Айранның ем болатын аурулары 1. Қан қысымы жоғарылар тамақтанғанына 30 минут өткенде 0,25 литрден күніне екі рет айран ішіп тұрса, қан қысымын төмендете алады.2. Жүйке қызметі бұзылып, ұйқы қашқанда күн сайын жатар алдында (ұйықтаудан 2 сағат бұрын) бабымен әзірленген айраннан 1 кесесін ішсе, жағдайы жақсарады.3. Қан аздықта, дене әлсіздігінде әдемі ұйытылған айран ішіп жүрсе, денсаулығы қалпына келіп, жыныстық шабыты артады.
Ешкі мен қой сүті Орта Азияда, Кавказ жағалауы елдерінде ешкі сүті кеңінен қолданылады. Алжирде қонағымен сәлемдескенде: «Құрметті мырза, сізге және достарыңызға өз ешкімнің сүтін ұсынуға рұхсат етіңіз», – деп ілтипат көрсету салты да бар. Гималайдың Пәкістанға қараған жазық аймақтарында мекендеген халықтардың да бағалар малы – ешкі. Көне Грекия аңыздарында ешкі сүтін ішіп өскен батырлар туралы да айтылады. Орта ғасырда кейбір елдерде ешкіні қалағанша өсіруге арнайы қаулымен рұхсат та берілген. Дерттің алдын алуда, ағзаны күшейтуде ешкі сүті таптырмайтын тағам. Ешкі сүті балаларды іш өтуден, Боткин ауруынан сауықтырады. Ешкі сүтінде сілті реакциясы болатындықтан, асқазанның қышқылдылығы жоғары адамдардың ішкені жөн. Егерде жараға, күйікке, ит қапқан, сона шаққан жерге бөкеннің сүтін жақса, жара тез жазылады. Ол жөнінде дәрігерлік мынандай да қортынды бар: «Бөкен сүті жараға, жарақаттар мен бөртіп шыққан теміреткіге жағылса, екінші күні-ақ шипалы әсер етеді. Жараның аузы тез бітеді, қабыну үдерістері мен дуылдап қышу тыйылады, жараның жанға батып ауыртуы қойылады». Бөкен сүті асқазан және өкпе дертіне, он екі елі ішек жарасына, созылмалы гастритке ем. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтіндегі май түйіршіктерінің көлемі екі есе кіші, мұның өзі майды ағзаның жақсы сіңіруіне игі ықпал етеді. Ешкі сүті жас балаларға өте пайдалы.
Қой сүтінің майлылығы жоғары, кемінде 4–5 пайыз мөлшерінде. Ол Қырымда, Кавказ жағалауы елдерінде, Орталық Азия мен Солтүстік Кавказда танымал тағам. Грекияда да қойдың сүті барлық сүттің жартысына жуығын құрайды. Қойдың бір саулығынан 200–250 келіге дейін сүт саууға болады. Сиыр сүтімен салыстырғанда белок пен майға 115 есе бай, А1, В1, В2 дәрумендерінің мол жері де 2–3 есеге көп.