С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні)


Курс саясаты және іс-жосығы



бет4/4
Дата27.07.2017
өлшемі0,58 Mb.
#22048
1   2   3   4

1.7 Курс саясаты және іс-жосығы
Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.


11.5. Тест сұрақтары.


Цитологияның қалыптасуы неге байланысты

  1. микроскопқа

  2. лупаға

  3. электронды микроскопқа

  4. жасушаны бояу әдісіне

Жасушаны алғаш рет тапқан

1.Р.Гук


2. М.Мальпиги

3.А. Левенгук

4. Н. Грю

Жасуша теориясының негізін қалаған

1.Шлейден, Шванн

2.Шванн,Моль

3.Шлейден, Моль

4.Вирхов, Моль

Әр «жасушадан жасуша» пайда болады принципінің авторы

1.Вирхов


2.Шлейден

3.Моль


4.Тюрпен

Жасуша теориясы қай жылы ашылды

1.1838

2.1750


3.1890

4.1931


Жасушаны зерттеу әдістері

1.төменде аты аталғандар

2. авторадиография

3.қараңғы алаң

4.флуоресцентті

Радиоавтография әдісі қандай мақсатта қолданылады

1. жасушадағы биосинтез процесіне

2. жасушаның бөліну процесіне

3. қозғалыс процесіне

4. жұтылу процесіне

Алғаш рет жасушаны неден көрді

1.тығын ұлпасынан

2.эпидермистен

3.эвгленадан

4.амебадан

Алғашқы ядро неден табылды

1.тауық жұмыртқасынан

2.өсімдік жасушасынан

3.жұлын ұлпасынан

4.эпидермистен

Таңбаланған изотоп әдісі қайда қолданылады

1.радиоавтографияда

2.жарық микроскопында

3.электронды микроскопта

4.қараңғы алаң әдісінде

Жасушаның құрғақ салмағын қандай әдіспен анықтайды

1.интерференционды микроскоппен

2.қараңғы алаң әдісімен

3.флюоресцентті микроскоппен

4.полярлы микроскоп әдісімен

Жасушаның құрамына енетін заттардың негізін не құрайды

1.су


2.ақуыз

3.көмірсулар

4.нуклеин қышқылдары

Нуклеин қышқылдары жасушаның қанша бөлігін құрайды



  1. 1%

  2. 10%

  3. 20%

  4. 5 %

Судың атқаратын қызметі

  1. Тасымлдаушы және еріткіш

  2. катализатор

  3. ақпараттық

  4. энергетикалық

Жасушадағы катализаторлар қызметін не атқарады

1. ақуыз


2.майлар

3.көмірсулар

4.спирт

Жасушадағы биополимерлер деген не



  1. макромолекулалары мономерлерден құралған, жоғары молекулалы органикалық құрылымдар

  2. бейорганикалық заттар

  3. минералды тұздар

  4. ахроматин ұршығының жіптері

Майлар қандай қызмет атқармайды

1.катализатор

2.құрылыстық

3. энергетикалық

4. қорлық

ДНҚ мен РНҚ құрамына не кіреді

1. фосфор қышқылының қалдығы

2. рибоза

3. урацил

4.тимин
Жасушада қорғаныш қызметін атқармайды

1. ақкуыз

2. нуклеин қышқылдары

3. майлар

4. спирт


Жасушаның химиялық құрылымының 95% құрайтын элементтер

  1. оттегі, көміртегі, сутегі, азот

  2. оттегі, кальций, фосфор, азот

  3. сутегі, көміртегі, азот, күкірт

  4. көміртегі, темір, сутегі, азот

Моносахаридтер мыналардың қайсысы?

  1. триоза, тетроза, пентоза, гексоза, гептода

  2. сахароза, мальтоза, лактоза, крахмал

  3. гликоген, целлюлоза, хитин, инулин

  4. лактоза, каллоза, инулин, сахароза

Майлар мен көмірсулардың синтезі қайда жүреді?

  1. эндоплазмалық тор

  2. гольджи комплексі

  3. лизосома

  4. вакуоль

Тегіс эндоплазмалық тордың бетінде қай заттардың молекулалары синтезделеді?

  1. минералдық тұздар

  2. нуклеотидтер

  3. көмірсу

  4. белоктар

Пентоза қантының пуринді немесе перимидинді негіздермен қосылысы қалай аталады:



  1. нуклеин қышқылы

  2. нуклеотид

  3. ДНҚ

  4. нуклепротеид

ДНҚ-ның мономері мыналардың қайсысы:

  1. нуклеотид

  2. амин қышқылы

  3. лизосома

  4. нулисомик

Жасуша қосындылары дегеніміз не?

  1. қор жинау функциясын атқаратын, болуы міндетті емес, клетканың өлі компоненттері

  2. барлық клеткаларға ортақ функцияларды атқаратын, міндетті, тірі компоненттер

  3. барлық клеткаларға ортақ функцияларды атқартын, міндетті, клетканың өлі бөлімдері

  4. қор жинау функциясын атқаратын, міндетті емес, клетканың өлі бөлімдері «клетканың құрамы»

Жасушаның химиялық құрамының 1,9% алатын элементтер:

  1. K, Mg, Na, Ca, Fe, S, P, Cl

  2. Na, Ca, Cl, Pb, Zn, Mo, Fe, H

  3. Fe, S, Cl, P, Mo, Pb, N, O

  4. H, O, C, N, Na, Ca, Fe, K

Жасушаның бейорганикалық құрамына кіретін маңызды катиондар:

  1. K+, Na+, Ca2+, Mg2+

  2. K+, Cl-, HCO-3

  3. Fe2+, Mg2+, Na+, Ca2+

  4. Ca2+, Zn2+, Cl-, Mg2+



12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру


13. Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.

32 аудитория

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет