С.Қ. Төлепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жылқайдарова география



бет50/102
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152414
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102
Байланысты:
С. . Т лепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жыл айдарова география

Үй тапсырмасы
§ 62. 2-тапсырма
«ЭКСПО-2017» тақырыбында таныстырылым дайындау.






3-бөлім. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ГЕОЭКОЛОГИЯ
3.2 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ

Сабақтың тақырыбы:

63-64. Оқушылардың білімін қоғамдық байқау

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сәйкес):

10.3.2.1-10.3.2.12 Геоэкологиялық зерттеу негіздерін түсіндіру, зерттеу, жіктеу, анықтау, бағалау

Сабақтың мақсаты

«Геоэкология» тақырыбы бойынша тұтас көзқарас құру, білімді қайталау және жүйелеу

Бағалау өлшемдері

  • «Геоэкология» бөлімі бойынша түсінігін біледі.

  • Ұсынылған білім арасында байланыс орнатады.

  • Ақпараттың әртүрлі түрін табады, талдайды, қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқу дағдысы: тақырып мазмұнынан негізгісін белгілеп алып оқу
Жазу дағдысы: бағаналы сызбаны құру
Тыңдау және сөйлеу дағдылары: өзара оқу мен білімді бөлу, мәселені талқылау

Құндылықтарды қалыптастыру

Еңбек және шығармашылық (өз еңбегін ұйымдастыра білу, белсенділік, бастамашылық, адалдық, қызығушылық, жақсы нәтижеге қол жеткізу, адалдық, еңбексүйгіштік)

Пәнаралық байланыс

Биология, химия, физика, қоғамдық ғылымдар, информатика

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Қазақстанның экологиялық мәселелері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 12 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта қолайлы ахуал құру, көңіл күй сыйлау.
«Калейдоскоп» әдісі. Педагог топтарға берілген сөз тіркесінен (геоэкология) белгілі уақыт ішінде неғұрлым көп сөз құрауды ұсынады. Көп сөз ұсынған топ ұтады. Бұл әдіс сабақтың басында эмоциялық ширығыстан арылуға және оқушыларға топқа жылдам сіңісіп, жылдам топтық рухтабуға және сабаққа көңілін аударуға көмектеседі.
Топтарға бөлу
«Миға шабуыл» әдісі
Сабақ тақырыбын атаймыз.
Сабақ түрі – семинар. Жұмыстың міндеттері мен әдісін анықтаймыз.

Жұмыстық таныстырылым (топтағы жұмыс тақырыбы)

Сабақ ортасы 20 мин

Топтық жұмыс (оқушылардың өзіндік жұмысы)
Жұмыс барысы:

  1. 3-4 оқушыдан топқа бөлінеді.

  2. Топта өз қалауынша жұмыс тақырыбын таңдайды (жасырын қағаз арқылы)

  1. топ - «Зерттеу пәні және геоэкология өзектілігі».

  2. топ - «Геосфераның ластануы».

  3. топ - «Геоэкологиялық аудандастыру». 4-топ - «Геоэкологиядағы антропогендік түрткіжайттар».

5-топ - «Жаһандық экологиялық мәселелер». 6-топ - «Экологиялық қазіргі заманғы технологиялар».
7-топ - «Қазақстанның экологиялық мәселелері».
3. Іс-әрекеттер реттілігі:

  • алған тақырып мазмұнын ашу:

  • негізгі түсінігін, олардың мәнін, жіктелуін, сол немесе басқа құбылыстардың қалыптасу механизмін бөлу;

-таңдаған тақырып бойынша ақпараттың басқа түрлері, оларды толық ашу.
Ұсыныстар: кескін ақпаратының графикалық әдістерін қолданыңыз. Таңдаған тақырып бойынша таныстырылымды постерге дайындау.
Дайын жұмыстар ілінеді. Әрбір топ постерді қарай отырып, толықтыруы керек (топтар бір бағытта бірінен соң бірі қозғалады).
Әр топ өзінің постерін алып, толықтырылған мәліметтерді оқып біледі.
4. Сынып алдында өз жұмыстарын қорғау. Таныстырылым біріншіден бастап, ретімен жүреді. Топтар басқа топ жұмысын бағалайды және топпен жұмысына өзіндік баға береді.
Бағалау қағазы

Технологиялық карта (жасалу алгоритмі – әрбір топқа ресурстан).


Постерлер, маркерлер, магниттер, жапсырма




Топ


Мазмұн ы
(тақы рыпты толығы мен ашады)

Ақпаратты көзбен шолу (берілген ақпаратты қаншалықты графикалық органайзер
көрсетеді)

Сөз сөйлеу шебер лігі

Бар лығ ы




Өзара бағалау

1













2













3













4













5













6













7













Өзіндік бағалау


















Бағалау 3 баллдық жүйемен жүргізіледі: 3 балл – тақырыпты толығымен ашты;
2 балл – тақырыпты ашуы толық емес;
1 балл – тақырып ашуы нашар, көп толықтырулар болды.
0 балл – тақырып ашылмады.
ҚБ. Мұғалім+оқушы.
«Екі жұлдыз - бір тілек» әдісі
Дескриптор:

  • Зерттеу әдістерін қолданады.

  • Ақпараттың түрлері мен типін салыстырады.

  • Сарамандық іс-әрекетте алынған нәтижені талдайды, өңдейді (синтез).

  • Бағалайды және қорытындылайды.




Рефлексия
6 мин

Эссе жазу




Сабақтың соңы
2 мин

Қорытындылау






ІІІ тоқсан


  1. бөлім. ГЕОЭКОНОМИКА

    1. ГЕОЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ Геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі

Сабақтың тақырыбы

65-66. Геоэкономика теориясының негізгі жағдайы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сәйкес)

        1. «Геоэкономика» бағытының мақсаты мен міндеттерін түсіндіру

        2. Геоэкономиканың негізгі санаттарын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Геоэкономика терминін, бағыттарын, санаттарын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі: Геоэкономиканың негізгі санаттарын, зерттеу түрлерін түсіндіре алады, картадан халықаралық ұйымдар құрамындағы мемелекеттерді көрсетеді.
Кейбір оқушылар: Геоэкономика мен заманауи геоэкономика арасындағы ерекшеліктерді айқындай алады, түсіндіреді.

Бағалау өлшемдері

  • Геоэкономика терминін, бағыттарын, санаттарын түсінеді.

  • Геоэкономиканың негізгі санаттарын, зерттеу түрлерін түсіндіреді, картадан халықаралық ұйымдар құрамындағы мемелекеттерді көрсетеді.

  • Геоэкономика мен заманауи геоэкономика арасындағы ерекшеліктерді айқындайды, түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Негізгі тірек сөздер тізбегі: геоэкономика, геоэкономикалық зерттеулер, заманауи геоэкономика

Құндылықтарды қалыптастыру

Еңбек пен шығармашылық (өз жұмысын ұйымдастыра алу, белсенділік, ынталылық, ұқыптылық, қызығушылық, нәтижеге қол жеткізу, шыншылдық, жігерлілік)

Пәнаралық байланыс

Тарих

Тақырып бойынша
білімі

Гео, экономика терминдерін толықтай сипаттай алады
(7-9 сынып оқулықтарынан)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта қолайлы жағдай тудыру, эмоциялық бейімдеу.
Қолымызды көтеріп, басымызға қойып айту:
«Жарайсың! Сабақта белсенді жұмыс жасаймын, барлық тапсырмаларды орындай аламын». (1 минут) Негізгі білімді өзектендіру
«Пазл» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды 6 топқа бөледі. Рим цифрлары және аумақтық шегаралар сызылған карточкалар береді.
Қалай ойлайсың, карточкада неге цифрлар мен шегаралар көрсетілген? (Жауапты түйіндеп, жаңа тақырыпқа көшу)



Сабақтың ортасы 25 мин

Оқылым: тақырып мәтінін оқып шығады(берілген уақытта)
Жазылым: жеке жұмыс оқушылардың білімдерін алғашқы бақылау мақсатында «Kahoot» әдісін қолдану. Оқушылардың дұрыс және қате жауабы бірден бағдарлама арқылы есептеледі (Бұл сұрақтар сабақ соңында қайталанады. Мониторинг жасауға болады: сабақ басында және соңындағы білім)
(Т) Кестені толтыр

Кестені толтыру. Нәтижелерді талқылау


Дескриптор:

  • Геосаясат ұғымын түсіндіреді.

  • Негізгі идеясын атайды.

  • Геосаяси түрткіжайттарын түсіндіреді.

  • Негізгі түсініктерге сипаттама береді.




Ж. 2-тапсырма. Айтылым
Мәтіндегі деректерді және №1 қосымшаны пайдалана отырып келесі нұсқауды қолданып менталды карта сызу (сабақ тақырыбы, ШЫҰ, балама ұсыныс,
ОЭК - ортақ экономикалық кеңістік):
Дескриптор:
- Қағаздың ортасына негізгі тақырыпты жазып,





Геосаясат ұғымы




Негізгі идеясы




Геосаяси
түрткіжайттары




Негізгі түсініктер















қоршайды;

  • Тақырыпты тармақшалар арқылы саралайды;

  • Алынған білім бойынша картаны ұлғайтады;

  • Қорытындылайды.

Менталды карталарды таныстыру. Өзара бағалау
ҚБ. «Жетістігі, кемшілігі» аясында бағаланады. Үлгі: Жетістігі: Геоэкономикаға түсінік беріп, толықтай тақырыпты аша алды.
Кемшілігі: заманауи геоэкономиканың ерекшелігін түсіндіре алмады.
Кумулятивтік тыңдалым: «Ойыңды түйінде»:

  • ШЫҰ-дағы Қазақстанның орны қандай?

  • Қазақстан үшін қандай геоэкономикалық бағыттар тиімді болады?




Сабақтың соңы 8 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет