Рахимгалиева пакизат сармановна



бет35/56
Дата21.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#192716
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp
ТҮЙІНДЕМЕ Сейдахметова Асел, Эндрюстің эксперименттік изотермдері., Camtasia Getting Started Guide.1ppt, Сайыс сабақ қазақ тілінде Қызықты физика 7-сынып, Ұстаз 2 курс каз.яз ВШП -, аксезим, МКБ, Авесхан Анель Пмно 22-1-3, Модульное обучение, Тілек
Дене массасы индексі

Адамның массасы мен бойының сәйкестігі

16 және одан кем

Массаның айқын жетіспеушілігі

16 -18,5

Дене массасының жеткіліксіздігі

18,5- 25

Қалыпты

25- 30

Дене массасының артықтығы

30- 35

Бірінші дәрежелі семіздік

35- 40

Екінші дәрежелі семіздік

40 және одан көбірек

Үшінші дәрежелі семіздік

Зерттеуге алынған студенттердің дене массасының көрсеткіштерін анықтауға жоғары оқу орнындағы медициналық көмек көрсететін арнайы мамандар қолдау білдірді.
2. Студенттердің физикалық дайындығы организмінің жұмысқа (оқуға, еңбекке) қабілеттілік деңгейін көрсетеді. Студенттердің физикалық белсенділігін арттыру үшін келесі бағыттағы жаттығуларды орындату тиімді болады: жалпы төзімділікті дамытуға ықпал ететін циклдік аэробты жаттығулар; жалпы және арнайы (жылдамдық) төзімділікті дамытатын, аралас аэробты-анаэробты бағыттағы циклдік жаттығулар және күш төзімділігін арттыратын ациклдік жаттығулар. Осы ұсыныстарды ескере отырып, студенттердің жалпы төзімділігін, арнайы төзімділігін және күш жағынан төзімділігін анықтау мақсатында арнайы тесттік жұмыстар жүргіздік. Студенттердің физикалық даярлық деңгейлерін анықтау 5 баллдық шкала бойынша бағаланды:

  • Алыс қашықтыққа жүгіру (3000 м) – студенттің жалпы төзімділігін бағалау;

  • Жақын қашықтыққа жылдам жүгіру (100 м) – жалпы және арнайы (жылдамдық) төзімділігі;

  • Күш төзімділігін арттыратын физикалық жаттығулар.

Студенттердің физикалық дайындық деңгейлері дене шынықтыру сабақтарын жүргізетін арнайы кафедраның оқытушыларының көмегімен бағаланды.
3. Зерттеу аясында көз жеткізгенімдей, студенттерді жоғары оқу орнына кәсіби бейімдеуде олардың физикалық дайындығынан бөлек, әлеуметтік-психологиялық ахуалы да маңызды рөл ойнайды. Зерттеу жұмысымыз студенттерді ЖОО-дағы кәсіби іс-әрекетке бейімдеу үдерісімен байланысты болғандықтан, физиологиялық аспектілерді әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық аспектілермен сабақтастыра отырып қарастырамыз. Сондықтан да, зерттеу жұмыстары барысында бірқатар әдістердің көмегімен психофизиологиялық бағыттағы зерттеу нәтижелері алынады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет