Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 6



бет29/86
Дата14.11.2019
өлшемі61,44 Mb.
#51811
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86
Байланысты:
6-сынып Қазақстан тарихы қмж

Тірек сызбалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.:
1. Қыпшақтар:
1. Батыс бірлестік (11 тайпа)
2. Шығыс бірлестік (16 тайпа 8 - ірі, 8 - ұсақ)
2. Басқару жүйесі:
1. Оң қанат (Сарайшық)
2. Сол қанат (Сығанақ)
3. Зерттеушілер:
1. Ибн Баттута – «Қыпшақтар малға бай...»
2. Плано Карпини, Рубрук – «Қыпшақтардың жылқы малы 100 - 500 динарға сататын...»
3. Петахья – «..... тары мен күріш өсіреді....»
4. Әл - Омари – «..... бидай, арпа, тары өсіреді»- деп жазған.

Дәптермен жұмыс:


Жаңа сөздерді:
Орда – хандық билік орталығы
Бөрілер – ең белді, басты тайпа.
Жатақтар – малы аз көшіп қонуға жағдайы жоқ кедейлер.
Мәмлүктер – ақ құлдар
«Кундар, командар» - венгрлер қыпшақтарды атаған
«Половшылар» - орыстар қыпшақтарды атаған.
Негізгі оқиғалар:
VII - VIIIғғ.- қыпшақтардың этникалық құрамы құрылды.
XI - XIIIғғ.- Қыпшақ хандарының билігі күшейді.
XIғ.- Оғыз даласында Дешті Қыпшақ пайда болды.
XIIIғ.- Хорезм шахы мен қыпшақтар арасында шайқастар болды.«

Еуропа саяхатшысы Плано Карпинидің “қаңлылар қыпшақша сөйлейді екені”  дегені  төлық дәлелдейді.


Қыпшақ халқының қалыптасуы

 

Дешті Қыпшақта (Қыпшақтар даласында )  қыпшақ халқының қалыптасуы заңды құбылыс еді.Бірақ монғол шапқыншылығы бұған үлкен нұқсан келтірді. Сөйтіп Қазақстанда біріңғай халық болып қалыптас құбылысы XV ғ дейін кешеуілдеді.



 

2. Қыпшақтардың  қоғамдық  құрылысы

 

Қытай тарихшысы Жүзжани  бөрілерді  хан әулиетінің тайпасы деп атаған. Хандық биліктің орталығы  “орда” деп атаған. Әскери  басқару жүйесі бойынша оң және сол қанат болып бөлінді.



 

Екі қанатқа бөлу билікті мызғытпай   ұстап отыру үшін жасалған еді.

 

Ақсүйек-шонжарларға



Хан  ----Ханның туыстары  -----  тархандар ----

------басқақтар -----    бектер   ------  ру-тайпа ----

-------көсемдері  -----    байлар----ру-тайпа көсемдері  

 

Құлды “яланкуг” деп атаған.  Қыпшақтардың бөгде аттары:



  • Орыс деректерінде: «Половцы» (далалықтар)

  • Венгр деректерінде: «Кундар» «командар»


3. Қыпшақ хандығының саяси жағдайы

Қыпшақтар Хорезм елімен  қатынасты жақсартуға тырысады. Хорезм билеушілері Текеш пен II Мұхаммед  қыпшақ ханы Қадыр Букехан мен оның жиені Алып-Деректің арасындағы билік үшін таласты пайдаланып,Сығанақ қаласын басып алуды ойластырады. Текеш  Отырарды билеп отырған Алып-Деректің әскерін өз жағына шығарып, қаланы жаулап алды.

     Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады.
4. Қыпшақтардың  шаруашылығы

• Мал шаруашылығы (төрт түлік)

• Тұрмыстық кәсіп   ( қолөнер .зергерлік)

• Аң аулау шаруашылығы

Егін шаруашылығы

 

Тарихи диктант

 

1. Қыпшақтардың ... VII-VIII ғғ қалыптаса бастаған.



2. Қыпшақтардың батыс бірлестігі ... тайпадан тұрады.

3. Хандық биліктің орталығы ... деп аталады.

4. Күші және беделі басым оң қанаттың ордасы Жайық өзені бойындағы ... қаласының орнында болса,ал сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы ... қаласындаорналасты.

5. Орыс деректерінде қыпшақтарды ... деп,ал венгрлер ... деп атаған.

6. Қыпшақтар негізінен ... шаруашылығымен айналысты. 
Жауаптары:


  1. Этникалық құрамы

  2. он бір

  3. орда

  4. Сарайшық,Сығанақ

  5. половшылар, кундар немесе командар

  6. мал

Жаңа сабақты бекіту кезеңі». Ал, енді балалар, жаңа сабағымызды бекіту үшін
«Тарих дөңгелегі» ойынын ойнайық.«Тарих дөңгелегі» төрт бөлікке бөлінген.
1. Тұлғалар бөлімі: тарихи тұлғаны табуға арналаған сұрақтар.
2. Түсіндір бөлігі: оқиға мәнін, себебін анықтауға арналған сұрақтар
3. Қанатты сөздер бөлігі: бір тарихи тұлғаның қанатты сөзі жасырылған.
4. Даталар бөлігі: дата, уақыт, санға сәйкес сұрақ жасырылған.
№1 «Тұлғалар бөлігінде»
1. 1133 ж. Қыпшақтарды басып алған Хорезм шахы.....(Атсыз)
2. 1195 ж. Сығанақты басқарған қыпшақ ханы......(Қадыр Буке)
3. XIII ғ. Сығанақты басып алған Хорезм шахы...(Мұхаммед)
4. 1216 ж. Хорезм шахы Мұхаммед қыпшақтарға қарсы жорық кезінде Торғай даласында монғолдарға соқтығысқанда Монғол басшысы кім еді?
№2. Түсіндір бөлігі.
1. Атлах шайқасы.
2. Оғыздардың қоғамдық құрылысы.
3. Соғдылардың Жетісуге қоныс аударуы.
№3 «Қанатты сөздер»
1. «Қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды, тоғыз - оғыздарға құл болды...»(Әл - Марвази)
2. «Ондағы(оғыздар мен қимақтар туралы) шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды...» (Әл - Идриси)
3. «IX - XIII ғ. өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел. Олар тек Шыңғыс хан... әсерінен әлсіреді...» (Рашид ад - дин)
№4 «Даталар»
1. 960 ж.
2. 1201 ж.
3. 1125 ж.
4. 840 ж


Ой толғаныс: “Орамал тастау” ойыны

Өмірдің өзі адамды тірестірген,

Бірі жаңа тіркестің, бірі ескірген.

“Орамал тастау” ойынын бастайық,

Сұрақтарға кім жауап береді екен?


  1. «Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен» деп кім айтқан? Плано Карпини

  2. «Қыпшақ тілінде құлды –яланкуг» деп айтқан кім?     Махмұд Қашқари

  3. Қыпшақтар бидай, арпа, тары көп өсіреді деп айтқан кім? Петахья, Әл-Омари

  4. «Қыпшақтардың арба үстіне тігілген үйлерін 10 немесе 22 өгіз тартады» деп айтқан кім? Г. Рубрук, П.Карпини

Қыпшақтар жері мал өсіруге қолайлы. Малдың көптігі соншалық, ондай мал ешбір елде жоқ деп айтқан кім?    Ибн Баттута

А4 форматтағы қағаздар, стикерлер, маркерлер

Сабақтың соңы

6 мин

Жаңа сабақты бекіту:

 

 



  1. Қыпшақтардың саяси орталығы болған қала. (Сығанақ)

  2. Қыпшақтың елбөрілі  тайпасы табынған аң . (Қасқыр)

  3. Қыпшақтар туралы жазған еуропалық ғалым.(Карпини)

  4. Орта ғасырлардағы  түрік ғалымы.(Қашқари)

  5. XI-XIII ғғ Еділ өзені мен Алтай тауы аралығындағы  мемлекет бірлестігі .(Қыпшақ)

  6. Қыпшақтардың этникалық құрамындағы тайпа .(Тоқсоба)



Миыңның суретін сал

Оқушылар мидың суретін дәптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін сөздермен толтырады.



Мидың суреті

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдану көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:.

«Джигсо» әдісі арқылы оқушылар Х ғ. XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсінді.

Басым оқушылар Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтады

«Миыңның суретін сал» әдісі арқылы оқушылар мидың суретін дәптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін сөздермен толтырды.

Кейбір оқушылар Х ғ. XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады, талдады

5-5-1 Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендігі жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады.Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады.Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен талқылайды.



1.Бағдаршам,түрлі смайликтер арқылы бағаланды . .

2.Әр топтың топ басшылары критерий бойынша бағалайды


Критерий бойынша бағалау




Оқушы-

ның


аты-жөні

Үй тапсыр масына дайындық

Тәртібі

Топтағы белсен-ділігі

Мәтін мен жұмыс

Қорытын-ды

ұпайы


1



















2



















Кері байланыс

Бүгін мен не үйрендім?

Маған не ұнады, не ұнамады?

Жаңа сабақ бойынша сұрақ және пікірің



Санитарлық- гигиенасын сақтау.АКТ қолдануда қауіпсіздік техникасын сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет