С.Қ. Төлепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жылқайдарова география


ҚБ. Оқушы-оқушы «Бағдаршам»



бет83/102
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152414
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102
Байланысты:
С. . Т лепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жыл айдарова география

ҚБ. Оқушы-оқушы «Бағдаршам» әдісі
(Т) 3-тапсырма.
2-3 тапсырмаларды орында.
Дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарының бейнесін, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсын.
Дескриптор:
Дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарының бейнесін, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсынады.
ҚБ. Оқушы-оқушы «Сэндвич» әдісі








  1. Жағымды пікір

  2. Сындарлы сын

  3. Ұсыныс






Сабақтың
соңы 10 мин

«Үш М» әдісі. Оқушыларға сабақта үш сәтті
атауға мүмкіндік береді және келесі сабақта жұмысты оңтайландыру әрекетін ұсынады.




Үй тапсырмасы: § 108






6-бөлім. ЕЛТАНУ
6.2 ДҮНИЕЖҮЗІ ЕЛДЕРІ Салыстырмалы елтану

Сабақтың тақырыбы

109. Дүниежүзінің елдерін салыстыруда қолданылатын
көрсеткіштер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сәйкес)

10.6.2.1 Дүниежүзінің елдерін сәйкестендіру үшін қолданылатын көрсеткіштерді анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Салыстыру әдісін, ЖІӨ, ЖҰӨ, сатып алу қабілеті, гендерлік теңсіздік ұғымдарын біледі.
Оқушылардың көпшілігі: Дүниежүзі елдерін сәйкестендіру үшін қолданылатын көрсеткіштерді анықтайды.
Кейбір оқушылар: Дүниежүзі елдерін сәйкестендіру үшін диаграммалар құрады.

Бағалау өлшемдері

-Салыстыру әдісін, ЖІӨ, ЖҰӨ, сатып алу қабілеті, гендерлік теңсіздік ұғымдарын біледі;
-Дүниежүзі елдерін сәйкестендіру үшін қолданылатын көрсеткіштерді анықтайды.
-Дүниежүзі елдерін сәйкестендіру үшін диаграммалар құрады.

Тілдік мақсаттары

Оқу дағдысы: түртіп алу арқылы оқу
Жазу дағдысы: графикалық түрде «Дүниежүзінің физикалық-географиялық, тарихи-мәдени, саяси- географиялық, геосаяси аудандастырылуы» тақырыбында сызбанұсқа құрастыру
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: тапсырмаларды бөлу және өзара оқыту, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: салыстыру әдісі, ЖІӨ, ЖҰӨ, сатып алу қабілеті, гендерлік теңдік

Құндылықтарды қалыптастыру

Экономикалық бағытындағы тәрбие (ақпараттық және экономикалық мәдениет элементтерін қалыптастыру).
Ынтымақтастыққа баулу (оппоненттердің пікірін тыңдау және қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы).

Пәнаралық байланыстар

Тарих, адам және қоғам

Тақырып бойынша
алдыңғы білімдері

Дүниежүзінің аймақтары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарла нған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Көрнекілік

Сабақтың басы
10 мин

Ұйымдастыру. Сыныпта қолайлы ахуал қалыптастыру - «Шаттық шеңбері»
Тірек етістіктер көмегімен мақсатты қалыптастыру.


Тірек етістіктермен слайд

Сабақтың ортасы 20 мин

Жаңа материалды меңгеру (Жеке) 1-тапсырма.
«Түртіп алу арқылы оқу» әдісі
(Ж) Оқу материалы бойынша қандай сұрақтар туындады және қандай ақпарат тың, саған белгілі болған материалды жұппен талқыла.
Дүниежүзі елдерін сәйкестендіру үшін қолданылатын көрсеткіштерді анықтаудың өзектілігі неде, қандай негіздер келтіре аласың. Дескриптор:

  1. Түртіп алу арқылы тақырыпты оқу.

  2. «V» – білемін (тақырыпты оқығанға дейін мен білдім), «+» – жаңа мәлімет білдім!

«?» – сұрақтар туындады, осы әдіс туралы көп білгім келеді.

  1. Дүниежүзі елдерін сәйкестендіру үшін қолданылатын көрсеткіштерді анықтаудың өзектілігіне негіздер келтіреді.

ҚБ. Мұғалім + оқушы.
«Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі
(Ж) 2-тапсырма.
Оқып шығып, сұрақтарға жауап бер.
Салыстыру – зерттеудің жалпы ғылыми әмбебап әдісі. Өзінің функционалдық бағыты мен қолдану түріне қарай эмпирикалық, яғни тікелей








бақылау мен тәжірибеге сүйене отырып, фактілерді зерттеуге негізделген болып табылады. Салыстыруды сәтті қолдану бақылау әдісінің бірегейлігінде. Сонымен қатар, келесі көрсеткіштер бойынша сәйкестендіруді бастапқы мәліметтер мен соңғы нәтижені салыстыру арқылы жүргізуді де жатқызуға болады:

Сұрақтар:

  • Бақылау және тәжірибе нәтижесінде алынған фактілерді салыстыруға мысалдар келтір.

  • Венн диаграммасының көмегімен дүниежүзі елдерін сәйкестендіруде қолданылатын бастапқы мәліметтер стандарттарын салыстыр.

  • Дүниежүзі елдерін сәйкестендіруге диаграмма құр.

Дескриптор:

  • Бақылау және тәжірибе нәтижесінде алынған фактілерді салыстыруға мысалдар келтіреді.

  • Венн диаграммасының көмегімен дүниежүзі елдерін сәйкестендіруде қолданылатын бастапқы мәліметтер стандарттарын салыстырады.

  • Дүниежүзі елдерін сәйкестендіруге диаграмма құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет