­де е­мес­, “жеке өз ба­сын­ насихат­тауға кө­ңіл­ бөле­тін­дігі” [5] де­ген­нің де еш­бір­ негізі жоқ­ бола­тын­.

Мұс­тафа­ның­ “Проме­тей­” қоз­ғалысына қосылуына о­рыс­ эмигранттарының­ бас­шылары А. Керенс­кий­ мен­ П. Милю­ков­ те қар­сы­лық­ білдіреді. Оны Ре­сей­ мем­лекеті­нің­ “жауы”, “жік­шіл”, “тү­рік­шіл” деп­ айыптайды [6].

Бір­лес­кен о­дақ­ құру жө­нін­дегі идея­ның­ ұйым­дық­ не­гіз­де жүзеге асырылуы бір­ден ілгерілеп­ кете ал­май­ды. 1927 жыл­дың 28 қараша­сын­да М. Шо­қай­ тү­рік­ э­миг­рация­сын­дағы ке­ліс­пеуші­лік­тер туралы Поль­ша Бас­ штабының­ № 2 экс­позитурасына жаз­ған ха­тын­да өзі­нің­ осы ке­зең­де ТҰ­Б өкілі ре­тін­де е­мес­, жеке-дара әре­кет­ етке­нін­ ес­кер­теді [7].

Бұ­л ұйымға опера­тив­тік бас­шы­лық­ жасау Ф­ран­цияда дип­ломатия­лық­ бүр­кемелеу­мен­ жұ­мыс­ істе­ген­ В. Дамб­ровс­кий­ге тап­сырылады [8].

Бір­неше жыл­дың і­шін­де “Проме­тей­” ұлт­тық­ орта­лық­тарды бі­рік­тіруші және о­ның­ жұмы­сын­ рет­теуші айт­ар­лық­тай­ ұйымға айналады. Құрамы­ның­ алақұлалылығына және арала­рын­дағы түр­лі қай­шы­лық­тарға қара­ма­стан, саяси, ү­гіт­-наси­хат­ және ұйым­дас­тырушы­лық­ сала­лар­да едәуір тәжірибе жинақталады.

1929 жыл­дың кү­зін­де ұйым по­ляк­ үкі­мет­ ор­ган­дары­мен­ ынты­мақ­тас­тық­ орнату жө­нін­дегі келі­сім­ге қол­ жет­кізеді. Жал­пы ал­ған­да “Проме­тей­дің­” жұмысы негізі­нен­ э­миг­рант­тық­ орта­лық­тар­дың­ бас­па қыз­ме­тін­ рет­теу­мен­ және түр­лі жиын­дар­ ұйым­дас­тыру­мен­ шек­теледі. “Проме­тей­” жур­налы­нан­ бас­қа Кон­стан­цада (Румы­ния) қы­рым­ та­тар­лары­ның­ – “Э­мель­”, Вар­шавада сол­түс­тік­ кав­каз­дық­тар­дың­ – “Шимали Каф­казия” (тү­рік­ және о­рыс­ тіл­де­рін­де), Берлинде та­тар­лар­дың­ – “Янга мил­ли юл”, ә­зір­бай­жан­дар­дың­ – “Кур­ту­луш­”, ортаазия­лық­тар­дың­ – “Яш Түр­кі­стан” басы­лым­дары шы­ғып­ тұрады. Бұ­лар­ да Поль­ша­ның­ қар­жы­лай­ және мо­раль­ды­қ көмегіне сүйенеді.

1928–1929 жыл­дары “Проме­тей­” одағына э­миг­рациядағы ұлт­тық­ ұйымдар­дың ө­кіл­дері тү­гел­ге жуық тар­тылады. О­лар­дың қата­рын­да М. Шо­қай­ мен­ Ос­ман­ Қожа (Түр­кі­стан), М.-Э. Ра­сул­-Заде (Ә­зір­бай­жан­), Ной­ Жор­да­ния (Грузия), Гаяз Исхаки (Татар­стан­), Жа­фер­ Сей­да­мет­ (Қы­рым­), Саид Шә­міл­ (Сол­түс­тік Кав­каз­) және т. б. болады.

1929 жыл­дың 2 жел­тоқса­нын­да М. Шо­қай­ Поль­ша Бас­ штабы­ның­ ІІ бөлімін­де дай­ын­дал­ған “Түр­кі­стан туралы” де­ген­ саяси рефе­рат­қа тарихигеография­лық­ си­пат­тағы кі­ріс­пе жазады және өзі­нің­ “Түр­кі­стандағы басмашы­лар­ қоз­ғалысы” де­ген­ материа­лын­ тап­сырады [9].

Осы жылы Вар­шавада идея­лық­-жол­дас­тық­ п­лат­формаға не­гіз­­дел­ген­ “Проме­тей­” комитеті құрылады, оны кей­де “Проме­тей­ клубы” деп­ те а­тай­ды. О­ның­ мақ­саты по­ляк­тар­дың­ бас­шылары­мен­ қа­рым­-қаты­нас­ты ны­ғайт­у, пі­кір­ алмасу­лар­ға саяды.

Осы­лай­ша Ре­сей­дің­ аг­рес­сия­лық­ саясаты­нан­ сан­ ға­сыр­лар бой­ы қасі­рет­ке ұшы­рап­ кел­ген Поль­ша­ның­ Ке­ңес­ Одағына қар­сы сая­сат­ ұстануы өз халықтары­ның­ тәуел­сіз­дігі ү­шін­ күре­сіп­ жүр­ген қай­рат­кер­лер­ге ор­тақ­ мүд­де төңіре­гін­де топ­тасуға мүм­кін­дік­ береді.

М. Шо­қай­ “по­ляк­тар­дың­ Ре­сей­ тарапы­нан­ көр­ген зор­лық-зом­былығы­ның­ дү­ниеде еш­бір­ тең­десі жоқ­ еді. Сол­ се­беп­ті де по­ляк­тар Ре­сей­ езгі­сін­дегі бас­қа ха­лық­тар­дың­ мұ­ң-за­рын­ өте жақ­сы түсіне­тін­ және о­лар­дың жанашыры еді” [10] деп­ көр­сетеді. О­ның­ пікі­рін­ше, өзі­нің­ саяси дер­бестігіне бас­ты қауіп­тің­ Ре­сей­ тарапы­нан­ төне­тін­дігіне сен­ген мар­шал Ю­зеф­ (Йо­зеф­) Пилсудс­кий­ өзіне одақтас­тар­ іздеу мақ­са­тын­да “Проме­тей­ лигасы­ның­” құрылуын же­дел­детеді [11].

Ю. Пилсудс­кий­ қайт­ыс­ бол­ған­нан­ кейін де Поль­ша ке­ңес­ мұға­жыр­ла­рын­ қол­дау саяса­тын­ жал­ғастырады. 1935 жылы Вар­шава­ның­ “Wshod” (“Шы­ғыс­”) жур­на­лын­да о­ның­ бас­ ре­дак­торы пан­ Банч­ковс­кий­ сол­ кез­де “Проме­тей­ майданына” топ­тас­қан­ Ре­сей­дің­ е­зіл­ген ха­лық­тары­ның­ мәселесіне Поль­ша­ның­ көз­қарасы туралы мақала жария­лап­, онда “Проме­тей­” мәселесі – жал­пы Шы­ғыс­ Еуропада, со­ның­ і­шін­де Ке­ңес­ Одағы қо­л ас­тындағы ха­лық­тар­дың­ жиын­тық­ көрінісі, Ре­сей­дің­ Ко­мин­терн арқылы Поль­ша­ның­ і­шін­де жүр­гі­зіп­ келе жат­қан і­ріт­кі­лік­ әре­кет­тері Поль­шаны “Проме­тей­мен­” е­рік­сіз бай­ла­ныс­тырады” [12] деп­ көр­сетеді.

Кей­бір­ ав­тор­лар­дың­ М. Шо­қай­дың­ “ма­сон­дығы”, немесе по­ляк­ бар­лау қыз­метіне жұ­мыс­ істе­ген­дігі туралы “уәждері” қа­зақ­ қай­рат­кері­нің­ саяси болмы­сын­ ман­сұқ­тай­ ал­май­ды. Мұс­тафа Поль­ша Бас­ штабы ІІ бөлімі­нің­ № 2 экс­позитурасымен және Поль­ша­ның­ сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлігі­нің­ Шы­ғыс­ бөлімі­мен­ ынты­мақ­тас­тық­ қаты­нас­тар орнатуда бір­неше тиімді жағ­дай­лар­ды ескереді.

№ 2 экс­позитура – 1929 жыл­дан 1939 жыл­дың қыр­күйек айына дейін жұмыс­ істе­ген­ құры­лым­, по­ляк­ үкіметі­нің­ э­миг­рант­тық­ ұйым­дар­ды өз саясаты мүд­десіне о­рай­ пай­далану жө­нін­дегі тап­сырмасы осы мекемеге жүк­теледі.

Поль­ша­ның­ 1926–1928 жыл­дардағы п­ремь­ер-ми­нист­рі Ю. Пилсудс­кий­дің­ Ре­сей­ империясы­ның­ құра­мын­да бол­ған бо­дан­ ха­лық­тар­дың­ мұға­жыр­ларын бір­ ұйымға топ­тастыруға ба­ғыт­тал­ған­ саяси бағдары М. Шо­қай­дың­ да ұстанымдарына то­лық­ сәй­кес­ келеді. О­ған­ қоса Мұс­тафа ү­шін­ саяси қыз­ме­тін­ жүр­гізуге қар­жы кө­зін­ табу да ма­ңыз­ды мәселе бола­тын­. Сол­ се­беп­ті М. Шоқай­ға по­ляк­ бар­лау қыз­меті­мен­ бай­ла­ныс­ты бо­лып­ты деп­ кінә арту әрекет­тері үс­тір­тін пай­ым­ е­кен­дігі а­нық­.

М. Шо­қай­ Поль­шаға, не бас­қа елге әскери-тех­нология­лық­ си­пат­тағы мағлұ­мат­тар бере­тін­ тың­шы­лық­ жұ­мы­стан ау­лақ­ болады, о­ның­ он­дай­ мүмкіндігі де жоқ­-ты. Поль­ша бар­лау қыз­ме­тін­де М. Шо­қай­ға “Czop” де­ген­ агент­тік­ е­сім­ бе­ріл­гені­мен­, ол по­ляк­ рези­ден­турасына өз қыз­меті, Орта­лық­ Азия мен­ Шы­ғыс­ Түр­кі­стандағы жағ­дай жө­нін­де аналитика­лық­ материал­дар­ беру­мен­ ғана шек­теледі. По­ляк­ мұраға­тын­дағы (кейін Ре­сей­дің­ қолына түс­кен) материал­дар­ Мұс­тафа­ның­ Поль­ша­ның­ бар­лау қыз­меті­нің­ қыз­мет­кер­лері Г. Рол­линг­ке, ­Станис­лав Казимиро­вич­ке (­Cтанис­лав Казими Мар­тель­), “Добчибей­ге” жаз­ған хат­тары мен­ о­лар­ға жол­да­ған­ ақпа­рат­тық материал­дар­ды құ­рай­ды. О­лар­: “М. Шо­қай­дың­ Лон­дон­да болуы”, “Түр­кі­стандағы бас­машы­лық­ қоз­ға­лыс­”, “Ау­ған­-ке­ңес­ қаты­нас­тары және Орта­лық­ Азиядағы ахуал”, “Түркістандағы көтері­ліс­тер туралы”, “Шы­ғыс­ Түр­кі­станды а­зат­ ету комитетінің­ үндеуі” т. б. құ­жат­тар [13].

“Проме­тей­” бір­лестігіне ен­ген­ ұйым­дар­ өздері­нің­ дер­бес­тік­те­рін­ сақтайды, сол­ се­беп­ті бұ­л ұйым түп­теп кел­генде пі­кір­ алы­сып­ отыра­тын­ к­луб­қа ұқ­сай­ды. Ке­ңес­ Одағына қар­сы ба­ғыт­тал­ған­ іс-әре­кет­те­рін­ рет­теп отыруға ұмтыл­ғаны­мен, о­ған­ “Проме­тей­дің­” әлеуеті жетісе бер­мейді.

Осы жағ­дайға бай­ла­ныс­ты М. Шо­қай­ “Яш Түр­кі­станда” 1932 жылы наурыз­да “Шеп­тері­міз­ді бі­рік­ті­рейік” де­ген­ мақала­сын­ жария­лай­ды. Онда автор­ тәуел­сіз­дікке тек­ тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ кү­ш-жігері арқа­сын­да қол­ жеткізуге бол­майт­ын­ды­ғын­ қайт­а­лап­ айт­ады. “Ашы­ғын­ айт­қанда, өздері­нің­ тәуел­сіз­дігі жо­лын­да күре­сіп­ жат­қан Түр­кі­стан, Кав­каз­, И­дель­-У­рал­, Қы­рым­ және қа­зақ­тар­дың­ жеке-жеке әрекеті­нен­ пә­лен­дей бір­ нәтиже шық­пайды. Барлық­ күші­міз­ді бі­рік­ті­ріп­ және бір­лес­кен­ бір­ тәуел­сіз­ орта­лық­ құруы­мыз­ лазым­” [14] дей­ді. Сол­ жылы сәуір айында М. Шо­қай­дың­ пікіріне “Ис­тик­лал”, “Янга мил­ли юл” жур­налдары қол­дау біл­діреді [15]. Осы басы­лым­дардағы өз үндеуі туралы пі­кір­лерді қорыта ке­ліп­, Мұс­тафа “Шеп­тері­міз­ді бір­лестіру хақын­да” атты келесі мақала­сын­да “пі­кір­ бір­лігін ұйым­дық­ бір­лікке айналдыру” мақ­са­тын­да ұлт­тық­ шеп­тер­дің­ ө­кіл­дері жиналысы­н­ шақыруды ұсынады. Кең­ кө­лем­дегі бір­лікке жетуге бай­ла­ныс­ты басы­лым­ бет­те­рін­де көтеріл­ген кей­бір­ көз­қа­рас­тарға да тоқ­талады және он­дай­ ұйым қан­дай си­пат­та болуы жө­нін­де өз көз­қара­сын­ баян­дай­ды.

“Жаңа Тұ­ран­” басылы­мын­да Мах­мұ­д Са­дық­ бек­ тү­рік­ бір­лі­гін­ құру арманын­ жүзеге асыру ү­шін­ “тек­ нә­сіл­дік е­рек­ше­лік­ке, та­рих­та қа­лып­тас­қан­ берік­ туыс­тық­ се­зім­дер­дің­ мәде­ни және руха­ни көрі­ніс­тері негі­зін­де ортақтастырыла­тын­ және дә­ріп­теле­тін­ фор­маны көр­гісі келеді”.

М. Са­дық­ бек­тің нә­сіл­дік е­рек­ше­лік­ке мән­ беру жө­нін­дегі сөзіне түсі­нік­ бере ке­ліп­, М. Шо­қай­ саяси-экономика­лық­ мәселе­лер­дің ба­сым­дылы­ғын­ айтады. Қы­рым­ның, Түр­кі­стан­ның­ және Ә­зір­бай­жан­ның география­лық­, қоғамдық жағ­дайла­рын­ са­лыс­ты­рып­, бұ­лар­дың бар­лығы­ның­ тү­рік­ нә­сіл­дері бол­ғаны­мен­, саяси, экономика­лық­ даму дең­гейлері­нің­ түр­ліше е­кен­дігіне на­зар­ аударады. “Мәсе­лен­, Ә­зір­бай­жан­ саяси және экономика­лық­ жағы­нан­, Түркістанға қара­ған­да, Грузия мен­ Кав­каз­ ұлт­тарына бай­лан­ған. Сол­ се­беп­ті оның­ Кав­каз­ федерациясына кіруі әб­ден­ табиғи. Қы­рым­ да сол­ тә­різ­ді. Ол саяси-экономика­лық­ жағы­нан­ біз­ден гөрі Украинаға жа­қын­” дей­ді.

М. Шо­қай­ жаңа­дан­ құрылуға тиісті ұйым­ның­ саяси си­пат­тағы құры­лым­ екен­ді­гін­ еске салады, осы­ған­ қара­ма­стан түр­лі топ­тарға кіре­тін­ тү­рік­тер мәдени және руха­ни тұр­ғы­дан­ бі­рін­-бірі қол­дап отыруы тиіс деп­ ес­кер­теді. “Бірақ­ Ре­сей­ империа­лиз­міне қар­сы ба­ғыт­тал­ған­ қа­зір­гі саяси күресі­міз­де тәуел­сіз­дікке ұм­тыл­ған бар­лық ха­лық­тар­дың­ бі­рың­ғай май­даны ара­сына тү­рік­ май­да­нын­ қыс­тырғаны­мыз­ саяси шикі­лік­тің көрінісі бо­лар­ еді” [16] деп­ үзілдіке­сіл­ді тұжы­рым­ жа­сай­ды.

Мұ­нан­ М. Шо­қай­дың­, бі­рін­ші­ден­ “Проме­тей­” бір­лестігі­нің­ қыз­метіне көңілі тол­ма­ған­ды­ғын­, е­кін­ші­ден­, о­ның­ көз­қара­сын­да күр­делі өзге­ріс­ болғанын­, тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ бір­лігі идеясы­нан­ бар­лық мүд­де­лес­ халықтардың­ бір­лігі идеясына бір­жолата көш­кенді­гін­ көре­міз­.

М. Шо­қай­дың­ “Яш Түр­кі­станда” жария­лан­ған “Шеп­тері­міз­ді біріктірейік” мақаласы бар­лық э­миг­рант­тық­ топ­тар тарапы­нан­ қызығушы­лық­ туғызады. Қал­мақ­ қай­рат­кері Шам­ба Бали­нов­ Мұс­тафа­дан­ осы мақала­ның­ орыс­ша мәті­нін­ сұра­тып­ хат­ жазады. Оны өз мұраға­тын­да таба алма­ған­нан кейін М. Шо­қай­ “Яш Түр­кі­станда” жария­лан­ған “Бір­тұ­тас­ май­дан­ туралы” деген­ мақаласы­нан­ мына ү­зін­діні жібереді: “Ұлт­тық­ тәуел­сіз­дігі­міз­ ү­шін­ күресте ке­ңес­тік Ре­сей­дің­ қо­л ас­тындағы ха­лық­тар­дың­ бар­лық кү­ш-жіге­рін­ ортақ­ дұш­паны­мыз­ға қар­сы біріктіру қа­жет­ті­гін­ бәрі­міз­ түсіне­міз­. Бі­рақ­ оны біз­ а­шық­ мой­ындауға тиіс­піз­. Біз­дің­ жеке-жеке топ­тас­қан­ ұлт­тық­ ұйымы­мыз­да алауыз­дық­ о­рын­ алуда.

Біз­дің­ бар­лығы­мыз­ға іс-қи­мыл­дың жал­пы ор­тақ­ жос­пары туралы ойланатын­ сәт­ жет­ті. Кав­каз­, Украина, Түр­кі­стан, И­дель­-У­рал­, Қы­рым­ның әрқайсысы­ның­ ішкі дер­бесті­гін­ сақ­тай оты­рып­, Ре­сей­ боль­ше­виз­міне қар­сы біртұ­тас­ ор­талық­қа бірігуге тиіс­піз­” [17].

Осы пікі­рін­ ол 1932 жыл­дың 14 мамы­рын­да Гус­тав­ Рол­лин­ге де жолдайды [18]. М. Шо­қай­дың­ бас­қа ха­лық­тар­дың­ уа­қыт­ша көмегіне сүйене оты­рып­, тек­ түр­кі­стан­дық­тар­дың ғана тәуелсіз­дік­ке жетуін көк­семеге­нін­, о­ның­ ұ­станым­дары­ның­ эгоис­тік­, п­раг­матика­лық­ си­пат­та е­мес­ті­гін­, әрқа­шан­да ол езіл­ген ха­лық­тар жа­ғын­да бол­ғанды­ғын­, “о­рыс­ езгісі­нен­ запы бол­ған өздері тек­тес ұлт­тар­ға, о­лар­дың қоз­ға­лыс­тарына шы­най­ы жана­шар­лық­пен­ қарайтындығын” а­шық­ жазады. Бұ­л о­рай­да да ол жай­ “тү­рік­шіл қай­рат­кер” деген­ ұ­ғым­ аясына сый­май­ды, бі­рақ­ о­ның­ марк­сис­тік түсі­нік­тегі “интернациона­лис­т” е­мес­ е­кен­ді­гін­ де айт­а кет­кен жөн­.

М. Шо­қай­ “Проме­тей­” бір­лесті­гін­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­те нақ­тылы күшке ай­нал­дыруға тырысады, осы мақ­сатта оны қайт­а құру ке­рек­тігі жө­нін­де бір­неше мақала жария­лай­ды [19], ұйым­ның­ бас­па жұмысына бел­сене араласады: 1932 жыл­дың 26 мамы­рын­да “Проме­тей­дің­” Па­риж­дегі жиы­нын­да баяндама жа­сай­ды [20]. 1932 жыл­дың 23 жел­тоқса­нын­да “Проме­тей­дің­” редакция­сын­да “Түр­кі­стандағы революция­ның­ қа­зан­ кезеңі”, 1933 жыл­дың 19 қаза­нын­да Түр­кі­стан Мұх­тарияты­ның­ жеңі­ліс­ табуы, 1934 жылы 24 қа­зан­да Шы­ғыс­ Түр­кі­стандағы жағ­дай туралы [21] лек­ция­лар­ оқиды.

А­лай­да “Проме­тей­” бір­лестігі түр­лі э­миг­рант­тық­ ұйым­дар­дың бас­ қо­сып­, пі­кір­ алыса­тын­ клубы­ деңгейінен әрі аса ал­май­ды. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты 1934 жыл­дың 11 мамы­рын­да Па­риж­де “Кав­каз­, Түр­кі­стан және Украина халықтарының­ Дос­тық­ комитеті” атты ұйым құрылады. Бұ­л ұйым­ның­ төрағасы бо­лып­ А. Шуль­ги­н, о­ның­ о­рын­ба­сар­лығына М. Шо­қай­ сай­ланады [22]. Кейін ұйым­ның­ төрағалығына гру­зин­ қай­рат­кері А. И. Ч­хен­кели келеді.

“Дос­тық­ комитеті­нің­” құрылуына бай­ла­ныс­ты жік­шіл­дік­ си­пат­тағы түр­лі әре­кет­тер бол­май қал­ған жоқ­. Г. Исхаки­дің­ пікіріне бай­ла­ныс­ты М. Шо­қайға­ “Дос­тық­ комитеті­нің­” (“Comіte d'Amіtіe”) “Проме­тей­ге” қар­сы е­мес­, о­лар­мен бауыр­лас­ ұйым е­кен­дігі жө­нін­де түсі­нік­ беруге тура келеді. “Коми­тет­тің” жарғы­сын­ “Проме­тей­” ұйымы­ның­ төрағасы бекітеді. Жал­пы ал­ған­да, “Дос­тық­ комитеті” М. Шо­қай­дың­ екі-үш жыл­ бой­ына бір­тұ­тас­ май­дан­ құру қажеттігі туралы үндеулері­нің­ нақ­тылы көрінісі еді.

“Дос­тық­ комитеті” Ке­ңес­ Ода­ғын­дағы ұлт­тық­ тәуел­сіз­дігі­нен­ айы­рыл­ған ха­лық­тар мүд­де­сін­ халықара­лық­ дең­гейде қор­ғауға кіріседі. 1934 жылы 18 қыркүйекте “Коми­тет­” Ке­ңес­ Одағы­ның­ Ұлт­тар­ Лигасына мүше ре­тін­де қабылдануына о­рай­ қар­сы­лық­ мә­лім­деме жа­сай­ды [23]. 1935 жыл­дың 19 қыркүйе­гінде “Дос­тық­ Комитеті­нің­” Ұлт­тар­ Лигасына тап­сы­рыл­ған меморанду­мын­да: “Көп­те­ген­ ұлт­тар­ға зор­лық-зом­бы­лық­ көр­сету арқылы би­лік­ жүр­гі­зіп­ келе жат­қан, ә­лем­нің ты­ныш­ты­ғын­ бұзуға, мем­ле­кет­тер­дің­ ішкі істеріне арала­сып­, а­ран­датушы­лық­ әре­кет­терге ба­рып­ о­тыр­ған және дүниежүзілік­ төң­ке­ріс­ті ұйым­дас­тырушы бұ­л ел­дің­ Женевадағы іргелі ұйымға мүше болуы Ұлт­тар­ Лигасы­ның­ жар­ғысына толығы­мен­ қай­шы келеді” [24] делінеді.

“Дос­тық­ комитеті” Вар­шава “Проме­тейіне” ұқ­сас­ құры­лым­ ре­тін­де қалып­тасады. Ол өз жұмы­сын­ “Миль­то­н” ұйымы арқылы Вар­шава “Прометейімен­” келісе жүргізіп­ отырады. Бі­рақ­ бара-бара Па­риж­ бен­ Вар­шава ара­сын­да кей­бір­ қай­шы­лық­тар о­рын­ алады. Вар­шава “Дос­тық­ комитеті­нің­” эли­тар­лық п­рин­ципті бас­шы­лық­қа алуына, яғ­ни о­ның­ мем­ле­кет­тілігі бар­ халық­тарға сүйенуіне қар­сы бол­са, “Дос­тық­ комитеті” өз тара­пын­да варшавалық­тар­дың­ ұлт­тық­ орта­лық­тар­дың­ құзырына жата­тын­ іс­тер­ге қол­ сұққанына наразы­лық­ біл­діреді. Бұ­л айт­ыс­та Мұс­тафа Вар­шава жа­ғын­да болады.

Вар­шавадағы К­луб­ пен­ “Дос­тық­ комитеті” ара­сын­дағы қай­шы­лық­тарды ке­ліс­сөз арқылы Па­риж­ делегациясы қа­тыс­қан ар­най­ы конг­рес­те шешу көзделеді. Делегация Кав­каз­ кон­федерациясы, Түр­кі­стан, Украина және “Проме­тей­” жур­налы ө­кіл­дері­нен­ тұрады.

1936 жыл­дың 17–26 сәуі­рін­де “Проме­тей­дің­” Па­риж­де өт­кен­ жиы­нын­да екі құры­лым­ ара­сын­дағы қаты­нас­тар тал­қыла­нып­, Ке­ңес­ Одағы­ның­ жаңа конституциясына қар­сы­лық­ біл­діріледі. Мемо­ран­думда К­рем­ль Ке­ңес­ Одағы құрамына “ке­зін­де күш­теп енгі­зіл­ген ха­лық­тар­дың­ автономиясы мен­ еге­мен­дігі конс­титуция­мен­ қор­ғал­ған­дығы” жө­нін­де жал­ған ақпа­рат­ тара­тып­, “ә­лем­ жұртшылы­ғын­ алдағысы келеді” [25] делінеді.

Ішкі ке­ліс­пеуші­лік­тер себебі­нен­ Па­риж­дегі “Проме­тей­” ұйымы­ның­ баспа­сөз­ органы­ның­ ре­дак­торы Г. Гвазава ауыстырылады және бас­қарма құрамын­да да өзге­ріс­тер о­рын­ алады. 1936 жыл­дың Вар­шавада өт­кен­ “Прометей­дің­” ке­зек­ті мәжілі­сін­де ұйым­ның­ жаңа бас­қармасы­ның­ құрамына Смаль­-С­тоц­кий (украин), Нака­шид­зе (гру­зин­), М. Ве­кил­ли (ә­зір­бай­жан­), Билати, А­зер­ Те­кин­ сай­ланады. Поль­ша Бас­ штабы­нан­ “Проме­тей­дің­” қызметіне жауапты 2-бө­лім­нің офицері В. Пель­ц (В. Дамб­ровс­кий­ орнына келген) ұйым­ның­ жұмысына өзге­ріс­тер енгізуді көз­де­ген­ бір­неше ұсы­ныс­ жасай­ды.

М. Шо­қай­ бұ­л о­рай­да прометеизм идеологиясы­ның­ мән­-мағына­сы Ресейдің­ бар­лық е­зіл­ген ха­лық­тары­ның­ бас­та­рын­ бі­рік­ті­ріп­, тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­ арнасына ба­ғыт­тауға саяды деп­ көр­сетеді. Қоз­ға­лыс­қа ұлт­тық­ бел­гілері қа­лып­тас­қан­ және тәуел­сіз­дікке ұмты­лыс­тары ай­қын­да­ған­ ха­лық­тар ғана е­мес­, ұлт­тық­ сана-се­зім­дері жаңа оя­нып­ келе жат­қан, мысалы, Сі­бір­ тай­палары да енуі ке­рек­ дей­ді. Жиында “Проме­тей­дің­” ұйым­дас­тырушы­лық­ қыз­меті бірыңғай бас­шы­лық­ орнату, эли­тар­лықты, яғ­ни ірі және кіші ха­лық­тарға бөлуді жою, жаңа мүше­лер­ тар­ту құқы, құпия жос­пар­лар­ды не­гіз­деу және бас­қа да мәселе­лер­ төңіре­гін­де пі­кір­ алмасылады.

Уа­қыт­ өте келе “Проме­тей­” қоз­ғалысы бұ­рын­ғы тар­ шең­бер­ден­ шы­ғып­, өз қыз­меті­нің­ идея­лық­-саяси ауқы­мын­ кеңіте түседі. О­ның­ эволюциясы эмигрант­тық­ орта­лық­тар бас­шылары­нан­ идея­лық­ тұр­ғы­дан­ тәуел­сіз­ не­гіз­де Ресей­ езгі­сін­дегі бар­лық ха­лық­тарды бі­рік­тіру бағы­тын­да өрбиді. Қыс­қаша айт­қанда, “езгідегі ха­лық­тар ин­тер­национа­лын­ құру” мәселесі кү­н тәр­ті­бін­де тұрады. Де­ген­мен 30-жыл­дар­дың­ е­кін­ші жар­ты­сын­да “Проме­тей­” қозғалысында бі­рың­ғай идеология­лық­ ұ­станым­дар мен­ ұйым­дық­ формаларының­ жоқ­тығы, о­ның­ жұмы­сын­ идеология­лық­, ғылыми тұр­ғы­дан­ негіз­дейт­ін­ және то­лық­тыра­тын­ по­ляк­ шы­ғар­машы­лық­ бас­тауыш ұйымдарымен­ бай­ла­ныс­тары­ның­ әл­сіз­дігі бай­қалады. Бұ­л мәселеге М. Шо­қай­ да бір­неше рет­ на­зар­ аударады.

1937 жылы 23 қыр­күйекте Ке­ңес­ Одағы­ның­ қо­л ас­тындағы украин, грузин­, қа­зақ­, өз­бек­, т. б. ха­лық­тарға жаса­лып­ о­тыр­ған қу­ғын­-сүр­гін мен­ жаппай қудалаушы­лық­қа наразы­лық­ біл­дір­ген­ мә­лім­демені Ұлт­тар­ Лигасына тап­сыру ү­шін­ Женеваға А. И. Ч­хен­кели мен­ М. Шо­қай­ ар­най­ы келеді.

“Дос­тық­ комитетіне” бас­шы­лық­ жасауы мен­ халықара­лық­ аренадағы қадам­дары арқылы М. Шо­қай­ көп­ ел­дер­ге мәшһүр­ көр­некті тұл­ға болып танылады. 1937 жылы 8 ма­мыр­да “Коми­тет­” Па­риж­де украин қай­рат­кері М. А.Славинс­кий­дің­ “Ке­ңес­ Ода­ғын­дағы ұлт­тық­ мем­ле­кет­ мәселесі” атты тақырып­тағы лек­ция­сын­ ұйым­дас­тырады. Жина­лыс­қа “Дос­тық­ комитеті­нің­” төрағасы
А. И. Ч­хен­кели, о­рын­басары М. Шо­қай­, Украина­ның­ бұ­рын­ғы сырт­қы іс­тер­ минист­рі А. Шуль­ги­н, о­рыс­ қай­рат­кері А. Ф. Керен­с­кий­ тү­гел­ қатысады. Баяндамашы о­рыс­ о­тар­лық саясаты­ның­ өзге ұлт­тар­дың тағ­дырына аса қауіптілігіне е­рек­ше кө­ңіл­ бөледі. Ре­сей­дің­ о­тар­лық шаралары­ның­ і­шін­дегі ең қасі­рет­тісі қа­зақ­, өз­бек­ т. б. ха­лық­тар­дың­ жеріне о­рыс­ мұ­жық­та­рын­ қоныстандыру, жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ға өз ана ті­лін­де мек­теп ашуға, бала оқытуға тыйым салыну деп­ көр­сетеді ол. Славинс­кий­дің­ пікі­рін­ше, о­сын­дай озбыр­ сая­сат­тың салдарынан Ре­сей­де дү­ние­нің­ бас­қа еш­бір­ же­рін­де бол­ма­ған­, бір­ ұлт­тың­ екі түр­лі зиялылары қа­лып­тасады. О­рыс­ мек­тепте­рін­де о­қып­, орысша тәр­бие ал­ған­ о­рыс­ е­мес­ ұлт зиялылары өздері мең­гер­ген­ ғы­лым­-білімде­рін­ ту­ған­ хал­қы­ның­ игілігіне жұм­сай ал­май­, о­рыс­ зиялылары­ның­ то­бын­ кө­бейт­іп­, о­рыс­ білі­мін­ то­лық­тыру ү­шін­ қыз­мет етеді [26].

М. Шо­қай­дың­ кү­рес­кер­лік­ қыз­меті биік мо­раль­ды­қ п­рин­цип­тер­мен астасып­ жатады. О­рыс­ пролетариаты­ның­ көсемі В. И. Ле­нин­ мен­ о­ның­ серіктері­нің­ о­дақ­таста­рын­ уа­қыт­ша құбы­лыс­ ­деп са­нап­, тиім­сіз­ уа­қыт­та олардан бас­ тар­та салатыны се­кіл­ді сая­сат­ Мұс­тафаға мүл­дем жат­ бола­тын­. Ол өз о­дақ­тастары­мен­ а­дал­ да а­шық­ қаты­нас­тар орнатады, о­дақ­тастары жө­нін­де еш­қан­дай құйт­ыр­қы е­сеп­терге не­гіз­дел­ген­ қа­дам­дарға бар­майды. Со­ның­ бір­ мысалы – М. Шо­қай­дың­ 1935 жыл­дың 20 жел­тоқса­нын­да Жапо­ния­ның­ өкілі Усуи мыр­заға жаз­ған хаты. Усуи­дің­ М. Шо­қай­мен­ кез­де­сіп­, э­миг­рациядағы басқа ұлт­тық­ ұйым­дар­ға Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­ көз­қарасы жө­нін­де әңгімелесуі бар­лаушы­лық­ с­и­пат­та бол­ған­ға ұқ­сай­ды. М. Шо­қай­, түркістандықтар­дың күресіне материал­дық­ және бас­қа да кө­мек­ көр­сетуді Усуи­дің­ бел­гілі бір­ шарт­тар­мен бай­ла­ныс­тыруына бай­ла­ныс­ты, он­дай­ ұсыныстан бас­ тар­тады. Себебі, Усуи қой­ып о­тыр­ған мәселе­лер­ ТҰ­Б-ның­ саяси о­дақ­тастары­мен­ қа­рым­-қаты­нас­тарына нұқ­сан кел­тіре­тін­ еді. Осы­ған­ байланысты ол Жапо­ния өкіліне бы­лай­ деп­ жауап береді: “Біз­ бі­раз­ уа­қыт­тан бері сіз­ қа­был­дағы­ңыз­ кел­мейт­ін­, ал кей­бірі, тіп­ті, сіз­ге се­нім­сіз­дік­ тудыра­тын­ ұйым­дар­мен нақ­тылы жұ­мыс­ арқылы және мо­раль­ды­қ тұр­ғы­дан­ байланыстамыз­. Мысалы, бұ­рынғы мень­ше­вик­тік үкі­мет­ бас­қара­тын­ гру­зин­ орталығы сіз­ге мүл­дем ұна­май­ды. Сіз­дің­ ойы­ңыз­ша, гру­зин­ мень­ше­вик­тері ІІ Ин­тер­нацио­нал­мен бай­ла­ныс­ты және сіз­дің елі­ңіз­дің “фа­шиз­мі мен­ империализ­міне” қар­сы күре­сіп­ келеді; о­лар­дың “Проме­тей­мен­” де қа­рым­-қаты­нас­та болуы – қара­жат­ алу ү­шін­ көз­бояушы­лық­.

Ме­нің­ мұны­мен­ ке­ліс­пеушілі­гім­, дәлі­рек­ айт­қанда, түсі­ндір­мем­ сіз­ді қана­ғат­тандырмады. Бас­қа екі ұйым да сіз­дің көңілі­ңіз­ден шық­пады... А­лай­да біз­ жал­пы жұ­мыс­та сіз­ қа­был­дағы­ңыз­ кел­мейт­ін­ осы ұйым­дар­мен байланыстамыз­. Со­лар­мен бір­ге түр­лі бір­лес­тік­терге ен­ген­біз... Біз­дің­ әзербайжан­ ұйымына көз­қарасы­мыз­ аса е­рек­ше. Біз­дер­ді ә­зір­бай­жан­дар­мен­ қаны, тілі, діні бой­ынша туыс­тық­ дәне­кер­лері бай­ла­ныс­тырады. Кав­каз­ конфедерациясы­ның­ мүшесі бола оты­рып­, Әзір­бай­жан­ жал­пы тү­рік­ отбасы­ның­ мүшесі бо­лып­ қала береді. Кав­каз­ға жал­пы ті­лек­тес бол­сақ, Ә­зір­бай­жан­ға екі есе ті­лек­тес­піз­. Сон­дық­тан ә­зір­бай­жан­ ұйымына се­нім­сіз­дік­... біз­дің өзі­міз­ге сенім­сіз­дік­ ре­тін­де қа­был­данады” [27].

Мұс­тафа кав­каз­дық­ ұйым­дар­мен қа­рым­-қаты­нас­та­рын­ үзу­дің­ мүм­кін емес­ті­гін­, материал­дық­ кө­мек­ті он­дай­ опа­сыз­дық жол­мен ала ал­майт­ын­ды­ғын­ мә­лім­дейді. Соны­мен­ бір­ге ол Усуи мыр­за­ның­ Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысы­ның­ “ис­лам­шыл­дық­” пен­ “тұ­ран­шыл­дық­” не­гіз­де жүр­гізілу ке­рек­тігі туралы пікі­рін­ де “о­рын­сыз” деп­ е­сеп­тейді. “Ке­ңес­тік Ре­сей­ге қар­сы күресі­міз­ді ді­ни бір­лес­тік­ туы ас­тын­да да, “тұ­ран­шыл­дық­” туы ас­тын­да да жүр­гізуге бол­майды. Ке­ңес­ өкіметі­нің­ қо­л ас­тындағы мұ­сыл­ман­дар­ мен­ тү­рік­тер өздері ғана ұлт­тық­ тәуелсіз­дігі­міз­ге қол­ жет­кізе ал­май­ды. Мұн­дай жағ­дайда о­лар­дың ді­ни және ұлт­тық­-тү­рік­тік (тү­рік­шіл­дік­) туын көтеру еш­бір­ пай­да кел­тір­мей­, қайт­а Кеңестік Ре­сей­ге қар­сы күре­сіп­ жат­қан се­нім­ді о­дақ­тастары­мыз­дан – украиндар­дан, гру­зин­дер­ден­, бас­қа мұ­сыл­ман, не тү­рік­ е­мес­ ха­лық­тар­дан­ бө­ліп­ тас­тар еді” [28]. “Саяси шын­дықты сез­бейт­ін­, қа­раң­ғы да шар­шап-шал­дық­қан­ мұға­жыр­лар ара­сын­да же­ңіл­ бе­дел­ге ие болуды көк­се­ген­ а­дам­дар ғана “исламшыл­дық­” жолы­мен­ жүруді оң көреді” дей­ді Мұс­тафа.

М. Шо­қай­ гру­зин­, ә­зір­бай­жан­ т. б. ха­лық­тар­дың­ ұйымдары­мен­ о­дақ­тас­тық­ мәселесіне қай­шы келе­тін­ қа­дам­ның қан­дайы­нан­ да, тіп­ті Түр­кі­стан Ұлттық­ Бір­лігі ү­шін­ пай­далы кө­рін­ген­нің­ ө­зін­де де, ү­зіл­ді-ке­сіл­ді бас­ тар­тады. 1939 жыл­дың 20 сәуі­рін­де гру­зин­ қай­рат­кері А. И. Ч­хен­келиге жаз­ған ха­тын­да Мұс­тафа Шо­қай­ жа­пон­дық­тар­дың қар­жы­лай­ қо­мақ­ты кө­мек­ бер­мекші болғандығын, бі­рақ­ ол ү­шін­ Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­ “гру­зин­ меньшевиктерімен” және мусава­тис­тер­мен­ ынты­мақ­тасу­дан­ бас­ тар­туын та­лап­ етке­нін­ [29] еске алады. Оны­мен­ Женевада кез­дес­кен­ уақы­тын­да да бір­ “дос­ елдің­” дип­ломаты­мен­ кез­де­сіп­, “Шы­ғыс­ мәселесі” жө­нін­де сөй­лес­кенді­гін­ жасыр­майды. Мұ­ның­ өзі Мұс­тафа­ның­ саяси о­дақ­тастары­мен­ әрқа­шан­ да бүкпесіз­, таза қаты­нас­тар орнатуға ұм­тыл­ғаны­ның­ айғағы бо­лып­ табылады. Бер­лин­де, Женевада бол­ған кез­де­рін­де ше­тел­дік дип­ло­мат­тар­мен­ Түр­кі­стан мәселе­сін­ тал­қыла­ған­ы­ туралы гру­зин­, ә­зір­бай­жан­, украин қай­рат­керле­рін­ хабар­дар е­тіп­ отырады.

Ол ең алды­мен­ Түр­кі­стан­ның­ және о­ның­ о­дақ­тастары­ның­ мүд­де­сін­ алға қояды, бір­ дер­жава­ның­ е­кін­ші дер­жава­мен­ бәсеке­лес­тік “ойыны­ның­” құр­баны бо­лып­ кету­ден­ бой­ын ау­лақ­ ұс­тай­ды. Жоғарыда айт­ыл­ған жа­пон­ дипломатының­ ұсынысы­нан­ бас­ тар­та оты­рып­, кей­бір­ саяси күш­тер­дің­ бұ­л елге қар­сы жүр­гі­зіп­ о­тыр­ған шараларына да қол­дау көр­сет­пей­ді. Осы­ған­ о­рай­ ол дүниежүзі мұ­сыл­манда­рын­ Жапо­нияға қар­сы кү­рес­ке шақыру­мен­ шұ­ғыл­да­нып­ жүр­ген “У­руш­ Хабери” (“Urush haberі”) (“Әскери ха­бар­лар”) жур­на­лын­ о­рын­ды сын­ға алады [30]. Жа­пон­ дип­ломаты­ның­ М. Шо­қай­ға ке­ліп­ жолығуы “Прометей­” ұйымына Италия да, Гер­ма­ния, Анг­лия және Жапо­ния да қызығушы­лық­ танытуына бай­ла­ныс­ты еді. Әсіресе, Азияда “үл­кен­ ойынға” араласа бас­та­ған­ Жапо­ния Орта Азия рес­публикаларына, Ауған­стан­ мен­ Моңғолияға на­зар­ аудара бас­та­ған­-ды.

“Проме­тей­” ұйы­мын­ қайт­а құру жө­нін­дегі әре­кет­тер де, Жапо­ния өкілдері­нің­ Ауған­стан­ мен­ И­ран­да бо­лып­, э­миг­рант­тық­ топ­тар­мен­ кез­десулері жө­нін­дегі мағ­лұ­мат­тар да БТК-ның­ (Бүкіло­дақ­тық Тө­тен­ше Ко­мис­сия­ның­) Ше­тел­ бөліміне дер­ ке­зін­де бел­гілі болады. Осы­ған­ қара­ған­да ке­ңес­ бар­лау орган­дары­ның­ тың­шысы Поль­ша­ның­ Бас­ шта­бын­да жұ­мыс­ істе­ген­ге және Мұс­тафа­ның­ әр­бір­ қада­мын­ бақылауға ал­ған­ға ұқ­сай­ды.

Өз тара­пын­да жа­пон­ ө­кіл­дері Па­риж­де “Кав­каз­” э­миг­рант­тық­ тобы­ның­ бас­шысы Г. Бам­мат өт­кіз­ген жиынға қатысады. Жапо­ния­ның­ Теге­ран­дағы әскери атташесі Фугучи, Ауған­стан­дағы әскери атташесі Миязаки “өз адамдарына” Орта Азия рес­публикала­рын­дағы жағ­дайды, ха­лық­тың кө­ңіл­-күйін білу мақ­са­тын­да М. Шо­қай­ бас­қара­тын­ ТҰ­Б ұйымына енуді ұсынады [31].

М. Шо­қай­ тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ руха­ни жа­қын­дасты­ғын­, қан­дай ке­зең­де де бір­-біріне қол­ ұ­шын­ бе­ріп­ отыруын қа­лай­ды. А­лай­да о­ның­ бұ­л көз­қарасы әлем­ жұрт­шылығы­нан­ оқшаулануды, томаға-тұйықтықты көз­де­мей­ді.

М. Шо­қай­ бар­лық ұлт­тық­ ұйым­дар­мен тұ­рақ­ты қа­рым­-қаты­нас­ орна­тып­, о­лар­дың өз іште­рін­дегі ынты­мақ­ты ны­ғайт­уға кү­ш салады. О­ның­ Г. Исхаки­мен­, А.-З. Валиди, М. Ве­кил­ли, А. И. Ч­хен­кели, Г. Гвазава т. б. қай­рат­кер­лер­мен жазыс­қан хат­та­рын­да та­тар­лар мен­ баш­құрт­тар­дың, гру­зин­дер мен­ түркістандық­тар­дың, ә­зір­бай­жан­дар мен­ ар­мян­дар­дың­ арала­рын­дағы түр­лі кикіл­жің­дер­ді жоюға ты­рыс­қандығы көрінеді. Мұс­тафа а­дам­дар мен­ адамдардың­ бір­-бірі­мен­ түсі­ніс­пес­тік­те­рін­ дер­ ке­зін­де рет­теп отыруға бар­лық ой-параса­тын­, ше­шен­дік ше­бер­лі­гін­ жұм­сайды, бір­лік жоқ­ жер­де ор­тақ­ мүд­де ү­шін­ күресу­дің­ жо­сық­сызды­ғын­ үнемі се­рік­тері­нің­ есіне са­лып­ отырады. Ол “Яш Түр­кі­стан” жур­налы­ның­ қыз­ме­тін­ де осы арнаға ба­ғыт­тайды. Со­ның­ дәлелі ре­тін­де жур­нал бет­те­рін­де ба­сыл­ған Г. Исхаки, А. Топ­чибашы, М.-Э. Ра­сул­-Заде және т. б. ұлт­тық­ қай­рат­кер­лер­дің ө­мір­ жолына ар­нал­ған немесе э­миг­рант­тық­ ұйым­дар­ мен­ о­лар­дың “Янга мил­ли юл”, “Ис­тик­лал”, “Йени Тұ­ран­” се­кіл­ді бас­па­сөз­ ор­ган­дары туралы мақала­лар­ды атауға бо­лар­ еді.

Ә­зір­бай­жан­дар­дың­ Ис­тан­бұлда шыға­тын­ “Одлу юрд” жур­налы­ның­ алғаш­қы са­нын­да “Түр­кі­стан мәселесі” де­ген­ мақала­сын­ жария­лай­ды. Кей­бір­ туындылары “Мил­ли юл” (Бер­лин­), “Шимали Кав­казия” басы­лым­да­рын­да жарық­ көреді.

М. Шо­қай­дың­ кү­ш-жігеріне қара­ма­стан “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ен­ген­ “Проме­тей­” одағы мен­ “Дос­тық­ комите­тін­дегі” жағ­дай кү­н са­нап­ күр­делілене түседі. О­ған­ сырт­қы фак­тор­лар­ да ә­сер­ етеді: 30-жыл­дар­дың­ ортасы­нан­ бұ­л екі ұйым­ның­ жұмысы еуропа­лық­ мем­ле­кет­тер ара­сын­дағы қай­шы­лық­тар­дың­ өрбуі жағ­дайында өтеді. Өз кезе­гін­де бұ­л жағ­дай “Проме­тей­” мүшелері­нің­ араларына і­ріт­кі салады. О­лар­дың кейбірі өз елдері­нің­ тәуел­сіз­дікке жету жо­лын­ фа­шис­тік Гер­ма­ния­мен­ о­дақ­тасу­дан­ іздеуге бейімді­лік­ таныта бас­тайды. Е­кін­шілері, олар­дың і­шін­де М. Шо­қай­ да бар­, Гер­ма­ния фа­шиз­мі­нің­ Ке­ңес­ Ода­ғын­дағы тотали­тар­лық жүйе­ден­ еш айырмашылығы жоқ­ деп­ е­сеп­теп, өзде­рін­ фа­шис­тік кө­ңіл­-күй ауаны­нан­ ал­шақ­ ұстауды қа­лай­ды. М. Шо­қай­ мен­ о­ның­ жақ­тастары өздеріне қар­жы­лай­ кө­мек­ көр­се­тіп­ о­тыр­ған о­дақ­тас ел – Поль­шаға а­дал­ болуды жақ­тайды.

Г. Гвазава бас­та­ған­ топ­тың гит­лер­лік­ Гер­ма­нияға бүйре­к­тері­нің­ бұруын “Проме­тей­” жур­налы­ның­ бет­те­рін­де фа­шис­тік көз­қа­рас­тарды уа­ғыз­дайт­ын­ мақала­лар­ға о­рын­ берілуі­нен­ (1938 жыл­ға дейін) бай­қауға бола­тын­ еді.

О­ның­ үстіне э­миг­рация­лық­ қауым­ның­ і­шін­де Ке­ңес­ Одағы­ның­, бас­қа да мем­ле­кет­тер­дің­ бар­лау ор­ган­дары­ның­ әре­кет­тері, ұйым­дар­дың өз іште­рін­дегі ауыз­бір­лік­тің­ жоқ­тығы, тіп­ті, жай­ пен­деші­лік­тен туында­ған­ қаң­қу сөз­де­рдің­ өзі де іс бір­лігіне не­гіз­дел­ген­ нақ­тылы қа­дам­дар жасауға мүм­кін­дік­ бер­мейді. М. Шо­қай­дың­ 1938 жыл­дың 17 тамы­зын­да Истан­бұлға М. Ве­кил­лиге өзі­нің­ “прометейші­лер­ кух­нясы­нан­ бір­шама алысы­рақ­ тұр­ға­нын­”, сол­ се­беп­ті о­ған­ “жан­-жақ­тан шабуыл­дар­ жасалаты­нын­” айт­ып­ мұ­ңын­ шағуы­ның­ аста­рын­да осы жағ­дай­лар­дың жат­қаны түсі­нік­ті бол­са ке­рек­. “Мен­ өз іс-қи­мыл­дары­мен­ және күн­де­лік­ті жұ­мыс­та­ры­мен жал­пыұлт­тық­ іс­тің­ ша­ғын­-ша­ғын­ топ­тар дең­гейіне түсуіне ық­пал­ етуші­лер­ді кінә­лай­мын­ және о­лар­дың әре­кет­тері­нің­ сал­дары­нан­ “прометеизм­нің­” жал­пыұлт­тық­ істі екі жақ­қа айыруы­нан­ қор­қа­мын­” [32] дей­ді.

Осы “қор­қы­ныш­” оны Па­риж­де, Бер­лин­де, Вар­шава мен­ Буха­рес­те бірнеше кез­десу­лер­ өткізуге мәж­бүр­лей­ді. 1938 жыл­дың 11 сәуі­рін­дегі бір­ хатын­да: “Кав­каз­дық­тар­, не ә­зір­бай­жан­дар­мен­ кез­де­сіп­, әңгіме­лес­кен уақыттағы мақ­са­тым­ – дос­та­рым­ның бі­рін­ келесілеріне қар­сы қою е­мес­, топ­тар мен­ әр­бір­ топ­ і­шін­дегі өзара қаты­нас­тардағы қиын мәселе­лер­ді шешуге... дұ­рыс­ жол­ табуға жағ­дай жасау” [33] деп­ жазады.

1938 жылы М. Шо­қай­ үнемі жол­ үс­тін­де болады, бір­де Женеваға Ұлт­тар­ Лигасына, о­дан­ кел­ге­сін­ Вар­шавадағы шет­ ел­дер­дегі ұлт­тық­ ұйым­дар­дың жиналысына барады [34]. Сол­ жыл­дың 31 ма­мыр­ – 4 мау­сым­ы аралы­ғын­да “Проме­тей­ лигасы­ның­” Вар­шавада кон­фе­рен­циясы ө­тіп­, онда ұйым­ның­ Ре­сей­ езгі­сін­дегі ұлт­тар­дың (Ә­зір­бай­жан­, Грузия, И­дель­-У­рал­, Дон­, Карелия, Коми, Қы­рым­, Ку­бань­, Сол­түс­тік Кав­каз­, Түр­кі­стан және Украина­ның­) ба­сын­ біріктіретіні мә­лім­деледі. Кон­фе­рен­цияға қатысушы­лар­ дү­ниежү­зін­дегі саяси күш­тер ара­сал­мағы “ұлт­шыл­дық” пен­ “ин­тер­национа­лиз­м” төңіре­гін­де топтасып­ о­тыр­ғанды­ғын­, о­лар­дың ара­сын­дағы өзара кү­рес­те “интернационалдық идея­лар­дың” о­рыс­ ин­тер­национа­лиз­мі­нің­ құралына айналып­, Мәс­кеу­дің­ аг­рес­сия­лық­ саяса­тын­ бүр­кемелеуге қыз­мет іс­теп­ келе жат­қанды­ғын­ а­тап­ көр­сетеді. Жиын шеші­мін­де “ин­тер­национализм­ді өздері­нен­ тыс­ жер­лерде наси­хат­тай оты­рып­, Мәс­кеу о­рыс­ хал­қы­ның­ империа­лис­тік идеяла­рын­ жүйелі түр­де жүзеге асыруда, өз қанауындағы ха­лық­тарға ке­ңес­ патрио­тиз­мі де­ген­ ат­пен­ о­рыс­ ұлт­шыл­ды­ғын­ таңа оты­рып­, о­лар­ды ассимиляциялау және о­ры­стандыру саяса­тын­ жүр­гізуде” [35] делінеді.

Осы жағ­дай­лар­ды және ұлт­тық­ идея­лар­дың ба­сым­ды­ғын­ ескере оты­рып­, “Проме­тей­ лигасы” о­ған­ мүше ха­лық­тарды Ре­сей­ден­ а­зат­ етілуі ү­шін­ бі­рік­кен кү­рес­ке шақы­рып­ сал­та­нат­ты түр­де ант береді.

Г. Гвазава­ның­ бас­қаруындағы “Проме­тей­” жур­налы өз жұмы­сын­ тоқтатады да, о­ның­ орнына А. Шуль­гин­нің бас­ ре­дак­торлығы­мен­ “Проме­тей­ шолуы” (La Revue de Promethйe) атты жур­нал шығарыла бас­тайды. Конференцияда жур­нал­дың­ бағ­дарламасы және о­ны іске асыру жол­дары жөнінде А. Шуль­гин­нің баяндамасы тың­далады. “Жур­нал­ды ха­лық­тар­дың­ ұлттық­ идея­лар­ мен­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ күресі көрі­ніс­ бере­тін­ жауын­гер­лік органға ай­нал­дыру” [36] көз­деледі.

Ре­дак­ция алқасына М. Шо­қай­ да кіреді. Жал­пы ал­ған­да бұ­л конференцияның­ шақырылуы мен о­ның­ ше­шім­дерін М. Шо­қай­ мен­ о­ның­ жақтастары ұстанымы­ның­ жеңісі деуге болады. Тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­те М. Шо­қай­ “Дос­тық­ комитеті” мен­ “Проме­тей­” ұйымы төңіре­гін­де бар­лық эмигрант­тық­ ұйым­дар­ды топ­тасты­рып­, о­лар­дың іс бір­лі­гін­ қам­тама­сыз­ ету жолын­да тер­ төгеді. А­лай­да Ре­сей­ге қар­сы бір­тұ­тас­ май­дан­ құру идея­сын­ жүзеге асыру бары­сын­да М. Шо­қай­ сан­ алуан пі­кір­та­лас­тарды басы­нан­ кешіреді. М. Шо­қай­ мен­ о­ның­ се­рік­тері Түр­кі­стан ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ одақ­тастары ре­тін­де қай­ ел­дер­ге, кім­дерге ба­ғыт­ ұстау жө­нін­де Ос­ман­ Қожа мен Сұл­тан­бек Бахтияр­бек­тің ұ­станым­дары­мен­, о­лар­дың И­ран­ мен­ Ауғанстанды “кө­мек­ші майдан­” ре­тін­де е­сеп­теуі­мен­ келісе ал­май­ды. Пікірталас­тар М. Шо­қай­дың­ Варшавадағы Шы­ғыс­ инс­титу­тын­да Шы­ғыс­ Түркістан туралы жаса­ған­ баяндама­сын­ тал­қылау бары­сын­да да о­рын­ алады. Гру­зин­ мень­ше­вик­тері­нің­ же­тек­шісі А. И. Ч­хен­кели Мұс­тафаға ис­лам­шыл­дық­ пен­ түрік­шіл­дік­тің саяси мәні туралы сұ­рақ­ қой­ып, оны осы а­ғым­ өкілі деп айыптауға сы­ңай­ танытады. М. Шо­қай­ саяси тұр­ғы­дан ө­зек­ті мұн­дай а­ғым­ның жоқ­ты­ғын­ айт­ып­, о­ның­ дәлелі түр­кі­стан­дық­тар­дың ис­лам­шыл, не тү­рік­шіл ұйым­дар­да емес­, “Проме­тей­” се­кіл­ді саяси бір­лес­тікте тұратыны деп жауап береді. “Бі­рақ­ біз­ге мұ­сыл­ман, тү­рік­ деп­ шабуыл жа­сал­са, о­ған­ тойт­а­рыс­ беру ү­шін­ бірігуі­міз­ге тура келеді” [37] дей­ді.

А. И. Ч­хен­кели, А. Шуль­ги­н, М. Ве­кил­ли т. б. қай­рат­кер­лер­мен жа­зыс­қан хат­тарда тү­рік­, кав­каз, украин ха­лық­тары­ның­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ бір­лесу ке­рек­тігі Мұс­тафа­ның­ бір­ден-бір­ ст­ратегия­лық­ ұстанымы е­кен­дігі ай­қын­ баяндалады. Мұс­тафа 1939 жыл­дың 29 шіл­де­сін­дегі А. Ч­хен­келиге жол­да­ған­ ха­тын­да осы мәселеге ай­рық­ша тоқ­талады: “Ака­кий­ Ивано­вич­, мен­ тү­рік­тер­дің­, яғ­ни Ре­сей­ ая­сын­дағы және э­миг­рациядағы тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ бір­лесуіне қар­сы е­мес­пін, бі­рақ­ мен­ осы бір­лесу­лер­ді жүзеге асыру жо­лын­да едәуір қиыншы­лық­тар­дың­ бола­тын­дығы жө­нін­дегі саяси шарт­тар­мен санаса­мын­. Мен­ қа­зір­гі бірлестіктері­міз­ді, яғ­ни “Проме­тей­ май­даны” мен­ “Кав­каз­ кон­федерация­сын­” қым­бат тұта­мын­... Мен­ о­лар­ға саяси ст­ратегия­лық­ қа­жет­тілігі­міз­ деп­ қа­рай­мын­. Мен­ тү­рік­ топ­тары бі­рік­ті­ріл­генге дейінгі уа­қыт­та табиғи мәде­ни бір­лес­тік­те бо­лып­ кел­дім. Э­миг­рацияда жүр­генде о­лар­дың бар­лығына ор­тақ­ саяси бірлестігі туралы ғана сөз­ болуы ке­рек”.

Хат­та тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ бір­лігі идеясы бас­қа еш­бір­ ха­лық­тың мүдделеріне қар­сы ба­ғыт­талма­ған­дығы, қайт­а о­лар­мен ынты­мақ­тасуға қыз­мет ететіні ба­рын­ша нақ­тыланады.

Өз ұстаны­мын­ Мұс­тафа “Яш Түр­кі­стан” жур­налы­ның­ бе­тін­де де жария етеді. 1939 жыл­дың ма­мыр­ айында “Тү­рік­ бір­лігі ха­қын­да” атты мақала­сын­да ол шет­ жер­лердегі тү­рік­ топ­тары­ның­ өзара руха­ни бай­ла­ныс­та­рын­ сақ­тап, біріне-бірі­нің­ жәр­демде­сіп­ отыруын қа­лып­ты құбы­лыс­ деп са­найт­ын­ды­ғын­, соны­мен­ бір­ге о­лар­дың Ре­сей­ империа­лиз­міне қар­сы күре­сіп­ жат­қан ха­лық­тар ұйым­дас­тыр­ған­ “Проме­тей­” май­даны­мен­ де е­сеп­тесуі қа­жет­ е­кен­ді­гін­ [38] жазады. Мұ­ның­ қа­жет­тілі­гін­ М. Шо­қай­ “Проме­тей­” май­даны­ның­ мүшелері – Түр­кі­стан, Украина, Кав­каз­ тә­різ­ді ірі өлке­лер­ де жеке-жеке, өз бет­тері­мен­ азаттыққа қол­ жет­кізе ал­май­ды, ұлт­тық­ құл­дық бұғауды осы ха­лық­тар арасындағы дін­ге, нә­сіл­ге қара­май­, ба­рын­ша а­дал­дық­пен­ ұйым­дас­қан бі­рың­ғай май­дан­ ғана үзе алады деп­ тү­сін­діреді.

Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты М. Шо­қай­ “Проме­тей­” май­даны­нан­ бө­лек­ және онымен­ қа­тар­лас “Тү­рік­ бір­лігі” де­ген­ ұйым­ның­ құрылуы не­гіз­гі мақ­саты­мыз­ға жетуге қыз­мет ете ала ма де­ген­ сұ­рақ­ қой­ып, о­ған­ жауапты геосаяси фак­тор­дан­ е­мес­, кү­рес­ ст­ратегиясы мен­ так­тикасы­нан­ туын­дайт­ын­ та­лап­тар­дан­ іздеуді ұсынады. Және о­ған­ өзі де еш бүк­пе­сіз­ нақ­тылы жауап береді: “Ұйым­дар­ мен­ бір­лік­тер­ е­гер­ кү­рес­ талабына сәй­кес­ ке­ліп­ жат­паса, а­зат­тық ісі­міз­ге кө­мек­тесе ал­май­ды” [39] дей­ді.

“Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ жұмы­сын­ жаңа жағ­дайға о­рай­ бейім­деп­, “Проме­тей­” май­даны­ның­ ал­дын­да тұр­ған ст­ратегия­лық­ жос­пар­лар­ға ба­ғын­дыра жүр­гі­зуд­ің қа­жет­тігі туралы Мұс­тафа­ның­ ұстанымы тү­рік­ халықтары­ның­ кей­бір­ же­тек­шілері тарапы­нан­ бір­ден қа­был­дана қой­май­ды. Түрік­ бір­лігі мәселесі және о­ның­ “Проме­тей­” ұйымы­мен ­арақатынасы жөніндегі М. Шо­қай­дың­ пі­кір­леріне о­рай­ Г. Исхаки “Янга мил­ли юл” журналын­да бір­неше мақала­ жария­лай­ды. О­ған­ Мұс­тафа: “Тү­рік­ бір­лігі туралы ме­нің­ қа­шан­нан бері дә­ріп­теп келе жат­қан уә­жім­ мына­дай­: біз­ге қа­тыс­сыз және біз­дің дегені­міз­бен жоға­лып­ кет­пейт­ін­ се­беп­терге бай­ла­ныс­ты біз­ қа­зір­ бір­ түрік­ ұйымына біріге ал­май­ о­тыр­ғаны­мыз­да, осы күн­ге дейін өзі­міз­ қаты­сып­ кел­ген “Проме­тей­ май­данына” а­дал­ бо­лып­, со­ның­ і­шін­де тұ­рып­ та түркістандық­тар­, е­діл­-о­рал­дық­тар­ және қы­рым­дық­тар­ дос­-дұш­пан­ның­ көз­ ал­дын­да бір­-бірі­міз­бен мәде­ни-руха­ни бай­ланысы­мыз­ды ны­ғайт­ып­ әйгі­леп­ жүрейік де­ген­дік еді” [40] деп­ жауап береді.

М. Шо­қай­ тү­рік­ бір­лігі мәселесі саяси мәселе де­ген­де, э­миг­рациядағы түрік­ ха­лық­тарына ор­тақ­ бір­ ұйым­ның­ пай­да бо­лып­, тек­ сол­ ұйым шең­бе­рін­де ғана әре­кет­ етуге ке­дер­гі бола­тын­ объек­тив­тік жағ­дай­лар­ жө­нін­де айт­ып­ отырғаны бел­гілі.

Тү­рік­ бір­лігі ұйымдары ма­құл­да­ған­ ор­тақ­ бағ­дарлама да болады, бі­рақ­ ол жыл­дар бой­ы қа­ғаз­ бе­тін­де бо­лып­ келеді. “Тү­рік­шіл­дік­” идеясы­нан­ да, тү­рік бір­лігі­нің­ мем­ле­кет­тік фор­масы­нан­ да а­лыс­ жақ­тан осы бағ­дарлама­ның­ жүзеге аспау се­беп­тері, М. Шо­қай­ көр­сет­кен­дей, тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­ та­лап­тарына то­лық­ сай болма­ған­дығы­нан­ туын­дай­ды.

Мұс­тафа­ның­ осы жағ­дайды тұс­пал­дап­ жет­кіз­бек­ші бол­ған жол­дары Г. Исхаки­дің­ бұра тарт­қан­ мақалаларына “не­гіз­” ре­тін­де алынады.

М. Шо­қай­ ү­шін­ тү­рік­шіл­дік­ – тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ шығу тегіне, мәденируха­ни салаға қа­тыс­ты мәселе. Өз ұстазы­ның­ дү­ниетаны­мын­ Т. Шаға­тай­ да осы­лай­ баға­лай­ды [41].

Мұс­тафа­ның тү­рік­шіл­дік­ – тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ мән­-мағынасы, оны саяси мәселе­лер­мен ша­тас­тырмау ке­рек­ деген ес­кер­тулеріне қара­ма­стан, бұ­л тақы­рып­ төңіре­гін­де пі­кір­ алмасу­лар­ жал­ғаса түседі. А. И. Ч­хен­кели 1939 жылдың 31 шіл­десі күні жол­да­ған­ ха­тын­да М. Шо­қай­дың­ кей­де саяси оқиға­лар­ тар­ты­сын­да эт­ностық­ фак­торға ба­сым­ды­лық­ бере­тін­ді­гін­ айт­ады. Соны­мен­ бірге ол Мұс­тафа­ның­ қан­дай нәр­сені де жанына жа­қын­ қа­был­дайт­ы­нын­, мұ­ның­ “саяси қай­рат­кер ү­шін­ кем­ші­лік­ е­кен­ді­гін­”, бі­рақ­ оны Түр­кі­стан­ның­ қай­рат­кері ре­тін­де құр­мет­тейт­і­нін­, өзі­нің­ де Кав­каз­-Украина-Түр­кі­стан бір­лі­гін­ құру жағын­да еке­нін­ [42] біл­діреді.

Бі­раз­ уа­қыт­ ке­шік­ті­ріп­ ба­рып­ (1939 ж. 22 та­мыз­да) М. Шо­қай­ гру­зин­ қайрат­керіне бы­лай­ деп­ жауап қайт­арады: “Тү­рік­ бір­лігі жө­нін­де. Он­дай­ әрекет­тер бол­ғаны рас­, бі­рақ­ он­дай­ бір­лес­тік­ о­рын­ ал­ған­ның ө­зін­де, о­ның­ кавказ­дық­тарға еш­бір­ зарары ти­мес­ еді. Енді “Дос­тық­ комитеті” және о­ның­ тағдыры туралы. Бұ­л жер­де, Ака­кий­ Ивано­вич­, бі­раз­ олқы­лық­тарға жол­ бе­ріп­ о­тыр­сыз­дар­. Коми­тет­ тағ­дыры қа­шан­, қай­ жер­де ше­шіл­ге­нін­ біле­сіз­ бе? Мен­ Шы­ғыс­ инс­титу­тын­да баяндама жаса­ған­ күні және сол­ Инс­ти­тут­ за­лын­да... Сіздің­ ма­ған­ қой­ған­ тү­рік­шіл­дік­ және ис­лам­шыл­дық­ жө­нін­дегі сұрақтарыңыздан кейін. Сіз­ бұ­л сөз­дерді айт­қан жоқ­сыз, бі­рақ­ Сіз­дің­ сөз­дері­ңіз­ тү­рік­термен­ мұ­сыл­ман се­рік­тері­міз­ге те­рең­ се­нім­сіз­дік­ті біл­дірді” [43].

М. Шо­қай­, гру­зин­ қай­рат­кері се­кіл­ді уа­ғыз­ айт­пай, жұ­мыс­тағы нақ­тылы кем­ші­лік­терге на­зар­ аударады. “Дос­тық­ комитеті­нің­” жаназа­сын­ шы­ғар­ған түрік­ ха­лық­тары е­мес­, “Проме­тей­” ұйы­мын­дағы кав­каз­дық­ топ­тар­дың­ өз араларын­дағы ауыз­бір­лік­тің­ жоқ­тығы деп­ тү­сін­діреді. Осы се­беп­ті М. Шо­қай­ “Дос­тық­ комитеті” аты­нан­ Ұлт­тар­ Лигасына жол­дануға тиісті үндеуге әуел баста қол­ қою­дан­ бас­ тар­тады. Бі­рақ­ “Проме­тей­де” ор­тақ­ келі­сім­ге қол­ жеткізген­нен кейін М. Шо­қай­ Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі аты­нан­ үндеуге қол­ қояды. Де­ген­мен ол бұдан былай­ түр­кі­стан­дық­тар­ды кав­каз­дық­ топ­тар­дың­ ішкі істеріне ара­лас­тырмауды, өз арала­рын­дағы “ки­кіл­жің­дер­ді” өздері­нің­ шешуін сұ­рай­ды. Этика­лық­ тұр­ғы­дан­ бұ­л бір­ден-бір­ дұ­рыс­ ұ­станым­ бола­тын­.

Бір­тұ­тас­ май­дан­ құру мәселесі­нің­ тағ­ды­ры­ әр­бір­ э­миг­рант­тық­ топ­тар­дың­ өз іште­рін­дегі адами қаты­нас­тар мен­ бір­лікке бай­ла­ныс­ты е­кен­ді­гін­ М. Шо­қай­ М.-Э. Ра­сул­-Задеге, М. Ве­кил­ли, Г. Исхаки, Жа­фер­ Сей­да­мет­, Мех­мед­-Ги­рей­ Сунш­тар­ға жаз­ған хат­та­рын­да айт­ып­ отырады.

М. Ве­кил­ли бір­ ха­тын­да “Кав­каз­ бір­лесті­гін­дегі” жік­шіл­дік­терге тоқталып­, М. Шо­қай­ға “біз­дің ұлт­тық­ күш­тері­міз­ді бі­рік­тіру туралы сіз­дің көмегі­ңіз­ бен­ қол­дауы­ңыз­ды күте­мін­” [44] деп­ қол­қа салады.

Мұс­тафа э­миг­рант­тық­ топ­тар­дың­ арала­рын­дағы және өз іште­рін­дегі ахуалды жіті қадаға­лап­, о­лар­дан а­қыл­-кеңе­сін­ ая­май­ды, же­тіс­тіктеріне шын­ жүрегі­нен­ қуа­нып­, арала­рын­дағы түсі­ніс­пес­тік­терге а­лаң­даушы­лық­ біл­ді­ріп­ отырады. Әр­бір­ пар­тия мен­ ұйымдағы қара­лып­ жат­қан мәселе­лер­ге ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­ же­тек­шілері­нің­ көз­қа­рас­тары, кон­сен­сус­қа келу мүм­кін­дік­тері жөнінде құ­лағ­дар болуды дағ­дыға ай­нал­дырады. О­ның­ мұраға­тын­дағы “М. Шоқай­ қоры. Ә­зір­бай­жан­, Грузия және т. б. ел­дер­ туралы құ­жат­тар” деп­ өз қолы­мен­ жа­зыл­ған бума қа­ғаз­ – осы­ның­ дәлелі. Ол Грузия­ның­ Социал-демократия­лық­, Бі­рік­кен ұлт­тық­-де­мок­ратия­лық­, Социал-федера­тив­тік және Социал-революция­лық­ пар­тиялары­ның­ Грузия де­мок­ратия­лық­ республикасының­ тәуел­сіз­ді­гін­ қал­пына кел­тіру ү­шін­ бір­лес­кен­ кү­рес­ жүр­гізу мақ­са­тын­дағы “Келі­сім­ жө­нін­дегі ереже­сімен­” бір­ден танысады. Келі­сім­ге 1925 жыл­дың 16 қараша­сын­да Па­риж­де осы пар­тия­лар­дың же­тек­шілері Н. Жор­дания, Н. Чхеидзе, Г. Гвазава, Ш. Амираужиби, С. Пирц­халава, И. Гобечия қол­ қояды [45].

Соны­мен­ бір­ге ол Гру­зин­ де­мок­ратия­лық­ рес­публикасы­ның­ үкіметі мен­ Грузия тәуел­сіз­дігі комитеті құр­ған ше­тел­дік делегациясы бір­ле­сіп­ жаз­ған “Жар­ғысы­мен­” де таны­сып­ шығады [46].

М. Шо­қай­ға бұ­лар­дың бәрі гру­зин­дер­дің­ ішкі істеріне араласу ү­шін­ е­мес­, кү­рес­ бары­сын­да олар­мен о­дақ­тасу мәселе­сін­ шешуге қа­жет­ болады.

Гру­зин­ қауымы­ның­ же­тек­шілері Н. Жор­да­ния, Н. Чхеидзе, Г. Гвазава және бас­қалары да М. Шо­қай­дың­ хат­ жазы­сып­, пі­кір­ алы­сып­ тұра­тын­ көп­тен бер­гі та­ныс­тары еді.

М. Шо­қай­ға мұ­нан­ бұ­рын­ да (1922 ж., та­мыз­) Грузия­ның­ бес­ пар­тиясы – социал-де­мок­рат­тар­, ұлт­тық­-де­мок­рат­тар­, социал-федера­лис­тер, тәуел­сіз­ социал-де­мок­рат­тар­ және эсер­лер – ара­сын­да Грузия тәуел­сіз­дігі ү­шін­ кү­рес­те бі­рың­ғай май­дан­ құру туралы келі­сім­ жа­сал­ғаны бел­гілі бола­тын­. Осы кү­рес­ке бас­шы­лық­ жа­сайт­ын­ Грузия тәуел­сіз­дігі­нің­ комитеті құры­лып­, сол­ кез­де о­ған­ бас­шы­лық­ етуге бұ­рын­ғы мень­ше­вик­тік үкі­мет­тің мүшесі Ной­ Хомерики тағайын­дал­ған-ды. 1932, 1934-жыл­дары М. Шо­қай­ Бер­лин­дегі гру­зин­ колониясын­да бі­рың­ғай май­дан­ құру жө­нін­де екі рет­ баяндама жа­сай­ды [47].

1940 ж. 10 мамы­рын­да А. И. Ч­хен­келиге жаз­ған ха­тын­да Кав­каз­ конфедерациясы­ның­ ар­мян­дар­дың­ қатысуын­сыз­ қа­ғаз­ жү­зін­де қала­тын­дығы­нан­ ес­кер­теді. “Мен­ кав­каз­дық­ бол­ма­сам­ да, Кав­каз тақырыбына жазы­лып­ та, айтылып­ та жүр­ген нәр­се­лер­ді жақ­сы біле­мін­, мүм­кін, сіз­дер­дің­ өздері­ңіз­ге – кав­каз­дық­тарға бел­гі­сіз­деу жайт­тар­ды да...” дей­ді.

М. Шо­қай­ өзі­нің­ саяси күресі мен­ қа­зақ­, өз­бек­, қыр­ғыз, тү­рік­мен халықтары­ның­ болашағы жө­нін­дегі көз­қара­сын­ “Түр­кі­стан п­роб­лемасы­ның­ қой­ылуына” де­ген­ ша­ғын­ еңбе­гін­де қоры­тын­ды­лай­ды [48]. Бұ­л құ­жат­ Бер­лин­де 1941 жыл­дың 8 маусы­мын­да жа­зыл­ған, ол ұлы қай­рат­кер­дің­ бола­шақ­ ұр­пақ­қа қал­дыр­ған­ аманаты іс­пет­тес. Онда Мұс­тафаның­ тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ бір­лігі, тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­те бір­тұ­тас­ май­дан­ құру, ә­лем­ жұрт­шылығы­ның­ моральды­қ қол­дауына сүйену мәселелері төңіре­гін­дегі дү­ниетанымы то­лық­ көрі­ніс­ береді.

“А­лы­стан да, жа­қын­нан да біз­ге Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­-саяси жоспарларына сәй­кес­ келе бер­мейт­ін­ а­қыл­-ке­ңес­ бері­ліп­ келеді, о­лар­ үш сипатта. Бірі – Түр­кі­стан бү­кіл­ Орта Азияны қам­тиды, сол­ се­беп­ті ол Азияға бағыт­-бағ­дар ұстауы тиіс; е­кін­шісі – Түр­кі­стан – мұ­сыл­ман­дар­ мен­ мұсылмандар­ мәде­ниеті­нің­ елі, сон­дық­тан­ ол ис­лам­ды­лық­ кү­рес­тің ең ма­ңыз­ды орта­лық­тары­ның­ бірі бол­ғаны жөн­; ү­шін­шісі, өз атауы көр­се­тіп­ тұр­ған­дай­, Түркі­стан – тү­рік­тер­дің­ елі, тү­рік­тер­дің­ бесігі, осы тұр­ғы­дан­ ол тү­рік­шіл­дік­тің орталығы болуы қа­жет­ де­ген­ге саяды”. Бұ­л пі­кір­лерге М. Шо­қай­ бы­лай­ деп­ жауап қай­ырады: бұ­л та­лап­-ұсы­ныс­тар­дың­ бір­де-бірі түр­кі­стан­дық­тар­дың өздері­нің­ ұлт­тық­-саяси мақ­саттары­ның­ арна­сын­да кө­рін­бейді. Түр­кі­стан­дық­тар о­лар­мен Азияға қар­сы бол­ған­дық­тан, ис­лам­ға, не бол­маса тү­рік­тер­дің­ бір­лігіне қар­сы бол­ған­дық­тан ке­ліс­пейді е­мес­. Е­гер­ тү­рік­шіл­дік­ қоз­ғалысы Түр­кия­дан­ бас­тау алса, не ол қоз­ға­лыс­қа мем­ле­кет­ тарапы­нан­ қол­дау көр­сетсе, түрікшілдік­ке ықы­лас­ қоюға бо­лар­ еді. Бі­рақ­ он­дай­ нәр­се жоқ­, сон­дық­тан­ дүние­жүз­ілік ахуал­дың­ қа­зір­гі жағ­дайында әлі азат­тық­қа қолы жете қой­ма­ған­ Түр­кі­стан қоз­ға­лыс­ орталығына айналуы тиіс бола­тын­ тү­рік­шіл­дік­ жө­нін­де айту түгілі, ойлауға бол­майды. Тү­рік­шіл­дік­ туралы ойлау “мұға­жыр­лық арманға” берілу­мен­ тең­. Жоқ­, түр­кі­стан­дық­тар­ “он­дай­ сая­сат­пен” айналыса алмай­ды” [49].

Тү­рік­шіл­дік­ пен­ ис­лам­шыл­дық­ саясаты­ның­ Түр­кі­стан­ның­ мүд­делеріне сай­ кел­меуі се­беп­те­рін­ Мұс­тафа онда тұ­рып­ жат­қан тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ әлеумет­тік-экономика­лық­ және саяси жағ­дайы­нан­ із­дес­тіреді. О­ның­ уәждері мына тұр­ғы­лас­. Түр­кі­станға, Ке­ңес­ Одағы­ның­ бас­қа да ұлт­тық­ шет­ ай­мақ­тары се­кіл­ді, а­зат­тық кү­рес­ті өзі­нен­ бір­неше есе күш­ті жауға қар­сы жүр­гізуге тура ке­ліп­ о­тыр­. Сон­дық­тан бар­лық күш­тер осы бір­ден-бір­ жал­пы езушіге қар­сы біртұ­тас­ май­дан­ға шо­ғыр­лануы ке­рек­. Ол май­дан­да х­рис­тиан дініне бе­ріл­ген, ескі мағына­сын­дағы тү­рік­шіл­дік­ті қа­был­да­май­т­ын­ ха­лық­тар бар­. Мұсылманшыл­дықты, не тү­рік­шіл­дік­ті қол­да­ған­ жағ­дайда түр­кі­стан­дық және Ке­ңес­ Одағы­ның­ бас­қа да мұ­сыл­ман, тү­рік­ ха­лық­тары ді­ни, нә­сіл­шіл­дік­ қайшылық­тарға тап­ бо­лар­ еді, ал бұ­л жағ­дай­дың­ жал­пы Ре­сей­ге қар­сы кү­рес­ май­да­нын­ әлсіретуге әкелетіні сөз­сіз [50]. Әр ха­лық­тың ұлт­тық­ құндылықтарына аса сақ­тық­пен­, құр­мет­пен­ қараушы­лық­тың ма­ңыз­дылығы, бұл жағ­дай­дың, әсіресе, х­рис­тиан­дар­ мен­ мұ­сыл­ман­дар­ көр­ші­лес­ ө­мір­ сү­ріп­ жат­қан Кав­каз­ өңірі ү­шін­ аса қа­жет­ е­кен­дігі а­зат­тық кү­рес­тегі так­тика­лық­ есептер­мен­ ғана шек­тел­мей­ді. Мұс­тафа­ның­ мең­зеуінше, Украина, Кав­каз­ халық­тары­мен­ бір­лесе қи­мыл­дау Түр­кі­стан ү­шін­ аза­ттық­қа қол­ жет­кіз­ген­нен кейін де өз еге­мен­ді­гін­ сақ­тау­дың­ бір­ фак­торы ре­тін­де қалады. Кав­каз­дағы ұлта­зат­тық кү­рес­тің же­тіс­тігіне Түр­кі­стан­ның­ мүд­делі­лік­ көр­сетуі о­ның­ Еуропа­дан­ кө­мек­ті Кав­каз­ арқылы ала ала­тын­ды­ғын­да. “Кав­каз­ды жауып тұрған о­рыс­ империа­лиз­мі­нің­ тұманы Түр­кі­станды Еуропа­ның­ көк­жиегі­нен­ бөліп­ тас­тады” [51] дей­ді Мұс­тафа.

Жоғарыда айт­ыл­ған жағ­дай­лар­ды ескере оты­рып­, М. Шо­қай­ а­зат­ Түркістан аумағы жаңа­дан­ құ­рыл­ған бес­ ке­ңес­ социа­лис­тік рес­публикасы­мен­ шек­телуі ке­рек­ деп­ е­сеп­тейді [52].

Өз жаз­ба­сын­ М. Шо­қай­ бар­лық саяси күш­тер­дің­ тәуел­сіз­дік мақ­са­тын­да жұ­мыл­дырылуы ке­рек­тігі, бір­тұ­тас­ кү­рес­ май­да­нын­ шө­кім­дей әлсіретуге әкелетін­ қан­дай нәр­сені де жой­ып отыру­дың­ ма­ңыз­дылығы, “ба­қыт­ты болашаққа сене­тін­дігі” туралы сөз­дер­мен­ аяқ­тай­ды.

Соны­мен­ М. Шо­қай­дың ұлт-а­зат­тық кү­рес­ бары­сын­да да, тәуел­сіз­дікке қол­ жет­кіз­ген­нен кейін де Түр­кі­стан­ Ке­ңес­ Одағы­ның­ құра­мын­да езгіде бо­лып­ кел­ген ұлт­тар­дың ор­тақ­ іс-қимылына, қол­дауына, сырт­қы фак­тор ре­тін­де Еуропа елдері­нің­ көмегіне арқа сүйеуі керек деген ұстаны­м­да бол­ғандығы көрінеді. Ол тү­рік­ елдері­мен­ мәде­ни бай­ла­ныс­та бола оты­рып­, тү­рік­ жұртшылығы­ның­ бар­лық ха­лық­тар­мен­ терезесі тең­ ел қатарына қосылуын, көпвек­тор­лы сая­сат­ ұстануын ар­ман­дайды.

Жоғарыда әңгіме бол­ған М. А. Славинс­кий­ осы­дан­ жет­піс жыл­ бұ­рын­ орыс­тар өздеріне бағы­ныш­ты ұлт­тар­ға үс­тем­дік жүр­гізу­ден­ бас­ тарт­паса, Ке­ңес­ Одағы­ның­ көп­ ұза­май­ бір­жолата ыды­райт­ы­нын­ [53] бол­жап айт­қан-ды. М. Шоқай­ он­дай­ күн­нің туатынына қал­тқы­сыз­ сенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет