Сабақты бағалау, оқушылардың үй жұмысын тексеру.
Сабақты қорытындылау.
ІX. Сабақтың тақырыбы: Тіліктер мен қималарды салуға арналған
жаттығу сабақтары.
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,
ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.
ә) білімділік: детальдың күрделілігіне қарай сызбаларын сызу,
қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
б) тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс жасап
бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Қарындаштар, ақ қағаз, шеңберсызар, сызғыш, 9-сынып оқулығы және т.б.
Сабақтың барысы:
Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзілме сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзілме сызықтар сызбаны оқуды
қиындатып жібереді. Көқрінбейтін сызықтардың проекциялары көрінетін сызықтардың проекцияларымен бірігіп түсуі мүмкін. Ішкі құрылысы күрделі тетікбөлшек көріністеріне қарап, оның пішінін түсінуге болмайды. Оның үстіне көрінбейтін сызықтарға өлшемдерді және басқа да түрліше шартты белгілерді түсіруге болмайды. Сондықтан қимамен қатар тілік деп аталатын тағы да бір шартты кескін қолданылады. Тілік нәрсенің ішкі құрылысынсызбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Бір немесе бірнеше жазықтықпенойша қиылған тетікбөлшектің кескінін тілік деп атайды. Тілікте нәрсенің қиюшы жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) және оның ар жағында жатқан бөліктері кескінделіп көрсетіледі. Тілік пен қиманы шатастырмау керек. Олардың арасындағы айырмашылықты жақсы түсініп алған дұрыс. Қиманы салғанда тек қиюшы жазықтықтың тікелей өзінде жатқан фигура ғана көрсетіледі. Ал тілікті салғанда қима фигурасына қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқандарды да қосу керек.
Сабақты бағалау, оқушылардың үй жұмысын тексеру.
Сабақты қорытындылау.
X. Сабақтың тақырыбы: Бұранданы кескіндеу және бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: оқушылардың жалпы, сызу жөнінде сана-сезімін
дамыту.
ә) білімділік: сызу және техника жөнінде оқушыларға қысқаша
мәлімет түсіндіру.
б) тәрбиелілік: оқушыларды жалпы ұйымшыл болуға тәрбиелеу,
үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Қарындаштар, ақ қағаз, шеңберсызар, сызғыш, 9-сынып оқулығы және т.б.
Сабақтың барысы:
Бұрандалардың түрлері көп болады. Оларды кескіндеу үшін ең алдымен бұрандалардың толық көрінісімен жақсы танысып алу керек. Содан соң оларды кескіндеуге болады. Бұрандалардың өлшемдерін дұрыс қою қажет және олардың бұрыштарының да градустарын шығара білу қажет. Бұрандалар бұрыштарына қарай әр түрлі болып келеді, сондай-ақ олардың ішкі көріністерінің де сызықтары көп болады. Төменде әр түрлі бұрандалардың кескіндері көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |