“Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісі” және 050729 “Құрылыс” мамандығының студенттеріне арналған



бет3/4
Дата19.07.2020
өлшемі142,5 Kb.
#74648
1   2   3   4
3 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ МЕН САЯСАТЫ
Аудиториялық сабақтар келесілерден тұрады: дәрістер (ДС), тәжірибелік (ТС) және оқытушының басқаруымен студенттің өзідік жұмысы (СӨЖО).

Барлық кредит саны – 1. Тәжірибелік сабақ – 30, оқытушы жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы – 60. Барлығы – 90 сағат.

Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде менің сіздерге қоятын талаптарымның барлығын орныдайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын.

1. Дәріс, практикалық сабақтарға қатысу әрбір студент үшін міндетті жағдай. Сабақтарға кешікпей келу керек кешікпей және сабақ үстінде бір-бірлеріңізбен сөйлеспей отыруларыңызды сұраймын. Әр дәріске немесе зертханалық сабаққа қатысқаны үшін +1 баллмен бағаланады, ал дәрісті немесе зертханалық сабақты босатып келмей қалған жағдайда -1 баллмен бағаланады.

Өткен материалдарды өтеу үшін студентке оқытушы тапсырма береді және ол жұмыс тексеріледі, бірақ ол жұмысқа сіз максимал баға алалмайсыз. Әр өтелмеген сабақ тағы қосымша -2 баллмен бағаланады.

2. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер студент сабақтарды себепті жағдайлармен босатса, онда ол факультет деканынан анықтама-рұқсат алуға міндетті. Рұқсат алғанан кейін студент сабаққа қатыса алады. Босатқан сабақтардың тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және көрсетілген уақытта оны орындап тапсыру қажет. Тапсырма тиісті бағамен бағаланады, ал босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.

3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға және емтихандарға белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ өз уақытында және шамаңыз келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз керек. Пунктуальды және міндеттеріңізді уақытында тапсыруларыңыз керек. Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе оқытушының ескертуіне құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жіберуге болады және ол студентті тәртіпке салу үшін қосымша тапсырмалар беріледі.

4. Аудиториялық сабақ уақытында сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіп тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы студентті жауапқа тартуға құқығы бар.

5. Сіздер студенттермен және оқытушыларыңызбен ашық, шыдамды және мейірімді болулары керек.

6. Біреуден көшіріп алу немесе плагиат болған жағдайда оқытушының студентті аудиториядан шығарып жіберуіне немесе қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.

7. Межелік аттестация қорытындысы студенттің сабаққа қатысуымен өзіндік жұмысты орындауымен, сабақта ауызша және жазбаша жауаптарға байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.

8. Қорытынды аттестация дәстүрлі әдіспен билетке жауап арқылы өткізіледі. Әрбір билет үш сұрақтан тұрады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет