Қазіргі қоғамдағы мәдениет пен өнер құндылықтары Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Димаштың ата-анасы танымал әншілер, ата-әжелері де музыкадан хабардар адамдар. Димаш бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш ән салған. Алты жасында «Айналайын» республикалық байқауының «Фортепиано номинациясында жеңімпаз атанған. 2010 жылы «Байқоңырдың Әсем дауыстары» Халықаралық фестивалінде І жүлде алды. 2012 жылы «Жас қанат» Республикалық байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы «Восточный базар» Халықаралық байқауында бас жүлде алды. 2013 жылы Димаш Құдайберген «Мейк ин Азия» І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды. Сонымен қатар Димаш Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған. Бірінші күні ол композитор Константин Меладзенің («Опять метель») әнін, ал екінші күні француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған («Sos dun terien un detresse») әнін орындады. 2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестиваліне Қазақстанның атынан алғаш рет қатысты. Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс, тағы басқа тілдерде ән орындайды. Димаш Құдайберген Қытайдың «I am a singer» («Мен әншімін») телебайқауына қатысып, сайыстың бірінші күнінде қазылар алқасы тарапынан ең жоғарғы ұпай жинап, жеңімпаз атанды. 10 қаңтар күні Димаш Қытай көрерменінің алдына алғаш рет шыққан соң, жас әнші туралы Қытай баспасөзі жаза бастаған. Тіпті кейбір басылым оны «Димаш – Тәңір өзі назарына алған жас әнші» деп бағалаған. Ал Қытайдың жаңалық порталдары мен энциклопедиялық сайттарында Димаш Құдайбергеннің өмірбаяны толыққанды жарияланған. Қытайлар тіпті Димаштың киім үлгісіндегі киімдерді сатылымға шығарып үлгерген. Димаш Құдайберген ұйымдастырушылар тарапы ұсынған («SOS d’un terrien en détresse») француз әнін шырқады. Сайыс ережесі бойынша бірінші күні 8 әншінің біреуі кетіп, 7-еуі қалады. Бір әнші жеңіс кубогын жеңіп алады. Жеңіс кубогына жеті әншіні артта қалдырып, Димаш Құдайберген лайық деп танылды. Димаш Құдайбергеннің менеджері Алпамыс Шәрімовтың мәлімдеуінше, бір топ қытайлық фанат әншінің ана тілін түсіну үшін қазақ тілі курсына жазылған. 2-тапсырма Құндылықтардыңмазмұнықоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының өлшеуші іспетті. К.Биекенов. Автордың ойын және тыңдалым мәтініндегі ақпараттарды пайдалана отырып, өнердің ғаламдық тұрғыдағы рөліне қатысты өз ойларыңды айт.
«Төрт сөйлем»
Формасы: