С.Қ. Төлепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жылқайдарова география


ҚБ. Мұғалім + оқушы. «Екі



бет46/102
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152414
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102
Байланысты:
С. . Т лепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жыл айдарова география

ҚБ. Мұғалім + оқушы.
«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі




Рефлексия 8 мин

«Дейін» және «кейін» әдісінің «кейін» бағанын толтырады, нәтижесін топта айтады.
ҚБ. «Басбармақ» әдісі




Сабақтың соңы 2 мин




Үй тапсырмасы:
§53-54. 2-тапсырма (4). 4-тапсырма.
Өз мектебіңде немесе сыныбыңда қоршаған ортаны қорғау шараларын ұйымдастыр (экологиялық акция).






3-бөлім. Табиғатты пайдалану және геоэкология
3.2 Геоэкологиялық зерттеу негіздері

Сабақтың тақырыбы:

55-56. Экологиялық инновациялық технологиялар

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сәйкес)

10.3.2.10 Экологиялық мәселелерді шешудегі инновациялық технологиялардың рөлін анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: «Инновациялық технология» түсінігін зерделейді.
Оқушылардың көпшілігі: Экологиялық мәселелерді шешуде инновациялық технологияның рөлін бағалайды.
Кейбір оқушылар: Тұрғылықты жерде жасыл технологияны қолдану мүмкіндігін анықтайды.

Бағалау өлшемдері

  • Инновациялық технология түсінігін ашады.

  • Экологиялық мәселелерді шешуде инновациялық технологияның рөлін бағалайды.

  • Тұрғылықты жерде инновациялық технологияны қолдануды ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Оқу дағдысы: тақырып мазмұнынан негізгісін белгілеп алып оқу
Жазу дағдысы: графикалық сызба құрастыру
Тыңдау және сөйлеу дағдылары: тапсырмаларды бөлу және өзара оқытуы, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: инновациялық технология, жасыл ақпараттық жүйе және технология

Құндылықтарды қалыптастыру

Еңбек және шығармашылық (өз еңбегін ұйымдастыра білу, белсенділік, бастамашылық, адалдық, қызығушылық, жақсы
нәтижеге қол жеткізу, адалдық, еңбексүйгіштік)

Пәнаралық байланыс

Биология, физика, химия, математика, информатика

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Жаһандық экологиялық мәселелер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин

Сәлемдесу. Сыныпта қолайлы ахуал құру, көңіл күй
сыйлау.

92





«Қауымдастық» әдісі
Инновациялық технология, жасыл технология және ақпараттық жүйе түсініктерін негізге ала отырып, қауымдастықта сабақ барысында нені оқып білетінімізді талқылаймыз.
Сабақ тақырыбын белгілейміз. Мақсат, міндеттерін қойып, нәтижесін болжаймыз.




Сабақтың ортасы 20 мин

(Т) 1-тапсырма
Оқулықтағы тақырып мәтінінің көмегімен анықтаймыз (өзіндік білім алу):

  • Тұрақты даму дегеніміз не?

  • Қандай технологияларды жаңашыл деп атаймыз? Неліктен?

  • Экологиялық мәселелерді шешуде «жасыл технологияның» рөлі қандай?

ҚБ. Бірінші жұмысты аяқтаған топ смайлдер алады.
Дескриптор:

  • Технологияларды анықтай алады.

  • «Жасыл технологияға» мысал келтіре алады.

  • Бұған қандай түрткіжайттар ықпал ететінін анықтайды.

  • Шешімі.

(Т) 2-тапсырма. Оқулықтағы тақырып мәтінінің көмегімен анықтаймыз (өзіндік білім алу):
«Тұрақты даму» және «жасыл технология» ұғымдарының өзара байланысын анықтау, графикалық түрде жауап беру.
Аймақтағы «жасыл технологияларды» қолдану мүмкіндігін топта талқылаңыз.
ҚБ. Бірінші жұмысты аяқтаған топ смайлдер алады.
Дескриптор:

  • Графиктер құрастыра алады.

  • «Тұрақты даму» және «жасыл технология» ұғымдарының өзара байланысын анықтайды.

  • Қандай технологияларды қолдануға болатынын ажырата алады.

  • Шешімі.

(Т) 3-тапсырма. Оқулықтағы тақырып мәтінінің көмегімен анықтаймыз (өзіндік білім алу). Топта тұрғылықты аймақта жасыл технологияларды қолдану мүмкіндігін талқылау.
ҚБ. Жұмысты бірінші болып аяқтаған топ смайлдер алады.
Дескриптор:

  • Экологиялық мәселелерді анықтайды.

  • Қандай шешім жолдары бар екенін түсіндіреді.

  • Тұрғылықты аймақта жасыл технологияларды қолдану мүмкіндігін бағалайды.

  • Шешім.

  • Дәптерге жазады.




Рефлексия 8 мин

Сабақтың соңында смайлдерді санайды. Тақтаға шабадан, еттартқыш, себет суреті бейнеленген қораптарға салады.
Шабаданға – болашақта керек болатындарды, еттартқышқа – ақпаратты өңдеймін,
себетке – керек емес дегендерді салады. Оқушылардан сыныпта алған ақпаратпен не істейтініне таңдау сұралады.




Сабақтың соңы 2 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет