Сабақ №1 Тақырыбы: Адам ағзасының даму ерекшелігі. Антропометрлік көрсеткіштер.Өсу мен даму заңдылықтары



бет43/46
Дата14.12.2021
өлшемі1,18 Mb.
#126337
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Fiziologia
Fiziologia
Бақылау сұрақтары

  1. Тән гигиенасы дегеніміз не?

  2. Күнделікті тері гигиенасы үшін қолданылатын шаралар

  3. Тері ауруларының түрлеріне сипаттама беріңдер



Практикалық сабақ №14-15

Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемелерді жарықтандырудың гигиенасын анықтау. Мектепке дейінгі мекемелердегі ауа жылу режимін гигиеналық тұрғыдан бағалау.
Мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелердегі табиғи және жасанды жарығының гигиеналық талаптарын меңгеру.

1. Жұмыстың барысы:

Табиғи және жасанды жарыққа қойылатын гигиеналық талаптар.

Табиғи жарық терезелердің және олардың әйнектерінің көлеміне байланысты. Неғұрлым олардың ауданы үлкен, көлемі көп болса соғұрлым жарық сәулелері мол өтіп бөлме жарық болады. Бірақ терезелердің тым үлкен болуы бөлмені не тым суытып не тым суытып жіберуі мүмкін.

Сондықтан жарық коэффиценті терезенің әйнектелген беттерінің еденінің ауданына қатынасы 1: 4 – 1 : 5 болса, ауылдық жерлерде 1 : 6 болуы керек. Ауылдық жерлерде бұның азырақ болуы мектептердің жанында күн сәулесін ұстап қалатын биік үйлер болмайды.

Терезенің төменгі жиегінің еденнен биіктігі 80-85 см ден көп болуы керек, оның жоғарғы жиегі төбеге неғұрлым жақын (20-30см) болуы керек. Сондықтан жоғарғы жағы дөңгеленіп келген терезелер (готика архитектурасы) жасудың қажеті жоқ, оқушылардың алдыңғы және артқы жақтарында орналасқа терезелердің де қажеті жоқ, олар күн сәулесін шағылыстырып кейде көлеңке де жасауы мүмкін. Лабараториялық бөлмелерде терезелер екі жақ қырдан орналасуы қажет. Терезелер арасындағы қашықтық 40-50 см ден аспауы керек

Мектепке дейінгі мекемеле мен көп қабатты үйлер арасында қашықтық сақталғаны жөн. Сонымен бірге тым жақын биік өсетін ағаштарды отырғызудың да қажеті шамалы.

Бөлмедегі табиғи жарықтың мөлшерін қарапайым әдістің көмегімен анықтауға болады.

Егер бөлменің ең түкпірінен аспан терезенің барлық ауданы арқылы көрінсе, бөлме жарықтығы жмақсы, 2/3 бөлігін қамтыса орташа және 12 бөлігінде ғана көрінсе нашар деп есептеледі.

Жарықтың жеткілікті екендігін анықтаудың келесі бір әдісі көзі жақсы көретін оқушының 50 см қашықтықта ұсақ шрифты кітапты (петит) еркін оқи алуы. Терезе әйнектері таза болуы керек. Күннің сәулесі мол түсуі үшін терезелер оңтүстікке және оңтүстік батысқа қарай орнатылғаны жөн. Мектепке дейінгі мекемелерінің жарық болуы сондай – ақ жихаздардың қабырғаларының, тіпті көршілес орналасқан үйлердің болуының түсіне де байланысты. Олар ашық түсті баяулар мен сырлануы керек. Соңғы кезде класс тақтасы қоңыр кейде жасыл түске боялынады. Кейбір оқымыстылардың айтуы бойынша көмірмен жазуға болатын ақ түсті тақталарт қолданған дұрыс деп есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет