Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ақбаева Қ
Қыска мерзімді сабақ жоспары
Пәні: математика, 5 «Б» сыныбы. Күні 22.01.2015 ж.
Тақырыбы:
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлуге есептер шығару.
Мақсаты
1.Білімділік: Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу ұғымымен таныстыру, есептер шығаруды үйрету. 2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту 3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу
1) Сәлемдесу, жағымды психологиялық ахуал орнату
2) Сынып оқушыларын 1,2,3,4 сандарын санау арқылы топқа бөлу
3) Үй тапсырмасын сұрау:
«Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық керек» деп ұлы ойшыл Әл – Фараби айтқандай, ойланып сұрақтарға жауап беріңдер.
Жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?
Жай бөлшектерді қалай қосамыз?
Аралас сандарды қалай қосамыз?
Жай бөлшектерді қалай азайтамыз?
Аралас сандарды қалай азайтамыз?
Мысалдар келтір.
Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз?
Жай бөлшектерді қалай бөлеміз?
Санды 0-ге бөлуге бола ма?
1) Сәлемдеседі, сабақты бастар алдында шеңберлене тұрып бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді
2) Саналған сандарды есте сақтап , сол сандарға сәйкес 2 топқа бірігеді
3) Екі топ мұғалімнің сұрақтарына жауап береді