А) қоздырғыш көзіне
Б) берілу механизміне
В) қоздырғыш көзіне және берілу механизміне
Г) қоздырғыш көзі, берілу механизмі және сезімтал топ
Д) сезімтал топ
38. 5 жасар қыз баланың анасы бала бақша дәрігерінің жолдауы бойынша емханаға «Вагинит» диагнозымен келді. Қарау кезінде құрт жұмыртқасы табылды. Жұқтыру барлық жағдайда болады, біреуінен басқа:
А) жұмыртқа тікелей ауызға түскенде
Б) тағаммен залалданған тамақпен ішке түскенде
В) төсек-жабдықтары және киімдер арқылы
Г) ірі қара мал және шошқа еті
Д) жүзу бассейнінде
39. Соңғы жылдары ҚРда сібір жарасының табиғилық жағдайлары тіркелген. Аурудың бас көтеруінің ең басты себебі:
А) сібір жарасы бойынша жағдайы нашар пунктердің белсенуі
Б) жануарлардың жұқтыруының жоғары болуы
В) ауыл шаруашылық жануарларының вакцинациясының болмауы
Г) қоздырғыштың берілу механизмінің белсенуі
Д) адамдарда вакцинацияның жасалмауы
40. 15 жасар қыз бала вирусты гепатит В-мен ауырады. Қыздың анасы гепатит Д-ның бар екенін білген соң, ол қандай формада болатынын сұрады:
А) коинфекция және суперинфекция
Б) жекеленген гепатит Д вирусы
В) гепатит Д және С вирусы
Г) гепатит Д және А вирусы
Д) гепатит А+Д+С вирусы
41. Полиомиелитке қарсы вакцинацияны қолданғанда ауру сирек кездесетін болды және қазіргі кезде тек спорадикалық жағдайлар ғана кездеседі. ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің №270 бұйрығы бойынша қай кездерде полиомиелитке қарсы иммунизация жасалады:
А) перзентханада 0-4 күн, 2, 3, 4 айда
Б) 6-7 жас
В) 12-15 жас
Г) 1, 2, 3 ай
Д) 1, 2, 3, 4 ай
42. Мектеп дәрігері қыркүйек айында алдын алу шаралар жоспарын құрастырғанда вирусты гепатиттер туралы әңгіме жүргізуді енгізу қажет. Күз-қыс айларында гепатиттің қай түрлері жиі кездеседі:
А) ВГА
Б) ВГС
В) ВГД
Г) ВГЕ
Д) ВГВ
43. Жедел ішек инфекциясының көріністері бар балада ф.30 оң болды. Қай ауру туралы ойлау керек:
А) АИВ/ЖИТС
Б) кенелік энцефалит
В) тырысқақ
Г) күл
Д) гельминтоз
44. 3 айлық баланың анасы емханаға мынандай шағымдармен келді: бір ай бойы субфебрильды температура, сұйық нәжіс, дене салмағының төмендеуі. Қарау кезінде ауыз қуысында жаралар анықталды. Үлкен канфилома, пневмония. Бұл жағдай баланы қай форма бойынша қарауды талап етеді:
А) ф.60-у
Б) ф.58-у
В) ф.30
Г) ф.307-у
Д) ф.045-у
45. Ауа тамшылы жұқпалы аурулар бөлімшесіне 7 жасар ұл бала қызылша ауруына күдікпен түсті. Бала көпбалалы және санитарлық-гигиеналық жағдайы төмен жан ұядан. Барлығын толық педикулезге тексеру керек, біреуінен басқа:
А) басын және шүйде-самай аймағын қарау
Б) тігістер, жағаны қарау
В) киім қатпарларын
Г) белдігін
Д)қолдың алақанын
46. Мектеп интернаттың жоғарғы сыныптарында қотыр ауруы табылды. Ауру ошағышда қандай шаралар жүргізу керек:
А) киімдерді, төсек-жабдықтарын камералық дезинсекцияға немесе қайнатып, кейін үтіктеу керек
Б) мекемені 5-8% лизол ерітіндісімен өңдеу
В) масаларға қарсы шаралар жүргізу
Г) химиопрофилактика
Д) суға және топыраққа нәжістің түсуін болдырмау
47. Жұқпалы аурулар стационарында парентеральды вирусты гепатит кезінде медициналық құрал-жабдықтарды мына жолдармен залалсыздандырады:
А) 30 мин 3% хлорамин ерітінсімен шаю
Б) 15 мин 3% хлорамин ерітіндісімен сүрту
В) 60 мин бойы 3% ерітінсіне малып қою
Г) 10 мин бойы 3% ерітінсіне салып қою
Д)1,5 сағатқа хлораминды сеуіп қою
48. Қоршаған тіндердің тез арада некрозы мен жайылуы ұйқы артериясының перфорациясына алып келуі мүмкін. Қайсы баспаға осы симптоматика тән:
А) некроздық баспа
Б) герпестік баспа
В) лакунарлы баспа
Г) Венсан баспасы
Д) Людвиг баспасы
49. Бадамшаларда қоңыр және сұр түсті сасық жабынды тән:
А) дифтерии
Б) некрозды баспа
В) герпестік баспа
Г) Венсан баспасы
Д) Людвиг баспасы
50. Жедел тіл және жақ асты тіндерінің қабынуы тән:
А) күлге
Б) некрозды баспа
В) герпестік баспа
Г) Венсан баспасы
Д) Людвиг баспасы
51. Листериоз кезінде қандай антибиотик негізгі:
А) ампициллин+гентамицин
Б) цефалоспориндер 2
В) гентамицин
Г) левомицетин
Д) тетрациклин
52. Мононуклеоз кезінде инкубациялық кезең тұрады:
А) 30-50 күн
Б) 7-10 күн
В) 2-3 күн
Г) 10-15 күн
Д) 15-20 күн
53. Күлдің қоздырғышы енген жерде пайда болады:
А) іріңді фолликул
Б) жара
В) фибринозды жабынды
Г) везикула
Д) некроз
54. Күл кезіндегі инкубациялық кезең тұрады:
А) бірнеше сағаттан 2 тәулікке дейін
Б) 21-30 күн
В) 2-10 күн
Г) 10-14 күн
Д) 14-21 күн
55. 3 жастағы бала 4 күн ауырады, қарағанда қызуы 37,20С, түсі ақшыл, әлсіз. Мойын шелінің ісінуі 2-ші мойын катпарына дейін. Ауыз-жүтқыншақтың шырышты қабығы ісіңкі, бадамша без тығыз ак жабындымен жабылған. Бала аллергиясына байланысты екпемен егілмеген. Диагноз койыңыз:
А. ауыз-жұтқьшшақ күлі, уыттык түрі.
Б. ауыз-жұткыншак күлі, жергілікті түрі.
В. лакунарлы баспа.
Г. аллергиялық реакция.
Д. паротитті инфекция.
56. Қабылдау бөлімшесінің дәрігеріне баланы қарау кезінде тыныс жолдарының күліне күдік туды. Қандай симптомдарды анықтады:
А) біртіңдеп мұрын бітелуі мен тамағындағы ауру сезімінің ұлғаюы
Б) жедел жоғары дене қызуы мен аздап улану белгілерімен
В) біртіңдеп жоғары емес дене қызуы уланусыз
Г) жедел жиі құрғақ жөтелден кейінгі құсумен
Д) кенеттен «ти үрген» тәрізді жөтел мен жоғары дене қызуымен
57. Бала 10 айда. 2 күн бойы балада субфебрилді температура мен құрғақ жөтел бар. Аурудың 3 күні: науқас әлсіз, инспираторлы ентігу, афония, жөтелі дыбыссыз. Ауыз-жұтқыншағы таза. Өкпесінде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырыл. Баспамен ауырған науқаспен қатынаста болған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) тұмау
Б) парагрипп
В) жедел бронхит
Г) тыныс жолдары күлі
Д) бронхопневмония
58. Энтеровирусты инфекциямен мен жиі ауырады:
А. жаңа туған нәрестелер
Б. ерте жастағы балалар
В. 3-10 жастағы балалар
Г.қарттар
Д. жас ерекшелігі жоқ
59. Энтеровирусты инфекция жиі тіркеледі:
А) қыста
Б) көктем-жаз кезі
В) көктем-қыс кезі
Г) жаз-күз кезі
Д) жыл бойы
60. ЭВИ-дің жиі кездесетін түрі:
А) бронхольм ауруы
Б) серозды менингит
В) гастроэнтериттік
Г)герпестік баспа
Д) сәбилердің энцефаломиелокардиті
61. ЭВИ-дің лабораториялық диагностикасы негізделеді:
А) иммунофлюорисцирлеуші комплекстерді анықтау
Б) шырыштан вирусты бөліп алу
В) жұп сарысуда арнайы антиденелер титрі 4 есе өсуі
Г) вирусологиялық зерттеулер
Д) жұп сарысуда арнайы антиденелер титрі 2 есе өсуі
62. Герпестік баспа - бұл көрінісі:
А) герпестік инфекция
Б) энтеровирусты инфекция
В) аденовирусты инфекция
Г) ротавирусты инфекция
Д) қызылша асқынуы
63. 10 жасар балада қайталамалы құсу, бас ауруы, 39ºС-қа дейін дене қызуы, тырысу анықталды. Ауыз-жұтқыншақ аймағында гиперемия, бадамша бездерінде ұсақ везикулалар байқалды. Менингеальды белгілер дамыған, нәжісі сұйықталған. Диагноз қойыңыз.
А) энтеровирусты инфекция, менингит
Б) менингококкты менингит
В) тұмау, токсикалық түрі +герпестік баспа
Г) ЖІИ, нейротоксикоз+ герпестік инфекция
Д) полиомиелит, менингеальды түрі
64. 2 жастағы бала 2 күні ауырады. Бір рет құсқан, дене қызуы 380С. Аңқасы қызарған, бадамшаларда ұсақ везикулалар. Менингеальды белгілері жоқ. Нәжісі сұйық. Болжам диагноз:
А) жедел жұқпалы ішек ауруы
Б) энтеровирусты инфекция, герпестік баспа + асқазан-ішектік түрі
В) тұмау, уыттық түрі + герпестік баспа
Г) ЖЖІА + герпестік баспа
Д) герпестік инфекция
65. 5 жастағы баланы бұлшық еттерініндегі ауру сезімі, бас ауруы, дене қызуының 390С дейін жоғарылауы мазалайды. Аңқасы қызарған. Менингеальды белгілері анықталады. Нәжісі сұйық. Болжам диагноз:
А) менингококковый менингит
Б) тұмау, уыттық түрі
В) энтеровирустық түрі, менингит + миалгия
Г) ЖЖІА, нейротоксикоз
Д) полиомиелит
66. Листериоздың қоздырғышы:
А) Listeria melitensis
Б) Listeria gondii
В) Listeria monocytogenes
Г) Listeria multidans
Д) Listeria intermedia
67. Нәрестелердегі листериоз:
А) симптомсыз өтеді
Б) жеңіл түрде өтеді
В) жасырын түрде өтеді
Г) көп жағдайда өлімге әкеледі
Д) әртүрлі құрсақ ішілік ақауларға әкеледі
68. Листериоздың қоздырғышы қай тұқымдастыққа жатады:
А) гепадновирустар
Б) энтеровирустар
В) пикорновирустар
Г) коринебактериялар
Д) арбовирустар
69. Қызбасы және бір жақты конъюнктивиті бар балада зақымдалған қабағында гранулемалар табылды. Сіздің алдын-ала болжам диагнозыңыз:
А) аденовирусты инфекция
Б) листериоз
В) иерсиниоз
Г)туляремия
Д) туберкулёз
70. Бала жедел дене қызуының 390С, жұтыну кезіндегі тамағындағы қатты ауру сезімімен байқалуымен ауырды. Ұлғайған, қызарған бадамшаларының лакуналарында сарғыш-ақ түсті «аралшық» тәрізді жабындылар бар. Болжам диагноз:
А) катаральды баспа
Б) фолликулярлы баспа
В) лакунарлы баспа
Г) герпестік баспа
Д) некрозды баспа
71. Бала жедел ауырды. Дене қызуы 390С. Жұтыну кезінде тамағында оң жақта ауру сезімі бар. Бас ауруы, жалпы әлсіздік, аңқасы қызарған. Оң жақ бадамшасы ұлғайған, беті тартылып ауру сезімі бар. Болжам диагноз:
А) флегмонозды баспа
Б) фолликулярлы баспа
В) лакунарлы баспа
Г) герпестік баспа
Д) некрозды баспа
72. Бала жедел ауырды, тұрағты дене қызуы 390С. Жұтыну кезінде тамағында ауру сезімі, бас ауруы, іш аумағындағы бұлшық еттерінің ауруы, бір рет құсу, диарея болды. Жұмсақ таңдайының, тілшікте, бадамшаларында, жүтқыншақтың артқы қабырғасында үлкен емес қызғылт бөртпелер анықталады. Болжам диагноз:
А) катаральды баспа
Б) фолликулярлы баспа
В) лакунарлы баспа
Г) герпестік баспа
Д) некроздық баспа
73. Симановский-Венсан баспасының қоздырғышы болып табылады:
А) парамиксовирус
Б) Леффлер таяқшасы
В) Борде-Жангу таяқшасы
Г) хламидия
Д) таяқша және спирохетталар симбиозы
74. Бала жедел қысқа субфебрильді дене қызуымен ауырды. Көңіл-күйі жақсы. Оң жақ бадамшасында 5-10мм көлемдегі жара, сарғыш-ақ- және ақшыл-сұр жабындымен, жеңіл алынатын жабылған. Шеткі лимфаденит анық емес. Жарадан алынған бөліністен Романовский-Гимза боялуында шумақты таяқшалар мен спирохетталар анықталды. Болжам диагноз:
А) катаральды баспа
Б) фолликулярлы баспа
В) лакунарлы баспа
Г) Симановский-Венсан баспасы
Д) некрозды баспа
75. Ауруының 1 тәулігінде мұрын-ауыз үшбұрышынан басқа аумақта қызарған терінің мойын, кеуде клеткасы, терінің табиғи жазбаларында анық көрінген өте көп нүктелі бөртпелер пайда болды. Бадамшалардың, тілшік және жұмсақ таңдайдың анық қызаруы байқалады (өрт тәрізді). Тілі «құлпынай» тәрізді. Болжам диагноз:
А) қызылша
Б) скарлатина
В) герпестік баспа
Г) листериоз
Д) Симановский-Венсан баспасы
76. Бала жедел ауырды, дене қызуы 37,10С. Көңіл-күйі жақсы. Бадамшаларында, тілшікте, бадамша дөмбешіктерінде ақ түсті, жақсы алынатын 2-3мм көлемдегі аралшық тәрізді жабынды анықталды. Анамнезінде: бала апта бұрын 2 антибактериальды препарат қабылдаған. Болжам диагноз:
А) герпестік баспа
Б) лакунарлы баспа
В) катаральды баспа
Г) некроздық баспа
Д) кандидозды баспа
77. 6 күні некроздық тонзиллит некроздық өзгерістердің бадамшаларға, тілшікке, бадамша дөмбешіктеріне, ұртқа таралуымен көрінді. Сепсистік дене қызуы. Гепатолиенальды синдром. Гемограммада нейтрофилдердің күрт төмендеуі анықталды. Болжам диагноз:
А) лейкоз
Б) агранулоцитоз
В) некрозды баспа
Г) лакунарлы баспа
Д) кандидозды баспа
78. Балада аурудың біртіндеп субфебрильді дене қызуымен, улану белгілерінің анық болмауымен басталды. Жұтыну кезінде тамағында жағымсыз сезім мен аздап ауру сезімі бар. Бадамша дөмбешіктеріндегі іркілу түріндегі тыртықты өзгерістер, лакуналарда казеозды құрамы байқалады. Жақ бұрышының лимфа түйіндерінің үлғаюы тығыз консистенциялы және аздап ауруымен көрінген. ЖҚА: аздап нейтрофиллез, лейкоцитоз. Болжам диагноз:
А) катаральды баспа
Б) лакунарлы баспа
В) инфекционды мононуклеоз
Г) созылмалы тонзиллиттің асқынуы
Д) күл
79. Бала жедел ауырды, дене қызуы 39,00С. Дене қызуын төмендету қиын, қалтырау, денесіндегі, бұлшық ет пен буындарындағы ауру сезімі. Жұтынған кезде тамағында ауру сезімі жоқ. Аңқасында қызару жайылған, жабындылар жоқ. Гемограмма өзгеріссіз. Болжам диагноз:
А) катаральды баспа
Б) лакунарлы баспа
В) тұмау
Г) герпестік баспа
Д) созылмалы тонзиллиттің асқынуы
80. Баспа кезінде инкубация кезеңі тұрайды:
А) 1-2 күн
Б) 2-ден 3 күнге дейін
В) 3-6 күн
Г) 6-дан 14 күнге дейің
Д) 14-тен 21 күнге дейін
81. Күлдің қоздырғышы:
А) парамиксовирус
Б) Леффлер таяқшасы
В) Борде-Жангу таяқшасы
Г) хламидия
Д) Кох таяқшасы
82. Ауыз-жұтқыншақ күлі шектелген түрінің сипаттамасы:
А) жабындылар тек қана бадамшаларда
Б) бадамшалар және дөмбешіктерде жабындылар
В) субфебрильді дене қызуы
Г) тамағындағы аз ауру сезімі
Д) анық емес улану
83. Ауыз-жұтқыншақ күлі шектелген түрінің еміне керек:
А) КҚС 100 мың БЕ
Б) КҚС-сыз емдеуге болады
В) бір реттік мөлшері 20 мың БЕ
Г) АКС енгізу
Д) КҚС 60 мың
84. Жұқпалы мононуклеоздың негізгі берілу жолы:
А) ауа-тамшылы
Б) сумен
В) тұрмыс-қатынас
Г) тағаммен
Д) гематогенді
85. Жұқпалы мононуклеоз кезінде антибиотиктер:
А) этиотропты ем
Б) тағайындалмайды
В) бактериальды асқынулар кезінде
Г) асқынулардың алдын-алу мақсатында
Д) вирусты инфекцияда
86. Күл кезіндегі инкубациялық кезең:
А) бірнеше сағаттан 2 тәулікке дейін
Б) 21-30 күн
В) 2-10 күн
Г) 10-14 күн
Д) 14 – 21 күн
87. Науқас энтеровирусты инфекциямен қауіпті:
А) 1-3 күн
Б) аурудың алғашқы 2 –сирек 4 аптада
В) бірнеше сағат
Г) 10-45 күн
Д) аурудың 1 күнінен бастап 2 айға дейін
88. герпестік баспаның еміне қандай вирусқа қарсы дәрінің әсері жақсы:
А) ацикловир
Б) виферон
В) арбидол
Г) тамифлю
Д) циклоферон
89. Листериозбен науқаста болады:
А) дене қызуы, бас, бұлшық ет ауруы, баспа, полиадения, гепатомегалия
Б) жөтел, мұрын бітуі, жабынды конъюнктивит, полиадения
В) дене қызуы, құсу, жөтел, сұйық сулы нәжіс
Г) құсу, тырыспа, сандырақтау
Д) улану анық, жөтел, мұрын бітелуі, бөртпенің біртіндеп шығуы
90. Күлдің қоздырғышы:
А) ЛБ gravis түрі
Б) ЛБ интермедиус түрі
В) ЛБ митис түрі
Г) ЛБ кез келген токсигенді түрі
91. Жұқпалы мононуклеоз кезіндегі контактілерге карантин:
А) 20 күнге
Б) 10 күнге
В) 14 күнге
Г) қойылмайды
Д) 3 күнге
92. Герпестік баспа шақырылады:
А) жай герпес вирусымен
Б) Коксаки А және Коксаки Б вирустарымен
В) Эпштен-Барр вирусымен
Г) гепаднавирустармен
Д) цитомегаловирустармен
93. Энтеровирусты инфекция кезіндегі аңқадағы өзгерістер:
А) болмайды
Б) некрозды баспа
В) лакунарлы баспа
Г) герпестік баспа
Д) фолликулярлы баспа
94. Катя 3жаста, ауруының 2-ші күнінен бастап дене қызуы 38,50С , әлсіздік, мазасыздық, тамағындағы ауыру сезімі байқалған. Аңқасында әлсіз гиперемия, бадамша бездерінде тығыздалған сұрлы қабықша, шпательмен қиын алынады, алу кезінде қанайды.Сәйкес келетін болжама диагнозы:
А) лакунарлы баспа
Б) фолликулярлы баспа
В) некротикалық баспа
Г) ауыз-жұтқыншақ күлі, жергілікті түрі
Д) ауыз-жұтқыншақ күлі, токсикалық түрі
95. Арсен 7 жаста, аурының 4-ші күні. Дене қызуы 39,0оС. Тамағындағы жұтыну кезіндегі ауыры сезімі, мойын клетчаткасының бұғанадан төмен деңгейде ісінуі. Аңқада айқын гиперемия, жұмсақ тіндерінің ісінуі, доғашық пен тілшеде кір-сұр түсті жабындының «+ұлпа» түрінде болуы. Сәйкес келетін болжама диагнозы:
А) ауыз-жұтқыншақ күлі, жергілікті түрі
Б) ауыз-жұтқыншақ күлі, токсикалық 3 дәрежесі
В) флегмонозды баспа
Г) жұқпалы мононуклеоз
Д) некрозды баспа
96. Ауруының 6 күні балада дене қызуы 38,5–39оС. Тері қабаттарының бозғылттығы, мұрнымен тыныс алуының нашарлануы, барлық лимфа түйіндері топтарының ұлғаюы, әсіресе мойын. Гепатолиенальды синдром. Аңқасы қызарған, таза. Болжам диагноз:
А) жұқпалы мононуклеоз
Б) аденовирусты инфекция
В) вирусты гепатит
Г) ЖИТС
Д) энтеровирусты инфекция
97. Алишер 2 жаста, 3 күн ауырған. Тоқтаусыз құсу, дене қызуы 38,00С, ауыз-жұтқыншақта айқын гиперемия, бүршіктенген, бадамшаларында майда везикулалар анықталады. Менингеальді белгілер теріс. Нәжісі сұйық. Ауруының 4-ші күні 36,50С дене қызуында бүкіл денесінде дақты-папулезді бөртпелер пайда болған, жағдайы жақсарған. Сәйкес келетін болжама диагнозы:
А) ЖІИ+аллергиялық бөртпе
Б) энтеровирусты инфекция, асқазан-ішектік түрі+герпестік баспа+экзантема
В) тұмау+герпестік баспа
Г) ЖІИ+герпестік инфекция
Д) герпестік инфекция
98. Балада дене қызуы жоғары бір жақты конъюктивитпен зақымданған қбақта гранулема анықталды. Сәйкес келетін болжам диагнозы:
А) аденовирусты инфекция
Б) листериоз
В) иерсиниоз
Г) туляремия
Д) туберкулёз
99. Қарлығаш 4 жаста. Ауыз-жұтқыншақ күлімен ауырған. Қыз баратын балабақшада жүргізілетін карантиндік шараларға жатпайтынын көрсетіңіз:
А) жұқпалы ауруханаға жатқызу
Б) СЭС-ке жедел хабарлау
В) 7 күн бойы қатынаста болғандарды қарау
Г) 7 күн бойы қатынаста болған тек егілмеген балаларды қарау
Д_ қатынаста болғандардан ЛБ-на аңқадан жағынды алу
100. Ғалия 3 жаста. 4 күн ауырған. Қарау кезінде дене қызуы 37,2оС, бозарған, енжар. Мойын клетчаткаларының ісінуі 2-ші мойын қатпарына дейін. Ауыз-жұтқыншақтың жұмсақ тіндері ісінген, бадамшалары кір-сұр түсті жабындымен жабылған. Бала аллергоздың дамуына байланысты егілмеген. Қабылдау бөлімшесінде бірінші ретте енгізілетін препарат:
А) пенициллин, ровамицин
Б) АКДС
В) КҚС
Г) АКС
Д) АК анатоксин
101. Қызылша кезіндегі бөртпе пайда болады:
А) ауруының 1-күні
Б) 2-3 күні
В) 4-5 күні
Г) 6-7 күні
Д) 8-10 күні
102. Қызамыққа тән бөртпе:
А) майда дақты
Б) ұсақ нүктелі
В) дақты-папулезды
Г)везикулезды
Д) геморрагиялық
103. Жәншауға тән:
А) «өрт тәрізді», баспа
Б) геморрагиялық бөртпе
В) артралгия
Г) желке бұлшық етінің тартылуы
Д) диарея
104. Қызылшаның патогномдық симптомы:
А) лимфа түйіндерінің ұлғаюы
Б) ауыз-мұрын үш бұрышының бозғылттығы
В) Мурсон симптомы
Г) Падалки симптомы
Д) Бельский-Филатов-Коплик дағы
105. Туа пайда болған қызылшада жиі кездеседі:
А) катаракта, жүрек ақауы, саңыраулық
Б) стридор
В) гепатоспленомегалия
Г) интерстициальды пневмония
Д) диареялық синдром
106. Қызылша диагнозы продром кезеңінде негізгі бойынша қойылады:
А) энантема, Филатов-Коплик дағы
Б) диарея
В) асқынулар
Г) желке бұлшық еттерінің тартылуы
Д) баспа
107. Желшешекке тән бөртпе:
А) везикулезді
Б) уртикарлы
В) геморрагиялық
Г) пустулезді
Д) ұсақ нүктелі
108. Қызамықта бөртпелер орналасады:
А) дененің барлық жерінде, жазылу беткейінде қоюланған
Б) мұрын-ерін үшбұрышында
В) аяқ-қолдарда
Г) тек бетте
Д) іштің бүйір бетінде
109. Желшешекте бөртпелер орналасады:
А) дененің бүгілетін бетінде
Б) дененің жазылатын бетінде
В) барлық денеде, бастың шашты бөлігінде
Г) жамбас және санда
Д) кеуде және іште
110. Жәншәуға тән бөртпе:
А) ұсақ нүктелі
Б) ұсақ дақты
В) дақты-папулезді
Г) жұлдызша тәрізді
Д) көпіршікті
111. Желшешекте бөртпелер пайда болады:
А) 1- тәулікте
Б) аурудың 2-3 күні
В) 4-5 күні
Г) 7-8 күні
Д) 9-10 күні
112. Менингококцемия кезінде бөртпе:
А) геморрагиялық
Б) ұсақ нүктелі
В) дақты-папулезды
Г) розеолезды
Д) уртикарлы
113. Менингококкты менингит кезінде ликворда болады:
А) лимфоцитарлы плеоцитоз
Б) қалыптан аз ауытқуы
В) нейтрофильды плеоцитоз
Г) аздаған цитоз кезіндегі белоктың мөлшерінің көп болуы
Д) қант пен хлоридтердің төмендеуі
114. Менингококцемияның найзағай тәрізді түріндегі ИТШ ІІ сатысына тән:
А) терінің бозғылттығы, мұрынның, саусақтардың көгеруі, дене қызуы қалыпты, АҚ 60/40 мм.
Б) еңбегі түсіп кеткен
В) суық тершеңдік, терісі салқын
Г) Бельский- Филатов дағы
Д) гепатоспленомегалия
115. 3 жастағы балада 3 тәулік бойы субфебрильды дене қызуы, әлсіздік, жөтел, мұрнынан шырышты бөлініс, жеңіл конъюктивит анықталды. 4 күні барлық симптомдары күшейе түсті, t-390С, бетінде дақты-папулезды бөртпе, 5 күні кеудесіне, келесі күні аяқ-қолдарына шықты. 10 күн бұрын жөтелген және «аллергиялық» бөртпесі бар туысымен қатынаста болған. Анасы жұқпалы аурулармен ауырмаған. Сәйкес болатын болжама диагнозды қойыңыз:
А) аденовирусты инфекция
Б) қызылша
В) иерсиниоз
Г) ЖРВИ +аллергиялық бөртпе
Д) энтеровирусты инфекция
116. 3 жастағы балада 3 тәулік бойы субфебрильды дене қызуы, әлсіздік, жөтел, мұрнынан шырышты бөлініс, жеңіл конъюктивит анықталды. 3 күні барлық симптомдары күшейе түсті. Шырышта Бельский-Филатов дағы, t-390С. 10 күн бұрын жөтелген және «аллергиялық» бөртпесі бар туысымен қатынаста болған. Анасы жұқпалы аурулармен ауырмаған. Сәйкес болатын болжама диагнозды қойыңыз:
А) ЖРВИ
Б) қызылша, продром кезеңі
В) паротит инфекциясы
Г) жай герпес
Д) энтеровирусты инфекция
117. 5 жастағы балада қызарған теріде жазылмалы буындарында қоюланған ұсақ нүктелі бөртпелер анықталды. t-38,20С, әлсіз, 1 рет құсты. Аңқасы қызарған, іріңді баспа. Жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны мен ауыршаңдығы бар. Жүрек үндері кереңденген. Тахикардия. Қандай болжам диагноз сәйкес?
А) жәншау
Б) қызылша
В) иерсиниоз
Г) лакунарлы баспа + аллергиялық бөртпе
Д) қызылша
118. 5 жастағы баланың бастың шаш бөлігінде мөлдір сұйықтығы бар көпіршіктер пайда болды. Тері түсі өзгермеген. t-38,20С, әлсіз, аңқасы таза. Қандай болжам диагноз сәйкес:
А) жәншау
Б) қызылша
В) иерсиниоз
Г) қызамық
Д) желшешек
119. Ауруханаға 9 жастағы бала тырыспа, t-39,00С, қайталамалы құсумен түсті. 9 күн бұрын ЖРВИ бөртпе көрінісімен болған. Қазіргі кезде терісінде кебек тәрізді қабыршықтану мен пигментация бар. Қандай болжам диагноз сәйкес?
Достарыңызбен бөлісу: |