7- лекция Таќырыбы: Адам санасыныњ пайда болуымен алѓы шарттары.
Жоспары: 1.
Сана
-
психика дамуыныњ жоѓарѓы сатысы.
2.
Адамныњ ќалыптасуында ењбектіњ ролі.
3.
Сананыњ ќалыптасуындаѓы сµз бен ќарым
-
ќатынастыњ ролі.
Лекция маќсаты: Студенттерді психика дамуының жоғарғы
сатысы
–
сана екендігімен, адам
санасының қалыптасуындағы еңбектің ролімен және сөз бен қарым
–
қатынастың
ролімен
таныстыру.
Лекция мєтіні : 1. Сана - психика дамуының жоғарғы сатысы. Сана
- адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған
қасиеті.Ол
-
ең көлемді
қалыпқа
келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық
дүниенің жетілген бейнесі.Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар
өмір
сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен
-
бірі тығыз байланысты.
Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі
–
ойлай білетін
адамның дүниеге келуі.
Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық
жетілуінің, санасының қалыптасуымен дамуының негізгі факторы болып табылады.
Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан
иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.
Адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ,
сонымен бірге өзі де өзгеріп дами берді.
Қоғамдық
сипат алған еңбек адамдардың бір
-
бірімен қарым
-
қатынас
жасауын және
өзара
көмегін талап етті, дыбыстық белгілер енді еңбекке бастап қойған жоқ, еңбекті жүзеге
асырушы дәрежесіне көтерілді.
Сөйлеудің қалыптасуы адамдардың психикалық дамуындағы алғашқы төңкеріс болды.
Сөйлеу белгілері жоғарғы жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда
болмайтын
2-
ші сигналдық жүйе қалыптасты.
Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді, және ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол
жоғарғы сатыдағы жануарлардың дерексіз ойлауын жетілдіреді. Ал дерексіз ойлау дегеніміз
-
сананың өзегі.
Сөйлеу, сөз
-
біздің саналық болмысымыздың формасы
-
қарым
қатынас деңгейін
шеңберін кеңейте түседі.
Қарым
-
қатынас
процесі арқылы адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан
-
жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана
-
сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қарым
-
қатынас
жасау қоғамдық өмір факторы.
Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адаммен қарым
-
қатынасында
ғана
пайда
болады.
Ал қарым
-
қатынас
процесінде адамдардың тек жеке басының ғана емес, (адамдардың)
қоғамдық
санасы да
қалыптасады
.